Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:21, дипломная работа
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Кіріспе …………………………………………………………………………3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары.....................................................................................................15-29
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары………….........................................................................29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68
Қорытынды ....................................................................................................69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75
тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) жеке тұтынушыларға тасу мақсатымен жасалатын тапсырмаларды беруге, тауарларды республиканың бір аймағынан екінші аймағына тасымалдауды шектеуге тыйым салынды.
- шетел валютасын оның соммасына қарамастан шеарадан өткізу,
шығару және беріп жіберу жеке кәсіпкерлермен жүзеге асырылатыны
анықталды.
Ұлттық заңшығармашылық қызметтің дамуы туралы қысқаша түсінік бере отырып, 1994 жылдың аяғына таман Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің құрылымы күрделі әрі қиын регламенттенген болатын. Осы сұрақтарды жеңілдету мен кодификациялау қажеттілігі туындады. Бұл мәселені шешу үшін 1994 жылы 24 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданды, және де басқа нормативтік құжаттар тізімі қарастырылды.
Қоғамның бір бөлігінің ептілігі мен бастамашылығына байланысты мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кепілдері өз жемісін бере бастады, оған дәлел шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екпінді өсімі және олардың осы жылдар бойы мемлекет экономикасына қосқан үлесінен байқалады.
1996 жылдың 14 маусым айында және 1997 жылдың 29 қаңтардағы толықтырулар енгізілген «Кәсіпкерлік қызметтің дербестігі жөніндегі мемлекеттік кепілдемеге байланысты қосымша шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлықтары кәсіпкерліктің қарқынды дамуына елеулі әсерін тигізді.1 Сонымен қатар, 1997 жылғы 6 наурыз айындағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жеделдету мен мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» және 1998 жылдың 27 сәуір айындағы «Кәсіпкерлік қызмет дербестігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау туралы» жарлықтары ықпал етті.
____________________
1 Шиманский М. КазПравда, 01.10.2006, с.12
2003 жылдың 4 тоқсанында ҚР Статистика жөніндегі агенттігімен құрамында 50 адам шамасында жұмыс істейтін 62 мың шағын кәсіпкерліктердің қызметіне сараптама жүргізді, оның ішінде ҚР қызмет істейтіндер көлемінің 64% құрады. Олардың көпшілігі (40,2%) сауда-саттықпен, автокөлік жөндеу және тұрмыстық заттармен айналысатыны анықталды. Сауда-саттық қызметі олар үшін ең жеңіл әрі жетімді болып келеді, себебі көп қаражатты талап етпейді және тауар айналымын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп саласында тек 12,5% айналысады, ал ауылшаруашылық қызметінде – небары 6%. Сонымен қатар, жалпы еліміздегі шағын кәсіпкерлік құрылымдарының саны ұлғайды, ол тіркеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты. Соның нәтижесінде, тұрғындардың еңбекпен қамтылуы өсті. Сонымен, 2003 жылдың басында шағын кәсіпкерлік саласында жарты миллионнан астам қызметкерлер жұмыс атқарды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 26 мың адамға көп болып келеді.
Жалпы алғанда, 2003 жылдың соңына қарай Қазақстанда шағын кәсіпкерліктер құрылымы келесідей болды:
- шағын кәсіпкерліктердің 5,9% ауылшаруашылық және орман
шаруашылығы саласында қызмет істейді,
- өндіріс саласында 12,5%;
- құрылыс саласында 11,4%;
- сауда-саттық және қызмет көрсету саласында 40,2%;
- көлік және байланыс саласында 5,4%;
- жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыру саласында 17,9 %;
- коммуналдық, жеке және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 3,3%;
- басқа да салаларда (балық аулау, балық өндірісі, қонақ үйлер мен
мейрамханалар, қаржылық қызмет) 3,5%.
Мемлекеттің шағын бизнеске соншалықты көңіл бөлуі, оның қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік саласында жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылысымен түсіндіруге болады.
Оның экономикалық нәтижесі мынаған түйінделеді, шағын кәсіпкерлік бәсекелестік ортаны құрайды, нарықты отандық тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің толуына ықпал етеді, орта және ірі бизнес үшін нағыз «қоректі орта» болып табылады.
Саяси нәтижесі, бұл шағын бизнес қоғамның тұрақты негізі, және орта таптың пайда болуы, неізгі қайнар көзі болып табылады.
Әлеуметтік нәтижесі, шағын кәсіпкерлік тұрғындардың еңбекпен қамтылу мәселесін шешуге ықпал етеді.
Жалпы қоғамды, саясаттағы демократия мен экономикадағы либерализмге жетелейтін ауқымды кәсіпкерлік туралы айтуымызға болады. Қазіргі таңда, елімізде орта тапты және оның консолидациясын құру мақсатында шешуші ұмтылыстар жасалған. Глобальды институционалды реформалар жүргізілді, қажетті заңшығармашылық база құрылды, жанжақты саяси, ғылыми және моральды қолдау көрсетілуде.
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан экономикасына икемділік беруде, оның дамуының шешуші факторы болып табылады, дегенмен шағын бизнестің дамуының қыр-сырын саралау, бұл процесс бірегей емес және мемлекет жағынан үнемі қолдауды талап ететінін куәландырады.
ҚР Конституциясының 26 бабы әрбір азаматқа кәсіпкерлік қызметті ерікті жүргізу құқығына, өз меншігін кезкелген заңды кәсіпкерлік қызметке ерікті қолдануына кепілдік береді.
ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабы кәсіпкерлік түсінігін азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашылық қызметі ретінде анықтайды, оның меншігінің қатыссыз, жеке меншікке немесе мемлкеттік кәсіпкерлік жүргізуге шаруашылық құқығы негізінде тауарға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс табуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет біреудің атынан жүргізіледі және тәуекел үшін кәсіпкердің меншіктік жауапкершілігімен болады.
Жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызметтің анықтамаларының ішінен келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
А) ол өнеркәсіп және нарықта тауарларды, қызмет көрсетуді ерікті сату жолымен болған табыс табуға бағытталған.
Б) ол өз бастамашылығымен атқарылуы керек, яғни кәсіпкердің өз еркімен белгілі көзқарастарына байланысты жүргізілуі керек. Осыдан шығатын түйін: белгілі бір бұйрық арқылы жасалатын немесе тікелей талап ету ақылы жүргізілетін қызметті кәсіпкерлік ретінде санауға болмайды.
В) бұл қызмет кәсіпкердің толық меншіктік дербестігі негізінде жүргізіледі.
Г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан жүргізілуі керек.
Дегенмен, аталған белгілердің бәрі барлық кәсіпкерлерге тән деп айтуымызға болмайды. Бұл, кәсіпкерлік қандай меншік түрі негізінде дамуына байланысты. Неғұрлым толық қарастырылған белгілер жеке кәсіпкерлікке тән, яғни жеке меншік негізінде құрылған кәсіпкерлік, кәсіпкер ретінде жеке азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға екеніне байланысты емес. Солай дегеннің өзінде толық аталған белгілер мемлекеттің меншігіндегі кәсіпкерліктерде де көрініс табады. Мемлекеттің өз өкілетті мекемелерінің атынан мемлекеттік кәсіпкерліктердің бастамашылығын шектеуге және кәсіпкерлік қызметтің ортасын шектеуге құқылы.
Шағын кәсіпкерлік келесідей әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін таба алады. Өмір сүру сапасы мен тиімділігінің жоғарылауының бір факторы болу. Инновациялық негізде өнеркәсіпті құра отырып, тұрғындардың сұранысына нарық конъенктурасының өзгеруіне икемдірек бола отырып, еш басқарушылық аппартсыз прогрессивті икемді құрылым арқасында өнімшығармашылықтың керітартпалықтарын төмендету, кәсіпкерлік кейпіндегі шағын кәсіпорындар жоғары сапалы инновациялық өнімдерді және еңбекшығыны мен материалшығыны төмен қызмет көрсетуді шығаруға мүмкіншілік бар.
Шағын кәсіпорындар шынайы иегерлерімен, кәсіпкерлердің, менеджерлердің құрылуы процесін жеделдетеді. Кейбір ерекше қабілеттерден басқа, өнеркәсіп агенттері белгілі тәжірибе жинауы тиіс. Мұндай тәжірибе жинау ірі кәсіпорындар, ірі корпорацияларда жинау кезкелген уақытта бола бермейді, әрі тәуекелді талап етеді. Осындай тәжірибені шағын жұмыстан, шағын құрылымдарда жинай бастаса, уақыт өте келе тәжірибе жинақталғаннан кейін жұмысты біле отырып, ірі кәсіпкерлікке жеңіліс табамын деген қауіптің аз ғана пайызымен ірі кәсіпкерлікке ауысуына болады.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ауыспалы құрылымында маңызды роль атқарады. Мемлекеттің ғылыми реттеуі нәтижесінде өнеркәсіп саласындағы тәжірибені пайдалана отырып, басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық шағын және орта кәсіпкерліктер түрін құруға болады (яғни, серіктестіктер, кооперативтер, т.б.). Халықтық шаруашылық саласында, басқа да салаларда және стратегиялық маңызды аймақтарда болашақ экономика келбетін анықтайтын шағын кәсіпкерліктер өсімін жеделдетуге болады. Оларды инновациялық өнеркәсіптерді құру саласына бұруға болады.
Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерліктерінің даму бағытын қарастыру қызықты әрі пайдалы. Біз білеміз, шағын кәсіпкерлік секторына әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттің қаржылық мүмкіншіліктері әсер етеді. 1998-1999 жылдар аралығында болған кризис конъюнктураның нашарлауына, банктік жүйенің әлсізденуіне, тұрғындардың төлеу қабілетінің төмендеуіне және бюджеттік табыстардың қиындай түсуіне себепші болды. Осының барлығы шағын кәсіпкерлік секторының мәселелерін одан әрі қиындата түсті және де шағын кәсіпкерліктерді «көлеңкелі» экономикаға кетуіне әкеп соқты.
Осы сатыда Ресей Федерациясының Үкіметі шағын кәсіпкерліктерді мемлекеттік қолдау жөнінде бір қатар бағдарламаларды қабылдады.1 Осылайша, Федеральды бағдарламада қажетті шаралардың реті көзделген. Олардың ішінде:
- көптеген әкімшілік бөгеттерді жеңе білу;
____________________
1 Бюллетень №8, с. 15.
- салықтық қысымды төмендету және салық салу жүйесін барынша жеңілдету;
- шағын кәсіпкерліктердің дамуының басымшылығын қамтамасыз ететін немесе шағын кәсіпкерлік секторының дамуына экономикалық жағдай жасайтын заңшығармашылық және нормативтік құжаттарды жасау;
- шағын кәсіпкерліктерді өзара қаржыландыру және несиелеудің негізі ретінде несиелік одақтар мен кооперативтердің құрылуына қажетті құқықтық жағдай жасау және т.б.
Федеральды, аймақтық және муниципалды сатыларда шағын бизнесті қолдау, арнайы инфрақұрылымды объектілер жүйесінің дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыты және шағын кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік және муниципалды бағдарламаларға негізгі мәселе ретінде қосылуы керек деп, «Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерліктерді мемлекеттік қолдау туралы» Федеральды заң бекітті.
Шағын кәсіпкерлік саласындағы мәселелер көбінесе аймақтарда шешілуі керек. Шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі тұрғылықты тұтынушыларға деген ниетпен бағытталған локальды нарықта қызмет істейді және өзінің шығармашылық шикізаттарын қызмет істеу аймағының жақын маңында іздестіреді.
Ресей Федерациясының көпшілік субъектілерінде қазірдің өзінде федеральды және жергілікті сатылардағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мезетінде құралатын элементтері бар шағын бизнесті қолдаудың тиімді жүйесі қалыптасуда.
Тәжірибе көрсеткендей, осы заманғы экономикалық жағдайғағы ірі кәсіпкерліктер стратегиялық дамуын анықтау кезінде және шығармашылық бағдарламаларды құруда шағын бизнестің қажеттіліктеріне көңіл бөлмей қоя алмайды.
Дағдарысты өткеру, рубль бағамының тұрақтылығы, банктік жүйенің қалпына келуі, шағын кәсіпкерлікті кешенді және жүйелі қолдау Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерліктер санының ұлғаюы мен дамуына алып келеді.
Кәсіпкерлік белгілі бір ұйымдастырушылық-құқықтық формаларда жүргізіледі. Қандай форманы таңдауы көптеген факторларға тәуелді болып келеді: қызмет ету ортасы, билік етуші субъектілердің қаржылық мүмкіншіліктеріне, басқа да формалардың салыстырмалы басымдылығына байланысты. Әр елде кәсіпкерлікті ұйымдастыруға байланысты өз заңнамалары жүреді. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сай кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары бар.
Оларға: толық және коммандитті серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қоғамдар), акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар. Әр елдерде кәсіпкерлік субъектілерін кірістіретін осы негізгі формаларының өзінің модификациясы бар. Әрі қарай Қазақстанда ҚР Азаматтық кодексімен және басқа да заңдармен реттелетін кәсіпкерлік ұйымдарға қысқаша мінездеме берсек.
Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы – түсінігі, жақын арада заңшығармашылыққа және тәжірибеде, ұйымдардың мінездемесіне кеңінен қолданылатын – экономикалық қызмет субъектілерінің өз бетінше болуы, оның ішінде кәсіпкерлік. Онда заңды тұлғаларға, әртүрлі кәсіпкерлік ұйымдарға ортақ болып келетін ұйымдастырушылық және құқықтық белгілер айқындалады. Бұл белгілерді екі топқа бөлуімізге болады. Біріншісі кезкелген заңды тұлғаның құқықпен, заңшығармашылықпен ұйымдастырушылық байланысын көрсетеді.
Біріншіден, заңды тұлға тек заңмен белгіленген тәртіппен құрыла алады. Бұл тәртіпті бұзған заңды тұлға өзінің құқықтарынан айырылады.
Екіншіден, кезкелген заңды тұлға тек заңмен бекітілген ұйымдастырушылық-құқықтық формаларда ғана құрыла алады. Осы берілген ұйымдастырушылық- құқықтық формалардың түрлері ҚР Азаматтық кодексінің бірінші бөлімінде келтірілген.
Үшіншіден, заңды тұлға тек үш жағдайда ғана қызмет істеуге құқылы, бұл заңды тұлғаның қай ұйымдастырушылық-құқықтық форманың түріне жататындығын көрсетеді. Төртіншіден, барлық заңды тұлғалар олар қай ұйымдастырушылық-құқықтық формаға жататындығына қарамастан өз қызметінде заңдылық қағидасын ұстануы қажет.
Ұйымдастырушылық-құқықтық форманың екінші топтағы белгілері экономикалық, кәсіпкерлік қарым-қатынас қатысушысы ретінде заңды тұғаның мінездемесінің негізгін көрсетеді.
Біріншіден, белгілі бір ұйымдастырушылық-құқықтық форманың түрі заңды тұлғалар соның арқасында құрылып, сол негізде қызмет істеп жатқан меншіктің қайдан пайда болғандығы жөніндегі сұрақтарға нақты жауап береді.
Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы