Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа

Описание

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 143.41 Кб (Скачать документ)

      Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тек сот тәртібімен жүзеге асырылады. Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тәртібі оның несиелік берешегінің болуына не болмауына байланысты анықталады. Заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны табыс етпеу несие берушілері және өзі жоқ заңды тұлғаны тарату үшін негіз болып табылады. Мұның өзі АК-тің  49-бабы  2 тармағының  4) тармақшасына сәйкес заңнаманы өрескел бұзу болып табылады.

     Дәрменсіз борышкерді сотқа дейін тарату мәселесін былайша көрсетуімізге болады: Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде: 

1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе; 

2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда

шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса; 

3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе; 

4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы. 
     Шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады. 

     Солайша, сотқа дейін тарату жағдайы оңалту рәсіміне келіп тіреледі: Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурсты басқарушыға (таратушыға) берiледi. Оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады. Оңалтуды және конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртiбi мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көлемi заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келiсiммен реттеледi. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Банкроттық туралы заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін

 

жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.

    Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды: 
1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы; 
2)   басқарудан шеттетiлген адам; 

3)    заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр   

жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.

              Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;
4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері; 
5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi;

6) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.  Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

     Уәкiлеттi органның банкроттық рәсiмiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.Бақылаудың мақсаттары банкроттық туралы заңда белгiленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсiмдерiнiң, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнiң мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады. Банкроттық рәсiмiнiң тараптары, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi деп кредиторлар, борышкер, мүлiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган, кредиторлар комитетi, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсiнiледi.
Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсiмдерiнде тiркелу есебi;
2) төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз ұйымдардың мониторингi;
3)    камералдық бақылау;

4)   банкроттық рәсiмiнде, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау;

5)оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру.

      Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау болып табылмайды;
 

6) борышкердiң конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылау.
     

 

1.2  Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары

 

 

              Қазақстан тәуелсіз өмір сүру кезеңінде және Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сай, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау республикамыздың экономикалық саясатының,әсіресе талапқа сай заңшығармашылық база құруда басым саласы болып танылды.

     Шағын және орташа кәсіпкерліктердің дамуының ерекше маңыздылығын ескере келе, ҚР Президенті Назарбаев Н.А. еліміздің кәсіпкерлерінің VI форумында делегаттардың алдында сөз сөйлей отырып,  баса айтты: «Қазіргі заманғы әлемдік цивилизация – бұл тек ядерлы энергетика мен интернет қана емес, ол алдымен орта таптың цивилизациясы.1

    Көпшілік кәсіпкердің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік дұрыс бағытының кепілі ретінде оның қоғамда орта тапқа жататындығынан көрінбейді, бұл оның игілігі мен сәттілігі неге негізделетіндігінде – нақ осы жеке меншік. Осыған байланысты орта тап – саяси демократияның ең басты әлеуметтік базасы болып табылады».

      Бәріне мәлім, нарықтық қатынасқа көшпес бұрын елдің экономикалық базасының негізін ірі өнеркәсіп алыптары құрады, ал шағын бизнес мемлекеттің мүддесіне кірмеді. Дегенмен, жоспарлы экономикалық өзгеруі кезінде, шағын кәсіпкерлік мемлекеттің стратегиялық  бағытының жүзеге асырылуының маңызды құралдарының бірі болды.

      Нарықтық экономика жолындағы елдерде шағын бизнес құру мен дамыту мемлекеттік деңгейде қойылған жоқ, себебі ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен қалыптасты.

__________________________

1  http\\ www.kazakparat.kz

      Қазақстанда бұл экономикалық сектор небары бірнеше жылдар аралығында қалыптасты. Кәсіпкерлік туралы заңшығармашылықты дамыту жайында сөз қозғай отырып, 1-ші кезекте ҚазССР-ң  11желтоқсан 1990 жылғы, «Шаруашылық қызметтің  еріктілігі мен Қазақ ССР–ғы кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңын атап өтуіміз қажет.1 Осы заңға сәйкес кәсіркерлік, бастамашылық ретінде қарастырады, осы заңнама шеңберінде шаруашылық немесе басқа да қызмет өз есебінен, қарыздар және басқа да меншік пен қаражаттар осы қызмет саласының барлық қатысушыларының өзара тиімді нәтижелерге жету және табыс табу мақсатында жүргізілді. Бұл заң кәсіпкерліктің келесі ұйымдастырушылық –құқықтық нысандарын қарастырады:

              - кезкелген нысандағы кәсіпорындар мен солармен құрылатын

         бірлестіктер;

              - шаруашылық және басқа да ұйымдар мен серіктестіктер;

              - фондтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге

          асыруға  құқылы;

              - жеке кәсіпкерлік.

     1991жылғы 13 ақпан айында ҚазССР-ң «Қазақ ССР –ғы кәсіпорындар туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес кәсіпорындар заңды тұлға құқықтары бар дербес субъект ретінде танылды, өзінің шаруашылық-коммерциялық қызметін өз жарғысы негізінде және заңнамаға сәйкес жүзеге асырды. Ұжымдық меншікке негізделген жеке кәсіпкерліктер мен кәсіпорындар; мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпкерліктер; КСРО меншігі негізіндегі басқа да мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды және жеке тұлғалар негізіндегі кәсіпкерліктер; және шетелдік тұлғалардың қатысуымен болған бірлескен кәсіпкерліктер ескерілді. Бұл жабық тізім емес. Заңға қайшы болмаған жағдайда, заң кәсіпкерлік нысандардың басқа да түрлерінің құрылуының мүмкіндігін атап көрсетеді.

_____________________

1 Экономика и право, № 6, 14.03.1999, с.с. 24-26.

     Кәсіпкерлік түрлеріне келер болсақ, оның тағы да бір түрін атап өтуіміз керек, сол кездегі қолданыста болған заңнамамен көзделген – ол шағын кәсіпкерлік. 

     Оның пайда болуына 1990 жыл 8 тамыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен құру жөніндегі шаралар туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы түрткі болды, соның негізінде 1990 жылы 31 қазан айында ҚазССР Министрлер Кеңесімен тиісінше №432 қаулысы қабылданды. Шаруашылық субъектісін шағын кәсіпкерлік категориясына жатқызу негізіне, бізге жұмыс істейтін адамдардың  санының қағидасын жатқыза аламыз. Мысалы, сауда-саттық саласында – 15 адамға дейін, ғылым саласында – 100 адам шамасында, құрылыс пен өндірістік саласында – 200 адам шамасында.

     Уақыт, шағын кәсіпкерлікті заңды тұлғаның бір құрылымына жатқызудың, қате екенін көрсетті, және олардың барлығы Азаматтық кодекспен көзделгендей 1998 жылдың 1-ші қаңтарына дейін коммерциялық заңды тұлғаның бір саласына қайта тіркелуіне тура келді.

     1991 жылдың 21 маусым айында Қазақ ССР-ның «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңы қабылданды. Бір айта кетерлік жайт, осы заңмен қатар Қазақстан территорисында 1990 жылғы 19 маусым айында қабылданған «Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» кеңестік жарғысы да бірге жүрді. Осылайша, заңды тұлғалардың бір құрылымының құқықтық жағдайы көрсетілген екі нормативтік актілермен анықталатын және де бірей емес болатын.

      Жергілікті халық депутаттары кеңесінің атқарушы органдары қоғамдарды да, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді де бір мезгілде тіркеген болатын. Дегенмен, мұндай жағдай көпке созылмады – яғни, кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы күшіне енді.

      1993 жылдың 12 сәуір айында «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Заңның атауы өзгерді: «қоғамдар» сөзінен кейін «компаниялар» сөзі пайда болды. Акционерлік қоғамдар, компаниялар ендігіде бір құрылтайшымен құрыла беретін болды. «Алтын акция» атты түсінік жаңадан кірістірілді.

Жалпы ережеге сай акционерлер енді өздерінің бір ғана міндеті болып табылатын акцияға төлем жүргізуден босатылмайтын болды.

      Қазақстан заңшығармашылығы кәсіпкерліктерді құқықтық реттеуге үлкен көңіл бөледі. 1992 жылдың 4 шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заңын қабылдады. Заңмен жеке кәсіпкерліктің шекарасын белгіледі десек болады: яғни, жеке кәсіпкерлікке заңды тұлғалардың қызметі кірмейді, оның бақылаушы акциялар бөлігі және пайдық салымдардың көп бөлігі мемлекетке тиесілі болып келеді. Жеке кәсіпкерлік 2 формада қарастырылды: заңды тұлғаны құрмай және заңды тұлғаны құру жолымен жүргізілді. Бірінші топқа жеке тұлғалар(жеке кәсіпкерлер) мен азаматтар тобы(жай серіктестік, еңбек және крестьяндық шаруашылық) кірді. Жеке кәсіпкерлік формасына заңды тұлғаны құру арқылы бір жеке тұлға болады (жеке индивидуалды кәсіпкерлік), немесе жеке және заңды тұлғалардың ұйымы (жалға беру арқылы, ұйымдық, кооперативті кәсіпкерлік, шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам, шаруашылық бірлестіктер жіне тағы да басқалары).

Осы Заңның  кейбір қасиеттерін айта кететін болсақ:

-                шарушылық субъект ретінде  мемлекеттік тіркеу бір мезгілде оны

сыртқы экономикалық қызмет субъектісі ретінде тіркеу болып cаналады.

-                тіркеудің жеңілдетілген түрі енгізілді: мемлекеттік тіркеу туралы

куәлікті шартты түрде заңмен көзделмеген құжаттарды (құрылтай шарттары, жарғысы, жарғылық қордың болуы жөніндегі банктің кепілдік анықтамасы, рұқсат қағазы (лицензия), жерді пайдалану актісі, экологиялық сараптаманың қорытындысы және т.б.) және де белгілі бір мемлекеттік органдардан (санитарлық, өрт сөндіру мекемесі, техникалық қадағалау, ішкі істер мекемелері және басқалары) шаруашылық субъектіні құруға рұқсат алуды (қарсылықсыз) талап етумен беруге тыйым салынды, қолайсыз жайттарға байланысты тіркемеу.

-                мемлекеттік билік және басқару мекемелеріне жеке кәсіпкерлерге

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы