Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

Конвенцияның 43 б. сәйкес іс кезінде әр жақ  ерекше жағдайларды ғана үш ай аралығында Палатаның сәйкес Қаулысының шығарылу уақытынан бастап жазбаша түрде Конвенцияның немесе оның Хаттамаларының    қолданысы мен  талқылануын басшылыққа алатын мәселелерді немесе оның пікірінше Үлкен Палатаның қарастыруына лайық деп санайтын жалпы деңгейдегі маңызды мәселені нұсқап Үлкен Палатаның қарастыруына істі жіберу туралы өтінішті Сот Хатшылығына жібере алады. Бұл жағдайда Үлкен Палата құрамына мемлекеттен - өтініш бойынша жауап берушіден осы палатаның Төрағасы мен төрешілерінен басқа, істі алғаш қарастырудағы өтініштің жарамдылығы мәселесі ретіндегі, сонымен бірге істің мәні ретіндегі Палата жұмысында қатысқан төрешілер кірмейді.

Үлкен Палатаның шеңберінде Конвенцияның  43. б. сәйкес көрсетілген  арыздарды қарастыратын алқа құрылады. Алқаның құрамына сот Төрағасын, бөлім Төрағаларын немесе олар алқа жұмысында қатыса алмаған жағдайда олардың орынбасарларын қосқанда Үлкен Палатаның бес төрешісі кіреді. Тек қана құрамында Палата құрып өтініш берушінің ісін  қарастырған бөлім, сонымен қатар Палатада істі қарастырмаған және  төрешілер ішінен кезек бойынша тағайындалған төрешілер алқа құрамына кірмейді.

Алқа құрамына өтініш бойынша жауапкер-мемлекеттен таңдалған  төреші кіре алмайды.

Еуропалық соттың бөлімдері. Конвенцияның 26б.-ң б п. Пленарлық мәжілістердегі Еуропалық соттың Палаталар секілді органдарының құрылуын ескереді.  Сот Регламентінің 25б. 1п.-де бұл Палаталар Регламентте бөлімдер болып аталатынын ерекше көрсетеді. Конвенцияның 27б. 1 п Сотпен Үлкен Палаталардың,Палаталардың  және комитеттердің құрылуын бірге қарастырғандықтан, бұл анықтаманың мақсаты терминологиялық біртұтастылықты енгізу болып табылады.

Сот  Төрағасының  ұсынысы  бойынша   Пленарлық  мәжілістерде үш жылдық мерзімге  кем дегенде  төрт бөлім құрылады[33].  Бөлімдер құрамындағы өзгерістерді әр бөлімнің  мүшелері нақты жағдайлармен  байланысты енгізе алады. Осыған байланысты Сот Төрағасы қосымша бөлім құру жайлы мәселені қоя алады. Қазіргі уақытта тұрақты негізде Соттың төрт бөлімі жұмыс істейді. Бөлім Төрағасы,сонымен қатар оның орынбасарлары  Соттың Пленарлық мәжілісінде қайта сайлану құқығымен үш жыл мерзіміне сайланады. Сот Төрағасының орынбасарлары бөлім орынбасарлары да болып саналады.

Еуропалық соттың әрбір  төрешісі қандай да бір бөлімнің мүшесі  болып саналады, сонымен бірге бөлім құрамы географикалық теңбе-тең болуы, Конвенцияның мүше-мемлекеттердің түрлі құқықтық жүйелерін  көрсетуі және жыныстарының тең өкілдігінің қағидасын ескеруі қажет. 

Жоғары аталған талаптар процессте Конвенцияның қандай мүше –мемлекеттің төрешісінің  қатысуына қарамастан, істің тәуелсіз қарастырылуын қаматамасыз етуге бағытталған. Алайда, нұсқалған шарттарды орындау белгілі-бір  қиындықтармен байланысты. Мәселен, Жалпы құқықтың  жүйе Еуропалық сотта тек қана екі төрешінің қатысуымен

өтті: Біріккен Корольдіктен пен Ирландиядан. Оларға белгілі-бір  шартталған деңгейде Исландия төрешісін  қосуға болады. Сонымен бірге, мемлекеттер  өкілдерінің санының басым көпшілігі  континентальды құқықтық жүйесінің  өкілдері болып табылады, және Еуропа Кеңесінің жаңа мүшелерінің қосылуына байланысты көбею мүмкін[34].

Еуропалық сот Палаталары. Еуропалық соттың төрт бөлімінің біріне жіберілген істерді  қарастыру үшін әрқайсысында ішінара Палаталар құрылады.  Әр Палатаның құрамына: Бөлім Төрағасы, мемлекет-тараптың істегі өкілдік етуші судья және бөлім Төрағасы  кезектік тәртіппен тағайындайтын бөлімнің бес мүшесі кіреді.

Осылайша, әр Палатаның  жұмысында жеті төреші қатысады[35.б.114].

Егер  өтініш бойынша  жауапкер-мемлекет таңдалған судья шағым жіберілген бөлім мүшесі болмаса, ол судья Палатаның толыққанды мүшесі ретінде қатысады. Олай тағайындалмаған бөлім мүшелері мәжілісте запастағы судьялар ретінде қатысады және дауыс беру құқығы жоқ. Мәжіліске қатысу үшін алғашқы тағайындалған судья қатыса алмаса, оның орнын запастағы судья басады.

 Еуропалық соттың  Палаталары шағым-арыздарын қарайды,  мәні бойынша және  қабылдануға  жататындығын шешеді.

Палаталардың  олраға жіберілген шағымдары кезектік тәртіпте қарастырады. Алайда, ол Палатаға үндеуімен жіберілген мерзіммен емес, істі қарастырылу дайындығына қарап анықталады. Сонымен қатар, Палата істі қарастыру жөнінде негізгі тәртіппен  шешім қабылдай алады. Палатаның құзыреттілігіне,сонымен бірге, істі қарау кезінде жаңа  жағдайлардың ашылуынан кейін алты ай мерзім ішінде Палатаға жүгінуге құқығы бар  шағымданушыға да,  Төрешіге де мәлім болмаған Палата  бұрын қарастырған жаңа анықталған мән-жайлардың ашылуына байланысты  істі қайта қарау кіреді. Бүгінгі таңда істі қайта қарау жағдайы болған жоқ.

Еуропалық сот комитеттері. Адам құқықғы жөніндегі (фильтраж бойынша )  Еуропалық сот комитеттері шағымдардың жарамдылығы жөніндегі мәселені шешудегі анықтаушы рөлді атқарады. Олардың саны ауыспалы. Оны Сот Төрағасы бөлімдер Төрағаларымен бірлесіп анықтайды. Комиттер 12 ай мерзіміне құрылады. Әрқайсысы бір бөлімнің үш төрешісінің құрамында болады[36.б.54].

Комиттер кезектік тәртіпте ( бөлім Төрағасынан басқа) әр бөлімнің мүшелерінен құрылады. Қандай да бір  комитет  құрамына  кірмейтін  бөлім  төрешілеріне мәжіліске  қатысу мүмкіншілігі жоқ  мүшелердің орнын  баса тұру тапсырылады. Комитетте бөлім мүшелеріні арасындағы үлкендік критерийіне жауап беретін судья төрағалық етеді. Комитеттің негізгі және жалғыз тапсырмасы – секцияның басшылығымен құрылып жіберілген арыздың қарастырылуға  жарамды ма немесе ол қайтарылу керектігін шешу.

Арыздың жарамдылығы  мәселесі бойынша комитеттің шешімі бірауыздан қабылданады және соңғы  шешім болып табылады.

Еуропалық соттың  Хатшылығы. Сот жұмысының  күрделілігі мен  тиімділігі  көбінесе  жақсы ұйымдастырылған және нақты әрекет ететін аппараттың  және  жетекші қызметшілердің жоғарғы кәсіби  деңгейінің болуымен шартталған. Хатшылықтың түрлі қызметтерінің ішінде «соттық»  деп шартты түрде атауға  болатын қызметке көбірек көңіл бөлінеді. Оның негізгі ерекшелігі- шағымдарды қарастыру және  шешімдерді  қабылдау  процессіде аппараттың жетекші қызметшілерінің қарқынды қатысуы[37.б.106]. Дәл осы ерекшелікке байланысты аппараттың  жетекшісі Сот Хатшысы емес, Грифье  деп аталады.

Грефье (немесе оның орынбасарларының бірі) сот  мәжілісіне  қатысады. Ал онымен  бірге  осы  істі  дайындаған аппараттың  жетекші  қызметшісі қатысады. Олардың дауыс  беру  құқығы жоқ, алайда  судьяның  сұрақтарына  жауап бере, іске қатысты  фактілі дәлелдерді немесе  Конвенцияның және оның Хаттамаларының ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіндердің  түрлі мүмкін  оқылу ерекшеліктерін  түсіндіре алады. Істі  тыңдауға дайындық  барысында берілген істі шешу үшін Грефье қызметі негізгі деп санайтын сұрақтар тіркеледі.  Сот шешіміне  берілген істі қарастырған Палата құрамындағы төрағалық етуші  тұлға, Грефье немесе оның  орынбасары қол  кояды.

Грефьенің  маңыздылығы  оның және орынбасарының  соңғы міндеттемесін  орындау кезінде Еуропа Кеңесінің  Артықшылықтар мен иммунитеттер жөніндегі  Бас келісімнің №6 Хаттамасында белгіленген Еуропалық сот судьяларына арналған артықшылықтар мен иммунитеттер таралатыны болып табылады. Грефье Соттың Пленарлық  мәжілісінде жасырын дауыс беру және    қатысушы судьяларлың  көпшілік дауысы арқылы қайта  сайлану  құқығымен бес жыл  мерзіміне сайланады. Бұл лауазымға ұсынылған тұлға жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы тиіс,сонымен бірге   қажетті құқықтық ,әкімшілік және  лингвистикалық  білімдері мен тәжірибесі  болуы  қажет. Соңғы талаптың ерекше маңыздылығы бар. Грефьенің орынбасарларының бірі сот жұмысының  француз тіліндегі бөлігіне,ал екіншісі –ағылшын тіліндегі бөлігіне  жауап беретін болса да, хатшылық жалпы екі тілде  бірдей міндетті  тәртіпте жарияланатын соттың барлық ресми  құжаттарының мен   Сот мәжілістеріне  арналған дайындық материалдарының адекватты болу жұмысын   мойнына алады. Француз және  ағылшын заң  терминологияларының елеулі  айырмшылықтарының болуына байланысты жоғары кәсіби дайындық пен тәжірибе қажет етіледі[38.б.65].  

Грефьенің екі  орынбасарларына  да ұқсас талаптар  қойылады. Сайланған  Грефье және де оның  орынбасарлары  қызметке  кірісу  алдында ант  етеді  немесе Соттың  Пленарлық  мәжілісінің алдында немесе оның Төрағасының алдында  салтантты  түрде  сөз береді.

Еуропалық сот Регламентінің 18б. 3п. сәйкес  құқықтық  референттерді  қосқанда, алайда хатшы мен оның орынбасарларынан басқа, Сот Хатшылығының лауазымды тұлғалары  Еуропалық  сот Төрағасының немесе Сот Грефьесінің  келісімімен Еуропа Кеңесінің Бас  Хатшысымен тағайындалады[39.б.94].

Осылайша, Адам құқығы жөніндегі  Еуропалық соттың қазіргі заманауи  құрылымы екі бірі-бірімен тығыз  байланысқан органдар топтарын қосады:

  • Негізгі мақсаты Еуропалық сот жұмысы мен қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылатын әкімшілік ету органы.
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Конвенциямен және оның Хаттамаларымен ескерілетін құқықтар мен бостандықтарды  бұзу жөніндегі шағымдарына байланысты Конвенцияның  Ережелерін талқылау мен қолданумен айналысатын  сот органы.

 

 

2.2.2 Еуропалық соттағы  судьялар және ad hoc судьяларының  мәртебесі

 

Адам құқықтары жөніндегі  Еуропалық сот 47 судьядан тұрады. Конвенцияға  бір мүше-мемлекеттен бір өкілі  қатысады. Сондай-ақ,  судья Еуропалық  сотқа мүше ретінде сайлаған мемлекеттің азаматы болуы міндетті талап етілмейді. Мысалы, Сан-Мариноның атынан судья болып  Италияның азаматы сайланған,ал Лихтенштейнның Швейцария азаматы.

Адам құқықтары бойынша  еуропалық  соттың  құрамына   мойындалған  беделді  заңгерлер  болып  табылатын, жоғарғы моральдық   сапаларға   ие судьялар  кіреді. Судьялардың саны еуропалық  Конвенцияға  қатыссушы-мемлекеттердің санына   тең (41 судья).  Сотта бір мемлекеттен екі  өкіл болмауы тиіс. Судьяларды Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы алты жыл мерзімге сайлайды. Судьялар қайта сайлануы  да мүмкін. Олар  жеке  тұрғыда  әрекет етеді  және  қандай да бір   мемлекетті жақтамайды. Судьялар өздерінің міндеттерін орындау  процесінде толықтай тәуелсіз  болып  табылады. Өз мерзімі ішінде  судьялардың өкілдігі олардың тәуелсіздігімен және  еуропалық соттың мүшесі  ретіндегі әділдігімен сәйкес  келмейтін басқа ешқандай  қызметтерді имеденбеуі  тиіс.

Еуропалық сот өз құрамының  ішінен Төрағаны  және  Төрағаның  екі  орынбасарын сайлайды. Еуропалық  соттың мүшелері  өздерінің  жұмыс  кестесі  бойынша  әрбір  күн  үшін  еңбекақы  алады,  сондай-ақ ,  жыл  сайын  қаламақы  алады. Бұл  шығындар  Еуропа  Кеңесінің   бюджетінен  өтеледі. Еуропалық сотқа  оның  тікелей  қарамағындағы кеңсе  көмектеседі. Еуропалық  сот  Соттың  хатшысын  сайлайды  және кандидатуралары  бойынша Еуропа  Кеңесінің Бас  Хатшысымен кеңескеннен   кейін  Хатшының орынбасарын сайлайды. Басқа  қызмет орындарына тағайындауды  Төраға мен сот Хатшысының келісімі  бойынша Бас Хатшы орындайды. Осылайша,Еуропалық соттың өкілдерінің арасында Конвенцияға мүше-мемлекеттермен сайланған бір мемлекеттің екі азаматы болуы мүмкін.

 Сонымен қатар 17 судьядан   тұратын (Сот Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары және секция  төрағалары жіне  бір-бірін тоғыз ай сайын ауыстыратын  судьялардың екі тобы) Улкен  Палатаның міндетіне  тікелей  қатысты істерді,бірақ, егер ол іс Конвенцияны түсіндіру мен оның Хаттамаларына байланысты  маңызды мәселелерді  көтеретін  болса  ғана, сондай-ақ  сот практикасында   қарама-қайшылықтарболатын  болса, сондай істерді ғана  қарау кіреді. Үлкен Палата тікелей қатысты істерді қарайды,егер:  біріншіден,істі қараушы еуропалық сот палатасы Улкен Палатаның пайдасына өзінің юрисдикциясын беретін болса және істегі қарсы жақтардың ешқайсысы істің Улкен Палатаға берілуіне қарсылық жасамаса; екіншіден, қарсы жақтардың бірі Еуропалық сот шешім шығарған күннен бастап   үш айдың ішінде істі Үлкен Палатада қарауға беру туралы өтініш жасаса. Конвенцияның 21б. 1 б.-да Еуропалық соттың  судьяларына қажетті талаптар  тізімі көрсетілген. «Судья  ең жоғары моральдық қасиеттерге ие, жоғары сот лауазымдарына тағайындалуға  тән болатындай қажетті талаптарға сай,   жалпы мәртебесі  бар құқық зерттеуші болу қажет». Сонымен қатар,судья француз не ағылшын тілін еркін меңгерген  болу керек. Еуропалық соттың екінші кәсіби тілін білу үлкен артықшылық. Бас келісімнің  Алтыншы Хаттамасының 3б. сәйкес судьялар  өз  міндеттемелерін атқарғанда  олардың  айтқанына  не  жазғанына қатысты  толық  тәуелсіздік  және  толық еркіндік  болу  үшін  сот жауапкершілігінен иммунитеттерін  пайдаланады, «сәйкесінше тұлғалар  міндеттемелерді атқармайтынына  байланыссыз міндеттемелерді атқарғанда барлық  жасаған әрекеттеріне  қатысты».

Бас келісімнің  Алтыншы Хаттаманың  4б. сәйкес,  судьяларға иммунитеттер мен артықшылықтар олардың жеке  пайдасы үшін  емес,  оларға  тапсырылған функцияларды  орындауға толық тәуелсіздікпен  қамтамасыз  ету үшін  беріледі. Еуропалық сот пленарлы  отырысы ғана  судьяны   иммунитеттерден  айыруға  құзыреті  бар. 

Иммунитет   заңдылық  пен  әділділікке  қарсы  әсерін  тигізетін  немесе  Соттың  ойынша  мақсатқа  зардап  тигізбей  оған  жету  үшін   иммунитеттің  қажеті  жоқ деп ойласа, Еуропалық сот  судья  иммунитеттерінен бас  тартуы  мүмкін  ғана  емес, міндетті  болып  табылады.

Алтыншы   хаттаманың 6б.-да  Еуропалық  соттың, судьялардың   және  кеңсенің  сот ісіне  қатысы  бар  құжаттар мен  қағаздар  қолсұғылмаушылық  иммуниттеріне ие.

Еуропалық соттың, судьялардың, кеңсенің  ресми хат алмасуы мен ресми корреспонденциясына тыйым салынбайды,  цензура пайдаланылмайды.

1961  жылдың  16  желтоқсанында   Бас  келісімнің  Төртінші  Хаттамасының  2б. сай судьялар  өз  функцияларын  жүзеге  асыру  шеңберінен  шықпай, жүріп-тұру  кезінде функцияларды  атқарғанда келесі иммунитеттер  мен артықшылықтарға ие:

Информация о работе Көптеген жылдар