Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Еуропалық сот шағымданушыны  құқықтардың  бұзылуының  зардап шегушісі ретінде танығаннан кейін, оны  берген статустан  айыру құқығына ие. Жасалған  шешім, әдеттегідей, белгілі- бір істің  жағдайларымен анықталады.

Осылайша,Никишинаның  Ресейге қарсы  ісінде, шағымданушы  Мәскеу облысындағы  Люберецкое қаласы сотының  оның  баласын діни  наным-сенімдеріне  берілген себебімен  әкесіне тәрбиелеуге  бергеннен  кейін, дискриминациялық  шешім  шығарды деп  шағымданды.  Мемлекеттік билік  әйелдің  Еуропалық сотқа  жүгінгені  жөнінде мәліметтер алғаннан  кейін, РФ-ң Жоғарғы Сот Төрағасы   оның  ісі бойынша  соттық емес қаулыларына наразылық  білдірді. РФ-ң азаматтық  істер  бойынша Жоғарғы Соттың  сот алқасы  Конвенциянвң  сәйкес  баптардың  бұзылуын  таныды және  іс  жаңа  сот құрамымен   қайта қарауға   жіберілді. Нәтижесінде ана өтемақысыз қалғанына және  баласымен екі жылғы мерзімге көрімпегеніне, сонымен қатар істі  мәні бойынша  қарусы  қалғанмен, Еуропалық сот Ресей  Федерациясының  жасаған  әрекеттерін  шағымданушының  құқықтар мен бостандықтардың  бұзылуының  зардап шегушісі  жөнінде  шағымын қарауға  жатпайтыныдығы  жөнінде  шешім  шығаруға жеткілікті  деп санады.

Зардап шегуші  статусынан тек  қана Еуропалық соттың өзі  айра  алады,және  бұл шешім  бұрын  ескерілмеген  жаңадан  пайда болған шағымданушының  құқықтарының  бұзылу себебі болып табылған және оның  Еуропалық сотқа арыз жазуға негіз болған  белгілі-бір фактілердің немесе  себептердің пайда   болуымен  байланысты  болмау керек.

Мысалы, шағымданушы Еуропалық  сотқа тұрақты  мекенді және  жеке өмірді құрметтеу құқығың бұзылуы, яғни  оның  мекен ететін жерінің  қасында, денсаулыққа  қарсы әсер ететін  санкцияланбаған  қалдықтардың  өңдеуін өткізгені  негізінде жүгінді. Кейін  шағымданушы бұл қаладан, ауданнан  және  үйден кетті, ал  санкцияланбаған  қалдықтарды  өңдеу жұмыстары  тоқтатылды. Бірақ, шағымданушының  құқықтарының бұзылу факті орын алғанн, және зардап  бәрі-бір  келтірілген, сондықтан шағымданушы  зардап шегуші статусын  жоғалтпаған.

Құқықтардың бұзылуының потенциалды зардап  шегушісі. Еуропалық  сотқа  көптеген рет шағым жазу уақытында Конвенцияда және оның Хаттамаларында көзделген құқықтар мен бостандықтардың  бұзылмаған, бірақ  болашақта бұзылады деп  ойлауға  негіздері   бар тұлғалар  жүгінді.

Еуропалық сот осындай  шағымдарды  жеке топқа  бөледі, ал  шағымданушылардың өздеріне потенциалды  зардап шегуші  атағын береді.

Класс және тағы басқалары  Германия Республикасына қарсы ісінде  шағымданушылар жеке өмірді құрметтеу, корреспонденцияға құқықтарының бұзылу негізінде  Еуропалық сотқа жүгінді. ФГР-да белгілі –бір тараптардың  келісімінсіз  адамдарға   құпия бақылауды  өткізуге  құқық  берген құқықтық нормалар әрекет етті.Шағымданушылар, бұл нормалар тікелей оларға қолданғанын  дәлелдей алмады, бірақ Еуропалық сот оларды құқықтар бұзылуының зардап шегушілері ретінде таныды, себебі бұндай  бақылау шынымен  өткізілуі  мүмкін болған.

«Әулие монастырьлер»  Грецияға қарсы ісінде шағымданушылар Еуропалық сотқа  Грецияя мемлекетінде адамдарды, олардың иелілігіндегі  жеке-меншіктен мәжбүрлеу арқылы  айыруға  құқығының  болуының негізінде  шағымданды. Мәлімдеуішінің  пікірі  бойынша, мемлекет  бүгінгі  күнде  олардың  мүліктерін   экспроприацияламаса, бұл факт болашақта  оларды мемлекетпен бұндай әрекеттерді  өткізілу  қаупінен  қорғамайды, осыған  сәйкес, шағымданушы- мүмкін болатын немесе потенциалды  құқықтардың  бұзылуының зардап шегушісі.

Еуропалық сот  шағымданушыны  потенциалды  зардап  шегуші релтінде  тек  құқық  бұзылуының нақты  қаупінің  болған жағдайында  тани алады.

Серинг Біріккен Корольдікке қарсы ісінде қылымстық жауапкершілікке тартылатын ісі үшін британдық билік оны АҚШ-қа тапсыруға келісіті, АҚШ-тың сәйкес  штатында  оны өлім жазасына  үкім етті. Өлімді күтү  оны   адамгершіліксіз әрекет ретінде саналатын «өлетіндер камерасы  синдромының»  пайда болуына әсер етті, яғни ол- қинауға қарсы құқығы бұзылуының  зардап шегушісі.

Ашық есік және Дублиннің Ирландияға қарсы  ісінде, мемлекетпен әйелдерге шетелде түсікті жасау жөніндегі ақпаратты беруге   арнайы   енгізілеген тыйым салу   және бұл әйелдер жүгінген адвокаттық фирмалар да қол қойған  шараларына қарсы   Еуропалық сотқа шағым түсті. Бұл шағымда әйелдер бұл шектеулер өзерінің  жеке  өмірлеріне қолсұғылушылық жүзеге асты деп мәлімдеді. Шағым жазу уақытында, әйелдер бала көтермеген, бірақ бала туғызатын жаста болғандықтан, болашақта қойылған шектеулердің зардап шегушілері  болу қаупі болды. Осының негізінде Сот оларды  потенциалды зардап шегушілер ретінде таныды.

Еуропалық сот шағымданушыға  потенциалды зардап шегушінің статусын текбелгілі-бір жағдайларда береді. Яғни арыз құрамында Конвенцияда және оның Хаттамаларында кепілдендірілген  құқықтардың және бостандықтардың бұзылуының   обьективті қаупі сипатының барын дәлелдейтін   салмақты негіздер  болған  жағдайда.

Құқықбұзушылықтың жанама зардап шегушісі. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Конвенциямен және онық хаттамаларымен кепілдендлірілетін құықтары мен бостандықтарының бұзылғаны орын тапты деп санайтындарға  Еуропалық сотқа жүгіну максималды түрде  қолжеткізерлік жағдайда болу үшін,  Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенциямен шағымданушының жеке тұлғасына ешқандай талаптар қойылмаған, бірақ кейбір тұлғалар Еуропалық сотқа жүгіне алмайды, олар: құқықбұзушылықтың зардапшегушісінңң өлімі мен жоғалуы.

Егер құқықтары немесе бостандықтары  бұзылған тұлға өлген немесе жоғалған болса, зардап шегіщінің  жақын туыстары (қамқоршы) Еуропалық сотқа өлген немесе жоғалған адамның атынан оның құқықтарының немесе бостандықтарының бұзылуы жөнінде жүгіне алады. Сот бұндай тұлғаларды құқықбұзушылықтың жанама зардап шегушілері деп таниды.

Мысалы, Стюарт Біріккен Корольдікке қарсы ісінде еуропалық сотқа көтеріліс кезінде жауынгерлермен өлтірілген баланың анасы шағымданды.

Кинанның Біріккен Корольдікке қарсы ісінде еуропалық сотқа айыпталуда болған баласының өмірін сақтай алмаған түрме басшылығына, өзін-өзі өлтірген баланың анасы шағымданған.

Ресейге қарсы  Сыркин ісінде  Украинада тұрақты мекен еткен Ресей азаматы Германияда әскер қызметі кезінде баласының жоғалып кетуне шағымданды. Шағымданушы оның баласы ресей билігімен заңсыз ұсмталынып жатыр және босатылуға немесе өзінің  қамалуына шағымдануға мүмкіншілігі жоқ  де мәлімдеді.

Құқықбұзушылықтың зардап шегушісінің туыстары Еуропалық  сотта қарауды бастау ғана емес, сонымен қатар Еуропалық сотқа  жүгініп, шағымданған және кейін өлген тұлғаның шағымын қолдауға құқығы бар.

Францияға қарсы  Х. Ісі шағымданушының бірнеше рет болған қан құю кезінде СПИД вирусымен жұқтырғанымен байланысты болды. Оның шағымы   әкімшілік қарау ұзақтығына сәйкес   қаралуға жатады деп танылған. Қарау кезінде шағымдануша өлді,бірақ оның ата-анасы сот  қарауын жалғастыруға ниеттерін айқындады, Еуропалық сот олардың ниеттерін қолдады.

Құқықбұзушылықтың тікелей  зардап шегушісінің құқықтары мен  бостандықтарының бұзылуына байланысты Еуропалық сотқа жүгінген кезде, туыстар немесе басқа да мүдделі тұлғалар олардың туыстылығын, немесе зардап шегушінің атынан сотқа қатысуға құзыретті тапсыратын құжаттарды   ұсынуға  тиісті.

 

 

 

 

        

 

 

 

 

         2.2. Еуропалық сот қызметі

 

         2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар

 

Еуропалық Сот Төрағасы. Еуропалық сот төрағасы келесі қызметтерді   қоса ала жүретін  зор құзіреттілікке ие:

-ұйымдастырушы – басқарушылық қызмет: Еуропалық Сот ісі басқармасы мен жұмысын жетекшілікке алуды іске асырады.

-өкілдік қызмет:  Еуропа кеңесінің институттары мен органдары арасындағы өзара әрекетіне жауапты.

-Сот қызметі: Еуропалық Соттың пленарлық мәжілістерінде, Үлкен палата мен комитеттердің мәжілістерінде төрағалық қызметін атқарады, сонымен қатар, нақты бір сұрақ жөнінде төрешілердің көзқарастары теңбе-тең болған жағдайда, шешуші дауыс беруге құқығы бар.

Еуропалық Сот Төрағасы Соттың пленарлық мәжілісінде 3 жылғы  мерзімге сайланады және қайта сайланыла  алады. Сонымен қатар, төрағаның  қызметке келуі  оның  соттық өкілеттілігінің мерзімінен шектен асыра алмайды.

Сот Төрағасаның сайлануы тек қана  қатысушы  төрешілердің қатысуымен  жасырын  дауыс  беру  арқылы  өткізіледі. Егер төрешілердің  ешқайсысы абсолютті  дауыс  жинай  алмаған  жағдайда,  сайлайдың  екінші  турында  ең  көп деген  дауыс  жинаған  екі  төреші қатысады. Егер  дауыс  теңбе-тең  болса, төрешінің  жасының  үлкендігіне  қарай тыңдау  жасайды.

Нұсқалған ережелер Сот  Төрағасының  екі  орынбасарына  таратылады[29]. Сот Төрағасының қызметтерін  іске  асыру  немесе  оның  өтініші  бойынша не  өз қызметін  атқара  алмай  орнын  баса  тұру қажет  болған  жағдайда көмек  көрсету олардың міндеттерінее кіреді.

Еуропалық  сот Бюросы.  Сот Төрағасының сот жұмысын  басқаруда және  оған қызмет көрсетуші бөлімшелердің міндеттерін атқару, Сот бөлімдері арасындағы  координацияны жеңілдету үшін көмек көрсету мақсатында Еуропалық сотта жаңа  орган- Бюро  құрылды. Бұл жаңашылдық Еуропалық сот Регламентінің «Бюро рөлі» атты тоғызыншы А бабында көрінісін тапты. Ол 2003 жылдың 7 шілдесінде енгізілді. Судьялар  Еуропа Кеңесімен  төленетін  қосымша  жалақыдан,сыйақыдан,  жалақыға  салықтардын  Еуропа  Кеңесінің  иммунитеттер мен  артықшылықтар    жөніндегі    1990  жылғы  18  маусымдағы  Бас  келісімнің   Бесінші  хаттамасы  негізінде  босатылады.

Еуропалық  соттың  судьялары  оларға  тапсырылған    құзыреттерін   жеке   сипатта   жүзеге   асырады.   Қызметте   болу  мерзімі  уақытында   судьялар  олардың  тәуелсіздігіне  егемендігі  және   талаптарына  сай толық жұмыс күні  кезіндегі тұрақты жұмыс сипатына  сәйкес  келмейтін басқа саяси,  әкімшілік,  және  т.б. кәсіби қызметпен айналысуға  құқығы  жоқ. Жоғарыда  аталған тыйым оқыту және  ғылыми  қызметке  таралмайды.   Бірақ,  барлық  жағдайда да әр  судьяның  қосымша  қызметі   жөнінде  еуропалық  сот  төрағасы  рұқсат  беруге  қажетті .  Белгілі-бір  судья  мен  Сот Төрағасы   арасында  қарама-қайшылықтар  туындаған   кезде,  қорытынды  шешім  Еуропалық  соттың  Пленарлы  отырысымен  шығарылады. Еуропалық  соттың   жұмысында  маңызды   рольді  судьялар  жасы   атқарады. Оны  анықтаудың  2 тәсілі  бар:  жасы  бойынша,  қызметте болу  мерзімінің  ұзақтығы  бойынша (Еуропалық  сотта  жұмыс  істеу стажы). Екі  судья тең  дәрежеде бір  негізгі  болып  танылатын  критерийге  жауап  бергенде,  критерийдің  екеуі  де негізгі  және  субсидиарлы  болып  танылуы  мүмкін.  Маңызды  стаж   үлкен  тәжірибені  жинауға , сот  тәжірибесін  білуге,  Еуропалық  соттың қалыптасқан  дәстүрлерін  меңгеруге  мүмкіндік  беретіндіктен,  қызмет  ету  мерзімі көбінесе  негізгі  критерий   ретінде   болып  танылады.  Бұл  үлкендігі  жағдайды   ескеріп  судьяны  қызметке  тағайындау мерзімімен  анықталады. Егер  де екі немесе  одан да көп  судьялардың  қызметте  болу   стажы  сәйкес  келсе, жастың  үлкендігі  бойынша  анықталады.

Қойылған тапсырмаларды  орындау үшін  Бюро Сот Төрағасының  құзыреттілігіне кіретін және  соңында бюроның  қарастыруына  жіберілген әкімшілік сипаттағы  және  өзге соттан  тыс мәселелерді  шешеді. Әрбір мәселе  бойынша  Бюро баянадама  жасай алады және  Пленарлық сот мәжілісінде  нақты  ұсыныстарды  бере алады немесе  Бюро кеңес  өткізеді  және  әр мәселе  бойынша Еуропа Кеңесінің екі ресми тілдерінде  есеп  беріледі, ал  баяндаманың мәтіні төрешілергі  үйлестіріледі.

Сонымен бірге, Еуропалық  сот Реглемнтінің 32 б. Ережелеріне сәйкес, соңғысы сот әділдігін жіберу  үшін практикалық нұсқауларды шығару  қажетті деп санаған жағдайда  ғана Бюро еуропалық со төрағасының консультанты  рөлінен ажыратылады.

Еуропалық соттың пленарлық  мәжілісі. Пленарлық мәжіліс- Соттың жоғарғы басқарушы  органы. Пленарлық  мәжілістің  құрамына барлық төрешілер  кіреді. Пленарлық  мәжіліс оның  міндеттерін  жүзеге  асыруды  қажет еткен  жағдайда немесе Соттың 1/3 бөлігінен  кем емес  мүшелерінің талаптары бойынша еуропалық сот төрағасымен  әркез шақырылады[30]. Пленарлық мәжіліс қай жағдай болса да,  әкімшілік мәселелерді қарастыру үшін  жылына кем дегенде бір мәрте өткізілуі тиіс.

Пленарлық мәжілістің құзыреттілігіне келесі  мәселелер  кіреді:

-сот Төрағасының, оның орынбасарларының, сонымен қатар  бөлімдердің  Төрағаларын  сайлауы.Барылқ сайлау жасырын сайлау түрінде өткізіледі. Егер  кандидаттардың бірі  қатысушы төрешілердің абсолютті  дауысын жинай алмаған  жағдайда, ең көп дауыс жинаған екі төрешінің  қатысуымен  екінші тур өткізіледі. Дауыстардың тепе-тең келуіне  байланысты жас үлкендігі қағидасы бар;

-бөлімдерді құру және олардың құрамын бекіту;

-сот аппаратының және оның орынбасарларының басқарушысы – Грефьені сайлау;

-сот регламентін қабылдау, осыған байланысты  оны талқылау  мен өзгертулер енгізу;

-төрешіні қызметінен  босату;

-Сот немесе төрешінің  Төрағасы Пленарлық  мәжілістің  қарастыруына жіберуді ұсынған  басқа да мәселелер.

Еуропалық соттың Үлкен  Палатасы. 2000 жылдың 8 желтоқсанынан бастап  өзгертулерге сәйкес жұмыс істейтін Еуропалық сот Регламентінің 24б. сәйкес Үлкен Палата белгісіз мерзімге құрылады.

Үлкен Палата 17 төрешіден  және запастағы 3 төрешіден тұрады. Оның құрамына қызметі бойынша Сот  Төрағасы, оның орынбасарлары және бөлім Төрағалары кіреді[31]. Егер бөлім Төрағасы Үлкен Палатаның мәжілісіне қатыса алмайтын болса оның орнына бөлім Төрағасының орынбасары келеді. Басқа Төрешілер Үлкен Палата құрамына кезектік бойынша кіреді. Оны жеребе тастау арқылы Сот Төрағасы Сот Грефьесінің қатысуымен бірге өткізеді. Жеребе тастау шарттарын  Соттың Пленарлық мәжілісі бекітеді. Соттың Пленарлық мәжілісі Үлкен Палатаның құрамы географикалық тең болуын қамтамасыз етуін, жыныстарының тең өкілдігі қағидасына жауап беруін және мемлекеттердің – Конвенцияға қатысушылардың түрлі құқықтық жүйелерін көрсетілуін қадағалайды.

Конвенцияның 30 б.сәйкес қандай да бір Палатаның қарастырылуындағы  бір іс Конвенцияны немесе оған қатысты  Хаттамаларды талқылауға байланысты елеулі мәселені қарастырса немесе белгілі-бір Палата қарастыруға алған қандай да бір мәселенін   шешімі ертеректе Сот Қаулысына қарама-қайшы болса, бұл Палата Қаулыны шығаруға дейін Үлкен Палатаның пайдасына екі жақ та оған қарсы болмаған жағдайда өз құзыреттілігінен бас тарта алады.  30 б. сәйкес  оған жіберілген істерді қарастыру үшін   Үлкен Палатаның құрамына ертеректе оның пайдасына өз құзыреттілігінен бас тартқан Палатаның мүшелерін қосады[32]. 

Информация о работе Көптеген жылдар