Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

-судьяның жеке себептермен  қатыса алмаған жағдайда. Мысалы: денсаулық немесе отбасы мәселелеріне  байланысты;

-судья өзінің бұрыңғы  қызмет ету жеріне байланысты  қаралатын іске қатысы болғанда;

-судья жеке дәлелдермен  шағымды қараудан бас тарту  қажет деп шешсе.

Егер  жоғары аталған  себептердің  біреуімен Еуропалық  сот судьясы арызды қарауға қатыса алмаса,сәйкес палатаның Төрағасы мемлекет-тарапқа  біп ай мерзім ішінде отырыстарға  қатысатын  ad hoc  судьяны тағайындауды  ұсынады. Соның ішінде, тағайындаған ad hoc  судьяның атын атауға  сұрайды. Егер ұсынылған сұранысқа жауап аталған мерзім ішінде келмесе, мемлекет ad hoc  судьянытағайындаудан  бас тартқан деп саналады. Сонымен қатар, мемлекетке тағайындалған судьяның өзі  қарауға шамасы жоқ болатындай шағымдар саны түссе,  ad hoc   судьяның  қатысуына жол беріледі[44.б.321].

Еуропалық сот судьяларына  қойылған талаптарға  тағайындалған ad hoc  судья ретіндегі  тұлға  да сай болу керек.  Аd hoc   судьяның қызметке  кірісу процедурасы Еуропалық сот судьяларының қызметке кірісу  процедурасына ұқсас.

Арыз түскен мемлекет  ad hoc  судьяны тағайындаған басқа  іске қатысуға әрекеттегі судьялардың  біреуін, судьяның келісімімен, тағайындауға құқылы. Егер бірнеше жауапкер-мемлекет немесе мәлімдеушілердің  мүдделері бірдей болса,олар  бір ad hoc   судьяны  сайлауға қажетті. Сот Төрағасы тараптар  өздері

ad hoc  судьяның кандидатурасын  таңдау бойынша бір келісімге  келе алмаған кезде, ұсынылған  судьялар ішінен  ad hoc  тұлға қызметіне судьяны тағайындайды.

 

 

 

 

    1.   Еуропалық соттағы процесс

 

Адам құқықтарын және бостандықтарын  қорғау жөніндегі  Еуропалық  Конвенция  өз Ережелерін  орындауда  қадағалаудың екі түрін  ескереді:  жеке  арыздарды қарау  және  баяндамаларды қарау.

Жеке арыздарды  қарау  екі сатыдан  тұрады:

-дауды  зерттеудің  кез-келген  сатысында пайда бола  алатын арызды  қарауға жататындығы   не жатпайтындығы  жөнінде   анықтау;

-сұрақты  мәні  бойынша   шешу.

Адам  құқықтары  жөніндегі  Еуропалық сот  және  Адам  құқықтары  жөніндегі  Еуропалық комиссия Еуропалық Конвенциямен құрылған  негізгі  қадағалау  органдары  болып табылады.

Еуропалық сотқа жеке  арыздардың  түсу  жолында  Еуропалық  Конвенцияның  қадағалау  жүйесінде  Адам құқықтары  жөніндегі  Еуропалық комиссия  сүзгі  функцияларын  атқарады. Жеке арыз Еуропалық комиссияға  жеке  тұлғамен  немесе  тапсырыс  бойынша  адвокатпен  тапсырылады. Жеке  арыздың  құрамында  петиционердің  аты, жауаптының  жарғысы,  Үкімет  бұзушылығы, кінә  тағу  обьектісі және мүмкіншілік  бойынша петиционердің  арызы негізделетін Конвенция  жағдайлары  анықталуы  міндетті. Еуропалық  сотта  жеке  арыздарды  қарауға  жатқызудың  талаптарын  білу  маңызды болып табылады, талаптардың  біреуі  де орындалмаған болса арыз  қарауға  жатпайды , сәйкесінше, халықаралық  қорғалуға  да жатпайды.

Жеке  арыз  келесі  талаптардың  орындалуымен  қаралуға  жіберіледі:

- мемлекеттің  үстінен  арыз  түскенде, мемлекеттің  Еуропалық  Конвенцияның  және  сәйкес  Хаттамалардың   қатысушысы болуы талап етіледі;

- ұлттық  деңгейде  соңғы шешімнің  шыққан  күнінен  бастап алты  айдан  кейін   барлық  ұлттық қорғау  құралдары  біткен жағдайда  ғана  кез-келген  іс қаралуға  жатады; 

- анонимды  арыздар  (Еуропа Кеңесі  арыздың  оңашалығын  кепілдендіреді )  және  бұрын Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссиямен  қаралып қайта  түскен, жаңа жағдайлары  жоқ арыздар   қабылданбайды;

егер  Адам  құқықтары  жөніндегі  Еуропалық комиссия жеке арызды  қаралуға  жатпайды  , Конвенцияның  жағдайларына  сәйкес  келмейді, анық айғағы  жоқ деп шешкен  жағдайда(27б.);

Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссия  оның  мәртебесі  мен  тиімділігі  шынында  маңызды  істерден көңілін  алаңдатып, «болмашы»  арыздарды  қарауға  уақыт  жұмсаса  зақымдануы ықтималдығын     әлденеше  рет анықтады. Жеке тұлғалардың Еуропалық сотқа жеке   арыздарымен жүгіну құқығын Конвенцияға мүше-мемлекеттер мемлекеттік егемендіктің және мемлекеттің жеке істеріне  қол сұғылуы ретінде түсінді. Осыған байланысты келесідей компромисстік шешім қабылданды: Конвенцияға мүше-мемлекет өз атына түскен шағымды заңды және құқықтық негізі бар деген жариялым жасағаннан кейін ғана, заңды және жеке тұлғалар Сотқа және Комиссияға жүгіну құқығын алады. Бұндай жарияланым үшін ешқандай мерзім қойылмаған, осыған байланысты оның міндетті түрде түсетініне кепілдік   болған жоқ. Мысалы: Франция өз азаматтарына Комиссия және Сотқа жүгіну құқығын тек Конвенцияны бекіткеннен 30 жылдан кейін  ғана  берді.

 Конвенцияның қадағалаау  жүйесі  өз қызметін жүзеге  асыруды бастамас бұрын, бұл аумақтық халықаралық-құқықтық актінің сегіз мүше-мемлекеттердің өтініші түсу қажет болды.

Мүше –мелекеттердің оларға қарсы  шағым түскен кезде  жеке келісімінің болуы қажеттілігі  нәтижесінде, Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі Комиссия қызметіндегі бірінші шағымдарды тек 1955 жылы ғана қарады,ал Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық сот Комиссиямен қарастырылатын мәселелер бойынша бірінші қорытынды шешімді 1959 жылы шығарды. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот бірінші Қаулыны Ирландияға қарсы Лоулес ісі бойынша 1961 жылдың 7 сәуірінде шығарды.

Конвенцияға Адам құқытары жөнінде Еуропалық Комиссия және Сот жеке арыздарды қарау құқығы енгізілуі адам құқықтарын қорғау жөнінде  қосымша кепілдік ретінде қарастырылды. Сол себептен Конвенцияның қадағалау жүесінің қызметін ұйымдастыру, түскен шағымдарды қарау мемлекетаралық дауларға негізделді. Бірақ, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өз қызметінің алғашқы 30 жыл ішінді бір ғана мемлекетаралық дауды қарастырды- Қаулысы 1978 жылы шыққан Біріккен Корольдікке қарсы Ирландия  ісі бойынша.

Iстердiң басым көпшiлiктерi бойынша жеке тұлғалар болды.  Жеке арыздардың анық басымдылығы  Конвенцияның процедуралық  бақылау  тетiгiнiң қайта ұйымдастырылуын  және  арыздардың  қарастырылуына өзгерiстердiң енгiзуiн бiртiндеп қажеттiлiк анықталды. Бұл тенденциялар бастапқы шағылысуды  адамның құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия Қаулылары және Еуропалық соттың Регламентiнде тапты.

Мысалы, комиссияның алдын  ала сұрағына, 1960 жылғы  Ирландияға қарсы Лоулес арызы бойынша  Еуропалық сот оның баяндамасы бойынша мәлiмдеушiнiң жазбаша ескертулерiмен мiндеттi түрде танысуы қажет пе, сот iстiң қарастыру кезiнде мәлiмдеушiнiң сотта қатысуы ескерiлмейді деген терiс жауап бердi. Ашық тыңдауларда Комиссия және жауапкер- мемлекеттiң өкiлдерi ғана сөз сөйлей алады.

Мәлiмдеушiге және оның өкiлiне қарсы мемлекетпен қатар тыңдауларға  қатысу құқығы берілмегені теңдiк  және тараптардың жарысатындығының қағидасын бұзды.Еуропалық сот  пайда болатын тәжiрибенiң өзгерiстерi үшiн Еуропалық соттың Регламентiне өзгерiстерiнiң енгiзулерiне келтiрген бiртiндеп адымдарды қабылдады. Мысалы, тұлға мәлiмдеушi соттың Регламентiнiң 1983 жыл қабылданған жаңа редакцияларында процесстегi тараптың мәртебесiн алды, бiрақ дербес сапада емес, Еуропаның Кеңесiнiң кез келген мүше-мемлекет қолданатын қорғаушы бола алатын өз өкiлiнiң бетте.Бұл  жағдайдың  көрнекі  мысалы  ретінде петицияны  қарауға  жатпайтындығы болып  табылады. Мысалы: мәлімдеуші  оған  жол  жүру  ережелерін сақтамағаны  үшін  айыппұл  салынғаны адамгершілік  қасиетін  қорлағанын  дәлелдеуге  тырысады  және  Еуропалық Конвенцияның 3б. бұзғаны  ретінде бағалануы керек [45].

- «Ұлттық қорғау құралдарының  біткені  жөнінде айтсақ, шешімдер   белгілі-бір  құқықтық жүйенің  ескерілуімен  шығарылғанда, бұл-талқылаудың  ең  қиын  сұрағы. Әдебиеттерде  Ресейдің  бұл  аясындағы белгілі-бір ұсыныстар пайда бола бастады. Уақытымен, Еуропалық Сотта  Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының сот  жүйелерінің ерекшеліктері ескеріліп  сәйкес  тәжірибе пайда болады  дегенге сенемін  Ал қазір, бұл  мәселенің    тек маңызды жолдардын ғана  белгілеп  кетуімізге  болады, яғни:

Мәлімдеші  барлық  ішкі  қорғалу  құралдарын  пайдаланды ма деген  сұрақты  талқылыған кезде,  мәлімдеуші  ұқсас  мазмұнды  ұлттық  заң  жағдайларына  жүгінген  жағдайда , Адам  құқықтары  жөніндегі Еуропалық комиссия  айтуынша  ол   өз  елінің  сот  органдарында  Адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық Конвенцияға  сілтеме  жасауы  міндетті емес. (Кардо  Францияға  қарсы). Бірақ  мәлімдеуші,  Адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық Конвенция  бұл  жағдайдағы жалғыз  заңдық  негіз болса,  сілтеме  жасауға  міндетті. (Девееер Бельгияға қарсы 1980.)

Конвенция адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық сотқа үндеуі бар  екі топ  бөліп  шығарды: мемлекеттік және  жеке тұлғалар.Еуропалық сотқа  жеке тұлғалармен  жіберілген  шағымдар жеке шағымдар  деп аталады.

Конвенция Еуропалық  сотқа жеке шағыммен айнала алатын субьектілердің үш категориясын анқтады: жеке тұлғалар, жеке тұлғалар топтары және үкіметтік емес ұйымдастырулар.

Жеке тұлғалар. Өз құқықтары  мен еркіндігі қолсұғушы  деп  санаған әркімге Еуропалық сотқа  айналу  қолжетерлік болғандықтан, Конвенция бұндай шағымданушыларғы ешқандай формальдік талаптар қоймаған. Еуропалық сотқа айналуға әркімнің құқығы бар. Соның ішінде:

-кәмелетке толмаған  азаматтар;

-қабілеті жоқ азаматтар;

-басқа үкіметтің азаматтары  немесе азаматтығы жоқ  тұлғалар;

-айыпталған немесе  сотталған азаматтар;

-психикалық ауру бар  азаматтар.

Ракевичтің Ресейге қарсы ісінде  психикалық ауруы бар  азаматтардың құқықтары  жөнінде сұрақтар қарастырылды. Шағымданушы өзінің психикалық ауру бар, ауруханаға жатқызу келісімдеріне  және еріксіз медициналық емдеуіне қарсы шықты.

Конвенцияның 14 бабына сәйкес құқықты және еркіндікті пайдалану ешқандай дискриминациясыз қамтамасыз етілу қажет. Сондықтан Еуропалық сотқа  жүгіну құқығы жыныс, нәсіл, тіл, дін, саяси көзқарас,ұлт және басқа нышандарға тәуелсіз.

Үкіметтік емес ұйымдастырулар. Конвенцияның 34 бабы «үкіметтік емес» ұғымға  жатқызатын ұйымдастыруларды анықтамайды. Бірақ, Еуропалық сот өз қаулыларына  қажетті  дәлдеулерді  кіргізді: үкіметтік емес ұйымдастыруларға, билік өкілеттілікті орындамайтын және мемлекеттік емес  ұйымдастырулар жатады.

Еуропалық сот шағымданушы ұйымдастыруларының құқықтық мәртебесін шағымданушының  мемлекеттік заң тіркелуіне лайықты анықтайды. Сондықтан ресей заңына негізделіп Еуропалық сотқа  жүгіне  алатын  үкіметтік емес ұйымдастырулардың субьектілерін шығарды. Олар:

-коммерциялық ұйымдастырулардың барлық түрлері;

-коммерциялық емес  ұйымдастырулардың барлық түрлері,  заңды тұлғаның болуы немесе  болмауына тәуелсіз, сонымен бірге  игілікті қор және дін ұжымдры,  Бұқаралық Ақпарат Құралдары,  кәсіптік одақтар, басқа кәсіптік  ұжымдар, саяси партиялар.

Еуропалық сотқа жүгіну құқықты субьектілерге жатпайды: үкіметтік органдар (заң, атқарушы, сот), жергілікті  өкілді органдар, муниципалыдық  органдар, үкімет институттары және мекемелері, үкімет кәсіпорындары.

 Үкіметтік емес  мекеме  дербес  өз құқықтарын  қорғау міндетті, сонымен қатар Еуропалық сотқа жүгіну жолымен. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдастырудың мүшелері құқықтары қолсұғушы деген шағыммен сотқа айнала  алмайды.

Үкіметтік емес  ұйымдастырудың да өз кәсіпкерлердің құқықтары қолсұғушы деген  шағыммен сотқа жүгіну құқығы жоқ.

 Жеке тұлғалар тобы. Жеке тұлғалар тобы не жеке  тұлғаларға не үкіметтік емес  ұйымдастыруларға жатпайды. Мұндай  топ Конвенцияның міндеттеріне  сәйкес ортақ іс және ақырында  ортақ құқықтары  қолсұғушы  жағдай болу керек.

 Жеке тұлғалар тобымен  берілген шағым- топтық немесе  коллективтік шағымға жатпайтын,  біртұтас құқығы және еркіндігі   қолсұғушы болып  тұрған әркімнің  қолы бар шағым емес. Бұл екі  немесе  бірнеше  бір-біріне  тәуелсіз шағымдар. Тек іс  жағдайлары және  құқықтың  бұзылым  сипаттары ортақ.

Әр топ мүшесі өз шағымын  өзі жасайды.Бұл шағымда іс жағдайын толық баяндауға тырысады. Еуропалық  сот Қаулы шығарда жанұяның жағдайын, денсаулық, шағымданушының және оның туысқандарының психикалық жағдайын қарастыратындықтан орнақтырылған міндеттемелерді толық орындау қажет.

Бұл материалдық компенсацияның мөлшеріне де ықпалын тигізеді. Сондықтан, бұндай шағымдардың түрі  жеке  шағымдар  деп

- №9214-80, 9473-81, 9474- 81 петициялардың   жатуына  байланысты  1981 жылдың 11 мамырдағы шешімінде   Комиссия өзінің  қалыптасқан  тәжірибесіне  сілтеме  жасайды, бұған  сәйкес, жеке  тұлғаға жеңуге  ешқандай кепілдік  бермейтін  эффективті  емес  құқықтық қорғау  құралдарына  жүгінуге  тұрмайды. Мысалы, Германия  жауапкер-мемлекет бола  тұра арыз  жазушы  (Оцтюре) жөнінде, оның федералды Конституциялық сотқа жүгінбегендіктен, барлық  ішкі  құқық қорғау  құралдарын  пайдаланбағанын  мәлімдеді. Бірақ  арызданушының   заңи  түрде  Конституциялық сотқа  арыз  жазуға  мүмкіншілігі болған  кезде, оның бұл уақыттағы берілген мәселе  бойынша тәжірибесі  жауапкерге жеңуге  ешқандай  жол қалдырмай нық анықталған  болғандықтан,  жауапкердің дәлелдері саналмады.

-Басқа  жағынан  Комиссия өзінің  №712-60 шешімінде  келесіні  мақұлдады : «Белгігі-бір  құқық  қорғау  құралы  табиғаты  бойынша  жетістікке  нақты  мүмкіншілік  бере алады ма деген  мәселе  бойынша  күмән болып  сұрақ туындаса, бұл сұрақ  ішкі сот  органдардың  өздеріне  қаралуға  тапсырылуы  қажетті».

-Мәлімдеушіге ұлттық  сот  инстанцияларында  уақыт жұмсауға  қажеттілігі жоқтығы туралы анық болғанда, оған  іс  бойынша жеңуге  ешқандай  мүмкіншілік қалдырмайтыны туралы Жоғарғы сот органдарының  түсіндірулері болғанда, немесе басқа заңды және  жеке  тұлғалардың арыздары  тура осындай  жағдайда өзгеріссіз қабылданбағаны  жөнінде  мәлім  болса (Петициялардың  қарауға  жататындығы  жөнінде  Комиссияның 1980 жылдың 4 мамардағы №8387-78 РД, шешімі т. 19 233 б.) , немесе  сот қарауын барлық  шаралар мерзімдерінен асырғанда (Петициялардың қарауға  жататындығы  жөнінде  Комиссияның 1976 жылғы  28 қыркүйектегі  №7161-75-РД шешімі 7т., 100б.), соттардың бұл іс бойынша  жағымсыз позициясы    алдын-ала белгілі болғанда  Ресей Федерациясы үшін Комиссияның  тәжірибесі  аса маңызды. Осылайша, қолайсыз жағдайларда  тұлға өзінің  құқықтарын қорғау  жөніндегі  ұлттық  органдарға  жүгінуге  міндетті  емес.  Мәлімдеуші  құзыретті органдарға  жүгінуге  мүмкіншілігі  болмағанда (психиатриялық емханада жатқанда)  немесе адам  құқықтарын бұзған тікелей кінәлі  тұлғаны анықтауға мүмкіншілігі  болмағанда, мәлімдеуші  барлық  ұлттық құқық қорғау құралдарын  пайдалану қажеттілігінен босатылады. Сонымен, құқық қорғау құралдарының біткені жөнінде анықтағанда, ұлттық қорғау құралдарының  қолжетімдлігі негізгі  принциптерінің  бірі болады.

Информация о работе Көптеген жылдар