Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………3-
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.......................
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары…………...................
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.................
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу.......................
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау.........................
Қорытынды ..............................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның жерін жау араламайды.
(Мәшһүр Жүсіп Көпеев).
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Банкроттық тақырыбының маңыздылығы көптеген жаңа заң жобаларының шығуына ықпал етеді, ол өз жағынан банкроттық процедурасымен байланыста болады.
Банкроттық процедурасы ең алдымен несие берушілер мен заңды тұлғаның, егер ол банк болған жағдайда оның салымшыларына керек, себебі несие берушілер мен салымшылар өз ақшалай қаражаттарын қысқа мерзімде қайтарып алуына сенімді болуы керек.
Не болғанда да белгілі, коммерциялық ұйымдар кредиторлары алдында қарыздарын өтей алмайтын кездер болады. Осыған сәйкес экономикалық кризистен ең ірі деген ұйымдардың өзі де сақтандырылмаған. Солайша, 1999ж. Оңтүстік Кореяның Daewoo компаниясы банкроттыққа ұшырады, бұл сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі банкроттық болатын.1 Бір ғана менеджердің тәуекелі Ұлыбританияның бұрыннан келе жатқан «Беринг»2 атты ірі банкті банкроттыққа әкелді.
___________________
1 Кризис в Hyundai обрушал рынок\\ Ведомости, 30 мая 2000г № 94 с.62 Горькое лекарство для Кореи: банкротство Daewoo может
пойти на пользу экономике страны\\ Ведомости, 14 ноября 2000г. №210,
2 Баренбойм П.Д. Правовые основы банкротства: Учебное пособие, М.: 1995, с.с. 52-54.
Борышқордың қаржылық қиыншылықтары оның контрагенттерінде көрініс табады және жағымсыз әлеуметтік жағдай тудырады (бюджетке салық түсімінің төмендеуі, жұмыскерлерді орнынан босату, т.с.с.).
Қаржылық қиыншылықтары бар борышқор мен оның кредиторлары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелерін банкроттық институты қарастырады, бұл нарықтық экономиканың тұрақты қызметінің бөлігі болып келеді.1 Дәрменсіздік (банкроттық) институты экономиканың жандануына әсер етеді, себебі азаматтық айналымнан жарамсыз коммерсанттар іріктеліп шығады. Сонымен қатар, банкроттық туралы заң борышқордың дәрменсіздігінен туындайтын жағымсыз жағдайларды неғұрлым төмендетуге бағытталған.
Құлиеленушілік қоғамның өзінде дәрменсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Төлем өтелмеген жағдайда борышқор кредиторлардың қолына берілетін болған.2 12 кесте заңы бойынша кредиторларға ерік берілді, яғни борышқорларға жұмыс істету, борышқорды құлдыққа сату, борышқорды қинау т.с.с. әрекеттерге жол берілді.
Ортағасырлық құқықтанушылар мынадай тұжырымға келеді, дәрменсіздіктің барлығы дерлік борышқордың мардымсыз жұмысынан ғана бола бермейді, борышқорды өте қатал жазалағанның өзінде банкроттық деңгейі төмендемейді.
Капиталистік (нарықтық) қатынастардың қарқынды дамуының кезінде кредиторлардың талабын қанағаттандырудың негізгі тәсілі борышқордың меншігін шектеу болды. Белгілі бір конкурстық процесстің (өндіріс) үлгісі құрылды. Сол кезеңдегі дәрменсіздік туралы неғұрлым дамыған нормативтік акт 1877жылғы Германияның конкурстық Жарғысы болып есептелді, ол көптеген өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуімен 1999 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарамды болды. 3
______________________________
1 Белых В.С. Правовые основы банкротства юридических лиц. М. 1996г.с. 10.
2 Малышев К.И. Исторический очерк конкурсного процесса. С-П. 1996г. с. 3-5.
3 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: «Статут» 1999 г. с. 34.
20 ғасырда банкроттық институтының жаңаша бір түсінігі пайда болады. Яғни, тәжірибе көрсеткендей борышқордың ісін жою кредиторларға тиімсіз болды, керісінше оның ісін жандандыру неғұрлым табысты болды. Солайша, жаңадан реабилитациялық әрекеттер жасалына бастады, борышқорлардың (мысалы: көліктік компаниялардың, муниципалды ұйымдардың, банктардың, биржалар мен сақтандыру компаниялардың) жекеше категориясына қарай банкрот деп танудың ерешке кезегі болды және нормалар шығарылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері банкроттық туралы заң үш рет өзгерді. Алғашқысы 1997 жылы қабылданған еді. Қазіргі кезде Үкімет Парламентке кезекті түзетулер жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бірер жылдан бері республикада 900-ден астам кәсіпорын аукционмен сатылып кетіпті. Жалпылай алғанда, банкроттық жағдайдағы кәсіпорындардың үлесі 1,3 пайызды құрап отыр.1 Банкрот жариялайтындардың дені, негізінен, қоржынында еш активі жоқ, тек сатылу үшін құрылған фирмалар болса да, кейде мұның меншікті тартып алу құралы ретінде пайдаланылып, әлдекімдердің табысты бизнесіне айналып кететіні рас. Елімізде соңғы кездері жиілеп кеткен жалған және қасақана жасалатын банкроттық оқиғалары ел экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіре бастады. Тіпті осыдан үш жыл бұрынғы деректерге сенсек, кәсіпорындардың жалған банкроттығы салдарынан экономикаға 5 миллиард 363 миллион теңге залал келтірілген. Жалған банкроттық бір жағынан, кәсіпорындардың салық, несие қайтару және басқа да қаржылай міндеттемелер сияқты көптеген қарызынан құтылуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мүдделі тарап үшін борышкер-кәсіпорынның активтерін сатып алудың ең үнемді жолы болып табылады.
________________________
1 Аманжолова Б. Банкротство – новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007. с. 77
Сондай-ақ жалған және қасақана ұйымдастырылатын банкроттық жалақы төлеуден жалтаруға және кепілді мемлекеттік заемдарды қайтармау үшін де пайдаланылады.
Жыл сайын Алматыда шамамен 200-300 компания банкроттық процедурасынан өтеді екен. Алдыңғы жылы Қазақстан кәсіпкерлері форумының ұйымдастыруымен болған дөңгелек үстел қатысушылары «Банкроттық туралы» заңға түзетулер енгізу жобасына қатысты 16 ұсыныс-кеңес әзірлеп, оны Парламент депутаттарына жөнелтті. Ұсыныстар бір жағынан шығынға батқан кәсіпорынды негізсіз жойылу мен банкроттың теріс мақсатта пайдаланылуынан қорғаса, екінші тұсынан борышкердің қаржылық жағдайын оңалтып, аяғынан тік тұруына мүмкіндік беруге бағытталған. Сондай-ақ, банкроттық туралы іс қозғалған сәттен бастап борышкердің активтерін сақтап, оның үшінші тарапқа негізсіз берілмеуін қадағалау да көзделген. Заңға ұсынылған бұл редакцияда белгілі деңгейде банкроттық процестің қатысушылары – сот, өкілетті мемлекеттік орган, ақтаушы және конкурстық басқарушы арасындағы өзара қарым-қатынастағы тепе-теңдік орнатылған. Банкроттық процедурасындағы маңызды тұс – мүдделердің тепе-теңдігінің сақталуы. Бір қызығы, банкроттық процедурасы Дүниежүзілік банктің әлемнің 175 елінде жүргізген зерттеуінде басты 10 индикатордың бірі ретінде қарастырылған. Олар осы елдердегі бизнестің ашылуы мен банкроттыққа дейінгілерін салыстырған. Банкрот жағынан Қазақстанды 2007 жылы сол 175 елдің арасынан жүзінші орынға қойыпты. Зерттеу кезінде банкроттық процедурасының күрделілігі мен ұзақтығы, оған кететін шығын мен борышкердің өз қарызын қайтару көрсеткіші есепке алыныпты.1
________________________
1 Аманжолова Б. Банкротство – новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007, с. 79.
Дәл қазір көптеген кәсіпкерлер бұл заңның маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп отыр. Өйткені жаңа түзетулер дер кезінде қаржылық дағдарыстың алдын алып, кәсіпорындардың сауығып кетуіне мүмкіндік жасауға басым мән береді. Жұмыстың эмпирикалық негізін: ҚР «Банкроттық туралы» заңы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, ҚР Азаматтық кодексі, соттық тәжірибе, сот істерінің материалдары (шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар, т.б.) құрады.
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары
Банкроттық түсінігінде тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
1. Ұйымның шынайы банкроттығы – ол ұйымның өзінің және қарызға алынған қаражатын шынайы жоғалтқандығы салдарынан төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмауымен сипатталады. Жоғалтқан капитал деңгейі жоғары және қарыз көлемінің өте үлкен болуы ұйымға өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс атқаруға мүмкіншілік бермейді, соның салдарынан ұйым заңи түрде дәрменсіз (банкрот) деп жарияланады. Бұл жағдайда конкурстық өндіріс (ұйымның жойылуы) өткізілуі мүмкін немесе ұйымның активтері мен пассивтерінің нақты жағдайын саралай отырып заңды тұлғаны қайта құру шаралары жүргізілуі мүмкін.
2. Уақытша, шартты банкроттық – бұл ұйымның несиелік қарызы мерзімінің өтуімен, дебиторлық қарыздың көптігімен, дайын тауар өндіруімен сипатталады, дегенмен мұнда ұйымның активтері сомасы оның қарыздары көлемінен әлдеқайда жоғары болады. Бұндай банкроттықтың түрі антикризистік басқару кезінде санация мен қаржылық сауықтандыру жұмыстарын дұрыс атқарған жағдайда ұйымның жойылуына соқтырмайды. Арбитраждық процедураларды жүргізу барысында ұйымның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру әбден мүмкін.
3. Әдейі (қасақана) банкроттық – ұйым басқарушысы мен оның қатысушыларының ұйымның төлем қабілеттілігін, оған өз мүдделері шегінде экономикалық залал (әртүрлі тәсілдермен ұйымның қаржысын жалтару) келтіріп, қасақана жою. Ол белгілі болған жағдайда кінәлі тұлғаларды соттың қолына қылмыстық іс қозғау үшін тапсырады.
4. Жалған банкроттық – ұйымның төлем қабілеттілігі жөнінде жалған ақпарат айту, яғни кредиторларды бөгеу үшін, не өзіне қарыз төлеудің мерзімін ұлғайту, қарызына жеңілдіктер алу мақсатында жасалады. Бұл жағдайда да олар соттың қолына тапсырылады.
Сонымен, Банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер , ал банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; (1-бап).
Ұйымдар (кәсіпкерліктер) мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлғаның атағын алғаннан кейін олардың белгілі міндеттері, жауапкершіліктері және құқықтың сыртқы субъектілері алдында құқықтары пайда болады. Банкроттық процедурасы жағынан міндеттері мен жауапкершіліктері- бұл өз міндеттерін уақытылы орындауы, қарыздарын толық көлемде өтеуі және дер кезінде өтелмеген қарыздары үшін жауапкершілік болып табылады.
Банкроттық процедурасы жағынан құқық – бұл борышқордан өз қаражатын талап ету, қарыздарды өтеу және уақытылы өтелмегені үшін компенсация төлету мүмкіншілігі, яғни сот органдарына арыздану мүмкіншілігі.
Банкроттық процедурасын жүзеге асырудың басты мақсаттары, біріншіден, заңды және жеке тұлғаларға қарыздарын өтеу, екіншіден, болашақта кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіру. Осыған орай алдымен ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің жүргізілуі тиіс, ал содан соң кредиторлық қарыздарын өтеу кезегі басталады.
Ұйымның банроттығының жағымды да, жағымсыз да жақтары болады.
Жағымды жақтары:
Борышқордың ұйымын жабу және кредиторларға мәдениетті түрде сот арқылы қарыздарын қайтару;
Жаңа бизнестің басталуы;
Жарамсыз басқарушыларды, ұйымның уақытша иелерін кәсіби басқарушыларға ауыстыру, ұйымды неғұрлым сенімді тұлғалардың қолына беру;
Ұйымның активтерін тазарту, қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру және жақсы бизнеске көшу масатында қайта құрылымдандыру;
Ұйымды мемлекет меншігінен жеке меншікке беру және керісінше.
Сонымен қатар, ұйымның банкроттығы жағымсыз нәтижеге жеткізуі мүмкін, себебі ол көптеген заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін көздейді.
Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде борышкер-ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кешенді шаралар қарастырылған, ал оның банкроттығы мейлінше жағымсыз шара ретінде қарастырылады.
Банкроттықтың жағымсыз жақтарына:
Кредиторлардың өз капиталының жартысын жоғалтуы;
Келесі банкроттық тізбегінің пайда болу қаупі;
Кәсіпорын қызметкерлерінің қызмет ақысын уақытылы төленбегендігі нәтижесінде, олардың материалдық жағдайының нашарлауы;
Жұмыс орындарының қысқаруы,әлеуметтік қысымның ұлғаюы, содан төлемқабілеттілігінің төмендеуі, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі;
Тұтыну нарығының қысқаруы;
Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы