Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұләалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді;
5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
7) тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;
8) тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
10) сот тапсырмаларын жібереді;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
12) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды (АІЖК 170-бабы).
Соттың шешімдері келесідей мазмұнда болады:
Борышкерді банкрот деп танып, конкурстық өндірісті ашу;
Борышкерді банкрот деп танудан бас тарту;
Сырттай бақылауды тағайындау туралы ұйғарым;
Банкроттық бойынша іс өндірісін тоқтату туралы ұйғарым.
Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім, егер ол сотпен өзгеше көзделмесе, жедел орындалуға тиіс.
Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;
2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;
4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, банкроттық туралы заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде;
6) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңартылған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оңалту мақсаттарына қол жеткiзу мүмкiн болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкiлеттi орган мәлiмдегенде шығарылады.
Мысалға келтіретін болсақ, Салық комитеті жоқ борышкер «ПФК «Юна-Юст» ЖШС дәрменсіз деп тану жөнінде сұраным білдірді. Сот іс бойынша борышкерді банкрот деп тану жөнінде шешім шығарды.
Яғни, бұл жағдайларда кредитор жағынан бір жақты арыз түскен және борышкер жағынан ешқандай қарсылықтар болмағандықтан, кредитор өз дәлелдемелерін келтіріп, сотта іс бойынша өндірісті қозғауға негіз болды.
Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы;
4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.
2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.
3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сот органының атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс (36-бап).
Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс.
Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:
оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;
борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда қысқартады.
Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөнiндегi ұйғарымында:
1) оңалтуды басқарушының есебiн бекiту туралы;
2) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау
Сырттай байқау істі қараудың бірінші сатысына жатқызылады, себебі ол банкроттықтың процедурасы болғанмен, қамтамасыз ету функциясын жүзеге асырады. Біздің заңнама үшін де банкроттық процесіне сырттай байқауды енгізу әлбетте жаңаша процедура болып отыр деп ойлаймын. Ресей тәжірибесіне қарасақ, оның да сондай дағдайда екендігіне көз жеткіземіз, О.Никитина: «Оның мәні сонда, борышкерді банкрот деп тану туралы арызды өндіріске қабылдағанда оның нақты дәрменсіз екеніне көз жеткізе алмаймыз, ал сырттай байқауды тағайындағаннан кейін оның шынайы халін анықтауға болады» дейді.
Сырттай байқау борышкерді банкрот деп тану туралы арызды сот қабылдағаннан бастап тағайындалады. Бұдан, сырттай байқаудың соттың ұйғарымы шыққаннан кейін басталады деуге болады.
Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот:
1) сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
2) борышкер төлемге қабiлетсiз болған кезде, борышкерге қатысты үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге сырттай байқау рәсiмiн енгiзуi мүмкiн.
Сырттай байқауды енгiзу туралы сот ұйғарымында уәкiлеттi органға үш күн мерзiмде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны көрсетiледi. Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Сырттай байқау әкiмшiсi болып банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсiпкер тағайындалады. Банкроттық туралы заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетiлген тұлғалар сырттай байқау әкiмшiсi болып тағайындала алмайды. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдарлар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары банкроттық туралы заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен айыруына тыйым салынады.
Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын банкроттық туралы заңның талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ салықтық берешегi болған кезде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор кiруi мүмкiн. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi. Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi: сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау; борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу; сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және банкроттық туралы заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау; уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану; сырттай байқау рәсiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады. Ал борышкер өз кезегінде, сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастыруға; сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша: сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға; борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға; сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.
Содан, сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынадай шешімнің бірін қабылдайды:
Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады.
Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін толық немесе бөлігінің күшін жояды және істі 1-ші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді.
1-ші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады.
1-ші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды. Материалдық құқықтық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде 1-ші, апелляциялық сатыдағы, соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы 3 судьядан кем болмауы керек. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады:
Іс үшін елеулі маңызы бар арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;
Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшының біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтардың жалғандығы;
Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері.
Сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.
Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және міндеттері айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттар мен заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайына байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу, құқықтары мен міндеттердің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы