Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75
Ұйымның меншіктілігін криминалдық жолмен шешу қаупі.
Банкроттық процедурасын экономикалық және заңи тұрғыдан қарастырған жөн. Экономикалық тұрғыдан қарағанда банкроттық – бұл ұйым қызметінде шаруашылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді нашар есептеуі, ол ең алдымен басқарушының дұрыс шешімдерді қабылдамауымен , кәсіби, әрі сауатты қызмет атқармауының нәтижесінде туындайды.
Заңи тұрғыдан қарастырсақ банкроттық – бұл қарама-қайшылық туындаған жағдайда, мәселені сотқа жүгіну арқылы шешу мүмкіншілігі. Мемлекет кредиторлардың мүддесін қорғайды және оларға өз қарызын қайтаруға мүмкіншілік береді.
Коммерциялық қызмет атқаратын ұйым табыс табу үшін құрылады. Сонымен, коммерциялық ұйым - бұл өзінің қызметін жүзеге асыру үшін сырттан қаржы тартатын және таза табыс табу арқылы сол қаржының өсімін қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Ұйымның табыс табу процесі – бұл өндірістік-шаруашылық кешені және өзінің құрылымы, материалдары, қаражаты, кадрлары, келісім шарттық негіздері болатын қаржы-экономикалық процесс.
Ұйымның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды дұрыс қолданудың жүйелі көрсеткішімен сипатталады. Бұл ұйымның қаржылық бәсекелестігінің (төлем қабілеттілігі) сипаттамасы, яки онымен мемлекет пен басқа да шаруашылық субъектілердің алдында міндеттерін орындауы.
Әлдегідей, кәсіпкерліктердің банкроттығының бірден бір себебі макроэкономикалық жағдайдың қолайсыздығы: дәстүрлі шаруашылық байланыстардың бұзылуы, сұраныстың төмендеуі, үкіметтің экономикалық саясатының өзгерісін болжаудың күрт нашарлауы, гиперинфляция, саяси тұрақсыздық, т.б. Дегенмен, сараптаманың нәтижесі кәсіпкерлердің өздері де, көп жағдайда дәрменсіздікке душар болғанына себепкер болатындығын көрсетеді. Банкрот болған кәсіпкерліктің ретроспективалық саралануы әдетте, банкроттық белгілі бір мерзімде пайда болғандығын көрсетеді, яғни ол күрт басталмайды. Егер де қазіргі күні кәсіпкерлік өз міндеттемесі бойынша жауап беріп, ақысын өтей алмаса, бұл оның дұрыс саланы таңдамағандығының, нарық көлемінің қате бағалануының, тауар әкелуші мен тауар өткізетін жүйесінің өте ерте таңдалғандығының және басқарудың дұрыс жолға қойылмағандығының бір белгісі.
Банкроттықтың ішкі және сыртқы себептеріне бөлінуі оңай емес, бірақ бұрынғы қателіктерін көріп, одан бір нәтиже шығаратын болса, ол болашақта ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен басқа да жағымсыз факторлардан сақтандыратын нағыз кепілдік.
Ұйымдар өз қызметін, жарғылық капиталдың жиналуы нәтижесінде, жеке капиталы бола тұрып бастайды. Өз қызметі барысында ұйым білгілі бір көлемде табыс табады, ол табыс салық пен міндетті төлемдер төленгеннен кейін, жеке капиталды толықтырады. Жеке капиталына қосымша, ұйым өзіне белгілі бір дәрежеде ұзақ және қысқа мерзімді банктік займдар , кейінгі төленуімен тауарларды сатып алу, ақысы кейін өтелетін қызметтерді пайдалану түріндегі міндеттемелерді мойнына алады. Алынған міндеттемелердің жалпы соммасы ұйымның заемдық қаражатын құрайды. Заемдық қаражаттар ақшалай (банктік несие) және натуралды түрде (мыс. Ұйым өзіне 300 мың теңге көлемінде тауар сатып алды, бірақ ақшалай төлемін әлі өтеген жоқ), бірақ ақшалай эквивалентте болады. Заемдық қаражаттардың өзге де түрі бар, ол мысалға екі ұйым өзара міндеттемелерін тауармен өтейді, яғни бартер шарты бойынша. Бірақ, мұндай жағдайда есеп айырысуда нақты қаражаттың болмауы, салықтық міндеттемелерді туғызады. Бұл жағдайда пайда болған, бірақ төленбеген салықтық міндеттемелер салықтық несие ретінде қалады, яғни мемлекетке қарыздар болады. Жеке капитал мен заемдық қаражаттар (міндеттемелер), капитал көзінің барлық жиынтығын құрайды немесе қаржылық – бухгалтерлік терминологиямен айтқанда, - пассивтері болып табылады.
Капиталдың көздері ұйымның айналымындағы және айналымынан тыс активтерінде тұрақталады.
Айналымнан тыс активтер – табыс табуға мүмкіншілік беретін өнім (қызмет) өндірісін жүзеге асыратын базаны құрайтын негізгі қаражат (ғимараттар, құрылымдар, т.б.) болып табылады.
Айналымнан тыс активтерге сол сияқты табыс әкелетін басқа ұйымдардың жарғылық капиталына құйылатын, аяқталмаған құрылыс нысандарына, материалдық құндылықтарға салынатын ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға әбден болады.
Айналымдағы активтерге:
Өндірістегі қаражат – артық ақша ретінде сақталған, аяқталмаған құрылысқа, әлі табыс түсірмеген, яғни әзірге сатылмаған, қоймадағы дайын өнімдерге және тағы басқалай шығындарға салынған капитал.
Есеп айырысудағы қаражат – бұл табыс табу мақсатымен жасалмаған өндіріске қатыспайтын, өндірістен тыс салымдар. Бұл алынған, бірақ ақысы төленбеген тауардың құны немесе нақты өнім мен тауар, қызметті қолданбай тұрып ұйыммен берілген аванстық төлемдер. Қаржылық – бухгалтерлік терминология бойынша – бұл дебиторлық қарыз. Бұған: сондай-ақ берілген аванстар, қызметкерлерге берілетін әртүрлі ссудалар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және де ұйымның кассасындағы және банктегі есеп шотындағы қаражаттар жатады.
Ұйымның тұрақтылығын саралау үшін кәсіпкерлік қызметінің қаржылық моделін толықырақ қарастырайық.
Ұйымның капиталы жеке және заемдық қаражаттан құралады. Ол айналымнан тыс активтерге құйылады, оның ішінде негізгі қаражаттар мен айналымдағы активтер, егер артық қалатын болса ( бос ақша), онда ұйым оларды өндіріс арқылы қосымша дайын тауарлар немесе фондтық нарықта сатып алып бағалы қағаздарға айналдыруына болады. Осылайша, қосымша қаржылық табыс табады.
Қаржылық ағымдардың тауар жеткізушіге өтуі, кредиторлық қарыздар арқылы жүзеге аспай қалуы әбден мүмкін, сол сияқты дебиторлық қарыздар да айналымға түсетін қаржының қайтарымын бәсеңдетуі мүмкін. Сатып алынған шикі затты дайын тауарға айналдырып шығару еңбек ақыны төлеуге, аренданың ақысын өтеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, сақтандыру, салықтарды төлеуге кететін шығындарды көздейді.
Негізгі активтердің кейбір бөлігі уақыт өткендігіне (амортизация) байланысты бағасы төмендейді. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі әртүрлі әкімшілік шараларға кетеді. Ақыры, ақшалай қаражаттың көп бөлігі салық төлеуге, несиенің пайыздарын төлеуге және басқа да қаржылық шығындарды өтеуге жұмсалады.
Егер ұйым сырт жобаларға белгілі бір салымдар салатын болса, онда олардан түскен қаражат, ұйымға жүзеге асырылмаған қызметтен түскен табыс ретінде қайтарылуы тиіс.
Солайша, қаржылық қызмет өзіне барлық ақшалай қатынастарды біріктіреді. Ұйымның төлем қабілеттілігі табысқа пропорционалды, төлем қабілетсіздік табысқа кері пропорционалды, ал міндеттемелер көлеміне тікелей пропорционалды.
Ұйымның капиталы толықтай жеке болса және міндеттемелер болмаған жағдайда, ол абсолютті төлем қабілетті ұйым болып табылады. Сонымен қатар, ұйымның капиталының негізгі бөлігін заемдық қаражаттар құраса да, егер өзінің міндеттемелерін уақытылы орындаса, ол да толық төлем қабілетті болып саналады. Барлығы, өнімнің өткізілу көлемі мен ақшалай қаражаттың уақытылы түсіп тұруына байланысты.
Материалдар мен тауарларды сатып алу кезінде тауар жеткізушілердің алдындағы міндеттемелердің бірден басталуына, ал дайын өнім дайындалуы мен өткізілуі тек бірер уақыттан кейін болатындығына байланысты, абсолютті төлем қабілетті болу үшін резервте ақшалай қаражаттың болуы шарт және де сол резервтің дәрежесін ұйымда үнемі сақтап отыру қажет.
Егер, белігі календарлық уақыт ішінде ұйым міндеттемелерінің өсу темпі табыс табу өсімі темпінен жоғары болса, онда ол мүмкін болатын төлем қабілетсіздік периодының бастапқы жолына шықты деген сөз.
Басқаша айтқанда, табыс неғұрлым аз болса, ұйымның төлем қабілеттілік дәрежесі де соғұрлым нашарлайды.
Ұйымның төлем қабілетсіздігіне әсер ететін жалпы себептері:
Нарық сапасы төмендігіне, бағасы қымбаттығына байланысты, өнімге сұранысты төмендеткен кезді тауарды артық алу;
Бәсекелестіктің әсері;
Әкелінген тауар үшін төлем қайтарылымының төмендеуі;
Тыйым салу, квота енгізу, кедендік барьерлердің енуіне байланысты нарықтың қысқаруы;
Бұл жерде себептері анық: өнімді (қызметті) алады, не алмайды, немесе ақысын төлемейді, нарыққа кіруге жол бермейді.
Міндеттемелер көлемінің өсу темпі мынадый жағдайда байқалады:
Ұйым, табыстың түсу өсімін жоғарылатпайтын тиімсіз ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жасайды;
Өндірісті артық (жұмыс істемейтін) запастармен толтырады, олар өндіріс көлемі мен табысты ұлғайтпайды;
Қаражатты есеп айырысуда ұлғайтады, және олар табысқа ешқандай қатысы болмайды;
Шығындар көтереді;
Табысты қажетсіз мақсаттарға жұмсайды.
Көрсетілген кешен, міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырысуда қиыншылықтармен кездесетін барлық ұйымдарға қатысты төлем қабілетсіздіктің жалпы себептерін сипаттайды және бұл мемлекеттер мен елдердің нарығына байланысты емес.
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
Азаматтық – құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да танылады.
Заңды тұлға – бұл меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға институтының меншіктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәні сонда, яғни заңды тұлғаны құрған азаматтар өзінің кәсіпкерлік тәуекелдерін өздерінің шамаларына қарай шектеуінде болып табылады.
Зайырлы мемлекеттің билік етуі кезеңінде, азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың негізі жөнінде әртүрлі пікірлер болды. Заңды тұлғалардың негізгі зерттеу объектілері ретінде - мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаралды, бұл экономикадағы мемлекеттік меншіктің басым болуымен байланысты.
Академик А.В. Венедиктовпен берілген, заңды тұлғаның мемлекеттік ұйымдарға қатысты кең түсінігі заңи әдебиеттерде «ұйым теориясы (теория коллектива)» деген атпен енді.
Қазіргі кезде заңды тұлғаның негізі жайында әңгімелер ғалымдар арасында аса актуалды емес. Шетелде, заңды тұлғаға қатысты, қазір фикция теориясы мен шынайылық теориясы көп қызықтыруда.
Заңды тұлғаның фикция теориясы герман заңгері, 19 ғасырда пайда болған тарихы құқық мектебінің басшысы К.Ф. Савиньи атымен байланысты. Ол «құқықтың субъектісі адам және тек қана адам»,-деген екен. Оның концепциясы бойынша, заңды тұлға фикция арқылы пайда болған құқық
субъектісі болып табылады, заңды тұлғада құқық қатынастарының нағыз субъектілері – жеке тұлғалар болып қалады, -дейді.
Фикция теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен етек жайды. Мүшелері мен құрылтайшылардан тәуелсіз заңды тұлғаның бар екенін мойындау Англия мен АҚШ корпорациялары үшін негізгі құқық қағидасы болды. АҚШ-тың теориясы мен тәжірибесіне жоғарғы сот судьясы Д.Маршаллдың 19 ғасырда белгілі болған корпорация түсінігіне берген анықтамасы белгілі: Корпорация – бұл көрінбейтін, жалған құрылған, тек заңи көзқараста ғана жүзеге асырылатын ұйым».1
Шынайылық теориясы, немесе органикалық теория, бұл 19 ғасырдағы герман заңгері Гирке атымен байланысты, ол заңды тұлғаны мемлекеттің дұрыс қызмет атқару үшін қажетті нақты жүзеге асатын құқық субъектісі ретінде қарастырды.
Батыс құқығында заңды тұлға – ұйым, не кәсіпорын ретінде түсіндіріледі, ол азаматтық құқық қатынастарының жеке қатысушысы ретінде қабылданады. Бірақ, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермегенді жөн көреді (ФРГ-да 1978 жылға дейін «заңды тұлға» атты термин қолданбаған, Италияның АК-де 1942 жылы заңды тұлғалардың тек классификациясы ғана берілген, және олар «Жалпы ережелер» деп аталған), не болмаса заң шығарушы тек жалпы және өте қысқа фомулировкалармен шектеледі. Сөйтіп, 1907 жылы Швейцарияның Азаматтық нормасының 52 бабында заңды тұлғаға мынадай анықтама береді: заңды тұлға – тұлғалардың бірігуі, өзінің корпоративті құрылымы мен жеке ғимараты бар, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған ұйым, делінген.
______________________________
1 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: «Статут» 1999 г. с. 37.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заңды тұлға институтының азаматтық құқықта негізгі орындардың бірін алады десек қателеспейміз.
Заңды тұлғаның белгілері: заңды тұлғаның анықтамасынан шағатын болсақ, біз білеміз кезкелген ұйым заңды тұлға бола алмайды. Бұл атақты алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы керек:
Ұйымдастырушылық бірлік;
Оқшау мүлік;
Жеке мүліктік жауапкершілік;
Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде қарастырады. Ұйым дегенде бірнеше тұлғалардың ұжымын түсінеміз, олар белгілі ережелерге бағынады және сол ереже негізінде қызметін атқарады. Ұйымдастырушылық бірлік дегенде заңды тұлғаның азаматтық құқық қатынастарда біртұтас ұйым болып, бір мақсатты көздеген құрылым ретінде түсінеміз.
Шетелдік тәжірибеге қарасақ, заңды тұлға ретінде бірнеше тұлғалар ұжымы емес, жеке тұлғаның өзі де қызмет атқара береді екен. Мысалы, 70-жж. басында ФРГ-да 42 мың ЖШС-тер жұмыс істеді, оның ішінде 9300, яғни 22 пайызы бір тұлғадан тұратын ұйымдарға айналып кетті.
Оқшау мүліктің болуы – заңды тұлғаның негізгі белгісі болып табылады, одан мүліктік жауапкершілік туындайды. Заңды тұлға сол мүлігінің шегінде жауап береді, белгілі азаматтық қатынастарға түседі, т.б.
Жеке мүліктік жауапкершілік- бұл ұйымның оқшауланған мүлігіне негізделген. Бұл белгі АК 44-бабында көрініс тапты, яғни әр заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауапкершілікте болады. Оған қатысушылар да, мемлекет те жауапты емес. Заңда кредиторлардың мүддесін қорғайтын белгілі артықшылықтар бар. Өзге жағдайларда, заңды тұлға банкроттыққа ұшыраған уақытта субсидиарлы не солидарлы жауапкершілік туындайды.
Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы