Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

- Өзінің  қызмет  міндеттемелерін   атқаруға  байланысты  шетел   азаматтарды  тіркеу  кезінде   олардың  келіп-кетіп  жүретін   мемлекеттерде  басқа  мемлекеттерге   өзінің  қызмет  бабымен  қоныстануы, кіруі, шығуы  басқа  да  формальды  әрекеттерге байланысты  тұрақты  тұратын  елден  шығу,кіру, тұру  және  емін-еркін  жүріп-тұруға  байланысты  барлық  шектеулерге  қойылған  иммуниттер.

Жұмыс  сапарлары  кезінде  судьяларға:

-мемлекеттермен  олардың   азаматтықтары  шетелге уақытша  жұмыс  сапарларына  баратын  жоғары  лауазымды  тұлғалар  иеленетін  жеңілдіктер;

-Еуропа Кеңесінің  мүше-мемлекеттерімен  дипломатиялық   миссиялар басшыларына беретін   жеңілдіктер.

Судьялар  Еуропа Кеңесімен  төленетін  қосымша  жалақыдан,сыйақыдан,  жалақыға  салықтардын Еуропа  Кеңесінің иммунитеттер мен артықшылықтар    жөніндегі    1990  жылғы 18  маусымдағы  Бас келісімнің   Бесінші хаттамасы негізінде босатылады.

Еуропалық  соттың  судьялары  оларға  тапсырылған    құзыреттерін   жеке   сипатта   жүзеге   асырады.   Қызметте   болу  мерзімі уақытында   судьялар  олардың тәуелсіздігіне  егемендігі  және   талаптарына сай толық жұмыс күні  кезіндегі тұрақты жұмыс сипатына  сәйкес  келмейтін басқа саяси,  әкімшілік,  және  т.б. кәсіби қызметпен айналысуға  құқығы  жоқ. Жоғарыда  аталған тыйым оқыту және  ғылыми  қызметке  таралмайды.   Бірақ,  барлық  жағдайда да әр  судьяның  қосымша қызметі   жөнінде еуропалық сот төрағасы  рұқсат  беруге  қажетті . 

Белгілі-бір  судья  мен Сот Төрағасы   арасында  қарама-қайшылықтар туындаған   кезде,  қорытынды шешім Еуропалық соттың  Пленарлы  отырысымен  шығарылады. Еуропалық соттың   жұмысында маңызды   рольді  судьялар  жасы   атқарады. Оны анықтаудың  2 тәсілі  бар:  жасы  бойынша,  қызметте болу  мерзімінің  ұзақтығы  бойынша (Еуропалық сотта жұмыс істеу стажы). Екі судья тең дәрежеде бір негізгі болып танылатын критерийге  жауап бергенде,  критерийдің екеуі де негізгі және  субсидиарлы болып танылуы мүмкін. 

Маңызды  стаж   үлкен  тәжірибені  жинауға , сот  тәжірибесін  білуге,  Еуропалық  соттың қалыптасқан  дәстүрлерін  меңгеруге  мүмкіндік  беретіндіктен,  қызмет  ету  мерзімі  көбінесе  негізгі  критерий   ретінде   болып  танылады.  Бұл  үлкендігі  жағдайды   ескеріп  судьяны  қызметке  тағайындау мерзімімен  анықталады. Егер  де екі немесе  одан да көп  судьялардың  қызметте  болу   стажы  сәйкес  келсе, жастың  үлкендігі  бойынша  анықталады.

Конвенцияның 23б. 6 тармағына  сәйкес, 70 жасқа толғаннан кейін өкілеттік мерзімі бітетіндіктен, Еуропалық сот судьясына тағайындалатын кандидат бұл жастан аспауы керек.

Конвенцияның әр мүше-мемлекеті  Конвенцияда анықталған талаптарға сай өкілдерді Еуропалық сотқа  өз алдымен тағайындайды, 3 кандидаты  бар тізімді құрып Еуропа Кеңесінің   Парламенттік ассамблеясына ұсынады. Еуропа Кеңесінің   Парламенттік ассамблеясы мүше-мемлекеттермен ұсынылған кандидаттардың сәйкестілігін тексеріп, Конвенцияның 22б. 1 тармағына сай дауыстың көпшілігімен біреуін Еуропалық сотқа судья ретінде таңдайды. Конвенцияның 22б. 1 тармағында сайлану үшін қатысты дауыс мөлшерін алу керек деп жазылған, бірақ тәжірибеде жеңген кандидатқа қатысты  түрде емес, сайлауға қатысатын депутаттар абсолютті  түрде дауыс береді[40.б.54].

Еуропа Кеңесінің   Парламенттік ассамблеясымен сайланған судья ерекше жағдайда Сот Төрағасына, Еуропалық соттың бірінші Пленарлы отырысында салтанатты мәлімдеме жасайды немесе ант береді.

Судьяны оның   салт-дәстүрлеріне, діни және басқа да ерекшеліктеріне  байланысты сайлауы мүмкін.

Судьялардың өкілеттігі қайта сайлану құқығы  бар мерзімі -6 жыл. Мерзім Еуропа Кеңесінің   Парламенттік ассамблеясымен сайланған  күннен бастап есептелінеді. Егер  де судья өкілеттік мерзімі біткенге дейін Еуропалық сот судьялар құрамынан шығып кетсе, онда бұл лауазымға оның орнына келген жаңа судья  бұрыңғы судьяның мандатының қалған мерзіміне сайланады.

Судьяның өкілеттік  мерзімінің бітуі бұл лауазымға  сайланған күннен бастап алты жыл  өту күнімен әркез сәйкес келмейді. Бұл мерзім орнын басатын жаңа судья келгенше дейін бірталай ұзап кетуі мүмкін,ал  орнын басу жаңа судьяның ант еткен сәтте жүзеге асырылады.

  Жаңа судья өз қызметін жүзеге асыруға кіріскеннен кейін де, бұрыңғы судья өзі бастап бітірмеген істермен, қызмет ету мерзіміне қалған құзыретін сақтай отырып  жұмыс істейді.

Судья өкілеттігін қызметінен кету немесе босатумен байланысты мерзімінен бұрын тоқтауы мүмкін.

Жұмыстан кету деп  судьяның өз еркімен кетуін білдіреді. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына  жіберілетін арыз, алдымен Соттың Төрағасына бағытталады. Жұмыстан кету уақыты судьяның өзімен белгіленеді.

Қызметтен босатуды әр судья  жүзеге асыра алады. Конвенцияның 24 б. сәйкес бұл процедураның негізі ретінде судьяның Конвенциямен белгіленген талаптарға сай болмауы бола алады. Бұл мәселе бойынша қорытынды шешімді  қызметтегі судьялардың жалпы санының 2/3 дауысымен Еуропалық соттың Пленарлы отырысы шығарады.

Конвенция және Регламентте  судьяны  лауазымға тағайындаған орган, яғни Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен қызметтен босатуды бекіту қажеттілігі  қарастырылмаған. Сонымен қатар, егер жұмыстан кету жағдайында  Сот Регламентінде судьяның өкілеттік мерзімі біткеннен кейін өзі қатысқан істерді бітіріп кетендігі жөнінде айтылса, қызметтен босату жағдайында  және басқа да босатудың себеп-салдары бойынша ондай ескертпе хабарлама жоқ[41.б.123]. Еуропалық соттың елу жыл жұмыс істеу уақытында бірде-бір судья қызметінен босатылған жоқ, сол себептен бұл мәселе бойынша қолданылған  және Сот регламентінде мен  Конвенция Қағидаларында қарастырылған  тәжірибе жоқ.

Судьяларды айырбастамау қағидасына қайшы келетіндіктен, мемлекет өзі сайлаған судьяны шақырып алуы мүмкін емес.

Судьялар мәртебесі  олардың тәуелсіздігі,  айырбастамауы  және қолсұғылмаушылығы негізінде  қаланған. Судьяларының мәртебесі жөнінде, басқа кез-келген сот судьяларының мәртебесіндей қағида Конвенцияда  тікелей бекітілмеген, бірақ басқа  Еуропа Кеңесінің актілерде бар.

Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі конвенцияның 51 б. сәйкес «Судьялар өз міндеттерін  атқаруда  Еуропа Кеңесі Жарғысының 40б. және оның негізінде бекітілген келісімдер ережелерінде көрсетілген  имунитеттер мен артықшылықтарын пайдаланады». Еуропа Кеңесi  Жарғысының 40бабында Еуропаның Кеңесiнiң Министрлерiнiң комитетi Еуропа кеңесiнiң  мүше –мемлекеттерiнiң үкiметтерiне олардың юрисдикциясындағы аумағында  берiлетiн иммунитеттер мен  артықшылықтарды нықтайтын келiсiмдi мақұлдауға кеңес берді. Бұдан бөлек, Франция Республикасының Үкіметі мен Еуропа  Кеңесінің оның қоныстанған жеріне  байланысты артықшылықтар мен иммуниттерді  айқындайтын бөлек келісім қабылданды.

Көрсетілген  жағдайларды  орындау  мақсатында Еуропа Кеңесінің  артықшылықтар мен  иммунитеттер  жөнінде  Бас келісімге  Парижде 1949 жылы  2   қыркүйекте қол  қойылып, 1996 жылдың  28  ақпанында    Ресейге  қатысты,1952  жылдың 10  қыркүйегінде   жалпы  күшіне  енді. 

Бас келісімнің 18б.  Еуропа  Кеңесінің  лауазымды  тұлғаларының,  оның  ішінде Еуропа Кеңесінің судьяларының  артықшылықтары  мен иммунитеттері   атап  көрсетілген[42.б.211].

Бас келісім  алты  Хаттамамен толықтырылған,соңғысы 1996 жылдың  5 наурызында  қол  қойылған  №11 Хаттаманың негізінде Конвенцияның  қадағалау  жүйесін  реформалаумен  байланысты 1988 жылдың  1 қарашасында  ғана  күшіне    енді.

Ресейге  қатысты 2001 жылдың 11 маусымында  күшіне енді. Алтыншы  Хаттамада Еуропалық сот судьялардың   барлық  артықшылықтары  мен  иммунитеттері  қосылған.

Алтыншы  Хаттаманың 1 б. сәйкес, Бас келісімде  белгіленген  иммунитеттер мен артықшылықтардан  басқа, Еуропалық  сот  судьяларына,  жұбайыларымен, кәмелет жасқа  толмаған  балаларына  1961  жылғы Дипломатиялық  қатынастар  туралы  Вена Конвенциясында  белгіленген иммунитеттер мен артықшылықтар таралады.

Бас келісімнің  Алтыншы  Хаттамасының 3б. сәйкес судьялар  өз  міндеттемелерін атқарғанда  олардың  айтқанына  не  жазғанына қатысты  толық  тәуелсіздік  және  толық  еркіндік  болу  үшін  сот  жауапкершілігінен  иммунитеттерін  пайдаланады, «сәйкесінше  тұлғалар  міндеттемелерді  атқармайтынына  байланыссыз міндеттемелерді  атқарғанда барлық  жасаған  әрекеттеріне  қатысты» [43.б.66].

Бас келісімнің  Алтыншы  Хаттаманың  4б. сәйкес,  судьяларға иммунитеттер мен артықшылықтар  олардың  жеке  пайдасы  үшін  емес,  оларға  тапсырылған  функцияларды  орындауға  толық  тәуелсіздікпен  қамтамасыз  ету  үшін  беріледі. Еуропалық  сот  пленарлы  отырысы  ғана  судьяны   иммунитеттерден  айыруға  құзыреті  бар. 

Иммунитет   заңдылық  пен  әділділікке  қарсы  әсерін  тигізетін  немесе  Соттың  ойынша  мақсатқа  зардап  тигізбей  оған  жету  үшін   иммунитеттің  қажеті  жоқ деп ойласа, Еуропалық сот  судья  иммунитеттерінен бас  тартуы  мүмкін  ғана  емес, міндетті  болып  табылады.

Алтыншы   хаттаманың 6б.-да  Еуропалық  соттың, судьялардың   және  кеңсенің  сот ісіне  қатысы  бар  құжаттар мен  қағаздар  қолсұғылмаушылық  иммуниттеріне ие.

Еуропалық соттың, судьялардың, кеңсенің  ресми  хат  алмасуы  мен ресми  корреспонденциясына  тыйым  салынбайды,  цензура  пайдаланылмайды.

1961  жылдың  16  желтоқсанында   Бас  келісімнің  Төртінші  Хаттамасының  2б. сай судьялар  өз  функцияларын  жүзеге  асыру  шеңберінен  шықпай, жүріп-тұру  кезінде   функцияларды  атқарғанда келесі иммунитеттер  мен артықшылықтарға ие:

- Өзінің  қызмет  міндеттемелерін   атқаруға  байланысты  шетел   азаматтарды  тіркеу  кезінде   олардың  келіп-кетіп  жүретін   мемлекеттерде  басқа  мемлекеттерге   өзінің  қызмет  бабымен  қоныстануы, кіруі, шығуы  басқа  да  формальды  әрекеттерге байланысты  тұрақты  тұратын  елден  шығу,кіру, тұру  және  емін-еркін  жүріп-тұруға  байланысты  барлық  шектеулерге  қойылған  иммуниттер.

Жұмыс  сапарлары  кезінде  судьяларға:

-мемлекеттермен  олардың  азаматтықтары  шетелге уақытша  жұмыс  сапарларына  баратын  жоғары  лауазымды  тұлғалар  иеленетін  жеңілдіктер;

-Еуропа Кеңесінің  мүше-мемлекеттерімен  дипломатиялық   миссиялар басшыларына беретін   жеңілдіктер.

Судьялар  Еуропа Кеңесімен  төленетін  қосымша жалақыдан,сыйақыдан,  жалақыға  салықтардын Еуропа  Кеңесінің иммунитеттер мен артықшылықтар    жөніндегі    1990  жылғы 18  маусымдағы  Бас келісімнің   Бесінші хаттамасы негізінде босатылады.

Еуропалық  соттың  судьялары  оларға  тапсырылған    құзыреттерін   жеке   сипатта   жүзеге   асырады.   Қызметте   болу  мерзімі  уақытында   судьялар  олардың  тәуелсіздігіне  егемендігі  және   талаптарына  сай  толық  жұмыс  күні  кезіндегі  тұрақты  жұмыс  сипатына  сәйкес  келмейтін  басқа  саяси,  әкімшілік,  және  т.б. кәсіби қызметпен  айналысуға  құқығы  жоқ. Жоғарыда  аталған  тыйым  оқыту және  ғылыми  қызметке  таралмайды.   Бірақ,  барлық  жағдайда да әр  судьяның  қосымша  қызметі   жөнінде  еуропалық  сот  төрағасы  рұқсат  беруге  қажетті .  Белгілі-бір  судья  мен  Сот Төрағасы   арасында  қарама-қайшылықтар  туындаған   кезде,  қорытынды  шешім  Еуропалық  соттың  Пленарлы  отырысымен  шығарылады.

Еуропалық  соттың   жұмысында  маңызды   рольді  судьялар  жасы   атқарады. Оны  анықтаудың  2 тәсілі  бар:  жасы  бойынша,  қызметте болу  мерзімінің  ұзақтығы  бойынша (Еуропалық  сотта  жұмыс  істеу стажы). Екі  судья тең  дәрежеде бір  негізгі  болып  танылатын  критерийге  жауап  бергенде,  критерийдің  екеуі  де негізгі  және  субсидиарлы  болып  танылуы  мүмкін.  Маңызды  стаж   үлкен  тәжірибені  жинауға , сот  тәжірибесін  білуге,  Еуропалық  соттың қалыптасқан  дәстүрлерін  меңгеруге  мүмкіндік  беретіндіктен,  қызмет  ету  мерзімі көбінесе  негізгі  критерий   ретінде   болып  танылады.  Бұл  үлкендігі  жағдайды   ескеріп  судьяны  қызметке  тағайындау мерзімімен  анықталады. Егер  де екі немесе  одан да көп  судьялардың  қызметте  болу   стажы  сәйкес  келсе, жастың  үлкендігі  бойынша  анықталады.

Еуропалық  соттың  Регламентінде 5б.  жас  үлкендігін  анықтау  ережелері  бар:

-егер  де  Соттағы  (сот Төрағасы, оның  орынбасарлары,  палаталардың  төрағалары, Грефье  қызметіне ) сайлауда  екінші  турда  2 кандидат  бірдей  дауыс   санын  алса,  жастың  үлкендігі   бойынша  кандидат  сайланады;

-Сот Төрағасы  болмаған  кезде,  Сот  палаталары отырыстарында   төрелік  ету  орынбасарға   жас  үлкендігіне  сәйкес  тапсырылады;

-судьялардың  аттарын   атап  сайлау  өткен  кезде,  сайлау  жас  үлкендігіне   қарама-қайшы  тәртіпте  өтеді;

-Сот отырыстары  залында   Сот  Төрағасы  орынбасарлары   екі  жағында  жасына  қарай   отырады;

-Сот  төрағасы   мен   секциялардың  орынбасарларын  тағайындағанда, бір  күнде   тағайындалған  судьялар  болса,  қызметте  болу  мерзіміне   сәйкес  бірдей  болса,  жасына  қарап таңдайды;

- қайта  сайлау  кезінде  бұрын  Сотта   болған  мерзім  ескеріледі. Судьялар  жасына  қарай  қызметке   тағайындау  мерзімінен  бастап  санайды.  Мерзімде  тең  дәрежеде  қызмет еткен  судьялардың   жасы  бойынша    айырады.

Конвенцияның  №14 Хаттамасы  Еуропалық  соттың  судьяларының  құзырет  мерзіміне  өзгешелік  енгізді,  алты  жылдан  тоғыз  жылға  ұзарып  қайта  сайлануға  құқығынан  айырды.

Еуропалық  сот  жұмысында  ad hoc  судьялары да қызмет етеді.

Егер жауапкер-мемлекет атынан бір немесе бірнеше істер бойынша маңызды себептермен судья келе алмаса,бұл мемлекет ad hoc судья ретінде  шығатын тұлға тағайындлады. Маңызды себептерге мыналар жатады:

-белгілі-бір мемлекеттердің  судьясы уақытша жоқ болуы.Мысалы: судьяның құзыреті  мерзімі  бітіп, жаңа судья әлі  ьағайындалмаған  кезде;

Информация о работе Көптеген жылдар