Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа
Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Еуропалық сот өз құрамының ішінен Төрағаны және Төрағаның екі орынбасарын сайлайды. Еуропалық соттың мүшелері өздерінің жұмыс кестесі бойынша әрбір күн үшін еңбекақы алады, сондай-ақ , жыл сайын қаламақы алады. Бұл шығындар Еуропа Кеңесінің бюджетінен өтеледі. Еуропалық сотқа оның тікелей қарамағындағы кеңсе көмектеседі. Еуропалық сот Соттың хатшысын сайлайды және кандидатуралары бойынша Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысымен кеңескеннен кейін Хатшының орынбасарын сайлайды. Басқа қызмет орындарына тағайындауды Төраға мен сот Хатшысының келісімі бойынша Бас Хатшы орындайды.
Адам құқықтары бойынша еуропалық сот төрт секциядан тұрады. Әрбір секцияның құрамы әртүрлі географиялық аймақтардан, әр алуан құқықтық жүйесі бар елдерден келген, ер және әйел жынысты судьялардың балансын міндетті түрде есепке алады. Сотта істі қарау комитеттер,палаталар Және Улкен Палата құрылған. Әрбір секциялардағы 12 айға құрылған және үш судьядан тұратын комитеттер негізінен жеке дара шағымдардың қабылдауға болатындығы жөніндегі мәселелерді қарастырады. Әрбір секциядағы ротацияның негізінде құрылған және жеті тұратын палаталар негізінен Конвенцияның ережелерінің бұзылуы жөніндегі мемлекетаралық мәлімдемелер мен тікелей қатысты істердің қабылдауға болатындығы жөніндегі мәселелерді қарастырады.
Сонымен қатар 17 судьядан тұратын (Сот Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары және секция төрағалары жіне бір-бірін тоғыз ай сайын ауыстыратын судьялардың екі тобы) Улкен Палатаның міндетіне тікелей қатысты істерді,бірақ, егер ол іс Конвенцияны түсіндіру мен оның Хаттамаларына байланысты маңызды мәселелерді көтеретін болса ғана, сондай-ақ сот практикасында қарама-қайшылықтарболатын болса, сондай істерді ғана қарау кіреді. Үлкен Палата тікелей қатысты істерді қарайды,егер: біріншіден,істі қараушы еуропалық сот палатасы Улкен Палатаның пайдасына өзінің юрисдикциясын беретін болса және істегі қарсы жақтардың ешқайсысы істің Улкен Палатаға берілуіне қарсылық жасамаса; екіншіден, қарсы жақтардың бірі Еуропалық сот шешім шығарған күннен бастап үш айдың ішінде істі Үлкен Палатада қарауға беру туралы өтініш жасаса.
Адам құқықтары бойынша
еуропалық соттағы процедура
ақысыз, бәсекелес және жария болып
табылатындығын айта кеткен жөн. Мүдделі
адамдар Еуропалық соттағы
Адам құқықтары бойынша еуропалық соттағы арыздарды (шағымдар) толтырудың тәртібі жөнінде тоқталсақ:
Еуропалық сотқа арыз беру Конвенция ережелерін білуді талап етеді,толтырылған бланк тергеу үшін ондағы келтірілген фактілірдің дәлелі болып табылады. Бұл блак сегіз бөлімнен тұрады. (Қарсы жақтар; фактіледі баяндап жазу; арыз берушінің пікір бойынша орын алған баяндау,конвенцияның және (немесе) оның Хаттамаларының бұзылуы мен оны растайтын тиісті дәлелдер;Конвенцияның 35-бабының 1-пунктіне сәйкес арыз; шағымдардың тақырыбын баяндап жазу және әділ түрде есе қайтару бойынша, алдын-ала талаптарды баяндау;іс қаралған немесе қаралып жатқан жердегі басқа да халықаралық инстанциялар;тіркелген құжаттартізімі;арыз және қол қою ) –осы мәліметтердің бәрі толық көлемде ақпарат беруі тиіс. Арыз беруші өзінің арыз беруіне себеп болып отырған өзінің құқықтарының бұзылуы жөнінде айғақтайтын фокторладың айқын ,жүйелі түрде және қысқаша сипаттамасын беруі керек. Бұл фактілер соттағы және басқа да билік органдарындағы істі егжей-тегжейлі қарауды көрсете отырып, оны хронологиялық тәртіпте сипаттауы қажет. Соған сәйкес нақты мерзімін көрсетіп,шағым бойынша шешімді қоса тіркеуі керек. Бұл фактілер соттағы және басқада билік органдарындағы істі егжей-тегжейлі қарауды көрсете отырып,оны хронологиялық тәртіпте сипаттауы қажет. Соған сәйкес нақты мерзімін көрсетіп,шағым бойынша шешімді қоса тіркеуі керек.
Арызда арыз берушінің пікіоі бойынша Еуропалық конвенцияның бұзылған баптарына сілтеме жасалуы қажет, сондай-ақ ,ол ұлттық органдарға қандай нақты талаптармен өтініш жасады және адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа жүгіне отырып өзінің қандай тілегіне қол жеткізгісі келеді, соны көрсетуі қажет. Сотқа жіберілген құжаттар қайтарылмайтын болғандықтан арызға құжаттардың түпнұсқасы емес көшірмелері қоса тіркеледі.
Еуропалық сотқа шағым түскеннен кейін оны комитеттер мен палаталардың қабылдауға тұратындығы жөнінде мәселелер зерттеле бастайды. Шағымдар секциялардың біріне жіберіледі. Секция Төрағасы судья-баяндамашыны тағайындайды , оның міндетіне- шағымдарды алдын-ала зерттеу және шағымды үш судьядан тұратын комитет қарауы тиіс пе,әлде, судьялар палатасы қарауы тиіс пе, соны анықтау кіреді. Егер шағымдарды комитет немесе палата көпшілік дауыспен қабылдауға болады деп жариялайтын болса,онда еуропалық сот қарсы жақтардың өкілдерінің қатысуымен тікелей қатысты істерді қарауды жалғастырады. Жеке дара арыз беру жағдайында қарсы жақтар арыз беруші (қоғамның құқықты мүшесі немесе заңды құқығы бар адам) және соған қарсы шағым берілген мемлекет болып табылады. Қарсы жақтар дәләлдер мен жазбаша ескертулерін ұсынады, іс бойынша тыңдауға қатысады.
Талас-егесті қарау сатысында қарсы жақтар дауды татулықпен реттеу процедурасын қолдана алады, яғни, тәжірибеде барынша жиі пайдаланып жүрген бейбіт келісімге келе алады. Егер қарсы жақтар дауды татулықпен реттеуге қол жеткізетін болса, онда іс қаралуға тиісті істер тізімінен шығарылады. Мысалы, жеке дара шағымдар бойынша 241 бейбіт келісімге қол жеткізілген ,олардың кейбіреулеріне заңдағы өзгерістердің арқасында,тағы біреулеріне- талапкерге белгілі бір сомада ақшалай төлем төлеу арқылы,ал, кейбір жағдайларда осы екеуінің үйлесім табуының арқасында қол жеткізілген болатын.
Егер қарсы жақтар татулықпен реттеуге келмейтін болса,онда істің барлық мән-жайы мен қарсы жақтардың пікірлері тексеріліп болғаннан кейін сот палатасы көпшілік дауыспен еуропалық Конвенцияның ережелері бұзылды ма немесе бұзылмады ма, сол жөнінде өзінің шешімін шығарады. Егер Конвенцияның ережелері бұзылған болса, онда арыз берушіге материалдық және моральдық шығындары үшін әділ компенсация төлеуге үкім шығарылады. Судьялардың өздерінің ерекше пікірлерін айтуға құқығы бар, ол сот шешіміне қоса тіркеледі.
Палата сот шешімін шығарған күннен бастап үш айдың ішінде қарсы жақтардың қайсысы болмасын, егер онда Конвенцияны түсіндіру мен оның Хаттамаларының маңызды мәселелері көтерілетін болса және де үлкен маңыздылыққа ие мәселе қозғалатын болса,онда істі Үлкен палатаға беруді талап ете алады. Істің берілуіне рұқсат ету жөніндегі мәселені Үлкен Палатаның бес судьясы шешеді. Егер істің берілу мүмкіндігі мойындалса,онда істі Үлкен палата қарайды,шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Үлкен палатаның шешімі жауапкер-мемлекеттер үшін ақырғы және міндетті болып табылады.
Осыған байланысты, Еуропалық
Конвенцияның қатысушы-мемлекеттеріндегі адам құқықтарының жоғарғы
конституциялық –құқықтық мәртебесіне
қарамастан,оның әркез құқық үйлестірушілік
деңгейде жүзеге асыру механизмімен толықтырылмағанын
айта кеткен жөн .Еуропалық сотқа жеке
дара шағымдардың түсуінің көбеюін
болдырмас үшін адам құқықтары мен бостандықтарының
мемлекет ішінде тиімді жұмыс істейтің
механизмдері,сондай-ақ,
Көрініп отырғанындай, Қазақстан Республикасы үшін адам құқықтары бойынша еуропалық сот тәжірибесінің көп пайдасы бар және одан үйренетін нәрсе де көп. Әрине,әр елдің, сондай-ақ, Еуропа Кеңесінің де өзінің дәстүрлері,өзінің соттық-құқықтық жүйесінің принциптерін қалыптастыруының тәсілдері мен әдістері бар. Дәлме-дәл оны көшіріп алу да ақылға сыймайды. Сонымен қатар,аз да болса басқаның тәжірибесінен үйренбеу,басқанаң тәжірибесінен үлгі алмау-бұл да қисынсыз әрі өте ысырапшылдық болған болар еді. Сондықтан, қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін , сондай-ақ, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін бізге адам құқықтары бойынша еуропалық сот тәжірибесін кеңінен қолдану қажет.
Қорытындылай келе, Еуропа Кеңесінің сот механизмінің негізі ретіндегі адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың қызметі , оның дамуы мен реформалануы біртұтас Еуропаның ірге тасы болып табылатын,бірыңғай еуропалық құқықтық кеңістік құруға сенімді түрде әкелетіндігін айтқым келеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Европейская конвенция о защите прав человека и основных свобод. Сборник международных документов «Права человека». М., 1990.,56б.
2 Конституция РФ. М., 1994.,85б.
3 Жеребцов А. Н. «Международное Гуманитарное право». Курс лекций. Краснодар., 1998.,250б.
4 Колосов Н. М. Конституционное право граждан на обращение в международные организации по защите прав и свобод человека// Право и экономика. М., 1997. №7-8,52б.
5Обращение в международно-правовые органы, как средство защиты прав и свобод человека. Манов Б., Манов А., Москаленко К. // Законность. М., 1996. №6, 26б.
6Энтин М. Л. Международные гарантии прав человека. М., 1992.,452б.
7Кашкин С.Ю. Основы права Европейского
Союза М. 1997г., 801б.
8Фокин.М. равоохранительные органы Р.Ф.,456б.
9Федеральный закон «об органах федеральной
службы безопасности Р.Ф. от25.07.95.,25б.
10Комментарий к Конституции Р.Ф. М.2001г.
с.69.
Аметистов Э.М. Современные тенденции
развития права Европейского
Сообщества. Сов. государство и право. М., 1985, № 7,560б.
11Крылова Е.С. Европейский парламент (правовой статус). М., 1987; 567б.
12 Берман Г.Дж., Рейд Ч.Дж. Римское правои общее право Европы. Государство и право. М., 1994, № 12; 25сб
13 Аметистов Э.М. Современные тенденции развития права Европейского Сообщества. Сов. государство и право. М., 1985, № 7;45б.
14 Берман Г.Дж., Рейд Ч.Дж. Римское правои общее право Европы. Государство и право. М., 1994, № 12; 65б.
15 Гренендейк К. Применение праваЕвропейского Сообщества в странах-членах ЕС: на примере допуска к государственной службе. Вестник МГУ. Сер.11 "Право", 1996, № 2; 85б.
16 Договор о Европейском Союзе. Извлечения. Комментарий Г.П. Толстопятенко. Московский журнал международного права. М., 1995. № 2; 44б.
17 Европейская интеграция: правовые проблемы. Книга 1. /Ред. кол.: Б.Н. Топорнин, А.И. Ковлер, М.М. Славин, И.С. Крылова. М., 1992; 564б.
18 Европейская Конвенция о защите прав человека и основных свобод. Государство и право. М., 1993, № 4;
19 Европейский Парламент /Cост. В. Смирнова; Генеральной информации и общественных связей Европейского Парламента. Страсбург, 1993;
20 Европейский Союз: новый этап интеграции. Проблемно-тематический сборник /Отв. ред. В.Г. Головин. М., 1996;
21 Право Совета Европы и Россия (сборник документов и материалов) /Отв. ред. И.П. Скворцов. Краснодар, 1996; 651б.
22 Костенко М.Л., Лавренева Н.В. ЕС после Маастрихта: федерация, конфедерацияили международная организация? Государство и право. М., 1994, № 4;
23 Крылова Е.С. Европейский парламент (правовой статус). М., 1987; 658б.
24 Маклаков В.В. Европейские сообщества и права человека. М., 1993; 1425б.
25 Топорнин Б.Н. Европейские Сообщества: право и институты (динамика развития). М., 1992;250б.
26 Энтин М. Л. Международные гарантии прав человека. Практика Совета Европы. М., 1992.985б.
27 Энтин М.Л. Суд Европейских сообществ: правовые формы обеспечения западноевропейской интеграции. М., 1997; 255б.
28 Юмашев Ю.М. Правовое регулирование прямых иностранных капиталовложений в ЕЭС. М., 1988.658б.
29Конвенция о защите прав человека и основных свобод (Рим, 4 ноября 1950 г.) (с изменениями от 21 сентября 1970 г., 20 декабря 1971 г., 1 января 1990 г., 6 ноября 1990 г., 11 мая 1994 г.)
30 Регламент Европейского Суда по правам человека от 4 ноября 1998 г. "Правила процедуры суда"
31 Конституция РФ
32 Федеральный закон от 30 марта 1998 г. N 54-ФЗ "О ратификации Конвенции о защите прав человека и основных свобод и Протоколов к ней"
33 Постановление Конституционного Суда РФ от 27 июня 2000 г. N 11-П "По делу о проверке конституционности положений части первой статьи 47 и части второй статьи 51 Уголовно-процессуального
34 кодекса РСФСР в связи с жалобой гражданина В.И.Маслова"
35 Колосов Ю.А. Международное право Учебник., М,98.
36 Жеребцов А. Н. «Международное Гуманитарное право». Курс лекций. Краснодар., 1998.
37 Конюхова И.А. "Комментарий к Конституции Российской Федерации" Юрайт-Издат, 2006,235б.
38 Каламкарян Р. А. Международное право. Учебное пособие. Эксмо, 2006,358б.
39 Пушмин Э.А. Международный юридический процесс и международное право. Кемерово, 1990,187б.
40 Моника Маковей Учебно-методическое пособие. Европейская Конвенция о защите прав человека и основных свобод. Прецеденты и комментарии. М., 2001,653б.
41 Энтин М. Л. Международные гарантии прав человека. М., 1992,355б.
42Сборник решений Европейской комиссии по правам человека.
43 Молостова Е.В. "Применение предварительных мер Европейским судом по правам человека", "Международное публичное и частное право", 2005, N 2