Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа

Описание

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 143.41 Кб (Скачать документ)

      Екіншіден, ұйымдастырушылық-құқықтық форма заңды тұлғалардың ішкі меншіктік қатынастарын ашып береді: меншік құрамы, оған заңды тұлғаның құрылтайшыларының қандай да бір қатысы, меншікті пайдалану қандай жолмен жүргізілетіндігі, т.б.

     Үшіншіден, заңды тұлға өз міндеттері үшін қандай меншікпен жауап беретінін айқындап алуға болады.

     Сонымен, заңды тұлғаның формасын анықтайтын ұйымдастырушылық және құқықтық белгілерін білу, барлық кәсіпкерлік, экономикалық  қатысушыларының  көпшілігінің арасында дұрыс бағытта жүруіне ықпал етеді. 1

     ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік формасында заңды тұлғаны құрмай-ақ, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкерлік) немесе белгілі тұлғалар тобының (жай серіктестік, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық) атынан қызмет жүргізуге болады.

     Сонымен бірге, заңды тұлғаны құру арқылы кәсіпкерліктің тағы бір формасы айқындалады. Кәсіпкерліктің осы бір формасында жеке тұлға

______________________

1 Кудинов О.А.  Предпринимательское право, с.с. 41-43.

 

(жеке кәсіпекрлік) немесе жеке және заңды тұлғалардың ұжымы (жалға беру арқылы, ұжымдық, кооперативтік кәсіпкерлік, шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам, шаруашылық бірлестіктер жіне басқалары) жүргізе алады.

      Жеке кәсіпкерлік түсінігі Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 1 бабында көрсетілген.1 1998 жылдың 10 шілде айында және 1999 жылдың 26 шілде айында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл өз жағынан азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін қосып алғанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10 бабында көрсетілген кәсіпкерлік түсінігіне сәйкес келеді.

      Заңның 1 бабында көрсетілгендей  жеке кәсіпкерліктің түсінігінде «табыс табуды көздейтін, азаматтардың өз меншігінің негізінде жүргізілетін  азаматтардың бастамашылық қызметі». Бұл анықтамада жеке кәсіпкерліктің неғұрлым толық белгілері айқындалған.

      Осылайша, жеке кәсіпкерлік қызметі келесі белгілердің жиынтығымен анықталады:

              А) бастамашылық қызметті  көрсетеді;

              Б) табыс табуға бағытталған;

              В) кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың өз мүліктері негізінде;

              Г) өз тәуекелдеріне азаматтардың атынан және солардың меншіктік 

          міндеттемелерінен жүзеге асырылады;

    Айтылғандардың негізінде мынаны ұсынуға болады, жеке кәсіпкерлік қызметті басқа да азаматтар қызметінен ерекше бөліп қарауымыз қажет, оларға табыс әкелетін, бірақ кәсіпкерлік болып табылмайтын, яғни бұл қызмет саласында кәсіпкерлікке тән белгілері жоқ.

 

_______________________

1 ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, 1997ж. 19 қаңтар.

     Мысалы, кәсіпкерлікке еңбектік жалдамалы жұмыс туралы шарттар жатпайды, себебі жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары ҚР 1999 жылдың 10 желтоқсан айындағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңымен реттеледі.

     Сонымен қатар, егер осы қызметкерлердің өз ісінде емес немесе солардың бастамашылық қызметі болмаса, ал жұмыстар мүліктік контрагендік базада жүргізілетін болса азаматтардың өз еңбегімен азаматтық-құқықтық келісімдер негізінде орындалатын жұмысты кәсіпкерлік деп санауға болмайды. Бұл қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің 22-24 тарауларымен реттеледі.

     Ендігі ретте, еңбек сарапшысы, кеңес беруші қызметкерлердің авторлық шарттарымен атқарылатын жұмыстар да кәсіпкерлікке жатапйды. Мысалы, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша заңжобалары жұмысын атқаратын еңбек етуші тұлға. Бұл қызмет саласы белгілі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

      Осылайша, біз кәсіпкерліктің белгілері жоқ жеке кәсіпкерлік туралы заңнама белгілі қызмет түрлеріне таралмайтынын көруімізге болады.

      Осы нормативтік акт негізіндегі жеке кәсіпкерлік бір азаматпен өзбетінше жүзеге асырылады. Ал, біріккен кәсіпкерлік азаматтар тобымен, заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асырылады. Бұл талаптар жоғарыда көрсетілген заңның сараптамасынан шығып отыр.

      Сонымен, біріккен кәсіпкерлік формаларына мыналар жатады:

А) бір меншік негізінде жүзеге асырылатын - ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

Б) шаруа қожалығы меншігі негізінде немесе жекешелендірілген тұрғын үй меншігінің негізінде жүзеге асырылатын - жанұялық кәсіпкерлік ;

В) кәсіпкерлік қызмет ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын – жай  серіктестік.

      Осылайша, жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысуы керек, құқықтар мен міндеттерді алуымен қатар жүзеге асыруы керек және ол тек өз атынан жүргізілуі міндетті. Ал, біріккен жеке кәсіпкерлікте ҚР 1997 жылғы 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 25 бабында көзделген жайттардан басқасы кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық келіссөздер біріккен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларның атынан жүргізіледі.

      Алғаш рет, ҚР 1997 жылғы 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 15 бабында кәсіпкерлік іс түсінігі қалыптасты.

       Кәсіпкерлік іс – бұл «меншіктік құқықты қосқанда меншіктің жиынтығы, соның негізінде кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асырады. Жалпы алғанда кәсіпкерлік іс немесе оның бөлшегі сатып алу-сату объектісі, кепіл, жалға беру және басқа да шарттар объектісі бола алады, құқықтардың өзгеруі, бекітілуі және жойылуына байланысты болып келеді».

      Шаруашылық қызметінің субъектілері – жеке               кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану ҚР Азаматтық кодексінің 21 бабымен және «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңының 38-45- баптарымен реттеледі.

   «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабына сәйкес борышкер жеке кәсіпкердің ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушінің талаптарын қанағаттандыра алмауы, сондай ақ өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмауы оны банкрот деп тануға негіз бола алады деп көрсетілген. Бұл жағдайда дәрменділік, барлық мүліктің құнын ескере отырып, анықталады.

       Жеке кәсіпкерлік құрылымы заңды тұлғамен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Сондықтан кәсіпкерлік өз мойнына өте көп жауапкершілікті ала бермейді. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерліктердің таратылуы өз мүмкіншіліктері шегінде заңды тұлға өтетін  процедураларлан өтеді.

 

 

 

2 Заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері

 

Азаматтық іс жүргізу – бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен реттелген, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі.1 Іс жүргізу құқықтары мен міндеттері  процесс барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізу нысанына тән белгілер:

1.             Сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізуде құқықтың нормаларымен белгіленген;

2.             Істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады.

3.             Сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді 4 түрге бөледі:

             Бұйрық бойынша іс жүргізу істері.

             Талап қоюмен іс жүргізу істері.

             Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері.

             Ерекше іс жүргізу. 

___________________

1 Егембердиев Е.О. Азаматтық іс жүргізу.  Астана 2006, 23-27бет.

Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді. Оның мақсаты іс уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету үшін. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның және өзі мынадай әрекеттер жасайды:

1.             Талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

2.             Қажет болса, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндетерін түсіндіреді.

3.             Үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселелерді шешеді.

4.             Іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген  тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамның, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балалардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья, іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.

Заң күшіне енбеген сот шешімдерімен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс).

Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот  соттың қаулысын шығарады.

Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық не іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы, сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады.

 

 

              2.1  Банкроттық туралы істерді қозғау  мен әзірлеу

 

     Банкроттық туралы істерді сотта қараудың процессуалдық негізін ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі мен ҚР банкроттық туралы заңы құрайды. Сипаттамасы бойынша жалпылама және қағидалы болғандықтан, Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормалары банкроттық туралы істерді қарауда процессуалдық негізі болып келеді. Дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңның нормалары ерекше сипатқа ие және сотта өз ерекшеліктерін ескере отырып, Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларына қосымша ретінде қолданады.

Борышкердің, несие берушінің немесе заңның 26-бабында көрсетілген жағдайларда, прокурордың арызы негізінде сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс қозғай алады.

Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 23 қарашадағы №1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті банкроттық рәсімдердің жүргізілуіне бақылау жасайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Комитет осы ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тек конкурстық өндірістің мүддесін көздеп арызбен сотқа жүгінуге, соттың конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауларды қарауы кезінде сот отырысына қатысуға құқылы, бірақ ол сотқа борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тану туралы арыз беруге құқылы емес. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімшілік белгілейтін уәкілетті органдар да осындай құқықтар мен өкілеттіктерге ие.

Егер несие берушілердің борышкерге талаптарының жалпы сомасы жүз елу айлық есептік көрсеткішінен жоғары болса, сот осы қаулының үшінші тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың борышкерді банкрот деп тану туралы арыздарын қарайды. Істің сотқа қарастылығы туралы мәселені шешерде сот, арыз берген кезде несие берушінің талаптары сомасы, олардың орындалмағаны үшін санкцияларды айыппұлды, өсімді, шығындарды санамағанда, ақшалай міндеттемелерінің сомасы бойынша анықталатынын ескеруі керек. Егер борышкерден оны банкрот деп тану туралы арызды қабылдау кезінде сот арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған не осы адамның өкілеттігін растайтын құжаттар мен Заңның 18,19-баптарында көрсетілген құжаттар қоса тігілмеген деп тапса, онда сот мұндай арызды аталған заңның 21- бабының 1-тармағына сәйкес кері қайтарады. Борышкердің сотқа жолдаған өтініші Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша міндетті болған жағдайларда, сот арызды өз өндірісіне қабылдауға, ал жетіспей тұрған құжаттарды істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арызданушыдан сұратуға міндетті. «Банкроттық туралы» Заңының 22-бабына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабына сәйкес азаматтық құқықтық міндеттемелер бойынша заңды немесе жеке тұлға несие беруші өтініштерінің негізінде, сондай ақ салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық органдарының тарапынан банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін. Несие берушінің өтінішіне оның өкілі қол қоюы мүмкін. Мұндайда «Банкроттық туралы» Заңының 22-бабына сәйкес  өтінішке өкілдің несие берушінің атынан сотқа тиісті өтініш беруге өкілеттігін растайтын несие берушінің сенім хаты қоса тіркеледі. Несие беруші борышкерге қойған бірнеше талапты бір өтінішке біріктіруге құқылы немесе бірнеше несие берушілердің талаптары бір өтінішке біріктірілуі мүмкін. Егер борышкерді дәрменсіз деп тану туралы несие берушінің өтініші, сотта басқа несие берушінің өтініші негізінде сол борышкерге қатысты іс қозғалғаннан кейін келіп түссе, онда сот іс бойынша шешімді шығармай тұрып, өтінішті біріктіріп қарау үшін, оны қозғалған өндіріске қосу туралы ұйғару шығарады. Сот  борышкерді банкрот деп тану туралы шешімді шығарғаннан кейін және конкурстық өндіріс қозғалғаннан кейін келіп түскен өтінішті, ҚР АІЖК-нің 153-бабына сілтеме жасап, қабылдамайды.

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы