Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

адам абыройын түсіретін,адамгершіліксіз  қинау мен жазалар түрлерін жою;

  • құлдықты, мәжбүрлі немесе міндетті еңбек түрлерін жою;
  • еркіндік және қауіпсіздікке құқық;
  • тәуелсіз сот пен демократиялық процессуалдық құқықтарға;
  • жеке және отбасылық өмірді құрметтеу құқығы;
  • хат-алмасу құпиясы мен қолсұғылмаушылыққа құқық;
  • дін,ар-намыс, және ойлау құқығы;
  • бейбітшілік мақсаттағы жиналыстар мен ассоцияацияларды құру құқығы;
  • некеге тұру құқығы;
  • бұзылған құқықтар қалпына келтіру мақсатымен тәжірибедегі құралдарды қолдану құқығы.

Адам құқықтары мен  бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенциядағы құқықтар мен бостандықтар тізімін келесі хаттамалар толықтырды: 1952 жылдың 20 наурыдағы Бірінші хаттама жеке-меншік құқығын, білім алі құқығын, құпия дауыс беру арқылы мүше-мемлекеттердің мерзімді еркін сайлауды өткізу құқықтарын қамтиды. 1963 жылдың 16 қыркүйектегі Төртінші хаттама Конвенция мен Бірінші хаттамамен көрсетілген құқықтар мен бостандықтар тізімін кеңейтті. Оған: келісімді міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмау себебінен бас бостандығынан айыруды тыю, тұрақты тұру орнын ерікті түрде таңдау және мемлекет аймағы бойынша еркін жүріп-тұру құқығы, өз мемлекетін және тағы да басқа кез-келген мемлекеттен кету құқығы, мемлекеттен азаматты қууды жою және өз азаматтығындағы мемлекетке еркін кіру құқығы, шетелдіктерді ұжымдық қууды тыю жатады. Адам құқықтары   жөніндегі  Еуропалық соттың  судьялары  Еуроап  Кеңесінің  мүше  санымен анқталады  және  жеке  сипатта шығады. Дауды  қараудың  бірінші  сатысында  тараптар  Сот хатшысына  әртүрлі  жазбаша  құжаттарды  ұсынады. Кейін  Сот  жариялы  тыңдауларға  өтеді. Мүдделі мемлекеттерістің  тараптары болып табылады. 

Сот тыңдауында Адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық комиссия да қатысады, өзінің мүшелерін делегаттар  ретінде  жібереді. Бірақ  дауларда  Комиссия  тарап  ретінде  қатыспайды, ол тек «жария  мүдделерді»  қорғау  үшін  Сотқа  көмек  көрсетеді. От Жарғысында, жеке тұлға  тыңдауға  қатысқысы келсе, қатысу құқығын  алу үшін  өтініш  жаза  алады деп  жазылған. Оның  мүдделерін, бұл істі   Комиссияда  қарау  сатысында    дауға  қатысып қарастырған  қорғаушы Сотта  қорғай  алады. Сот шешімді  дауыс  көпшілігімен  шығарады. Сот шешімі   мүдделі  мемлекет  үшін  міндетті сипатта  болып  қорытынды  акт  ретінде  шығарылады.  Егер Сот  Конвенцияны  бұзуды  орнатса,  зардап  шегушіні  әділ  өтеумен  қамтамасыз ете алады. Алтынша хаттама өлім жазасын қайтарып алады.

1984 жылдың 22 қарашасындағы  Жетінші хаттама шетелдіктерді  жөнелтудегі тәртіпті реттейді, сонымен қатар, хаттамада төмен  тұрған соттардың шешімдерін  жоғарғы инстанциялы соттарда  қайта қарау құқығы, заңсыз жазамен келтірілген залалды өтеу құқығы, жұбайлардың теңдік құқығы қарастырылған. 1990 жылдың 6 қарашасындағы Тоғызынша хаттама (баяндамаларды қарау сұрақтары, петицияларды беру процедуралары,оларды Еуропалық сотқа жіберу). Оныншы хаттама 1992 жылы 25 наурызда бекітілді,ал құрылған қадағалау жүйесіне құрылымдық өзгерістерді енгізуді қамтитын Он бірінші хаттама 1994 жылдың 11 мамыр күні қабылданды.

Конвенцияға қосылу, оған барлық хаттамаларға да қосылуды білдірмейді. Басқа жағынан, хаттамаларға тек қана Конвенцияға мүше-мемлекет қосыла алады.

Еуропалық сот пен  Еуропалық комиссия «Азаматтық құқықтар мен міндеттер концепциясын»  бірталай рет зерттегеніне қарамастан, толық көлемде әлі сипатталмаған  және жалпы бағыттаушы ретінде ғана келтіріледі. Маңызды болып тұрған жағдай халықаралық құжаттарды қолданылатын «азаматтық құқық» түсінігі тар саласандағы түсінікке сай емес.

Еуропалық сот және Еуропалық  комиссия салалық классификацияны  иемдейтін құқықшығармашылық сипатқа  емес, және бұндай сұрақты қарастыратын құзыретті орган сипатына да ие емес(арбитражды сот, әскери трибунал және т.б.), «құқық сипатына » ғана ие деп санайды.

«Австрияға қарсы Ригайзен»  ісі бойынша (Австриялық мүлікті  сату сатып-алу комиссиясы ауылшаруашылық қоныстарды сатып алу актісін бекітуден бас тартты,сол себептен сатып салу шарты күшін жойды). Еуропалық сот бұл сұрақ бойынша Еуропалық Конвенцияның 6 б. жеке тұлғанаң құқықтарына қол сұғатын сот ісін жүргізуді қамтитындықтан қолдануға жатады деп шешті және осы жағдайдақолданылып жатқан заңшығарушылық актінің сипаты мен (азаматтық,әкімшілік және т.б.),бұл істің юристдикциясындағы орган сипатының (сот,әкімшілік сот және т.б.) маңызы жоқ деген қорытындыға жетті [25.б.41].

«Азаматтық құқық» түсінігі жеке тұлғаның құқықтарына қол сұға алатын жария құқықтық қатынастар кең спектрін де, жекеқұқықтық қатынастарды да қосады. «Германияға қарсы Кониг » ісінде Еуропалық сот Конвенцияның 6б. Мемлекет өзі тәуелсіз құрылым ретінде де жұмыс істегенде қолдануға жататындығын мақұлдады. Бұл жағдайда құқықтық қатынастың бұзылған құқық «азаматтық» ие ма деген сұрақты қарастырғанда маңызы бар. Құқықтың  «азаматтық »  сипаты  бойынша  тәжірибе  төмендегідей  анықтаманы    дәлелдейді: Адам құқықтарын бұзу  және  орындауды  әділ  шешу  туралы  шешімдер мемлекеттік  құқық  анықтамасы  бойынша  емес,  «құқықтың  мазмұны мен маңызы  бойынша  жүзеге  асырылады»,  барлық  «жеке»   деген істерге  жататын құқықтар  берілген  жағдайда  «азаматтық»  деп  қарастырылады.   Егер  белгілі – бір әрекет  әкімшілік  шешімді  қажет  етсе, бұл  факті  әрекетті жекеқұқықтық  сипатынан айырмайды, бұл  мәселемен  байланысты  даулар соттың  қарауына  жатады (Кониг ісі) [26.б.32].

Сот контекстінің  мазмұны  мен істің зардаптарында «жария»  және «азаматтық» деп элементі  бойынша  классификацияланады,  егер  ұлттық  құқықтық  жүйеде құқық  жария  дап  анықталса. Бұл  жағдайда,  Еуропалық  Конвенцияның 6 б.    заңмен  қорғалатын адам құқықтары мен оның  мүдделерін сақтау жөнінде  анықтап  тұрғанын  түсіну  маңызды.  Сол себептен  соттардың белгілі-бір тұлғалардың немесе  органдардың  ерекше  енгізуіндегі  сұрақтарды,  сонымен  қатар,  заңмен  қорғалмайтын мүдделер  жөніндегі  дауларды  қарауға  құқығы  жоқ. Адам құқықтары  бойынша еуропалық сот Еуропа Кеңесі сияқты аймақтық халықаралық ұйым  шеңберінде 1958 жылы құрылып,қызмет істей бастады. 80- жылдарға дейін еуропалық сот біршама ғана істерді қарады. Өйткені,еуропалық   конвенция бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының  бұзылуына қатысты шағымдарды алдымен адам құқықтары бойынша еуропалық комиссия қарастырып,істің мән-жайын зерттеп білді және  еуропалық конвенцияның  ережелерінің сақталуы жөнінде өз пікірін білдірді. Істің адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа берілуі тек, егер, мемлекет еуропалық соттың міндетті юрисдикциясынг таныған жағдайда  ғана мүмкін болды. Сөтіп,қоғамның құқықты мүшелері мен заңды құқықтары бар адамдардың  адам құқықтары бойынша  еуропалық сотқа  өздерінің  құқытарының  бұзылуы  жөнінде  тікелей өтініш  жасап, шағымдануға  мүмкіндіктері болмады.Басқа актілер сияқты осы халықаралық-құқықтық актілер де құқықтарды қорғауды, адам құқықтары жөніндегі келісімдерді жүзеге асыруда шараларды ұйымдастыруды ескереді.Жүзеге асыру тәсілдері мен ақпаратты алу қайнар-көздері бойынша адам құқықтары саласындағы халықаралық процедуралар түрлі үш топқа бөлінеді және төмендегіні қамтиды: адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді орындау туралы мемлекеттердің баяндамаларын қарау, міндеттемелерді бұзу бойынша мемлекеттердің бір-біріне кінә тағуын қарау, топтар немесе үкіметтік емес ұйымдардың құқықтарының бұзылуын қарау, жеке тұлғалардың шағымдарын қарау, жеке қылмыстық жауапкершілік жөнінде мәселесін туындау, болуы мүмкін емес нақтыланған ішкі мемлекеттік құралдарына адам құқықтары бойынша құқықбұзушылықтармен байланысты жағдайларды тергеу және зерттеу, адам құқықтарын бұзған тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын арнайы тізімдерді құру.Азамат құқықтар мен бостандықтарының бұзылуы жағдайында түрлі процедураларды не ұйымдарды таңдай алады. Ресей Федерациясының Конституциясының 3Б. 46 б. Сәйкес, РФ Еуропа Кеңесіне кіргеннен, халықаралық қорғауға жататын Еуропалық Конвенциясының адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі бірінші бөлімі бойынша талдауы мүдделі [24.б.88]. Осыған сәйкес:өмір сүру құқығы;

Сот  қорғалуына  жататын «Азаматтық  құқықтар мен міндеттемелер»  анықтамасына  жатпайды:

-азаматтық жөніндегі   даулар;

- елге  кіру құқығы;

- сотқа  дейінгі уақытқа     уақытша  босату   туралы  өтініш (заңсыз бас бостандығынан  айыру туралы емес, лжеңілдіктер  туралы жазылған);

- түрмеде жұмы істеу құқығы;

- кешірімге құқық;

-салықтық жалақы мен   жеңілдіктер  орнату құқығы;

- культ қызметкерлерінің  істері  бойынша  тәртіптік   іс-жүргізу;

- зейнеткерлік және  сақтандыру қорларын  пайдалану   құқығы,  егер сәйкестелі тұлға  бұл қорларға  жарналарды кіргізбесе;

- Үкіметтен шетел оқушыларын  оқытуға оқу орнымен алынған  «келісімдері»;

-мемлекеттік қызметшілер  істері бойынша  тәртіптік  іс-жүргізу.Жоғарыда  көрсетілген  сотпен  қорғалуға жататын шектеулер  6б. жатады және,  «Еуропалық  Конвенцияда анықталғанындай,  құқықтары мен бостандықтары бұзылған әрқайсысының ұлттық билік алдында  әрекеттегі қорғау құралдарына ие» деп жазылған Еуропалық конвенцияның 13 б. таралмайды [27.б.11].Тәжірибенің көрсеткеніндей, (әрекетқабілеттілігінен тәуелсіз) кез-келген азаматтың  оның Еуропалық Конвенцияда көрсетілген құқықтары мен бостандықтары  мемлекетпен бұзылды  деп есептесе,  Еуропалық сот Еуропалық Конвенцияның және оған Хаттамларының мазмұнын интерпретациялағанын ескере отырып,  адам құқықтарын және  бостандықтарын  қорғау жөніндегі   Еуропалық  құрылымдарға шағымдануға мүмкіншілігі бар. Азаматтық және саяси  құқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативті хаттамасында анықталып кеткен процедуралардан басқа. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша Еуропалық құрылымдар құқықтары бұзылған тұлғаларға байланысты  петициялармен ғана шектеле қоймайды. Мәселе, адам құқықтарын   бұзу ықтималдығының доктринасы сияқты  Страсбургтың  «прецедентті құқығы »   «потенциалды құрбан» деген  түсінікті енгізді [28.б.64]. Индивид оның құқықтарының бұзылғаны туралы айта алады, егер   бұл құқықтардың бұзылуын  көздейтін заңның бар екендігі туралы білсе. Потенциалды зардап шегушілер қатынасында тікелей сипаты мен құрбандардың өмірінде көрінетін құқықтың бұзылуы қаупі әбден нақты болуы жеткілікті.  Мысалы: Шотландия мектептері  балаларының  дүреге тап болу ықтималдығы  жөніндегі 1982 жылдың 25 ақпанындағы шешімінде дене жазаларын келтіруіне  жол берілетін мектепке бару   фактісінің  өзі балалардың дене жарақаттарын алу мүмкіншілігінің бары жөнінде куәландырады және Еуропалық Конвенцияның  25 б. мазмұнына сай «құрбан » болып табылады.

Еуропалық сотқа  шағымды  жібере  тұра  шағымданушы Еуропалық Конвенциядмен  және оның Хаттамаларымен  кепілдірілген  құқықтар мен бостандықтардың  бұзылуынан зардап  шекті деп, яғни сот терминологиясына  сәйкес  құқықтардың  бұзылуының  зардап  шегушісі деп өзін  мәлімдейді. Еуропалық сот шағымда  зерттегеннен  кейін, шағымданушының ойымен  келісіп,оны шынымен де ресми түрдегі құқықбұзушылықтың  зардап шегушісі  деп тануы мүмкін, не болмасашағымды  қарауға  жатпайтыныдығы туралы шешім шығарыа шағымданушы пікірімен  келіспеуі де мүмкін.

Сот  позициясы  келесі  талаптқа  байланысты  болып келеді:мәлімдеуші, яғни  шағымданушы  Конвенцияда  және оның  Хаттамаларында  кепілдендірілген  құқықтар мен  бостандықтардың  бұзылуыны өзі  жеке зардап шегуі  керек. Сонымен қатар, материалдық та  моральдық  зардап шегу  оның жеке өзіне қатысты болу қажет. Ресейге  қарсы Калашников ісінде сотқа  дейінгі  мерзімде  қамауда  4 жылдан астам уақыт болды, яғни бұл уақытты 17 шаршы метр ауданы бар сегіз адамға арналған қамауға арналған  бөлімде өткізді. Бұл камерада 20 шақты адам болды,  ұш ауысу  мерзімімен  ұйықтауға мәжбүр болды.  Мәлімдеуші   тері  аурулардың   бірталайымен ауырып қалған.  Оның  бірталай  шағымдары ресей сот және  әкімшілік инстанцияларымен  қанағаттандылырмағандықтан, ол Еуропалық сотқа, өзін қинаулардың, жеке басқа қолсұғылмаушылықтың бұзылуының, әділ  сот шешімі, жасаған қылмыс  бойынша   айыпталудан  босатылуға  құқықтың, эффектілі  қорқау  құралдарын  пайдалану, іс бойынша  үкім  жоғары  тұрған  инстанциялы сотпен  қайта  қарастырылу құқықтарының бұзылуының  зардап  шегушісі  ретінде  көрсетіп,  шағымданды.

Ресейге қарсы Бурдов ісінде мәлімдеуші –Чернобыль АЭС-ң қызметкері  болған апаттың себептерін  қалпына келтіру  жұмыстарын өткізгеннен  кейін оған  тиесілі  өтемақыныны  ала алмады. 1991  жылда медициналық  қарау кезінде шағымданушының  нашар  денсаулық  жағдайы  мен апаттың  себептерін  қалпына  келтіру  жұмыстарының  арсында  тікелей  қарым- қатынастырының  болуы  жөнінде  анықталғанмен, соттың  шағымданушы  пайдасына  шешім  шығарғанмен,Чернобыль қызметкеріне  өтемақы  төленбеді. Бурдов мүлік пен  жеке- меншікті  сақтау  құқығы мен  әділ сот  сот талқылауы құқытарының бұзылған себептерінен  өзін  зердап  шегісі  ретінде  танып, Еуропалық сотқа   шағымданды.

Егер  шағымданушы  ретінде  түскен арыз бойынша  тікелей  зардап  шегуші  емес, оның  туысы  болса, Еуропалық сот  шағымда  қарауға  қабылдамайды, себебі шағымданушының өзіне  қандай  зардап тигені  мәлім емес.

Мысалы,  Грецияға  қарсы  Агрецким және  тағы басқалары ісінде шағымданушалыр өздерін, акционерлері  болып табылатын компанияның құқықтарының  бұзылуы нәтижесінде зардап шеккендеріне сілтеме  жасады.

Информация о работе Көптеген жылдар