Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Ресей Федерациясы Конституциясының 37-бабының 1-тармағында еңбек еркіндігін әрбір тұлға еңбек қабілетіне қарай жұмыс істеп, мамандығы мен лауазымын таңдау құқығын бекітеді. 7-баптың 1-тармағы  Ресей Федерациясын саясаты адамның лайықты өмірі және еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет екенін ресми жариялайды, ал біздің мемлекетіміздің Конституциясында Қазақстан өзін тек әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

ТМД-ның басқа елдерінің ұлттық Конституцияларында еңбек ету құқығы бекітілген. Мысалы, Тәжікстан Конституциясының 35-бабында әрбір адамның «еңбекке, мамандық таңдауға, жұмыс, еңбекті қорғау және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану» құқығы бекітілген. Өзбекстан Республикасының Конституциясы 37-бабында заң бойынша қойылған талаптарға сәйкес әрбір адамның еңбекке, жұмысты еркін таңдауына, еңбектің әділетті шартына және жұмыссыздықтан қорғануға қатысты құқығы бар.

Бірақ еңбекке қатысты толық құқық Беларусь Республикасының Конституциясында бекітілген: « Беларусь Республикасы азаматтарына еңбек ету яғни мамандық таңдауға құқығы, лауазымына, қабілетіне, біліміне, кәсіби дайындығына және қоғамдық қажеттілігіне қарай жұмысы мен айналысатын ісін таңдау құқығы, сонымен қатар, қауіпсіз еңбек шартына кепілдеме береді. Мемлекет халықтың толық жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды...».

Сонымен қатар, біздің елімізде 11-бап та іске аспайды, бұл бапқа сәйкес Пактіге қатысушы мемлекет әр адамның өзі және оның отбасы мүшелерінің жеткілікті тамақтану, киім мен баспананы қамтитын жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру және тұрмыс жағдайын үнемі жақсарту құқығын мойындайды. Бірақ Пактінің 2-бабында да әрбір мемлекет Пактіде көрсетілген құқықтардың іске асырылуын біртіндеп толық қамтамасыз етеді делінген. Біртіндеп деген сөз асықпай деген сөзге ұласып кетпеуі тиіс, себебі кейбір құқықтық қақтығыстар саяси шиеліністерге өтіп кетуі мүмкін.

Мемлекет қызметкерлерінің бейбіт шеруге шығуына тыйым салу, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қағидаларының бірі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 3-бабында сәйкес азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік мүдде алдында басымдыққа ие; ал дәл осы Заңның 9-бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеттеріне азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қорғалу мен сақталуын қамтамасыз ету, заңнамада бекітілген мерзім ішінде азаматтардың арыздарын қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау жатады. Осылайша, «халық қызметшілері» бейбіт шеруге шығудың орнына, қазақстандық заңнама дұрыс бекіткендей, қоғам мүддесін қорғауға тұруы тиіс.

Қазақстанда заңнаманы дамытудың, біздің ойымызша, елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет құрудағы конституциялық міндеттерді іске асыруда маңызды рөл ойнайтын басым бағыттарының бірі – ол сайлау заңнамасын жетілдіру.

«Әрбір аспазшы мемлекетті басқара білуі тиіс» деп айтқан Ленин сөзін кейбір сыншылар тікелей қабылдап қалып жатыр, десек те, қазір де бұл сөздердің астарында не жатқаны бізге түсінікті, яғни саяси «ас бөлме» қай кезде болмасын үй шаруашылығындағы адамға арналмағаны заңгер және мемлекет басшысы ретінде В.И.Ленинге де белгілі болды. Сұрақ мынада, кез келген аспазшы және басқа да азамат сайлау арқылы, бұқаралық ақпарат көздері және басқа да заңды тәсілдер арқылы мемлекеттің саяси өміріне араласуға құқылы. Ол үшін бізге жетілдірілген ұлттық сайлау заңнамасы қажет, сондықтан әлемдік тәжірибелерге, халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларына көңіл бөлуіміз керек десек те, Э.Б.Мұхамеджанов атап көрсеткендей, Қазақстандағы сайлау туралы қолданыстағы заңнама негізінде халықаралық құқықтық актілердің, соның ішінде Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның (1948), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің (1966) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның (1952 жылғы №1 хаттама) қағидалары жатыр /51/.

1999 жылы күз айындағы Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлаудан кейін ЕҚЫҰ атынан бақылаушылардың жетекшісі Г.Балиан былай деп мәлімдеді: «Қазақстан президенттік сайлаудан кейін белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ бұған қарамастан, өтіп жатқан сайлаулар ЕҚЫҰ талаптарына сай келіп жатқан жоқ және Қазақстан халықаралық стандарттарға «сенімсіз қадам» жасап отыр». Саясаттанушы Р.Азимов осыған байланысты былай дейді: «беделді халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына құрметпен қарай отырып, олардың ойы мен кеңестерін тыңдай отырып, Қазақстан демократияға барар жолдағы өзінің дамуының ерекшеліктері мен даму ырғағын өзі анықтап алуға құқығы бар»/52/. Сонда да, ҚР «Сайлау туралы» Заңын дайындау кезінде 1999 жылы сайлаудан кейін ЕҚЫҰ ұсынған бірнеше кеңестері есепке алынды.

ЕҚЫҰ кеңестері арасында мыналар болды: кез келген жергілікті билік органдарының сайлау процесіне кез келген араласуына қатаң тыйым салу және осындай  араласушылыққа қылмыстық санкция қолдану; Орталық сайлау комиссиясының нұсқаулығына бақылаушылар құқығын , дауыс санын санау және қорытындысын шығарудың процедурасын толық айқындайтын тармақтар қосу; қосымша тізімдерді алып тастау; Бұл өзгертулер мен толықтырулар 1999 жылы 16 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына (одан ары қарай ҚР «Сайлау туралы» Заңы) 2004 жылы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Заңымен енгізілді. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 50-бабында сайлау туралы мемлекет заңнамасын бұзған тұлға қылмыстық жауапкершілікке келесідей жағдайларда тартылады: сайлау комиссиясының жұмысына араласса; дауыс беруге кедергі келтірсе; кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; дауыс санын санауға және сайлау қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатына өзінің қызметтік жағдайын немесе лауазымын пайдаланса; сайлау құжаттарын қолдан жасаса; дауыстарды қасақана дұрыс санамаса; сайлау нәтижесін қасақана жалған шығарса; дауыс беру құпиясын бұзса; республика азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруына зорлау, алдау, қорқыныш көрсету, пара беру арқылы кедергі келтірсе;

Осы бапқа сәйкес, тұлға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әкімшілік  және басқа да жауапкершілікке тартылады, егер: осы Конституциялық Заң талаптарына сәйкес мәліметтерді қасақана бермесе немесе жарияламаса; сайлау комиссиясы өкілеттілігі аясында қабылданған шешімдердің орындалмаса; кандидатты, партиялық тізімді, ұсынылған саяси партиясын тіркемей тұрып, немесе сайлау күні немесе сайлау қарсаңындағы күні сайлау алды үгіттерін жүргізсе; сайлау алды үгіттерін жүргізу құқықтарына кедергі келтірсе; кандидат, саяси партия туралы, олардың лауазымы мен абыройына нұқсан келтіретін жалған ақпарат қасақана таратса; кандидаттардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және сайлауды бақылаушылардың сайлау кезіндегі заңды әрекеттеріне кедергі келтірсе;

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекс пен Қылмыстық Кодекске сайлау заңнамасын бұзуды жазалау туралы өзгерістер енгізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабына сәйкес республика азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіру, сайлау комиссиясының жұмысына араласу, дауыс беруге кедергі келтіру, кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтіру, дауыс санын санауға және сайлау мен референдум қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтіру әрекеттері үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қатаң жаза қолданылады. Осы шаралар арқылы заң шығарушы біздің еліміздегі сайлау мен референдумның объективті өтуіне кепілдеме береді.

Жетілдірілген сайлау заңнамасын әділеттіліктің, ашықтықтың және шыншылдықтың халықаралық талаптарына сәйкестігіне 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау ең бірінші рет сыннан өткізді. Өткен сайлаудың бағалау өте әр түрлі болды: сайлау алды кампаниясы мен және сайлау процедурасын толық жоққа шығарудан бастап  заңнамаға енгізілген өзгерістер мен демократияға қадам басқан біздің еліміздің табыстарын қуана жариялауға дейін. Әсіресе оң баға берген, Қазақстанда іс сапармен болып қайтқан мыңнан астам шетелдік тәуелсіз бақылаушылар болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасы бойынша, 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау қорытындысы мынадай: республика бойынша сайлаушылар тізімін  8 662 188 адам құрады. Олардан дауыс беруге қатысқаны 4 893 204 адам немесе 56,49%. Мәжіліс депутаттығына кандидаттығын ұсынған адам саны 513. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың 4-уі екі сайлау блогы құрамында. Республикада, еліміздің үлкен орталықтарында сайлаушылардың ең көп даусын жинаған партиялардың алғашқы үштігіне кірді: Республикалық саяси партия «ОТАН» Астанада 53,25% дауыс жинады; «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 16,77%; «АСАР» Республикалық партиясы - 12,45%. Осы партиялар Алматыда сәйкесінше 41,1%; 23,7; 18,15% дауыс жинады.

Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып билік партиясының мүшелері мен оның жақтастары, сондай-ақ оппозиция мүшелері болған іс шаралардың қорытындысын талқылай келе, біз біздің еліміз демократия жолымен, халықаралық құқықтық нормаларын заңнамада және практикада бекіту жолымен нық қадам басып келе жатыр деп айта аламыз.

Еліміздің алдағы демократиялануында маңызды рөлді бұқаралық ақпарат құралдары ойнайды. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының ережелеріне негізделген, БҰҰ-ға мүше болу актісімен Қазақстан Республикасы оның ережелерін сақтайтындығын ресми түрде жарияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 бабында ақпарат алу және таратуға қатысты адам бірнеше құқықтары бекітілген. 1999 жылы 23 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы (2001 жылдың 3 мамырында №181-ІІ; 2003 жылдың 19 желтоқсанында №509-ІІ ҚР заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және басқа да нормативтік құқықтық актілер, мысалы, ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 жыл), ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы (1998 жыл), ҚР «Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» Заңы (1999 жыл), Азаматтық, Қылмыстық Кодекстердің және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстің бірнеше баптары бұқаралық ақпарат құралдары туралы қазақстандық заңнаманы құрайды.

Көптеген мамандардың сынына ұшыраған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» қолданыстағы Заңы шетел бағдарламаларын қазақстандық телеканалдардың көрсетуіне шек қояды. Шетелдік телеөнім көлемі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирлік уақыттың 50 пайызынан аспауы тиіс, ал 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап – телерадиохабарлау арналары бойынша жалпы бағдарламалар көлемінің 20 пайызынан аспауы қажет. Бұл халыққа айтарлықтай идеологиялық әсер ететін отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту қажеттілігімен, сонымен қатар қазақ тілін дамыту бағдарламасының орындалуы және ұлттық мүддеге жауап беретін басқа да мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты.

Шын мәнінде, бір жағынан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радио бағдарламаларын көрсетуді телерадиохабарлау арналары бойынша бағдарламалардың жалпы көлемінен 20 пайыздан аспайтындай етіп шектеу ұсынысы дұрыс, екінші жағынан, аймақтағы елдерімен, соның ішінде, әсіресе, Ресей Федерациясымен ақпараттық және мәдениет алмасу мүмкіндігін бірден қысқартады. Бұл қазақстандық-ресейлік келісімдердің көпшілігімен қарама-қайшылыққа әкеп соқтырады: 1992 жылғы 25 мамырдағы  «Қазақстан  Республикасы мен  Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық  және өзара көмек туралы» Келісімге; 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге; 1998 жылдың 6 шілдесіндегі ҚР және РФ арасындағы «Мәңгілік достық және XXI ғасырға бағытталған одақтастық туралы Декларациясына» және т.б.

Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыруда оларды іске асырудың халықаралық және мемлекетішілік құралдары, мысалы заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде, нақты орындаушыларға жеткізіп, орындалуын бақылау кезінде өзара әрекеттесуі тиіс. Жас егеменді мемлекет үшін толығымен жаңа болып табылатын халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мен өзара байланысының күрделі мәселелерін шешу қажет. Ол ұлттық заңнаманы халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкес келетін, қарама-қайшылықсыз, бірыңғай жүйеге келтіру, құқықтық коллизияларды жою; заңнаманың әрі қарай даму жолдарын анықтау және т.б. мәселелердің теориялық негіздерін алдын ала ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс, алайда тәжірибе көп жағдайда теориядан асып түседі.

Біздің елде адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қамтамасыз етудегі прогресске қарамастан, әзірге Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің (АСҚХП) Факультативті Хаттамаларға қосылу туралы жарияланған жоқ, Молдованы есептемегенде, барлық посткеңестік елдер АСҚПХ-ке Факультативті Хаттамаларға қол қойып қойды, оған сәйкес қатысушы-мемлекеттер АСҚПХ бойынша құрылған адам құқықтары бойынша Комитеттің адам құқықтарының кепілдіктерін бұзылғаны туралы жеке тұлғалардың арыздары бойынша зерттеулер жүргізуіне келісім берді.

Қазақстанның ғылыми қауымы Факультативті Хаттамаларға қосылуды қолдайды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссияның, адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның Жоғары комиссары Офисінің Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының, Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің, «Сорос-Қазақстан» Қорының ұйымдастыруымен 2004 жылдың қарашасында Астанада өткізілген «Адам құқықтары бойынша Халықаралық конвенцияларды имплементациялауда соттық және соттан тыс институттардың рөлі туралы» халықаралық конференцияның Ұсынысында Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің Факультативті Хаттамаларын ратификациялау қажеттілігі жөнінде тармақ бар.

Сөйте тұра, республикада 1994 жылы ҚР Президенті бекіткен құқықтық реформалау Бағдарламасынан бастап Екінші Факультативті Хаттама талабына сәйкес өлім жазасын алып тастауды дайындау бойынша белсенді әрекеттер жүргізілуде. Талан-таражыға салу, жалған ақша жасау, валюталық операциялар ережелерін бұзу, бандитизм, түзеу орындарының жұмысының ұйымдыстырылуын бұзатын әрекеттер, зорлау және пара алу қылмыстары үшін өлім жазасы алып тасталынды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген жаңа Қылмыстық одексте өлім жазасы айрықша жаза ретінде тек адам өміріне қауіп төндіретін аса ауыр қылмыстар үшін, сонымен қатар, соғыс кезінде жасалатын, мемлекетке опасыздық, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы және аса ауыр әскери қылмыстар үшін бекітілген. Өлім жазасы әйелдерге, сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға, соттың үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. Тіпті, қылмыскерді өлім жазасына үкім етсе, үкім өз күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін орындалады. Бұл кешірім алуға үлкен мүмкіндік береді, немесе егер үкім қате шығарылса, құқық қорғау органдарына шынайы қылмыскерді табуға мүмкіндік береді (мысалы, ростовтық маньяк Чикатило ісі бойынша екі күнәсіз адам атылғанына көп уақыт өткен жоқ). Егер 1999 жылы Қазақстан Республикасында өлім жазасына 63 сотталған кесілсе, 2000 жылы – 40, олардың төртеуі кешірім алған, 2001 жылы – 39, 2-уі кешірілген. 2000 жылы 22 үкім 2001 жылы – 15, және 2002 жылдың бірінші тоқсанында -17 орындалды. 1993 жылдан бастап Қазақстанда шамамен 400 адам өлім жазасына кесілген.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)