Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Жаңа Қылмыстық Кодексте өлім жазасы кешірім беру ретінде өмір бойы бас жиырма бес жылға бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылды, аса ауыр қылмыстар үшін – жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, бұл кезде бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі жиырма бес жылдан астам, ал үкімдер жиынтығы бойынша – отыз жылдан астам бола алмайды.

Адам өміріне қауіп  төндіретін аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған. Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге, сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға, соттың үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы ҚР Президентінің Жарлығымен біздің елде өлім жазасына мораторий жарияланған, Қазақстанда өлім жазасы алып тасталынуы мүмкін, бірақ ресми түсіндіруде «тиісті мемлекеттік органдар елдегі мораторийдің әрекет етуіне байланысты криминогенді жағдайға тұрақты мониторингілеу жүргізіп отырады және оның нәтижелеріне байланысты әрі қарай өлім жазасын толығымен алып тастау мәселесі шешілетін болады» делінген. Мұндай шешімге ел басшылығын әлемдік қауымдастық пен халықаралық ұйымдар талаптары да итермелейді. Мысалы, 2001 жылғы маусымдағы Еуропа Кеңесінің парламенттік сессиясындағы басты тақырып бірнеше елдерде – ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) кандидаттары мен бақылаушыларында өлім жазасын алып тастау қажеттілігі болды. ЕКПА отырысының қатысушылары бақылаушы мәртебесіне кандидаттар, оның ішінде Қазақстан да бар, жақын арадағы екі жылдың ішінде жазаның жоғары түрін алып тастауы қажет деген қарар қабылдады.

2001 жылдың маусымында Страсбургте өлім жазасына қарсы Бірінші Халықаралық конгресс құрылды, ол кезде әлемдегі 108 мемлекет өлім жазасын алып тасталған болатын, бірақ 87 елде әлі де өлім жазасы үкімі шығарылады және орындалады. Конгресс коммюникесінде ерекше айтылған жайт, соңғыларға әлемдегі ең үлкен демократиялар – Жапония мен АҚШ кіреді. Тек 2000 жылдың өзінде ғана әлемнің 65 елінде 3058 өлім жазасы үкімі шығарылған, 1457 – орындалған, ал бүгінде ең белсенді баскесерлер Қытай, Иран, Сауд Арабиясы және АҚШ болып табылады.

Өлім жазасына қарсы Бірінші Бүкіләлемдік конгресс (Страсбург, 2001 жылдың 22 маусымы) Қорытынды декларация қабылдады, онда өлім жазасы «әділеттікті кектің жеңуін білдіреді және адамның маңызды құқықтарын бұзады, ең алдымен өмір сүру құқығын бұзады. Өлім жазасы ешқашан да қылмыстың алдын алған емес. Ол тым қатыгездіктің, қорлаудың антигуманды актісін сипаттайды. Өлім жазасын қолданатын қоғам сол арқылы қысым көрсетуді кеңейтеді. Адамгершілік қасиетті сыйлайтын қоғамда өлім жазасын алып тастауға тырысады» деп мәлімденген. «Өлім жазасына бірге қарсымыз» (Ensemble Contre la Peine de Mort - ECPM) және «Халықаралық түрмелік реформа» (Penal Reform International - PRI) ұйымдары 2004 жылы 6-9 қазан аралығында Монреалда (Канада) өлім жазасына қарсы Екінші Дүниежүзілік конгресс өткізді. Конгресстің мақсаты – халықаралық құқық, оның ішінде Халықаралық қылмыстық сот, Аруш және Гаага трибуналдар тыйым салған өлім жазасын бірігіп жою әрекетін күшейту.

Халықаралық мұндай форумдардың нәтижесінде жыл сайын көптеген елдер өлім жазасын жоюда: бұрынғы Кеңес Одағы аумағында соңғы он жыл ішінде көпшілік мемлекеттер өлім жазасын жойған, 2001 жылдан бастап Турция және Чилиде өлім жазасына тыйым салынды, бірқатар елдерде бұл жазаны орындауға мораторий енгізілді. Бүгін де өлім жазасын қолданудан 109 мемлекет бас тартты. Халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕО мұндай жазалау түрінен бас тартуы үшін АҚШ-қа қысым көрсетуде. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы егер АҚШ және Жапония өлім жазасын қолданудан бас тартпаса, олардың бақылаушы мәртебесінен айырылатынын жариялады. Өлім жазасына толық тыйым салған КСРО елдерінің қатарына Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Литва, Молдава, Түркіменстан және Украина жатады. Қазақстан мен Қырғызстанда жазаның орындалуына мораторий енгізілген. 2004 жылы шілде айында Қазақстанда 2003 жылы желтоқсанда енгізілген мораторийге сәйкес 27 өлім жазасына кесілгендер болды /55/.

Өзбекстанда соттық-құқықтық жүйені, қылмыстық жазалауды либерализациялау процесінің негізгі бағыты өлім жазасын қолданатын саланы біртіндеп азайту болып табылады. Тәуелсіздік алған уақытта қылмыстық заңнамада өлім жазасы түрінде жазалауды қарастыратын 30 бап болды. Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде бұл баптардың саны 1994 жылы 13 – ке, 1998 жылы – 8, 2001 жылы – 4-ке дейін қысқартылды. Қазіргі уақытта 2003 жылғы қылмыстық заңнаманы либерализациялау шараларынан кейін өлім жазасы екі жағдайда – ауырлататын мән жайларда қасақана кісі өлтіру және лаңкестікте қолданылады. 2005 жылы 1 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті И.Г.Каримов «Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салу туралы» Жарлық шығарды. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап өлім жазасын қылмыстық жазалау ретінде қолдануға тыйым салу және оның орнына өмір бойы қамауға алу не ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды енгізу қарастырылған. Өзбекстанда өлім жазасы қолданылатын қылмыстар барлық қылмыстық әрекеттердің бір пайызына жетпейді. Қылмыстың қандай түрін жасаған болса да, өлім жазасын кәмелетке толмағандарға, әйелдерге және 60 жастан жоғарыларға қолдануға тыйым салынған. Өлім жазасын қолдануға қатысты мемлекеттік саясат әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді және Өзбекстан Республикасының Конституциясында жарияланған ізгілік және әділеттілік қағидаларын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 бабында көрсетілгендей, әрбір адам өмір сүруге құқылы және 2007 жылы 21 мамырдан бастап өзгерту енгізілген Негізгі заң бойынша өлім жазасы адамдардың өліміне әкелетін лаңкестік ауыр қылмыстарға, сонымен бірге  соғыс кезінде болған аса ауыр қылмыстарға қолданылатын, айыпталушыға кешірім сұрау құқығы берілетін жазаның ең жоғары түрі болып саналады.

Біздің ойымызша, өлім жазасына барлық елдерде тыйым салу дұрыс және қажет шешім болып табылады. Мемлекет мейірімділік үлгісін танытуы керек және қысым көрсетудің шексіз тізбегін үзуі және өз азаматтарына жоғары құндылық – адам өміріне құрметпен қарауды үйретуі тиіс.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесі егемендік алғанға дейін 1991 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында Қазақ КСР Президенті Н.А.Назарбаев пен Қырғыз КСР Президенті А.А.Ақаев қол қойған Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында достық және ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялаған. Келісімге сәйкес екі мемлекет БҰҰЖарғысының, Жаңа Еуропа үшін Париждік Хартияның және басқа да Еуропа және Азияда қауіпсіздік және ынтымақтастық туралы құжаттардың мақсаттары мен қағидаларын мойындай отырып, адамның құқығы туралы жалпы қабылданған халықаралық норманы сақтауға және азаматтардың ұлтына не басқа да белгілеріне қарамастан, барлығына бірдей құқық пен еркіндік беруге міндеттенді. 1998 жылдың 9 қарашасында Қазақстан ратификациялаған, 1997 жылы Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы Келісімде, екі жақ олардың аумағында тұрып жатқан екінші жақтың азаматтарына, олардың ұлтына, дініне немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы танылған халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес экономикалық және мәдениеттік, әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар беруге кепілдікті растады. Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген 1998 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан және Түркіменстан арасындағы «Азаматтық және отбасылық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Келісімде екі жақ халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларын басшылыққа алуға келісті.

1997 жылы 26 мамырда Қазақстан Республикасы ратификациялаған, «бір жағынан Қазақстан Республикасы, екінші жағынан Еуропалық қауымдастық пен оның мүше-мемлекеттері Брюссельде 1995 жылы 23 қаңтарда қол қойған серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімде» тараптар қызметінің мынадай ортақ қағидалары аталды: «Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында, Хельсинки Қорытынды Актісінде және Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясында анықталған демократияны, халықаралық құқық және адам құқығы қағидаларын сыйлау».

1996 жылы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген шетелде тұрып жатырған отандастарымызды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасында Адам құқықтарының Жалпы бірдей Декларациясы және басқа да халықаралық құқық нормаларымен бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы танылған. Бұл жағдай таяу және алыс шетелдегі қазақ диаспорасының қазақ ұлтының үштен бір бөлігін  құрауымен байланысты. Олардың көп бөлігі кеңес дәуірінде революциялық және азаматтық соғыс салдарынан, зорлап ұжымдастыру, аштық, жаппай қуғын – сүргін салдарынан өздерінің тарихи отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Таяу шетелдердегі (ТМД) қазақтар КСРО құлағаннан кейін диаспора болды.

Адам құқығы саласындағы халықаралық құқық нормаларын Қазақстанның мойындауының тағы бір мысалы болып 2002 жылы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық  Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей  Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшылары қол қойған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше- мемлекет басшылары Декларациясы саналады. Декларацияның III бөлімінде былай делінген: «ШЫҰ мүше-мемлекеттер БҰҰ Жарғысы қағидаларына сәйкес қызмет ететін міндететене отырып, барлық адам құқықтарының әмбебаптылығын, тұтастығын, өзара тәуелділік және өзара байланыстылығын, сонымен қатар адамның негізгі бостандығын және құқықтарын сақтауға міндеттілігін растайды, даму және бейбітшілікті адам құқығын қорғаудың басты кепілі деп санайды, адам құқығы бойынша «қос стандарттарды қолдануға» және олардың қорғау сылтауымен басқа мемлекеттердің ішкі жағдайларға араласуына қарсы».

Қазақстан Республикасы басшылығы адам құқығы саласындағы халықаралық ұйымдармен қатынасына үлкен мән береді. Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевтың басшылығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық келісімдер бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл комиссияның басты міндеті адам құқығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық құқық нормалары мен жалпы танымал қағидаларына сәйкестендірумен байланысты мәселелерді шешу және адам құқықтары бойынша халықаралық конвенциялардың орындалуын үйлестіруші органның функциясы жүктелді. Және айта кететін жайт, мемлекет адам құқығы және бостандығы бойынша алға қарай жылжып келеді. Мұны әлемдік қауымдастық та мойындайды. 2003 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметі адам құқығын қорғау саласында біраз алға жылжығаны туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Конгресске жіберіліп, Федералды реестрде жарияланған, 2003 жылы 25 қарашада АҚШ Сенат және Өкілдер конгресінің палатасы Қазақстанға байланысты арнайы қарар қабылдады және онда біздің еліміздің егемендік жылдары жеткен жетістіктері жоғары бағаланатыны туралы айтылған. Бұл құжатта әсіресе көңіл аударылады «Қазақстан салыстырмалы қысқа уақытта тоталитаризм шынжырын алып тастап, мемлекеттік және қоғамдық институттары мықты, тиімді демократиялық құралдар, заң үстемдігі қағидасы орнатылған және адам құқықтары сыйланатын зайырлы, қарқынды дамитын азаматтық қоғам құрды».

Адам құқығы кешенді санат болып табылады, оның ішінен адамзаттың бейбітшілік және қауіпсіздікке құқығын бөлеміз, мемлекеттің егемендікке құқығын және адамның кез келген ажырамас құқығына бөлеміз. Бұл үш бөлік өздері бөлінбес бірлікті құрайды және адамзат қызметіндегі басымдылық болып табылады. Адам құқығын құру, қорғау және қамтамасыз етуде мемлекет орталық бағыт болады. Кейбір халықаралық құжаттарда халықаралық құқық нормаларын бұзуды халықаралық қауымдастық қылмыс ретінде санайтынына қарамастан, адам құқығы мен бостандығының көлемі нақты ұлттық мемлекетке байланысты. Адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі тек халықаралық және ұлттық құқық тікелей арақатынасы жағдайында заңшығармашылығына қатысты емес, сонымен қатар ұлттық заңның жалпы тәртібіне қатысты.

2000 жылы М.Т.Оспанов Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы болған кезінде заңның декларациялық түрінің басымдылығын белгілеп көрсеткен. Заңның абстрактілігі және декларативлігі көптеген заңға сәйкес актілердің пайда болуына әкеледі, оның нәтижесінде заң шығару функцияларын конституция бойынша оған құқығы жоқ органдар орындай бастайды. Заңдар тікелей қолдану актісі болуы тиіс /57/. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Ю.Ким де кейбір заң жобалардың декларативтілігін атап айтты, соның ішінде депутаттардың енгізген заң жобалары туралы, «бұл ағымдық нормалардың  мағынасын бүлдіретін ішкі заңдылық актілердің пайда болуымен қолайсыздыққа әкеп соқтырады». Парламенттің өзінде, тіпті Мәжілісте де заңнамалық ұсыныстар жасайтын тұрақты комитеті жоқ. Жүзеге асырылу үшін заңға сәйкес нормативтік актілерді қабылдауды талап етілетін заңдар олар толық дайындалмағанша күшіне енбеуі керек. Басқаша айтқанда, заң шығарудың «пакеттік» қағидасы қолданылуы тиіс, ол кезде заң жобасымен бір уақытта оны жүзеге асыруға қажетті барлық басқа нормативтік актілер ұсынылады. Мұндай әдіс заңдардың заңға сәйкес актілермен бұрмалануын болдырмайды, сонымен заңға сәйкес актілерді жылдап күтпей-ақ, мүдделі тұлғалардың заңдарды уақытында орындауға көшуіне мүмкіндік береді. 1998 жылдың өзінде-ақ В.В Мамонов Президенттің тиісті Жарлығымен заңды мемлекеттік қамтамасыз ету Бағдарламасын қабылдаған дұрыс болады деген. Ол бағдарламада шаралар тізімі, оны орындаушылар, жүзеге асыру мерзімдері, бақылауды ұйымдастыру және т.б. мәліметтер болуы керек, бұл заңдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысты реттеу арнайы актіні Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруды ұйымдастыру туралы Заңды қабылдауға әсерін тигізуі мүмкін еді /59/.

Заңдарды қабылдаудың пакеттік қағидасын Қазақстанның халықаралық келісімдерге, халықаралық ынтымақтастықтың басқа формаларына ратификациялау немесе басқа да қосылуы кезінде қолдану қажет. Қазақстанның қатысуымен жасалған кез келген халықаралық шарт димпломаттардың халықаралық-құқықтық құжаттардың мәтінімен жұмыс жасауының жемісі болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әрекеттерін координациялау және бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын заңдық күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындау кезінде жыл сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бұйрығымен (әрі қарай – Бұйрық) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының заңды күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындау Жоспары» құрылады (әрі қарай  тек - Жоспар). Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға Жоспардың бекітілген мерзімде орындалып шығуын қамтамасыз ету тапсырмасы беріледі, және әр тоқсанның басында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігіне оның орындалуы туралы ақпаратты ұсынулары тиіс. Тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (министрлер) Жоспардың уақытылы орындалуына жеке жауапкершілік тартады.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)