Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа
Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ол шағымын ампаро процедурасымен 1989 жылғы 17 сәуірде Конституцияның 20б. жарнамалық хабарламаларға таралмайтынын жариялаған Конституциялық сотқа жіберді.
В. Адам құқықтары жөніндегі Комиссиядағы істі қарау
1989 жылғы 25 мамрды Комиссияға
жіберілген шағымда
Бейбіт келісімге қол жеткізе алмай Комиссия 1992 жылдың 1 желтоқсанында Ковенцияның 10б. бұзылуы орнын алғаны жөнінде фактілерді бекітіп, ойын білдіре баяндама жасады. ( тоғыз дауысқа тоғыз дауыс шықты, Төрағалық етушінің даусы қорытынды дауыс ретінде болды).
Сот шешімінен шығару
Құқықтық мәселе. Конвенцияның 10 бабы бұзылғаны жөнінде бекітулер
Азамат Касадо Кока 1983 жылдың 6 сәуірінде өзінің жариялы түрде жергілікті газеттерге өз тәжірибесі жайлы жарнамалағаны үшін Барселонаның адвокаттар коллегия Кеңесімен оған салынған тәртіптік жаза салғанына шағымданды.Ол төмендегі мәселелерді қарастыратын Конвенцияның 10б. жүгінеді.
«1. Әр адамның өз ойын жариялауға құқығы бар. Бұл құқық мемлекеттік шекера мен мемлекеттік органдардың жағынан кірісуінсіз ақпаратты алу және еркін түрде таратуды және өз ойының болуын қосады. Берілген бап мемлекеттердің теледидар, радиохабарлы және кинемотографиялық кәсіпорындарын лицензиялауға кедергі келтірмейді.
2. Аталып кеткен бостандықтар белгілі-бір міндеттемелер мен жауапкершілікті салатын заңмен қабылданған және демократиялық қоғамға қажетті, мемлекеттік қауіпсіздікті, шекаралақ тұтастылықты, қоғамдық тыныштылықты қамтамасыз ету, қылмыстар мен тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатымен, денсаулық және адамгершілікті сақтау үшін, жабық түрде алған ақпараттың таралуын және әділділіктің мәртебесін сақтау мақсатында қабылданған санкциялармен, шектеулермен, талаптар мен белгілі- бір нысаншылықпен түйіндестірілуі мүмкін ».
А. Конвенцияның 10 б. қолдану
Үкімет 10 б. қолдануын көздеген жоқ. Үкіметтің хабарлағаны бойынша, шағымданушының хабарламалары жарнамалық сипатта болды, ал коммерциялық сипаттағы ешқандай ақпарат болған жоқ. Шағымданушы жарнаманы клиенттердің санын көбейту мақсатымен таратты. Сол сияқтысы, сөз еркіндігінің әрекет еті аясына жарнама кірмейді; жарнаманың қоғамдық мүддесі жоқ, ол тек қана жеке тұлғалардың мүдделерін сипаттайды. 10 баптың кепілдіктерін жарнамаға қолдану, баптың әрекет ету аясын өзгертімен тең.
Шағымданушының айтуына сәйкес, шын мәнінде, оның хабарламасының ішіндегі ақпарат халайыққа арналған. Ол клиенттердің ағымының көбеюін қамтамасыз етті, яғни халық оны қажетті және пайдалы деп санады. Сонымен қатар, жарнама саяси немесе коммерциялық мазмұнына немесе ол арқылы берілетін ойға байланысты ақпараттың бірнеше түрлері бар жалпы түсінік болып саналады. Бұдан басқа, адам құқығын қорғау жариялы мүддені қорғау қажет. Ол жеке де мүдделерді қорғауы мүмкін.
Сот, ең алдымен, 10 бап «барлығына» сөз еркіндігіне кепіл береді деп атап кетеді. Қойылған мақсатқа байланысты айырмашылықтар жүргізілмейді, яғни табыс әкеле ме жоқ па, басқа жол бапты бұзуға әкелетін еді. Федеративті Германия Республикасына қарсы Бартольд ісінің 1983 жылдағы 25 наурызынан басталған өз шешімінде Сот коммерциялық жарнама 10б. әрекет ету кепілдіктері аясына кіретіні жөнінде мәселені ашық түрде қалдырды. Бірақ өзінің кейінгі шешімдерімен қалыптасқан сот тәжірибесін жасап шығарды, оған байланысты 10б. белгілі- бір ақпарат немесе ойдың анықталған әсіресе саяси сипаттағы түріне ғана емес, сонымен қатар шығармашылық өз ойын жарыққа шығару түріне де кіреді, Комиссия әділ нұсқағандай, кабельде хабарланатын жеңіл әуен мен коммерциялық хабарламалар түріне де жатады дейді.
Берілген істегі даулы хабарламалар ішінде шағымданушышың аты, мекен-жайы және телефон нөмірі ғана болды. Көріп тұрғанымыздай, олар жарнама жасау мақсатында шығарылған болатын, бірақ сонымен бірге олар құқықтық көмекті қажет ететін тұлғаларға пайдалы ақпаратты берді, олардың әділділікке жетуге көмектескені анық.
В. 10б. талаптарын орындау. Билік органдарының қатысуы болды ма?
Үкіметке сәйкес,
егер іске араласу орын
алса да, ол мемлекеттік органдар
тарапынан емес, азамат Косадо
Кокага серіктестерімен
Сот Комиссия және шағымданушы тәрізді, 1974 жылдағы Кәсіби бірлестіктер туралы Заңының 1б.сәйкес олар жария құқығының корпорациясы болып табылатындығы жөнінде белгіледі.
Көрсетілген ерекшелік адвокаттар коллегиясына қатысты коллегияның құқықтық мәртебесі қоғамдық мүдделерден құралатын қызмет ету мақсатына байланысты, яғни кәсіби этикасын және нормалардың сақталуы мен заң тәжірибесінің қадағалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен реттелетін еркін және қажетті құқықтық көмек көрсету қызметіне байланысты күшееді. Даулы шешім Барселона адвокаттар коллегиясы мүшелеріне қатысты қолданған нормаларға сәйкес шығарылды, және құзыретті соттарда шағымдануы мүмкін болды. Бұл соттар, мемлекеттік мекемелер, Конституциялық Сот сияқты санкцияның қолданылу дұрыстығын дәлелдеді. Олай болса, азамат Касадо Коканың ақпаратты еркін түрде таратуды жүзеге асыруды қанағаттандыратын «жария билігінің» іске араласты деген ойға барлық негіздер бар.
Іске араласу дәлелденді ме? Аталып кеткен мақсатқа жету үшін 10б. 2п. сәйкес «заңмен көзделген болса» іске араласу 10 б.-қа қайшы келмейді.
Заңмен көзделген
шағымданушы санкция өзінің
Шағымданушының Жоғарғы сотқа жіберген шағымы не нәрсе құқықбұзушылық болып саналатын анықтайтын қағиданың бұзылғанына негізделген. және ол үшін санкцияны тек қана заң шығарушы акт ескере аладды. Жоғарғы сот шағымды қайтарып жіберіп Конституциялық соттың тәжірибесіне жүгінді. Сот мұндай шешімді Конституциялық сотпен берілген 1989 жылғы 17 сәуірдегі Конституцияның 20-бабының талқылауын дұрыс деп санады. Қысқаша айтқанда, іске араласу заңмен ескерілген болатын.
Осы негіздер бойынша сот
10-шы бап осы істе
қолданылуы керек деп
Оның бұзылуы орын алмады деп жеті де екі дауыспен қаулы етті.
1994 жылдың 24 ақпаннннннында
Страсбург қаласында адам
Конвенцияның 51 бабының 2 тармағына және Сот Регламентінің 53 бабының 2тармағына сәйкес берілген шешімге төрешілердің өзіндік пікірлері қосылады.
Төрешілер Тора Вильямсон және Палмның біріккен ерекше пікірлері. Біз Палатаның көпшілігімен 10-шы баптың берілген жағдайға жарамды екендігіне, заімен ескерілген және құқықтық мақсатты көздеген іске араласушылық орын алғанына келісеміз.
Алайда, іске араласушылық қажеттілігіне келсек, біз Комиссия баяндамасының 54-65 тармақтарында аталғанымен келісеміз. Сонымен қатар біз Конвенцияның 10-шы бабының бұзылуы орын алды
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық
сот көмегімен халықаралық және
ұлттық құқытың жүйелердің өзара
әрекетінің жаңа деңгейі айқындалған
адам құқықтары бойынша еуропалық
соттың нақ осы ерекшелікті белгілері
еуропалық құқық кепілдендірген
кеткен жөн.
Адам құқықтары бойынша Еуропалық сот Еуропа Кеңесі сияқты аймақтық халықаралық ұйым шеңберінде 1958 жылы құрылып, қызмет істей бастады. 80- жылдарға дейін еуропалық сот біршама ғана істерді қарады. Өйткені,еуропалық конвенция бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты шағымдарды алдымен адам құқықтары бойынша Еуропалық комиссия қарастырып,істің мән-жайын зерттеп білді және Еуропалық Конвенцияның ережелерінің сақталуы жөнінде өз пікірін білдірді. Істің адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа берілуі тек, егер, мемлекет еуропалық соттың міндетті юрисдикциясынг таныған жағдайда ғана мүмкін болды. Сөтіп,қоғамның құқықты мүшелері мен заңды құқықтары бар адамдардың адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа өздерінің құқытарының бұзылуы жөнінде тікелей өтініш жасап, шағымдануға мүмкіндіктері болмады...
Ұлттық мемлекеттер бастапқыда әрқашан егеменді мемлекеттің ерекше ісі болып есептелген талас-егестерді халықаралық деңдейде қарастырудан сақтанды. Мұндай халықаралық соттың міндетті ықпалын тану жөнінде және оған мемлекетке қарсы сәйкес жазалау шараларын қолдау мүмкіндігін беру жөнінде шешімге келе алмады. Сондай-ақ, ұлттық судьялар да еуропалық соттың жұмысына сын көзбен қарады. Адам құқықтарының сақталуы жөніндегі мәселе тиісті түрде тек құқықтың ұлттық жүйесі шеңберінде ,қоғамдық қатынастармен аталмыш елдің дәстүрлерінің ерекшеліктерін толық түрде ескертіп ұлттық сот арқылы шешіле алады деген көзқарас басым болды.
Алайда, уақыт өте келе жағдай өзгерді, сотқа деген сенім артты, құқықтық сананың деңгейі өсті, еуропалық конвенцияға қатысушы мемлекеттер мен адам құқықтары бойынша еуропалық соттың міндетті қызмет бабын мойындаған мемлекеттердің саны көбейді. Нәтижесінде ,еуропалық сотқа шағымдану барған сайын жиілей түсті. 90-шы жылдардың басына қарай еуропалық конвенциядағы 1950 жылы негізі қалаған бақылау механизмін реформалауға деген қажеттілік пісіп жетілді. Еуропалық Конвенция кепілдендірген құқықтар мен бостандықтарды қорғауддың тиімділігі сотқа жеке адамдардаң жіберілуін қамтамасыз етуді,еуропалық соттың міндетті юрисдикциясын мойындауы және жәбірленуші адамдар үшін әділ компенсация жөнінде үкім шығарудағы оның өкілділігін бөлуді талар етті.
1998 жылы 1 қарашада адам құқықтары бойынша еуропалық Конвенцияның №11 Хаттамасында қол қойылып күшіне енуімен 1950 жылғы еуропалық Конвенция бойынша адам құқықтарын қорғаудың механизмі түбірімен өзгерді. Мәселен, жеке адамдар еуропалық сотқа тікелей өтініш жасауға мүмкіндік алды, соттың қызмет бабы (міндеті) біржолата шешілді,сот пен адам құқықтары юойынша еуропалық Комиссия бір-бірімен қосылды. Еуропалық сот тұрақты түрде жұмыс істей бастады.
Қазірдің өзінде, қаралатын істердің саны бойынша және шығарылатын шешімдердің сапасы бойынша талдау жасай отырып, адам құқықтары бойынша еуропалық соттың реформасы табысты түрде өткендігі жөнінде ұйғарым жасауға болады. Ол арқылы адам құқықтары саласында бірыңғай еуропалық үлгіні қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын тәуелсіз, әділ және беделді халықаралық институттың маңыздылығы нық беки түсті. Ұлттық соттар тарапынан еуропалық сотқа баға беру өзгерді, олар онымен ынтымақтасып, еуропалық соттың прецеденттерінде берілген адам құқықтары саласындағы бірыңғай үлгіні практикада қолданатын болды. Адам құқықтары бойынша еуропалық соттың орналасқан жері- Страсбург қаласы (Франция).
Адам құқықтары бойынша еуропалық Конвенцияның ережелеріне сәйкес адам құқықтары бойынша еуропалық сот еуропалық Конвенция мен оның Хаттамалары ережелерінің түсіндірілуі мен қолданылуының барлық мәселелері бойынша міндеттерге ие екендігін айтқан жөн. Осыған байланысты, еуропалық сот мемлекетаралық істерді , жеке дара шағымдарды қарайды және еуропалық Конвенцияның тусіндірілуі мен қолданылуының юридикалық мәселелері бойынша Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитетінің өтініші бойынша консультативті қорытындылар жасайды. Еуропалық сот талас-егестерді өз юрисдикциясының шамасында шешеді. Еуропалық соттың шешімдері соттардың көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады. Бұл шешімдер Еуропа Кеңесінің мемлекеттері үшін міндетті. Шешімдердің орындалуын қадағалауды Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті іске асырады.
Адам құқықтары бойынша еуропалық соттың құрамына мойындалған беделді заңгерлер болып табылатын, жоғарғы моральдық сапаларға ие судьялар кіреді. Судьялардың саны еуропалық Конвенцияға қатыссушы-мемлекеттердің санына тең (41 судья). Сотта бір мемлекеттен екі өкіл болмауы тиіс. Судьяларды Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы алты жыл мерзімге сайлайды. Судьялар қайта сайлануы да мүмкін. Олар жеке тұрғыда әрекет етеді және қандай да бір мемлекетті жақтамайды. Судьялар өздерінің міндеттерін орындау процесінде толықтай тәуелсіз болып табылады. Өз мерзімі ішінде судьялардың өкілдігі олардың тәуелсіздігімен және еуропалық соттың мүшесі ретіндегі әділдігімен сәйкес келмейтін басқа ешқандай қызметтерді имеденбеуі тиіс.