Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

1371 (2001) қарардың 6-параграфы негізінде қарарды орындау мониторингі үшін Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті құрылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі лаңкестікпен күрес жөніндегі Комитеті қарарды оны қабылдағаннан кейін 90 күннен кешіктірмей орындау үшін жасалған қадамдарға қатысты баяндамаларды ұсыну жөніндегі жетекші қағидаларды қабылдады. Осындай баяндамаларды ұсынған кезде мемлекеттер 1371 (2001) қарарының тиісті ережелеріне сілтеме жасай отырып, қолданылған заңнамалық және әкімшілік шаралар немесе осы шешімді орындауға көмектесетін шараларды, сонымен қатар шешіммен көзделген салаларда қолданылған басқа күш салуларды көрсетуге тиіс.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылы 28 қыркүйектегі 1373 қарарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылы 15 желтоқсанда «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылы 28 қыркүйектегі 1373 қарарын орындау жөніндегі шаралар туралы» №1644 Қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Үкімет Орталық атқарушы органдарға (тоғыз министрлік тізім көрсетілді) және өзге мемлекеттік органдарға (Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Бас Прокуратура; Ұлттық Банк; Қазақстан Республикасы қаржы полициясының Агенттігі) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары ережелерін орындау шараларын қолдану туралы; мемлекеттердің БҰҰ ҚК қарарын жүзеге асыру туралы баяндамаларды дайындау мен ұсынуға қатысты лаңкестікпен күрес жөніндегі БҰҰ ҚК Комитетінің жетекші қағидалары негізінде жұмысты өткізу және 2001 жылы 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жұмыстың нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсыну туралы тапсырма берді. Кейін  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ ҚК лаңкестікпен күрес жөніндегі комитетіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары ережелерін орындау барысы туралы баяндаманы дайындауы тиіс.

Қазақстан Республикасы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттарға қосылды. 2002 жылы 2 қазанда қабылданған №347-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Лаңкестікті қаржыландырумен күрес туралы Халықаралық Конвенцияға (2000 жылы 20 қаңтар, Нью-Йорк қ.); 2002 жылғы 4 шілдедегі №334-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бомбалы лаңкестікпен күрес туралы Халықаралық Конвенцияға (1998 жылы 12 қаңтар, Нью-Йорк қ.) қосылды.

Лаңкестік көрінісімен соқтығысқан  елдердің тәжірибесі бомбалы лаңкестік ең жиі жасалынатын қылмыс болып табылатынын көрсетеді. Конвенцияның 2-бабының 1тармағына сәйкес «егер кез келген тұлға заңсыз және қасақана қоғамдық жерде, мемлекеттік немесе үкіметтік объекті, қоғамдық көлік жүйесі немесе инфрақұрылым объекті орындарында өлім не зақым келтіру ниетімен немесе осы объектіні, жүйені, орынды қирату мақсатымен (егер бұл қирату үлкен экономикалық залал келтіретін болса) жарылғыш немесе өзге өлтіретін құрылғыны әкелетін, орнататын, жаратын болса осы Конвенцияның мағынасы бойынша қылмыс жасайды». Ұйымдастырушы, басқарушы, бірге қатысушы, немесе өзге де 1-тармақта көрсетілген қылмыстардың кез келгенін жасауға тырысатын тұлға қылмыс жасаған болып танылған.

Әрбір мүше-мемлекет халықтың, тұлғалар тобының немесе нақты тұлғалардың арасында террор жағдайын жасауға бағытталған қылмыстық әрекеттер ешқандай жағдайда да ешқандай саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни немесе басқа да ұқсас түсініктер бойынша ақталуға жатпайтынын және олар ауырлық дәрежесіне сәйкес жаза қолдануды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануға міндеттенді.

Мүше-мемлекеттер Конвенцияның 2-бабында көрcетiлген қылмыстарға қатысты тергеумен, қылмыстық қудалаумен немесе ұстап берумен байланысты бір-біріне максималды көмек көрсетуі тиіс. Соның ішінде құқықтық көмек туралы бар кез келген шарттар немесе уағдаластықтарға сәйкес тергеуге қатысты дәлелдемелерді беруге көмектесу бар. Осындай келісімдер немесе шарттар болмаса, мүше-мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамаларына сәйкес бір-біріне көмек көрсетеді.

Конвенцияның ережелері мүше-мемлекеттерге осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін егеменді теңдік және аумақтық тұтастық қағидаларына және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасына сай орындауды белгілейді. Осы Конвенция мүше-мемлекеттерге басқа мүше-мемлекеттің аумағында оның ішкі заңнамасына сәйкес билік  құзыретіне кіретін функциялар мен юрисдикцияларды жүзеге асыру құқығын бермейді.

Бұл халықаралық-құқықтық актінің басқа халықаралық шарттармен салыстырғанда басым мағынасы осы Конвенцияның 9-бабының 5-тармағы көрсетеді: «2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты мүше-мемлекеттер  арасындағы ұстап беру туралы барлық шарттар мен келісімдердің ережелері мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарда осы Конвенциямен үйлеспейтін дәрежеде өзгертілген болып саналады».

Қазақстан барлық деңгейлерде, яғни ұлттық, аймақтық – ТМД деңгейінде лаңкестікпен күреске белсенді түрде кірісті.Лаңкестікпен күрес бойынша мемлекеттен жоғары органдар қатары қатысады (ТМД мүше-мемлекеттерінің ішкі істер министрлер Кеңесі; ТМД  мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік органдар мен арнаулы қызметтердің басқарушылар Кеңесі; ТМД мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлер Кеңесі; Шекаралық әскерлердің қолбасшылар Кеңесі; ТМД мүше-мемлекеттерінің Бас прокурорларының үйлестіруші кеңесі; ТМД мүше-мемлекеттерінің антитеррорлық орталығы); ШЫҰ-да Аймақтық антитеррорлық құрылым құрылды және т.б. Осы бағыттағы жұмысты және заңнаманың үздіксіз жетілдіруі лаңкестікпен күрес күрделілігімен, өте жасырын және болжап болмайтын құбылыспен байланысты.

Өзінің варварлық ұсқынын лаңкестік 2004 жылы қыркүйектің басында  Ресейдің солтүстік Осетиялық Беслан қаласында, нәтижесінде 380 астам жазықсыз бала, оның ішінде өзінің бірінші Білім күні мейрамына келген 6-7 жастағы бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қаза тапқан, жүздеген мектеп оқушылары жарақат алған, террористтер лаңкестер тобы мектепті басып алған кезде айрықша қорқынышпен көрсеткен. Осы теракт бүкіл адамзатты лаңкестікпен күресудің жаңа нысандары мен тәсілдерін іздеуге итермеледі. Халықаралық қауымдастық пен әр мемлекет қызметінің бұл бағыты, өкінішке орай, жақын болашақта ең өзекті және маңызды қызметтердің бірі болады.

Қазіргі кездегі адамзаттың ең қауіпті мәселелерінің бірі нашақорлықтың кең таралуы болды. БҰҰ жүйесінде наркобизнес пен нашақорлықпен күрес саласындағы көптеген халықаралық органдары бар. Ол 1946 жылы құрылған есірткі құралдары жөніндегі БҰҰ Комиссиясы; 1968 жылы құрылған есірткілерге бақылау жөніндегі Халықаралық комитет және т.б. Есірткілерге бақылауды жүзеге асыру саласындағы БҰҰ бүкіл қызметін 1990 жылы негізі салынған Есірткілерге Халықаралық Бақылау туралы БҰҰ Бағдарламасы үйлестіреді, оның өкілдігі Қазақстанда бар. Осы арқылы Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауын тиісті органдар бақылауын жасауын мүмкіндік берді.

Есірткілерге бақылау жасау саласындағы БҰҰ саясаты  Ауғанстан айналасында «қауіпсіздік белдеуін» құрудан тұрады. Бұл «белдеу» бірнеше қабаттан тұрады. Қазақстан осы «қауіпсіздік белдеуінің» екінші қабатына кіреді. Қазақстан Республикасына құқықтық базаның дамуы мен жетілдіру түрінде ғылыми-теориялық жағынан да, наркобизнеспен күресуді тікелей жүргізетін құқық қорғау органдарын бірқатар құрылғымен қамтамасыз ету, техникалық және басқа да жәрдем беру түрінде материалдық жағынан да көмек көрсетіледі. Осыдан прокурорлық органдар мен ішкі істер органдарының тәжірибесінде халықаралық құқық нормаларын қолданумен байланысты сұрақтар елеулі көрініс табады.

Мұндай органдардың өз құзіретіндегі (беру туралы келісімдер, құқықтық көмек және т.б) халықаралық келісімдерді қолдануына жасалған талдаудан, бұндай келісімдерді олай тікелей қолданады және ондай қолданыс үшін құқықтық база кеңейіп келеді деген қорытындыға келеміз.

Қазақстан нашақорлықпен күрес туралы барлық құжаттарды ратификациялады: Есірткі құралдары туралы 1961 жылғы Бірыңғай конвенция; Жүйкеге әсер ететін заттар туралы 1971 жылғы Конвенция; 1988 жылдың 20 желтоқсанындағы БҰҰ есірткі заттары және жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз саудаға енгізу туралы Вена Конвенциясы. Бұл тек мемлекет ішіндегі мәселелермен ғана байланысты емес, онымен қоса біздің ел арқылы өтетін наркотрафиктің күрт көбеюіне әлемдік қауымдастық аса алаңдаушылық білдіріп отыр. Есірткі туралы қазақстандық заңнама күн санап жетіліп келеді. ҚР Қылмыстық Кодексі (260 бап) есірткі заттарын не жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау және тартып алуға жасы 14-ке толғандардан бастап қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. ҚР Қылмыстық Кодексі 54 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті ауырлату жағдайларына басқаларымен қатар алкоголь, есірткі немесе токсикомандық мастық күйінде қылмыс жасау жатады. ҚР Қылмыстық Кодексінің көптеген баптары (132, 250, 259-266 баптар) есірткімен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазалардың көптеген түрлерін қарастырады (15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін).

1998 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының «Есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оны шектен тыс пайдалануға қарсы шаралар туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң еліміздегі есірткі саласын мемлекеттік бақылайтын жүйені реттейді. Үкіметтің №186 Қаулысында БҰҰ 1961, 1971 және 1988 жылдардағы есірткіні бақылау туралы Конвенцияларының барлық талаптарына сәйкес келетін есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлардың тізімі бекітілді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға енгізуді тиімді халықаралық және мемлекетаралық бақылауға алуда жақсы құқықтық база жасақталған.

2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасында айтылғандай, Қазақстанның таяудағы онжылдыққа арналған халықаралық шарттық құқықтық саясаты ҚР экономикалық тиімділігі мен мақсатқа лайықтылығын ескере отырып, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын оңтайландыруға және Қазақстанды интеграциялық процестерге қатыстыруға бағытталу керек. Бұл мақсатта халықаралық келісімдерді жасаудың өте жақсы ойластырылған деңгейі болу тиіс және халыққа белгілі бір саяси және экономикалық пайда әкелетіндеріне ұдайы назар аудару керек.

Қазақстан Республикасы Президенті 2009 жылдың 24 тамызында №858 Жарлығымен бекіткен 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты Тұжырымдамасында бұл ұсыныс нақты сипатқа ие болды: «Ұлттық заңнаманы қабылдаған халықаралық міндеттер мен халықаралық стандарттарға  сәйкестендіру жолындағы жұмыстарды тоқтатпау керек. Оған қоса бұл жұмысты атқарғанда мемлекеттің дамуындағы ішкі қажеттіліктер мен дамудағы басым бағыттарды ұстану қажет».

Мемлекеттің ішкі саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекетаралық шарттарды жасауда, халықаралық ұйымдарға мүше болуда ойластырылған және ұйымдасқан шешім қабылдау, оларды жүктемес бұрын әкімшілік-экономикалық, саяси-құқықтық және басқа да салдарларды болжауға қатысты күрделі жұмыс атқару қажет.

Халықаралық аренадағы Қазақстанның ұлттық мүдделерін қанағаттандыру үшін, сонымен қатар қауіпсіз және тұрақты Орталық Азияны қалыптастыру, аймақтың тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық құқықтық институттар және ұйымдарды белсенді қолдану керек.

Қазіргі заман шындығы көптеген проблемалар тудыруда, солардың бірі «түрлі түсті революция». Посткеңестік кеңістікте бұл құбылыстың көрінуі экономикалық артта қалу мен биліктің әлсіздігіне байланысты.

Осы «түрлі түсті революциядан» өткен бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің қазіргі жағдайы олардың дамысы алға жылжу емес, керісінше, тежелуде екенін көрсетті.

Бұған әсер етуші факторлардың бірі - осыған мүдделі шет елдердің болуы. Мысалы, 2005 жылдың наурызында АҚШ-та шет елдердегі демократиялық қозғалыстарды қолдауға қатысты «Демократияны қолдау туралы Акт» аталатын заң жобасы қабылданды, оны конгресстің талқылауына екі негізгі саяси партия өкілдері – республикалық Дж.Маккейн және демократ Дж. Либерман енгізді. Бұл заң жобасы АҚШ бюджетінен екі жыл бойы «шет елдердегі демократияны қолдауға» қосымша 300 млн$ бөлуді қарастырады. Оған қоса АҚШ мемлекетінің мемлекеттік департаменті жанынан демократиялық қозғалыстарды бойынша басқарма және шет елдердегі АҚШ өкілдіктері жанынан «аймақтық демократиялық орталықтар» құру көзделген. Жобаны жасаушылардың ойы бойынша мұндай құрылымдар Вашингтонға нақты мемлекеттердегі демократиялық күштермен қарым-қатынас жасауға көмектесіп, оларға америкалық көмекті нақтыландырады. «Кавказ бен Орта Азияда адамдар өзгерісті күтуде және өзгеріс болады», - деп Вашингтондағы Халықаралық республикалық институтта Ақ Үй басшысы жариялады. Тек соңғы 3 жылда Вашингтон 4,6 млрд АҚШ долларын барлық әлем бойынша демократиялық өзгерістерді қолдау бойынша бағдарламаларға бөлді /41/.

Оған деген жауап ретінде Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдар жұмысы туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бекітті. Бұл актілер мұндай ұйымдар жұмысының ашықтығын талап етеді, депутаттардың ойынша, бұл сырттан болатын төңкерістердің трансплантациясына саналы жауап болып табылады. Бірақ Конституциялық Кеңес заң жобаларын Конституцияға сай емес деп тапты /42/, енді Үкімет пен депутаттардың жаңа заң жобасын Мәжіліске енгізуге мүмкіндігі бар. Ол жоба халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етумен қатар, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге де жауап беретін болу керек.

Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық құқығында халықаралық құқықты жүзеге асырудағы басымдықты мемлекет басшылығы, мемлекет басшысының саяси еркі жаһандық мәселелер, аймақтық ынтымақтастық, ел мүддесін қорғау сияқты көптеген факторлар негізінде айқындайды.

 

 

 

 

2.4. Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде

Адам құқығына, оның мазмұнына, қорғалуына және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының аумағында қамтамасыз етілуіне деген қатынастардың өзгеруі ХХғасырдың 80-90 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде болды. 1977 жылғы КСРО және 1978 жылғы ҚазақКСР Конституцияларында адам құқығы үлкен көлемде жарияланды; КСРО1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактлерді ратификациялады. Бірақ социалистік құрылыс кезінде адам құқықтары тек белгілі бір дәрежеде, тоталитарлық режим сұраныстарына жауап беретін болса ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал іс жүзінде бұл құжаттарда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне алып келді. Жеке адамға тұлға болуға, дербес қоғамдық және саяси бірлік болу құқығы берілмеді. Оны кеңестік адамдардың барлығы түсіне берген жоқ, оған қоса «адам құқығы» деген ұғымда қандай мән бар екенін ұға алмады. Сондықтан да 1970 жылдың қарашасында А.Д.Сахаров, В.Н.Чалидзе және А.Н.Твердохлебов Адам құқығы және құқықтық ағарту туралы Комитет құрды. Оның негізгі міндеті ел басшылығымен сұхбат жасау, адам құқығы мәселелерін ашық талқылау болды. Бірақ ол кезде мұндай сұқбат жүргізу мүмкін емес болатын.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)