Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа
Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тағы да бір маңызды өзгерістерге мемлекеттер жаңа сот жүйесінің Сот юрисдикциясын ескіру мерзімдерсіз қабылдау керектігі болып табылады. Жаңа соттың жаңа судьялар құрамы. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер санына сәйкес келеді. Сот мүшелері Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясымен әр мемлекетпен 6 жыл мерзімге ұсынған 3 кандидаттардан таңдайды. 70 жақа толғаннан кейін судья орнынан кетуі керек. Жаңа сот жеке петицияларды және мемлекеттер атынан түскен петицияларды қарастырады. Отырыстарды 7 судьядан тұратын палата өткізеді, бірақ 3 судьядан тұратын комитет істің қабылдануға жатпайтынды жөнінде бірауыздан шешім шығара алады.
Егер петиция қабылданса, оның қабылдануы жөнінде шешім шағымдануға жатпайды. Істің қабылдануы жөнінде сұрақты комитет бірауыздан шеше алмаса, онда істің қарауға жататындығы жөнінде мәселені істі мәні бойынша қарайтын Палата шешеді.
Басқа жағынан, құрылған палата кейбір жағдайларда істі 17 судьядан тұратын үлкен палатаға қарауға жібере алады. Улкен палата мәселе бұрын Сотпен шығарылған шешімге қарсы тұрса, Конвенцияның немесе оның Хаттамаларының талқылауы жөніндегі маңызды істер болса қарайды. Тараптардың оған қарсылықтары жоқ болғанда ғана, істі Улкен палатаға тапсыру жөнінде шешім дауды мәнісі бойынша қараудың кез-келген сатысында жіберіледі. Соттың прецедентті тәжірибесінде мирасқолрықты қамтамасыз ету үшін, Улкен палата отырыстарында мүдделі мемлекет атынан шығатын судья, палаталар Төрағалары, Сот Төрағасы қатыса алады. Сонымен қатар, олар маңыздылығы жоғары басқа істердің қайта қарау процессіне да қатыса алады. Іс Улкен палатаның қарауына жататындығы жөнінде 5 судьядан тұратын алқа мүшелері шешеді. Палатамен шығарылған қаулы, екі тараптың біреуі қаулы жарияланған күннен бастап 3 ай мерзімде Үлкен палатаға қарауға тапсыру туралы өтініш жазбаса, қорытынды сипатта болады. Шешім шығарылуына қатысты мемлекет қорытынды қаулыны орындауға міндетті, бұл процесстің орындалуын Министрлер комитеті жүзеге асырады. Ресей Федерациясының атынан шығатын Еуропалық Сотқа өкіл –судья Еуропа Кеңесінің 1999 жылда Парламенттік Ассамблеясының сессиясында сайланған .
Еуропалық соттағы жауапкер-мемлекет.
Адам құқықтарын және бостандықтарын
қорғау жөніндегі Еуропалық
Конвенцияда көзделетін адам құқықтары мен бостандықтардың бұзылуы көбінесе белгілі-бір мемлекеттің билік органның (министрліктер, ведомствалар,басқармалар, сот инстанциялар, прокуратуралар, тергеу және алдын-алау органдары, салық инспекциялары, тұрғын комитеттері, әлеуметтік қызметтер, мемлекеттік ауруханалар мен поликлиникалар, паспорт үстерлдері және т.б.) әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде болса да, Еуропалық сотқа түскен шағыма бойыеша жауапкер ретінде тек Конвенцияның және оның Хаттамаларының мүшесі бола алады.
Мысалы, Бурдов Ресейге қарсы ісінде Еуропалық сотқа шағымдану негізі Чернобыль АЭС-ның қызметкеріне апат себептерін қалпына келтіру жұмыстарын өткізгені үшін беруге жатқан өтемақыны Шахта қаласының Әлеуметтік қорғау басқармасының бермеуі, және атқарушылық іс-жүргізудің басталуына қарамастан сот шешіміне сәйкес ақшалай парызды өтемеу болды. Шағымданушы Еуропалық сотқа өзінің жеке-меншігін сақтау және әділ сот қарауына құқығының бұзылуы негізінде жүгінді.
Белгілі-бір шағым негізінде жауапкер ретінде шығатын мемлекет Еуропалық сотпен іс атауында көрсетіледі, мысалы, Ресейге қарсы Тумилович ісі, Біріккен Корольдікке қарсы Серинг ісі, Румынияға қарсы Брумарески ісі, мұнай өндіруші грек өндірістері «Стрэн» және Стратис Андриадис Грецияға қарсы және т.б.
Шағым бір және бірнеше Конвенцияға қатысушы мемлекеттерге қарсы жазыла алады.
Шашку,Лешко,Иванцок және Петров-Пала өздерінің шағымдарында олардың құқықтары Молдова мемлекетінің шекарасында бұзылды деп мәлімдеді,бірақ жауапкер -мемлекет ретінде тек қана Молдова емес,сонымен қатар Ресей Федерациясы да қатысуы керек, себебі, Приднестровья Үкіметі ресей билігімен қадағаланады.
Конвенцияға және оның Хаттамалаларына қатысушы емес болып табылатын мемлекет жауапкер-мемлекет ретінде шыға алмайды, сонымен қатар белгілі-бір ұйымдар, әмбебап немесе аумақтық халықаралық ұйым, мысалы БҰҰ, Еуропалық одақ, Еуропа Кеңесі және т.б. бола алмайды, олардың мүшелерінің барлығы Конвенция мүшесі болса да.
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
А. Негізгі фактілері. 1988 жылдың 29 қыркүйегінде арызданушының неке киған құрбысы дүниеге нәресте қыз «S» әкелді, бірақ олар осыған дейін ажырасқан. Бала туғаннан кейін арызданушыға не қызымен, не ажырасқан әйелімен кездесуге тыйым салынады. 1988 жылдың 17 қарашасындашешесі S-ті біреулерге асырап алуға береді, бұл туралы арызданушыға хабарламайды.
1964 жылғы нәрестелерді
қамқорға алу туралы Заңның 6А
бөліміне сәйкес арызданушы
Жоғарғы Сот істі қайта қарап, 1990 жылғы 9 ақпанда арызданушының қамқорлық туралы талабын қанағаттандырмады, себебі белгілі уақыт өткен жағдайда нәресте асырап алушылар деп саналушыларға бауыр басады, сондықтан кез келген өзгерістер оған зақым келтіруі мүмкін.
В. Істі адамдар құққығы жөніндегі комиссияда қарау
Өзінің 1991 жылғы 1 мамырдағы Комиссияға жіберген шағымында Киган мырза нәрестесінің оның рұқсатынсыз және келісімісіз асырап алынғаны оның отбасылық өмірін құрметтеу құқығын бұзу (8- бап), және ұлттық заңнама оған қамқоршы болып тағайындалуына құқықсыз еткенін сендіреді.
Сонымен қатар, асырап алуды қарайтын Кеңесте оның мәселесі қаралу рәсімінде өзі қатыса алмағаны, 6-баптың 1-тармағын бұзу деп шағымданды.
Оған қоса, ол жоғары аталған құққққықтар жүзеге асырылу барысында баласы некеде туған әкенің жағдайымен салыстырғанда баласы некеден тыс жағдайда туған әке ретінде кемсітушілікке тап болғанына шағымданды. (14 бап 6 және 8 баптармен қоса).
Шағымды Комиссия 1992 жылғы 13 ақпанда жарамды деп мойындады. 1993 жылғы 17 ақпандағы баяндамасында Комиссия 8 баптың және 6 баптың 1 тармағын (бірауыздан) бұзу орын алғаны, сонымен қатар 14 баптың осы екі баппен қоса (Он бір бір дауысқа қарсы) бұзылуы туралы мәселені қарау қажеттілігі жоқ екені туралы пікірлерін айтты.
Сот шешімінен шығару
Құқық сұрақтары
І. Үкіметтің алдын ала қарсылықтары
А. Арызданушы өзінің қызының атынан талап ете алама?
33. Үкіметтің мәліметі бойынша арызданушының қызының атынан талап етуге locus standi жоқ, себебі Конвенцияға сәйкес тек әке-шешелік құқықтары бар адамның немесе қамқоршының ғана баланың атынан талап етуге құқығы бар.
34. Соттағы тыңдау процесінде
арызданушы қызының асырап
35. Тап осы жағдай
тұрғыдан Сот тек
В. Заң қорғанышының ішкі құралдары біткені туралы
36. заң қорғанышының ішкі құралдары бітпегендігі Конвенцияның 26 бабына қайшы келеді, сондықтан Үкімет шағым қайтарылуға тиісті деп бекітті, себебі:
(1) арызданушы Биік
Соттың (Высокий Суд) қамкоршы
туралы қорытынды шешімі
(2) ол асырап алу процесіне қатысуға заң тыйым салғаны, ал бала асырап алу Кеңесі оның пікірін қыз етіп асырап алу процесі басталмай тұрып назарға алмағаны туралы ирландық соттарға талап көрсетпеді;
(3) ол некеден тыс
әкенің және некеде туылған
бала әкесінің жағдайларын,
37. Арызданушы да, Комиссия да бұл пікірлер істің мәніне қатынасы жоқ екенін көрсетті.
38. Үкімет Комиссияның тексерісінде жоғарыда аталған, 1-тармақтағы емес, 2 және 3-тармақтардағы қарсылықтарды ғана шығарғанын Сот белгіледі. Соған сәйкес ол өзін бұл қарсылықты Сотта шығару құқығын жоғалтты.
Сонымен қатар, Биік Соттың апелляциялық саты ретінде шығарылған шешіміне шағымдану ирландық құқықта қарастырылмаған.
39. 2-ші және 3-ші тармақтар жөнінде Сот тек нәтижелі және шамаланған шешімді түзетуге қабілетті заң құралдарын ғана бітіру қажет екенін ескереді. Сот некеден тыс әкенің асырап алу процедурасына қатысу конституциялық құқығын қолдамайтын Жоғарғы Соттың тәжірибесін назарға ала отырып сол соттарға шағымданған жағдайда арызданушының табысты болуына еш үміті жоқ деп есептейді.
40. Демек, ішкі заң
құралдарын бітіруге
ІІ. 8-бапты шамаланған бұзу туралы
41. Арызданушы оның отбасылық өмірін құрметтеу құқығы бұзығаны Конвенцияның 8 бабына қайшылық келтірді деп мәлімдейді, ол бойынша:
«1. Әрбір адам оның жеке және отбасылық өмірін құрметтеу, оның тұрғын үйіне қолсұқпаушылық, корреспонденциясына құпияшылық құқығына ие.
2. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамдық тыныштығы, экономикалық әл-ауқаттылығы пайдасында, тәртіпсіздік пен қылмыстықтың алдын алу мақсатында, денсаулық пен адамгершіліктікті қорғау, басқа тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау үшін демократиялық қоғамда қажетті заңмен қарастырылған ерекше араласудан, мемлекеттік органдар тарапынан араласып осы құқықты бұзуға тыйым салынады.
А. 8 баптың қолданушылығы 42. Үкімет арызданушының баланың шешесімен қарым-қатынастары бала тумай тұрып үзілгені, сондай-ақ тұрақты, міндетті түрде болмағандығы 8 баптың отбасылық өмір жөніндегі мәніне сәйкес келмейтінін мәлімдейді. Бала бір минутта отбасылық жағдайда өмір сүрген емес. Отбасылық өмірді құруға шынайы ұмтылыс та, қандас бұғаулар да жеткіліксіз.
43. Арызданушымен Комиссияның пікірлері бойынша отбасылық өмірді құру үшін оның бала екеуінің араларындағы қарым-қатынас жеткілікті болған. Қызы махаббаттық көніл мезгілінде туғаны өзара ойластырылған шешімнің нәтижесі деп санайды.
44. Сот берілген бапта «отбасы» түсінігі тек қана некемен негізделген қарым-қатынаспен шектелмейді деп және некеден тыс тұруына байланысты басқа да «отбасылық» дәнекер (de facto) қоса алады деп ескертеді. Мұндай қатынастар нәтижесінде туған бала сол туған сәттен бастап және де дәл сол туылу фактісіне осы «отбасылық» ұяшықтың бөлігі (irdo jure) болып санады. Сол себептен бала мен оның ата-аналары арасында баланың туған кезінде ата-аналары бірге тұрмаса немесе олардың байланыстары үзілсе де отбасылық өмірге тең мәндегі байланысы бар.
Берілген жағдайда шағымданушы мен баланың анасының байланысы екі жылға созылды, және 1 жыл аралығында олар бірге тұрды. Оған қоса, баланы табу алдын ала ойластырылған шешімнің нәтижесінде болды, сонымен қатар олар үйленуді жоспарлаған болатын. Ол уақытта олардың байланысы 8 баптың «отбасылық өмір» түсінігіне келетін. Нәтижесінде олардың байланысының нашарлау фактісі егер олар некеге заңды түрде тірркеліп мұндай ұқсас жағдайға тап болған ерлі-зайыптылар болса да, одан артық берілген нәтижені өзгерте алмайды. Осыдан келе, шағымданушы мен онның қызының арасында баланың туылған сәтінен бастап отбасылық өмірді құрушы байланыс бар деген нәтижеге келеміз.
3.2 Касадо
Кока Испанияға қарсы ісі
А. Негізгі фактілер
1979 жылы шағымданушы Барселонада заң тәжірибесімен айналыса бастады;Ол жергілікті газеттерге өз тәжірибесі жайлы жарнамалап жиі хабарламалар жазатын және қызметтерін ұсына отырып түрлі коммерциялық ұйымдарға хаттар жіберетін. Барселонаның қорғаушылар алқасының кеңесі оны бірнеше айып бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартты. Тергеу 1981 жылы аяқталды және оған бірнеше ескертулер мен ескертпелер шығарылды.
1982 жылдың қазан айынын
бастап Тұрғындар мен