Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа

Описание

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 143.41 Кб (Скачать документ)

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы өтініштер ерекше өндіріс тәртібінде қаралады, сондықтан борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тану үшін қажет негіздердің бар жоғы сотқа шағымданған кезде анықталады. Соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тартуы немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша (борышкерді таратумен байланысты іс жөніндегі өндірісті қысқартқан жағдайдан басқа) іс жөніндегі өндірісті қысқарту  сол борышкерді банкрот деп тану туралы кейін келіп түскен өтініштерді қабылдамауына негіз бола алмайды.

      Банкроттық туралы істерді сотта қарауды екі сатыға бөлуге болады: істі сотта қарау және банкроттық процедурасы.

      Бірінші сатысы борышкерді банкрот деп тану туралы арызды беруден бастап, борышкердің дәрменсіздігі немесе дәрменділігі жөнінде заңи фактіні анықтайтын соттың актісін (шешім, ұйғарым) шығарумен аяқталатын сот процесін көздейді.

       Банкроттық процедурасының екінші сатысының міндеті – сот актісін жүзеге асыру болып табылады.

        Сотқа арыз беру үшін екі белгінің болуы шарт: кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса; өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды.

      Бұл процестің ерекшелігі талапкер мен жауапкер түсінігінің болмауы, яғни сәйкесінше арызданушы мен  борышкер атаулары кездеседі.  Дәрменсіз деп тану туралы арызды  кредитор да, сол секілді борышкердің өзі де бере алады. Арызды кім бергеніне байланысты, заң арызды толтыру реті мен мазмұны жөнінде әртүрлі талап қояды. Солайша, борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды. 

Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс: 

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы; 

2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;

3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы; 

4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы; 

6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;

7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы, сондай-ақ, даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер; 

8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы мәлiметтер; 

9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер; 

10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi (қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;  

10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат; 

11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.

      Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.

      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi (18-бап). Тіркелуге тиісті құжаттардың тізімі «Банкроттық туралы» заңның 19-бабында көрсетілген. 1

      Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн. 
Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.

__________________

1 ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы. ҚР соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы.    

Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:

1)     өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

2) борышкердiң атауы және оның тұрғылықты жері;

3) өтiнiш берген кредитордың атауы және оның тұрғылықты жері;    

4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);

7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;

9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;     

10) борышкерге талаптар қою айғағы;

Осыдан келе, кредиторлардың тарбынан берілген арыз бойынша істі қозғау тәжірибесі өзімізде өте  кең таралған десек болады. Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралған істер бойынша көп мысал келтіруге болады.  Арадағы бірер жылдың тәжірибесін қарасақ 2007 жылы сотқа жалпы саны 3654 мыңнан аса экономикалық істер келіп түсті, оның ішінде банкрот деп тану туралы істердің  жалпы саны 261. Ал 2008 жылда, осы күнге дейін банкрот деп тану туралы істер бойынша 183-тен аса арыздар келіп түскен.

     Көпшілік арыздар әрине, салық комитетінің тарабынан болып жатады, оған көптеген мысалдарды келтіруге болады: 2008 жылдың басында Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Астана қаласының Сарыарқа аудандық  салық комитетінен «Трактор-Трейд» ЖШС банкрот деп тану туралы арызы келіп түсті, арызда кредитор келесідей дәлелдемелерді келтірген: ЖШС 2002 жылдан бастап салық есебін ұсынбаған және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлемейді делінген. Борышкер жалпы сомасы 9 257 911 тг қарыз.

      Кредитор, бұл жағдайда салық комитеті Салық кодексінің 49-бабына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданған: банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу бойынша,  бірнеше рет инкассалық бұйрық жіберілген, бірақ ешқайсысыда өндірілмеген.

      Қолма қол ақша есебінен: бұл шара бойынша да өндіріп алу мүмкін болмады, себебі борышкер қызмет жасамайды және тіркелген мекен жайы бойынша табылмаған.

     Дебиторлар есебінен: бұл шара арқылы да өндіріп алу іске аспады, борышкер қызмет жасамағаны мен тіркелген мекен-жайында жоқ болғандығы себебінен.

     Оқшау мүлкінің есебінен: ЖШС атында мүлік жоқ екені анықталды. Солайша, осы келтірілген мәліметтер есебінен ҚР «банкроттық туралы» заңының 94 бабын басшылыққа ала отырып, «Трактор-Трейд» ЖШС дәрменсіз деп тану жөнінде арыз берді.

     Сот іс  бойынша ұйғарым шығарды. Кредитор 2008 жылдың 18 қаңтар айында «Трактор-Трейд» ЖШС банкрот деп тану туралы берген арызын кері қайтару жөнінде арыз берген. Сол бойынша, сот «Банкроттық туралы» заңның 39-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының Сарыарқа аудандық салық комитетінің арызды қайтарып алу туралы арызын қанағаттандыруды ұйғарды. Іс бойынша өндірісті тоқтатты.

    Тағы сол секілді іс, Астана қаласының Алматы аудандық салық комитетінің «Ботакөз» ЖШС-н  банкрот деп тану туралы арызы. Яғни, бұл жерде де кредитор белгілі себептермен ЖШС-ті дәрменсіз деп тану туралы арыз берді, сот ол бойынша кредитордың талабын қанағаттандыру жөнінде ұйғарым шығарды. Және де осындай мысалдар аса көп. Істің дұрыс шешілуіне мүдделі кредитор борышкерге және уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.     

       Кредитордың заңда көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ, қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады (22-бап). 

       Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге жiберiлгенiн;

3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;

4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);

5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi (23-бап).

      Дәрменсіздік туралы істер мен экономикалық тартыс бойынша істерді соттарда қараудың бір-бірінен бірталай өзгешелігі болғандықтан, дәрменсіз деп тану туралы арызды берер алдында «банкроттық туралы» заңның нормаларын басшылыққа алған жөн.

      Сотқа жүгіну үшін мемлекеттік баж соммасын төлеу керек. Борышкердi банкрот деп тану туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады. 

     Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді (27-бап).

     Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап: 
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (оған уәкiлеттiк берiлген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк ету құқығынан айырылады. Уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот iс жүргiзу циклын, оның iшiнде үздiксiз iс жүргiзудi қолдауға және мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi ең төменгi ағымдағы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттi тұлғаларды анықтауға құқылы;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады; 

3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн; 

4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;     

5) акцияларды, борышкердiң мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады. 

      Сот жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.

     Хабарландыруды жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол  Заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс (28-бап).

     Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы (30-бап).
Арызды қабылдағаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:

     1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;

     2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;

      3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;

      4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

      Кредитордың немесе прокурордың сотқа банкроттық туралы заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде iс жүргiзу заңдарында көзделген әрекеттермен қатар сот:

1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды; 

2) банкроттық туралы заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.

Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға  әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы