Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа

Описание

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 143.41 Кб (Скачать документ)

-       Олар азаматтық іс жүргізу  құқығының нормаларымен тікелей белгіленген;

-       Ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;

-       Бірлігі мен біріктілігі;

-       Арақатынасында.

      Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.

      Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік –көмек көрсетушілік.

      Негізгі іс жүргізу құқықтық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізу сот пен тараптар арасында және ерекше іс жүргізу сот пен арыз беруші арасында болады.

      Қосымша іс жүргізу құқықтық қатынасы іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-ң 55-57 б.), сондай-ақ, 3-ші тұлғаның қатысуымен өткенде туындайды.

      Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу  құқық қатынасының іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашылардың, сарапшылардың, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

      Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының ерекшелігі  оның биліктік сипатында, яғни  биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушы – билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

      Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы  және  арнайы.

Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық – құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

      Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы объектісі болып осы сарапшының  өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).

       Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері азаматтыар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу құқық қатынасына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатыстығына орай, белгіленген топтарға бөледі: сот , іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

       Сот азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреудің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды, негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерін кінәлі тараптарды тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершіліктерін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіртуге мәжбүрлейді.  Істі сот отырысында қарау мен шешу ҚР Конституциясының 77-бабында және ҚР АІЖК жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.

      Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР АІЖК 44 бабына сәйкес:

-       Тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);

-       3-ші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптар мәлімдейтін);

-       Прокурор;

-       Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;

-       ҚР АІЖК-ң  56-57-баптарында көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;

-       Арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК-ң 289-бабы) жатқызамыз.

      Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесетін азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, кәу, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.

      Азаматтық іс жүргізу процесінде тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды  сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

       Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

       Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді айтады. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР азаматы, шетел азаматы  және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйым және кәсіпорындар) болып табылады.

       Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының екі негізі көрсетіледі: 1) талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп, талап қою арқылы қатысады;  2) басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау үшін сотқа жүгінеді.

     Бірінші жағдай талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды. Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға.

     Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

    Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.  Яғни, әр тарап өз пікірін дәлеллеу үшін сотқа дәлелдемелер ұсынады, оның міндеті әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (АІЖК -65бабы).

    Дәлелдемелерді тараптар мен іске  қатысушы басқа да тұлғалар береді, бұл жағдайда олар борышкер мен кредитор. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып,  сот анықтайды. 

    Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

    Әрбір дәлелдеме –қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы  азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалануға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

    Солайша, сот тәжірибесінде де екі жақ дәлелдемелер беруге тең құқылы. Кредитор тарапынан түскен арыз бойынша бірер мысал келтірсек: Астана қаласының Алматы аудандық салық комитетінен Ауданаралық экономикалық сотқа жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы арыз түсті. Бұл жерде борышкер «Адал-НС»ЖШС.

    Істің барысында, зерттеу актісіне сәйкес борышкердің тіркелген мекен-жайында жоқ екені анықталады және де мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да іске аспайды, оларға кредитор нақты дәлел келтіреді. Оқшау мүлкі есебінен өндіріп алу да мүмкін болмады, яғни салық комитетінің жіберген сұраныстарына: Астана қаласы бойынша  «Жылжымайтын мүлік орталығынан», Астана қаласының «Астанагорзем» мекемесінен, Астана қаласы бойынша Жол полициясының басқармасынан, борышкерде жеке меншікте мүлік жоқ екендігі жөнінде жауаптар келді.

    Кредитор осының барлығын негіз бойынша қарап, борышкерді банкрот деп тану туралы сұраным білдірді. Сот өз кезегінде барлық дәлелдемелерді ескере отырып, борышкер «Адал-НС» ЖШС-н дәрменсіз деп тауып, ол бойынша ұйғарым шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттық туралы істерін сотта қарау мәселесі бір қарағанда қарапайым сот процедурасы сияқты. Дегенмен, мені бұл мәселе қызықтырады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз қарқынды даму жолында және алдағы 2009 жылы Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық етпекші, сондықтан бұл беталыста мемлекеттік тетіктердің барлық саласын дамытумен қатар, елдегі кәсіпкерліктің жақсы дамуына да көп көңіл бөлу керек. 

       Мемлекет экономикасының дамуына жеке сектордың ықпалы өте зор екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ендеше заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы мәселесі соңғы орын алмайды.

       Бұл жұмысымның негізгі мақсаты, әрине банкроттық процедурасының қалай өтетінін, олардың ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады.

       Қазіргі «Банкроттық туралы» , «Жеке кәсіпкерлік турыла» заңдарды салыстыра отырып, қазіргі заңның әлдеқандай жағдайларға  неғұрлым икемдірек екені жөнінде шешім шығаруға болады, бұл өз кезегінде жақсы экономикалық айналымның қалыптасуына ықпал етеді.

       Банкроттық туралы заңның неғұрлым жақсы жағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығының негізгі процедурасы конкурстық өндіріс болуында. Себебі, соттың конкурстық өндірісті қозғауы заңды тұлғаларға қатысты нақты шешім шығаруға көмектеседі, яғни конкурстық өндірісті ашу, компанияның тікелей басқарушысын шеттетіп, бақылауға алуға көмегін тигізеді. Сондықтан ұйымның «бұрынғы» басқарушылары онсыз да көп емес активтерін ұйымнан алуына мүмкіншілігі болмайды. Шындығына келгенде, көптеген ұйымдардың банкроттығы қасақана жасалады. Бірақ, оны дәлелдеу қиынға соғады.

      Конкурстық өндіріс – кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот деп танылған борышкерге қатысты қолданылатын банкроттық процедурасы. Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шыққаннан кейін қаржылық қарыздардың өтелу мерзімі басталды деп есептеледі. Қарыздары бойынша айып, пеня, пайыздардың қосылуы тоқтатылады; борышкердің меншігіне салынған арест алынады, барлық талаптар тек конкурстық өндіріс кезінде үндеу алады.

      Конкурстық массаны құру мақсаты мүлікті инвентаризациялауды жүргізу оны ашық аукционда сату болып табылады, нәтижесі кредиторлармен есептесу.

     Тағы да бір жайт, мысалға, банкроттық мәселесін сотқа дейін шешу кезінде борышкер мен кредиторлары арасында бітімгершілік келісім жағдайын тереңірек қарастырған жөн сияқты.

      Қарыздары бойынша уақыт беруді тек коммерциялық ұйымдар ғана жүзеге асыра алады, ал мемлекет өз қарыздары бойынша ондай уақытты бере алмайды, себебі ол салық туралы заңмен тыйым салынған.

      Бұл жағдайды коммерциялық кредиторлар пайдаланады, себебі банкроттық жағдайы туындаған кезде мемлекетке қарыздар коммерциялық кредиторлардың қарызы өтелгеннен кейін төленеді.

      Егер салық кодексіне өзгертулер енгізетін болса, онда ол коммерциялық кредиторлармен теңесіп қарыздары бойынша уақыт беруге құқылы болады.

    Бұл норма мемлекетке жақсы деп айтуымызға болады. Егер ол банкке неғұрлым салық талабын көрсеткісі келген жағдайда, коммерциялық кредиторлар банктің банкроттығы жағдайында өз ақшаларын мүлде қайтара алмауы мүмкін, бұндай жағдай потенциалды инвесторлардың біздің кәсіпкерліктерге инвестициялау жөнінде қызығушылықтарын арттырады.

     Солайша, ұйымдар мен кредиторларға сот билігінің тәуелсіздігі мен объективтілігіне сену ғана қалады.

     Ендігі кезекте біз мына бір мәселені қозғамай кете алмаймыз. Қазіргі кезде елімізде құрылыс мәселесі ең маңызды істердің бірі деуімізге болады. Құрылыс нысандары аяқталмай көптеген азаматтар өз үй жайларына қол жеткізе алмай отыр.

     Бірер жыл бұрын басталған құрылыс қарқыны, елді дүрліктіріп көптеген жалған ұйымдар бір мезетте қаптап кетті. Құрылыс кешендеріне қызығып жамағат өз ақшаларын үлеске қосты. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз, сол қызықтырып жарнамалаған кешендердің бірі сапасыз, бірі тіпті салынбай, ал біреулері халықтың үлеске қосқан ақшаларын алып өзін банкрот деп жариялады, не тіпті қашып та кетті. Осы мәселе біраз уақыт бойы өз шешімін таппады. Жуық арада мемлекет араласуға мәжбүр болды, яғни мемлекет құрылыс нысандарын сатып алып, қаржыландыратын болды.

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы