Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа

Описание

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 143.41 Кб (Скачать документ)

      Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру. Бұнда заңды тұлғаның өз атынан белігілі бір мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, сотта жауапкер мен талапкер болуына қатысты мүмкіншіліктері.

      Заңды тұлғаның құрылуы. Заңды тұлға құрылтайшысының, меншік иесі ретінде, ерікті қадамы. Меншік иесінің еркінен тыс заңды тұлғаның құрылуы мүмкін болмайды.

      Заңды тұлғаның құрылуының бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

      Ұйғарым бойынша;

      Рұқсат бойынша;

      Нормативті тәсілдері.

      Ұйғарым бойынша заңды тұлғаны құру құрылтайшының ұйғарымы негізінде жүзеге асады. Былайша мысалға, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдар құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың құрылтайшылары болып тек, мемлекеттік меншікпен басқару ісін жүзеге асыруға уәкілетті органдар жүргізе алады. (АК 102 бабы).

     Рұқсат бойынша құру. Заңды тұлғаны құру үшін уәкілетті органның рұқсатиы қажет. Бұрын жүзеге асқан заңда бұндай шаралар тек, кооперативтер, әртүрлі қоғамдық бірлестіктерге қатысты жүргізілетін болған. Рұқсат берудің түсінігі, заңды тұлғаға тіркеуден өтуге рұқсат бермеуі мүмкіншілігімен сипатталады.

      Нормативті –қатысу реті бойынша құру. Бұнда ешқандай мемлекеттік органның рұқсаты қажеті жоқ. Осындай құрылу тәртібі қазіргі кезде коммерциялық мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолданылады.

      Заңды тұлғаның жойылуы – бұл заңды тұлғаны мемлекеттік реестрден шығарғаннан кейін, оның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Жойылу кезінде қайта құру сатысындағыдай құқық мирасқорлығы болмайды. Жойылу ерікті және күштеу жолымен жүргізіледі. Ерікті жойылу меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі. Күштеп жою соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

              Соттың шешімі бойынша заңды тұлға, АК 49 бабының  2 тармағына сәйкес жойылуы мүмкін:

             Банкроттық жағдайында;

             Заңды тұлғаның тіркеуін заңсыз деп таныған жағдайда;

             Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына  қайшы келетін  әрекеттерді жүйелі түрде жасауы;

             Рұқсат алынбаған қызмет түрімен айналысқан жағдайда;

             Заңи актілерде көрсетілген жағдайларда, т.б.

       Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес заңды тұлғаларды түрлерге бөлу келесі негіздер бойынша жүргізіледі:

             Заңды тұлғаға немесе олардың меншігіне қатысты құрылтайшының (қатысушылардың) құқықтары;

             Заңды тұлғаның қызмет істеу мақсаттары;

             Заңды тұлғаның мүлігі қалыптасатын, меншік формасы.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты, құрылтайшылар міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтап қалуына болады.

       ҚР АК 36 бабына сәйкес қатысушылар өздерінің міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады. Ал, құрылтайшылары өздерінің меншік және өзге де заттық құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар,  және жедел басқару құқығында мүлкі бар казыналық кәсіпорындар, оның ішінде қосымша жауапкершілігі бар кәсіпорындар, құрылтайшымен қаржыландырылатын ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдар.

       Құрылтайшылары мен қатысушылары ешқандай мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға: қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер, қайырымдылық және тағы басқа қорлар жатады.

       Қызмет саласына байланысты заңды тұлғалар АК 34 бабына сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Зааңды тұлғаның негізгі көздеген мақсаты табыс табу болса, онда ол коммерциялық ұйым болады. Ал, егер ұйым ондай мақсатты көздемей, табысты қатысушылар арасында өзара бөліспейтін жағдайда ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.

              Шаруашылық серіктестік.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.

       Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады (АК 58 б. 1т. ).

1998 жылдың 10 шілде айына дейін Қазақстан Республикасының заңы шаруашылық серіктестіктердің бес түрін атап көрсеткен болатын: толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Бірер мемлекеттерде акционерлік қоғам  шаруашылық серіктестіктер қатарына жатқызылмайды(мыс. Ресей Федерациясында, АҚШ, Англия). Тағы да Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады.

       ҚР «Акционерлік қоғамдар сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңи актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктер қатарынан шығарып, оларға өзбетінше коммерциялық ұйым қызметін анықтады.

       Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның жеке балансында көрініс табады. Баланста көрсетілген заттар, меншік құқығы негізінде шаруашылық серіктестікке тиесілі болады.

        Шаруашылық серіктестік азаматтық құқықтың жекеше субъектілерімен құрылады. Бір жағдайда заңгерлер оларды құрылтайшы,-дейді, ал тағы біреуінде қатысушылар,-дейді.

        Құрылтайшы мен қатысушы түсініктері жақын, бірақ бірегей емес. Қатысушы үлеске құқығы бар тұлға. Барлық құрылтайшылар тіркеуден кейін, заңды тұлғаның  қатысушылары болады. Бірақ, қатысушылардың барлығы құрылтайшы бола алмайды, себебі тіркеуден кейін серіктестіктің үлесін сатып алу оларға құрылтайшы болуға құқық бермейді. Заң шығарушы «құрылтайшы» терминін қолданғанда, қатысушыны шаруашылық серіктестікті құрғандығы туралы анық айтқысы келеді.

        Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғысы болып табылады. Егер, серіктестікті  бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды және бұндай серіктестік жарғы негізінде қызмет жасайды. Серіктестіктің құрылтай құжаттары нотариуспен бекітілуі қажет. (АК 58-бабы 4-5 тт.).

Серіктестіктердің қайта құрылуы мен жойылуы.

        Шаруашылық серіктестік өз еркімен, қатысушылардың шешімі негізінде қайта құрылуы немесе жойылуы мүмкін. Басқаша қайта құрулар мен жойылу шаралары Азаматтық Кодекспен, шаруашылық серіктестіктердің жарғысымен, ЖШС туралы заңмен және өзге де заң актілерімен белгіленген. Бұндай негіздерге мысалы, ұйымға қатысушы мүшелер санының жоғары болуы(АК 77-бабы 1т. 2т.), кредиторларды жарғылық  капиталдың төмендеуі жөнінде хабардар етпеу, т.б.(АК 59-бабы 4т.).

        Шаруашылық серіктестіктердің бір түрі, басқа бір түрлі серіктестікке қайта құрылу мүмкіншілігі бар, немесе акционерлік қоғам, заңмен белгіленген ретте қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша өндірістік кооператив құруға да болады. Толық не коммандиттік серіктестіктің акционерлік қоғамға ауысқан жағдайда жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғамның қатысушысы  болған әр толық серіктес, жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік  екі жыл қатарынан міндеттемелері бойынша, өзінің барлық мүлігімен субсидиарлық жауапкершілікте болады (АК 62-бабы).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

      Бұл шаруашылық серіктестіктердің ең кең тараған түрі болып келеді. Оның қызметі Азаматтық кодекс пен ЖШС туралы заңмен реттеледі.

    Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн (АК 77 б. 1т. 1т.).

      Осыған жақын ереже « Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады» (77 бап 1т. 2т).

Акционерлік  қоғам.

      Қазақстан Республикасының Акционерлік заңнамасы 1998 жылдың 10 шілде айында акционерлік қоғамдар туралы заң қабылдануымен байланысты,  1998 жылы күшті өзгеріске ұшырады.  Осы заңның қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске де тиесілі өзгерістер енгізілді.

       Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлік қоғам – коммерциялық ұйымдардың ең дамыған түрі.

      Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.       
      Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. 

Соған сәйкес, заңды тұлғалардың банкроттық мәселесіне келетін болсақ, өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында шығарған қаулысында былай делінген: Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 1  сноска

      Қазіргі таңда заңды тұлға болып табылатын банктердің қиын жағдайына ықпал ететін бірнеше жолы бар. Шетелдік зерттеушілер бұндай ықпал етудің үш негізгі стратегиясын атап көрсетеді: байқау (уақыт беру), жою (ликвидация) және балансын қайта құрылымдау (санация).

     Байқау стратегиясы, банктердің қиыншылықтары уақытша сипатта банктеріне қатысты қолданылған, 80-жж. дамушы мемлекеттердің қарыз көлемі ұлғайғаннан кейін және бірер жағдайларда қадағалау органдары банктерге біраз жеңілдіктер жасаумен аяқталды.

      Жою процедурасы жиі қолданылмайды, себебі бұл заңды тұлғаның бөлшектеп сатылуына әкеп соғады, ал ол өз кезегінде тікелей клиенттермен қарым қатынастарының жойылуына әкеледі, сондықтан ол көптеген шығындарды көздейді. Жапония мен Скандинавиялық мемлекеттерде бұл процедура банктік емес қаржы компанияларына қатысты қолданылады, АҚШ та жинақтаушы банктерге қатысты қолданылады.

      Баланстың қайта құрылымдануы (санация) капиталдың тікелей және жанама түрде ұлғаюын көздейді. Германия мен Швейцарияда келесідей тәжірибе орнаған, қадағалау органы бақылауды қатаңдата түсу мен моральдық ықпал ету арқылы акционерлер мен жеке меншік иелерін қосымша капитал бөлуін қарастырады. Сол процедуралардың нәтижесінде заңды тұлғаның төлем қабілеттігін қалпында ұстап тұру мүмкіншілігі туындайды.

      Борышкер өзін банкрот деп тануға қарсы жауабын және өзінің дәрменділігін дәлелдеу міндеттерін сотқа уақытылы жолдаған жағдайда, соттар борышкерге өз құқықтарын қорғау үшін мүмкіндік беру мақсатында істің қаралуын, «Банкроттық туралы» заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім шеңберінде, бірақ осы заңның 34-бабында көрсетілгендей арыз сотқа түскен күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей, тағайындауы тиіс.

       Іс қозғалғаннан кейін 30 күн мерзімнен кешіктірмей, борышкердің дәрменсіздігін тану туралы жауабы немесе борышкердің банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде өзін банкрот деп тану туралы өтініші банкрот деп тануға негіз болады.

       Сот оңалту рәсімдерін, егер борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіру үшін нақты мүмкіндіктер болған жағдайда, тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолдана алады. Оңалту рәсімдерін қолдану тәртібі заңда белгіленген. Борышкер оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішін, заңда көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, өкілетті орынға жолдайды. Өкілетті орган несие берушілер комитетін құрып, онымен бірге борышкердің өтінішін қарайды. Несие берушілер комитеті мен өкілетті органның оңалту рәсімдерін қолдануға  келісімі  сотқа  жіберіледі.

      Борышкерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану туралы мәселені шешкен кезде, соттар «Банкроттық туралы» заң мен ҚР АІЖК нің кейбір нормалары бір бірімен үйлеспейтіндігін ескеруі керек. Аталған заңның бірінші бабына сәйкес оңалту рәсімдері тек дәрменсіз борышкерлерге ғана қолданылуы мүмкін, сондықтан борышкер өкілетті органмен бірге сотқа, заңда көрсетілген қажетті құжаттардың барлығын қоса тіркеп, өзінің төлем қабілетсіздігі (дәрменсіздігі) туралы өтінішті жалпы тәртіп бойынша жолдауы және өзіне оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішті өкілетті органға бергені туралы сотты хабардар етуі тиіс.

      Жоқ  заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. «Банкроттық туралы» Заңның 1-бабының  18)тармақшасына сәйкес, жоқ борышкер – тұрақты органның, сондай ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер. Заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған заңды тұлға АК-тің 49-бабы  2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін.

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы