Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

-Сонымен қатар, қолжетімді  ұлттық қорғалу  құралдарына  прокурорлық  қадағалау  тәртібі   бойынша құзыретті  органдарға  жүгіну  саналмайды. Петициялардың  қарауға  жататындығы  жөнінде  № 1159-61 шешімінде Комиссия  мәлімдеушінің әділеттілік тану  мақсатымен  оның жеңілген ісін  кассационды  сотқа  жіберу  туралы Австрия Бас прокурорының  атына жазған өтінішін ескермеді [46].  

- Еуропалық Конвенцияда   көзделген және  жеке немесе  заңды тұлғаның   ойынша  бірінші   инстанциялы  шешіммен     құқық бұзылғанда, тұлға Еуропалық комиссияға  петиция  жібере алады. Бірақ, Конвенцияға  сәйкес  бұзылған  құқықтар бірінші  инстанциядағы  соттың  қарауы  кезінде   анықталуы  маңызды. Бұл ұсыныс, біруақытта әртүрлі  инстанцияларда әсіресе, кешенді сипаттағы даулы сұрақ және оның  түрлі тұрғылары қаралғанда соңғы шешімнен кейінгі алты айлық мерзімнің басталуын анықтау әзірше  қиынға  түсуімен  шартталған.  Мысал ретінде алып отырған Ресей Федарациясы жөнінде тұрақты тәжірибе қалыптаспағанша, петицияны  мүмкіншілік  бойынша ерте  жіберуге қолайлы (петиция формальды жетіспеушіліктер негізінде  қабылданбаса, мәлімдеуші  оны  қайтадан  жіберуге  құқылы).

- Мүше-мемлекеттердің  міндеттемелерді  орындауын қанағаттандыратын  Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудағы  Еуропалық Конвенцияның  жағдайларына  сәйкес  екі орган құрылып жұмыс істейді. Бұл- арнайы  өтінішпен мүше-мелекеттердің құзыретін қабылдаған Конвенцияның  мүше-мелекеттеріне жазылған арыздарды қарайтын Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия [3]».

Еуропалық Конвенциямен көзделген  ,сонымен қатар, адам құқықтарын  қорғау  жөніндегі  халықаралық-құқықтық жүйе-  өзінің  құқықтық мақсаттарын  және  функцияларын үнемі көрсетуге  тұрақты болуға бағытталған күрделі жүйе. Осыған байланысты, Комиссияға келетін арыздардың басым  көпшілігі (БҰҰ-ң Адам құқықтары жөніндегі комитетке де сияқты) қарауға  жататындығы бойынша қойылған  талаптарға сай  келмегендіктен  қабылданбайды ( Еуропалық Конвенцияның 25,26,27,29б.).  Еуропалық сот  жөніннде айтсақ, көптеген себептерге,соның ішінде Конвенцияға  сәйкес мәселені соттан тыс тәртіпте  шешуге рұқсат бергенге байлансты  көп арыздар  жетпейді.

Баяндамашы ретінде  шығатын Комиссияның бір мүшесі   хаттардың қарауға  жататынды  жөнінде  баяндама жасайды. Ол петиционер мен мүдделі  үкіметтен  ақпаратты  талап ете  алады және, үкіметтен  түскен ақпаратты  петиционерге  жауап  ретіндегі ескертулерінде пайдаланады. Комиссияның пленарлы отырысында  хаттың  қорытынды  жатқызылатындығы  хабарланады.  Конвенцияның 29 б. сәйкес, Комиссия хаттың қабылдануы не қабылданбауы  жөнінде  оны мәні  бойынша қараудың кез-келген  сатысында  жүзеге асыра алады. Егер де Комиссия хатты қабылдау қажет деп шешсе, іске  қатысты  фактілерді анықтап,  даулы  сұрақтың   бейбіт  шешімін  шығаруға  тырысады. Сәтсіздікке ұшыраған кезде Комиссия фактілерді және бұл фактілерге сәйкес үкіметтің Ковенция  жағдайларын  бұзуды дәлелдейтіндігі жөнінде баяндама жазады. Бұл баяндама Еуропа  Кеңесінің  Министрлер   комитетіне жіберіледі, және  үш айдан кейінгі мерзімде дау Еуропалық сотқа  тапсырылуы мүмкін.

№1-8 Хаттамаларын   қосылғандар  мен №9  Хаттамасына  қосылғандардың    шағымдарын  қарау  процедураларының арасында біршама  айырмашылықтар   бар.

 №1-8 Хаттамаларында  көзделген шағымдарды  қарау   процедураларға  сай    істі  Сотқа тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия   мен Конвенцияның  мұше-мемлекеттері  құқылы.

Ал Еуропалық  Конвенцияның  1990  жылдың 6  қарашасындағы    №9  Хаттамасына  сай   істі Сотқа  Комиссия,  мемлекет, шамамен  зардап  шегуші  болып     табылатын тұлға,Комиссияның қарауына істі   жіберген  мамлекет, үстінен арыз  жазылған   мемлекет,тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдар, шағым жазған  тұлғалар  тобы.  Егер де бұл орнын тапса,  Еуропалық Конвенцияның  32б. сай  Министрлер комитеті Конвенцияның  жағдайларының  бұзылғанан тексереді. Адам құқықтары бойынша еуропалық соттағы процедура ақысыз, бәсекелес  және жария болып    табылатындығын айта кеткен жөн. Мүдделі адамдар Еуропалық соттағы істің жүргізілуі бойынша Еуропа Кеңесіне құқықтық көмек сұрап өтініш  жасай алады. Еуропалық Конвенция  өздерінің құқықтарына кепілдік берген,еуропалық Конвенгцияға қатысушы-мемлекетте құқықтары бұзылған қоғамның құқықты мүшелері мен заңды құқықтары бар адамдар да еуропалық   сотқа өтініш жасай алады. Шағымдар жеке немесе өкіл арқылы беріледі, ол еуропалық Конвенцияға қатысушы-мемлекет тілінде жасалады. Жеке дара шағым еуропалық конвенцияның 35-бабына сәйкес  қабылдауға тұрады деп танылу үшін,ол адам ,біріншіден,құқықтық қорғаудың барлық ішкі құралдарын барынша пайдаланып тауысқан болуы тиіс; екіншіден,шағым ұлттық органдар іс бойынша  соңғы шешімді шығарғаннан кейін  алты айдың ішінде берілуі тиіс.

Адам құқықтары бойынша  еуропалық  соттағы арыздарды (шағымдар)  толтырудың тәртібі жөнінде тоқталсақ:

Еуропалық сотқа арыз беру Конвенция ережелерін  білуді талап етеді,толтырылған бланк  тергеу үшін  ондағы келтірілген  фактілірдің дәлелі болып табылады. Бұл блак сегіз бөлімнен тұрады. (Қарсы жақтар; фактіледі баяндап жазу; арыз берушінің пікір бойынша орын алған баяндау,конвенцияның және (немесе) оның Хаттамаларының бұзылуы мен оны растайтын тиісті дәлелдер;Конвенцияның 35-бабының 1-пунктіне сәйкес арыз; шағымдардың тақырыбын баяндап жазу және әділ түрде есе қайтару бойынша, алдын-ала талаптарды баяндау;іс қаралған немесе қаралып жатқан жердегі басқа да халықаралық инстанциялар;тіркелген құжаттартізімі;арыз және қол қою ) –осы мәліметтердің бәрі толық көлемде ақпарат беруі тиіс. Арыз беруші  өзінің арыз беруіне себеп болып отырған өзінің құқықтарының бұзылуы жөнінде айғақтайтын фокторладың  айқын ,жүйелі  түрде және қысқаша сипаттамасын беруі керек. Бұл фактілер соттағы  және басқа да билік  органдарындағы істі егжей-тегжейлі  қарауды көрсете отырып, оны хронологиялық тәртіпте сипаттауы қажет. Адам құқықтары   жөніндегі  Еуропалық соттың  судьялары  Еуроап  Кеңесінің  мүше  санымен анқталады  және  жеке  сипатта шығады. Дауды  қараудың  бірінші  сатысында  тараптар  Сот хатшысына  әртүрлі  жазбаша  құжаттарды  ұсынады. Кейін  Сот  жариялы  тыңдауларға  өтеді. Мүдделі мемлекеттерістің  тараптары болып табылады.  Сот тыңдауында Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия да қатысады, өзінің мүшелерін делегаттар  ретінде  жібереді. Бірақ  дауларда  Комиссия  тарап  ретінде  қатыспайды, ол тек «жария  мүдделерді»  қорғау  үшін  Сотқа  көмек  көрсетеді. От Жарғысында, жеке тұлға  тыңдауға  қатысқысы келсе, қатысу құқығын  алу үшін  өтініш  жаза  алады деп  жазылған. Оның  мүдделерін, бұл істі   Комиссияда  қарау  сатысында    дауға  қатысып қарастырған  қорғаушы Сотта  қорғай  алады.

Сот шешімді  дауыс  көпшілігімен  шығарады. Сот шешімі   мүдделі  мемлекет  үшін  міндетті сипатта  болып  қорытынды  акт  ретінде  шығарылады.  Егер Сот  Конвенцияны  бұзуды  орнатса,  зардап  шегушіні  әділ  өтеумен  қамтамасыз ете алады.

Еуропалық Конвенцияның  6б. әділ  сот  айырысуды  ескереді.Сот  пен  Комиссия  бұл  баптың  дұрыс  талқылауына  көп  көңіл  бөлді. 1970 жылғы  Бельгияға  қарсы  Делькур  ісі  бойынша Сот арнайы  анықтады: «Конвенцияның  мәні  бойынша  демократиялық  қоғамда   әділдіктің  орын  алуы  соншалықты  маңызды болғандықтан,  6 б. 1 т. шеңберлі  түрде  талқылау  жағдайдың  мақсаты мен  маңызына  сәйкес  келмейді ». Еуропалық сотқа шағым  түскеннен кейін  оны  комитеттер мен палаталардың  қабылдауға  тұратындығы жөнінде мәселелер зерттеле бастайды. Шағымдар секциялардың  біріне жіберіледі. Секция Төрағасы судья-баяндамашыны тағайындайды , оның  міндетіне- шағымдарды алдын-ала зерттеу және  шағымды үш судьядан  тұратын комитет  қарауы  тиіс пе,әлде , судьялар палатасы қарауы тиіс пе, соны анықтау кіреді. Егер шағымдарды комитет  немесе палата көпшілік дауыспен  қабылдауға  болады деп  жариялайтын болса,онда еуропалық сот қарсы  жақтардың  өкілдерінің қатысуымен тікелей  қатысты  істерді қарауды жалғастырады. Жеке дара арыз беру жағдайында  қарсы жақтар  арыз беруші (қоғамның құқықты мүшесі немесе  заңды құқығы бар адам) және соған қарсы шағым берілген мемлекет болып табылады. Қарсы жақтар дәләлдер мен жазбаша ескертулерін ұсынады, іс бойынша тыңдауға қатысады. Талас-егесті қарау сатысында  қарсы жақтар дауды татулықпен реттеу процедурасын қолдана алады, яғни, тәжірибеде барынша жиі пайдаланып жүрген бейбіт келісімге келе алады. Егер қарсы жақтар дауды татулықпен  реттеуге қол жеткізетін болса, онда іс қаралуға тиісті істер тізімінен шығарылады. Мысалы, жеке дара шағымдар бойынша 241 бейбіт келісімге  қол жеткізілген ,олардың кейбіреулеріне заңдағы өзгерістердің арқасында ,тағы біреулеріне- талапкерге белгілі бір сомада ақшалай төлем төлеу арқылы,ал, кейбір жағдайларда осы екеуінің үйлесім табуының арқасында қол жеткізілген болатын. Комиссия мен  Соттың  жұмысында көңіл  көбінесе  құқықтық  процедураларға  аударылады. Осылайша, егер  тұлға қамауда  болса (Конвенцияның 5б. 3т.), Вемхофф Германияға қарсы ісі бойынша (1968ж.)  Сот, сот   қарауын құқық жөніндегі мәселені  қарастырғанда,  қамауда отырған айыпталушының ісінің  мәртебесі еркіндікте  жүрген  айыпталушылардың  істеріне  қарағанда жоғары  болу керек деп мәлімдеді [47].   Еуропалық Конвенцияның  52 б. сәйкес  Сот шешімі  қорытынды сипатта болады. Конвенцияның  53б. Жоғары Келісуші  Тараптар олар  қатысатын кез-келген  іс бойынша сот шешімін орындауға міндетті  деп жазылған. Ал  54б. Сот шешімі оның  орындалуын  қадағалауды  жүзеге  асыратын Министрлер  Комитетіне  жіберіледі деп  мәлімдеген.

 Осы  уақытқа   дейін мемлекеттер сот  шешімдерін  орындамағаны  жөнінде  айтуға  негіз болған  жоқ. Сонымен   қатар ең  негізгі  санкциялар  Конвенциямен  емес, Еуропа  Кеңесінің  Жарғысында  мазмұндалғаны  жөнінде  ескеру  қажет. Мысалы, 3 б. адам  құқықтарын  құрметтеу  Еуропа Кеңесіне  мүше  болуға   негізін  салушы  қағидаларының  бірі  болып  табылатындығы  туралы анықтайды. Еуропа Кеңесі  Жарғысының 8 б. Министрлер  комитетіне адам  құқықтарын  бұзуды жүзеге  асырған  кез-келген  мүше-мемлекетті  Еуропа  Кеңесінің  мүшелігін тоқтату, тіпті  айыру  құыретін  берген. Палата сот шешімін шығарған  күннен бастап  үш айдың ішінде қарсы жақтардың  қайсысы болмасын, егер онда Конвенцияны түсіндіру  мен оның Хаттамаларының маңызды мәселелері көтерілетін болса және де үлкен маңыздылыққа ие мәселе қозғалатын болса,онда істі Үлкен палатаға беруді талап ете алады. Істің берілуіне рұқсат ету жөніндегі  мәселені Үлкен Палатаның бес судьясы шешеді. Егер істің берілу мүмкіндігі мойындалса,онда істі Үлкен палата қарайды,шешім көпшілік  дауыспен қабылданады. Үлкен  палатаның шешімі жауапкер-мемлекеттер үшін ақырғы және міндетті болып табылады. Еуропалық Ковенцияға  сәйкес шағымдарды  қарау жүйесі  тұрақты үнемі мінсіздікке жетіп отырады, әр  мүше-мемлекеттерге әртүрлі конвенциялық  процедураларға  қосылуын ескере  тұра біртекті емес.  Конвенцияның  1994 жылдың  11 мамырынан қол қоюға ашық  болған №11 Хаттамасы   біртекіт  тұрақты Соттың  құрылуын  көздеген. Адам  құқықтары бойынша еуропалық сот төрт  секциядан тұрады. Әрбір секцияның құрамы  әртүрлі географиялық  аймақтардан, әр алуан құқықтық  жүйесі  бар елдерден  келген,  ер  және  әйел  жынысты судьялардың балансын  міндетті  түрде  есепке  алады.

Сотта  істі  қарау  комитеттер,палаталар  Және  Улкен  Палата  құрылған. Әрбір  секциялардағы 12 айға  құрылған  және  үш  судьядан  тұратын  комитеттер  негізінен  жеке  дара  шағымдардың қабылдауға  болатындығы  жөніндегі  мәселелерді  қарастырады. Әрбір  секциядағы  ротацияның  негізінде құрылған  және  жеті      тұратын  палаталар негізінен Конвенцияның ережелерінің  бұзылуы жөніндегі  мемлекетаралық  мәлімдемелер  мен тікелей  қатысты істердің  қабылдауға  болатындығы жөніндегі  мәселелерді қарастырады. Бұл  Хаттамаға  сәйкес тұрақты  түрде  әрекет  ететін еуропалық  әділдіктің  органы сот болып қалады. 

Тәжірибенің көрсеткеніндей, (әрекетқабілеттілігінен тәуелсіз) кез-келген азаматтың  оның Еуропалық Конвенцияда  көрсетілген құқықтары мен бостандықтары  мемлекетпен бұзылды  деп есептесе,  Еуропалық сот Еуропалық Конвенцияның және оған Хаттамларының мазмұнын интерпретациялағанын ескере отырып,  адам құқықтарын және  бостандықтарын  қорғау жөніндегі   Еуропалық  құрылымдарға шағымдануға мүмкіншілігі бар.

 Азаматтық және  саяси  құқықтар туралы халықаралық  пактінің Факультативті хаттамасында  анықталып кеткен процедуралардан  басқа. Адам құқықтары мен бостандықтарын  қорғау бойынша Еуропалық құрылымдар  құқықтары бұзылған тұлғаларға  байланысты  петициялармен ғана шектеле қоймайды. Мәселе, адам құқықтарын   бұзу ықтималдығының доктринасы сияқты  Страсбургтың  «прецедентті құқығы »   «потенциалды құрбан» деген  түсінікті енгізді . Индивид  оның құқықтарының бұзылғаны туралы айта алады, егер   бұл  құқықтардың бұзылуын  көздейтін  заңның бар екендігі туралы білсе. Потенциалды зардап шегушілер қатынасында тікелей сипаты мен  құрбандардың өмірінде көрінетін құқықтың бұзылуы қаупі әбден нақты болуы жеткілікті. 

Мысалы: Шотландия мектептері  балаларының  дүреге тап болу ықтималдығы  жөніндегі 1982 жылдың 25 ақпанындағы шешімінде дене жазаларын келтіруіне  жол берілетін мектепке бару   фактісінің  өзі балалардың дене жарақаттарын алу мүмкіншілігінің бары жөнінде куәландырады және Еуропалық Конвенцияның  25 б. мазмұнына сай «құрбан » болып табылады. Адам  құқықтарын  қорғаудағы  жаңа  жүйе- еуропалық  сот 1998 жылдың  1  қарашасынын  қызметін  бастады. Бұл  жүйе әрекеттегі  құқыққорғаушы  жүйені   ұтымдылауға, процессуалыдқ  мерзімдерді  қысқартуға, адам  құқықтарын  қорғау  деңгейін  көтеруге  арналған. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенциядағы құқықтар мен бостандықтар тізімін келесі хаттамалар толықтырды: 1952 жылдың 20 наурыдағы Бірінші хаттама жеке-меншік құқығын, білім алі құқығын, құпия дауыс беру арқылы мүше-мемлекеттердің мерзімді еркін сайлауды өткізу құқықтарын қамтиды.

1963 жылдың 16 қыркүйектегі  Төртінші хаттама Конвенция мен  Бірінші хаттамамен көрсетілген  құқықтар мен бостандықтар тізімін  кеңейтті. Оған: келісімді міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмау себебінен бас бостандығынан айыруды тыю, тұрақты тұру орнын ерікті түрде таңдау және мемлекет аймағы бойынша еркін жүріп-тұру құқығы, өз мемлекетін және тағы да басқа кез-келген мемлекеттен кету құқығы, мемлекеттен азаматты қууды жою және өз азаматтығындағы мемлекетке еркін кіру құқығы, шетелдіктерді ұжымдық қууды тыю жатады. Алтынша хаттама өлім жазасын қайтарып алады.

1984 жылдың 22 қарашасындағы  Жетінші хаттама шетелдіктерді  жөнелтудегі тәртіпті реттейді, сонымен қатар, хаттамада төмен тұрған соттардың шешімдерін жоғарғы инстанциялы соттарда қайта қарау құқығы, заңсыз жазамен келтірілген залалды өтеу құқығы, жұбайлардың теңдік құқығы қарастырылған. 1990 жылдың 6 қарашасындағы Тоғызынша хаттама (баяндамаларды қарау сұрақтары, петицияларды беру процедуралары,оларды Еуропалық сотқа жіберу). Оныншы хаттама 1992 жылы 25 наурызда бекітілді,ал құрылған қадағалау жүйесіне құрылымдық өзгерістерді енгізуді қамтитын Он бірінші хаттама 1994 жылдың 11 мамыр күні қабылданды.

Информация о работе Көптеген жылдар