Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығы жалпы адамзаттық жинақталған-бірдей болмайды дегенді білдірді, ол әділеттік, парыз, жауапкершілік, тәртіп тәрізді қоғамның барлық әлеуметтік реттеушілерінің негізі болып табылатын құндылықтарды сақтаудың ең тиімді нысаны - ұлттық нысан ретінде өмір сүреді. Ұлттық құқықтық жүйелер ғасырлап дамитын, әр халықта әр түрлі болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, құқықтық практиканың негізінде пайда болады.
Құқық қазіргі заманғы мемлекеттердің өмірінде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде рөл атқарады. Бірақ құқықтың мағынасы әр елде әртүрлі. Нормативті құқықтық актілерде бекітілген құқық пен шын мәнісінде сол мемлекеттің өзінде жүзеге асып жатқан құқықтың арасында, басқа да жағдаяттардан бөлек, құқықты түсіну мен жүзеге асырудың этникалық факторлары жатыр және олар ұлттық құқықтың ерекшелігін құрайды. Ұлттық құқық пен сол мемлекеттің тұрғындарын құрайтын ұлттардың мәдениеттері ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктің анықталуында аз рөл атқармайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін африкалық халықтардың көбісі тәуелсіздігін алғаннан соң, жаңа ұлттар өздерінің еуропалық қағидаларға сүйенген мемлекеттілігі мен құқықтарын модернизациялану тенденциясын көрсете бастайды. Дәстүрлі салттардың орнына жаңа заңнама ауыстырылды. Дегенмен 80%-дан 90%-ға дейін тұрғындар ескі дәстүрлерге сүйеніп өмір сүре берді /4,61б./. Олар жаңа заңнамамен мүлдем таныспаған және үлкен қалаларда жүзеге асырылатын заңдар мен институттар жайлы ештеңе білмейді. Құқық африкалық қоғамдардың әлеуметтік ұйымдастырылуының орталық қағидасы болып келмейді.
Бұл жағдайда, ұлттық құқықтық жүйе сол халық үшін әлемнің құқықтық үлгісі деп айтуға болады. Сондай-ақ бұрын оқшауланған өркениеттер байланысының кеңею процесі үздіксіз жүріп жатқанын, соның нәтижесінде қазір ұлттық мәдениеттерінің айрықша белгілерін сақтай отырып біртіндеп біртұтас жаһандық өркениет құрылып келе жатқанын есте сақтауымыз керек. Алайда қоғамға ұзақ уақыт бойы өмір сүруге, жаңаруға, дамудың өзіндік жолдарын табуға көмектесетін бейімдеушілік (адаптациялық) мүмкіндіктер болып табылады. А. Дж. Тойнбидің айтуынша, мәдениеттік элементтердің реинтеграциясы арқылы ортақ мәдениет нысанын құру тенденциясы тек механикалық қосылуға емес, сонымен қатар жаңа біртұтастықтың пайда болуына әкеп соғады, өйткені мәдениетке өзін өзі жаңартуға ұмтылу тән, қоғам өзіне әсер етуші күшті ассимиляциялайды.
ТМД елдерінде өздерінің тарихи, ұлттық, құқықтық дамуының әртүрлілігіне қарамастан өздерінің құқықтық дамуының негізі ретінде біртұтас кеңестік құқықтық жүйеге ие, бірақ оған дейін еуразиялық кеңістікте өмір сүрген халықтардың сан ғасырлық ортақ құқықтық мәдениеті болған. Бұл жайт, Дж. Гинзбургстың Ресейдің құқықтық жүйесі мол тәжірибеге негізделіп, КСРО дейінгі құқықтық жүйелердің дәстүрін ескереді деуіне негіз болды/5, 108-113б./. Рене Давид кеңестік құқықтық мәдениетті романо-германдыққа ұқсас деп есептеді, бірақ сонда да ол құқықтыққа жатпайтынын атап кетеді. Қазіргі заманғы көптеген зерттеушілер де осы көзқараспен келіседі. Мысалы, В. Розин ресейлік және қазақстандық мәдениеттің құқықтыққа жататынына күманданады /6, 78 б./.
Қазіргі заманғы саяси-құқықтық мәдениеттің басқа классификацияларында да жаңалық және біз күткен мағынадағы «өркениеттілік» (жаңа тәуелсіз мемлекеттерге құрмет, шыдамдылық және т.б.) кездеспейді. Г.Алмандтың танымал классификациясы саяси мәдениеттің мынадай иерархиясын ұсынады: ең алдыңғысына ағылшын-американдық, онан соң құрлықтық- еуропалық, кейіннен Шығыстың артта қалған авторитарлы мәдениеті тізімді аяқтайды /7, 180б./.
Ал біз жекелеген бөліктер (тек халықаралық құқық субъектілері) біртұтасты құрайтын емес, керісінше біртұтас (адамзат өркениеті) 200-ге жуық әртүрлі, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын ұлттық құқықтың жүйесінің мозаикасы түрінде болған адамзат өркениет бірлігін ұсынамыз. Өзіндік ерекшеліктер жекеліктердің айырмашылығынан да, біртұтастықтың қайталанбастығынан да көрінеді. Гегель жазған: «мүшелер мен органдар анатомның қолында ғана жай бөлшектер болады, бірақ ол онда тірі денелермен емес, өліктермен жұмыс жасайды»/8/. Адамзат өркениетінің “тірі денесі” ортақ мақтаныш болып табылады, оған халықтардың әрқайсысы өздерінің қайталанбас және қоғамдық қатынасты реттейтін, құқықтың жалған идеология әсеріне ұшыраған анықтамаларына сай келе бермейтін ұлттық құқығын енгізді. КСРО кезіндегі маркстік-лениндік дәстүрлі көзқарас, құқық таптар мен жеке меншіктің пайда болып кезеңінде туындады дейді. Бұған қарсы шығуға болады, өйткені алғашқы адамдар homo sapiens 40000 жыл бұрын пайда болады. Қазіргі заманғы ғалымдардың айтуынша жер бетінде алғашқы организм 4,25 миллиард жыл бұрын пайда болады, ал фотосинтездердің механизімінің пайда болғанына 4-3,5 миллиард жыл болды. Адам тектестер (адамдар десек те болады) бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған. Қазіргі заманғы танымал зерттеушілер көпжылдық зерттеулерін қорытындылай келе, тіріні ұйымдастырудың жекеден жоғары нысандары өмір сияқты өте ертеде пайда болған, сонымен қатар мемлекеттік құқықтық қатынастар да адамзат пайда болып, қоғамның дамып келе жатқан кезінен бастап өмір сүрген /9, 240 б./.
Сондықтан да құқық пен мемлекеттікті сол халықтың тарихи кезеңіне байланысты, халық өмірінің сол кезеңдегі ерекшелігіне қарай қарастыру қажет, оны қазіргі заманғы қажеттіліктермен салыстырып, белгілі бір аспектілердің, тіпті бұл елде бұрын мемлекеттілік пен құқық болғанын немесе жоқтығын айыптауға болмайды.
Зерттеушілердің басым көпшілігі неолитикалық революцияға, бірінші еңбек бөлінісіне (жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы бөлінісіне) екінші еңбек бөлінісіне (шеберлік пен жер шаруашылығы бөлінісіне) үшінші еңбек бөлінісіне (сауда мен шеберліктің бөлінісіне) тоқталады, олардың айтуынша өркениет жер шаруашылығына негізделіп дамыған. Бірақ, тарихта мемлекеттілік пен құқық алғашқы кезде көшпелі қоғамда белсенді дамыған. Бұрынғы көшпенділер кезіңде шеберлік пен сауданы белсенді дамытып, Қытайдан Византияға дейінгі өркениеттің жетістіктерін қабылдап, бұл жерде мемлекеттік құрылыс тәжірибесін аккумуляциялаған.
С.З.Зимановтың айтуынша, ”құқық- ол тәртіп, оның жүйесі, оның табиғи және адами негіздер зерттеу”/10/. Өз кезегінде «табиғи және адами негіздер» этностың ерекшелігін, мемлекет пен құқықтың ерекшелігін құрайды. Көршілес болып, бір мемлекетте бірге ұзақ уақыт бойы тұруы құқықтың белгілі бір типін туғызатын этностарға осы негіздер көбінесе тән.
Тарихи құбылыстар бола тұра мемлекет және құқық даму кезеңінде көптеген өзгешіліктерге ұшырайды. Осыдан көптеген өткен және қазіргі құқықтық жүйелердің болуы, Л.С.Явичтің айтуынша, “жер шарындағы мемлекеттердің, мәдениеттердің, халықтардың, аймақтардың, этникалық және ұлттың ерекшеліктердің, әлеуметтік, саяси құрылымдардың, отбасылардың, мәдениет пен дәстүрдің, тіл мен өнердің, экологиялық және демографиялық өмір сүру негіздерінің арасында қандай айырмашылықтар болса, құқықтық жүйелердің арасында да сондай айырмашылықтар болады” /11, 40б./. Өте дұрыс жинақталған атақты ғалымның бұл ойы, біздің ойымызша, адамзат құрған кез келген мемлекеттілік пен құқықтың нысанын (онда ұзақ уақыт бойы құқықтық әдет-ғұрып орын алған) түсінуде негіз болады.
Құқықтық әдет-ғұрып-ұзақ уақыт бойы пайдаланудың арқасында пайда болған тәртіп ережесі, ол нормативтік актілер сияқты реттелмеген, бірақ мемлекет мойындаған. Әдет-ғұрып- ұзақ уақыт бойы қоғамдық тәжірибенің арқасында дамыған, сондай-ақ жалпы моральді, халықтың рухани байлығын, кей жағдайларда кемшілігін ( мысалы, жыныстар теңсіздігі сияқты) көрсетеді. Сондықтан мемлекет әдет-ғұрыптарға әртүрлі қарайды: кейбіреулері нақты заңмен тыйым салады, мысалы, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында көп әйел алушылыққа, қалыңмалға тыйым салынды. Кейбір жағдайларда әдет-ғұрып мемлекеттің үнсіз келісімімен қала береді немесе позитивтік құқыққа айналады. Мысалы: Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі 3-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қатынастар, егер олар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын азаматтық заңнамаға қайшы келмесе, әдет-ғұрыптармен, соның ішінде іскерлік әдет-ғұрыптармен реттелуі мүмкін. Әдет-ғұрыпты орындау ішкі міндеттілікпен (жеке сана) және қоғамдық міндеттілікпен (қоғамдық сана) қамтамасыз етіледі.
Ұлттық құқықтық әдет-ғұрып пен халықаралық әдет-ғұрыпты салыстырсақ, халықаралық әдет-ғұрып - ол елдер арасындағы қатынастарының тәжірибесінің арқасында құрылған тәртіп ережелері. Онда мемлекеттер өздерінің келісімін бере отырып белгілі бір шешімге келеді. Әдет-ғұрыптық норма шарттық нормаға қарағанда халықаралық құқықтың нормалар жүйесіне ақырын кіреді және мемлекеттер тәжірибесінде қолданбай қоюына байланысты ақырын күшін жояды. Кәдімгі құқықтың әдет-ғұрыптық түрлеріне – халықаралық теңіз құқығы, халықаралық елшілік құқығы, халықаралық шарт құқығы жатады. Халықаралық құқықтық әдет-ғұрып мемлекеттердің ұқсас заңдарды қабылдауынан да пайда болады. Кейде халықаралық әдет-ғұрыптық құқық анықтамасы “халықаралық әдет-ғұрыптық заң ” деп те кездеседі /12, 45б./.
А.И.Талалаевтің пікірінше «халықаралық құқықтық әдет-ғұрып - ол мемлекеттердің ұзақ уақыт бойы, тоқтаусыз қайталанатын тәжірибелерінің нәтижесі және оның заңды күшіне ену мерзімін анықтау мүмкін емес» /13, 172б./. Зерттеушінің ойынша халықаралық келісімнің екі нысаны ретінде халықаралық шарт пен халықаралық әдет-ғұрып ғана халықаралық құқықтың қайнар көздері бола алады. Онымен келісе отырып, Г.И. Тункин жазады: “жалпы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының құрылу процесін аяқтайтын нысандар тізімін халықаралық шарт пен халықаралық әдет-ғұрып бітіреді” /14, 106б./.
Дипломаттар мен саясаткерлер өздерінің сөздерінде мынадай сөз тіркесін жиі айтады: «халықаралық құқық нормалары мен мұндай міндеттерді өркениетті шешудің әлемдік тәжірибесі негізінде...». Бұл жерде «әлемдік тәжірибе» қайталанатын, ұқсайтын халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптың пайда болуына қайнар көз, негіз болады және бұл кейін бекітілген халықаралық құқықтық норма мәртебесіне ие болуы мүмкін.
Паралелль халықаралық шарттардан таралатын шарттық нормалардың жинақталуы мемлекеттердің жалпыға міндетті әдет-ғұрыптық құқықтық норма ретінде мойындауынан жалпы шарттық практика тууына алып келуі мүмкін. Барлық мемлекеттерге міндетті халықаралық құқық негізінен әдет-ғұрыптық нормалардан тұрады. Әдет-ғұрыптық нормалар жалпыға танымал мәртебесіне ие болу үшін мемлекеттердің көпшілігімен мойындалуы тиіс.
БҰҰ Халықаралық Соты Статутының 38 бабына сәйкес, халықаралық құқықтық практикаға сай халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптық нормасы мен шарттық нормасы халықаралық құқық жүйесінің қызмет етуінің негізін құра отырып, бірдей заңдық күшке, бірдей құқықтық мәртебеге ие.
Бұл шарттық норма әдет-ғұрыптық норманы жоя алады дегенді білдіреді, ал әдет-ғұрыптық норма халықаралық құқықтың шарттық нормасын өзгерте және тоқтата алады. Бірақ бұл ереже әлемнің барлық мемлекеттерінде таралмаған. Б. Л. Зимненко халықаралық құқықтың нормаларын қолданумен байланысты АҚШ-тың соттық тәжірибесін зерттей келе, әдет-ғұрыптық құқықтық нормалар нормативті иерархияда ең соңғы орын алатынын атап кетеді. Халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптық нормасы мен мемлекетішілік нормативтік акт арасында коллизия туындаған жағдайда, сот осы актіде белгіленген норманы қолданады. 1996-1998 жыл аралығындағы баспаға шыққан сот тәжірибесінде АҚШ соты халықаралық әдет-ғұрыптық құқықтың нормасына сілтеме жасаған бірде бір іс жоқ.Көптеген мемлекеттердің заң шығарушылық және сот тәжірибесі әдет-ғұрыптық халықаралық құқық нормасы мен заңның арасында коллизия туындаса, олар әдет-ғұрыптық халықаралық нормаға сүйенеді /15/.
Халықаралық құқықта құқықтық әдет-ғұрыпқа көбірек көңіл бөлінеді. Халықаралық әдет-ғұрыптың мұрагері ретінде қабылданып, оның функциясын алған халықаралық шарт нормалары қазіргі кезде халықаралық құқықтың жалпы қайнар көзі болып саналады.
Халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптық нормалар мен халықаралық құқықтың қағидалары өзара тығыз байланысты. Халықаралық міндеттерді адал орындау қағидасы негізінде әдет-ғұрыптық «pacta sunt servanda» (шарттар орындалу керек) жатыр. БҰҰ Жарғысының 2-ші бабында БҰҰ мүшелері өзіне жүктелген міндеттерді орындау керек деп айтылған. Бұл қағида 1969 жылдың 23 маусымында қабылданған халықаралық шарт құқығы туралы Вена Конвенциясында, 1970 жылғы халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда, 1975 жылғы Хельсинск Қорытынды Актісінде бекітілген. Бұл қағиданың мазмұны келесідей, барлық мемлекеттер БҰҰ Жарғысында бекітілген міндеттерді, сонымен қатар олар жасасқан халықаралық шарттарды орындауы керек. Өздерінің егемендік құқықтарын жүзеге асыра келе, мемлекеттер өздеріне жүктеген халықаралық міндеттерге сай әрекет етеді.
Қазақстанның белгілі ғалымдары (Т.М.Культелеев, С.Л.Фукс, С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, З.Ж.Кенжалиев және т.б.) қазақтық әдет-ғұрыптық құқық мысалында әдет-ғұрыптық құқық шартында өмір сүрген бүкіл этностар, суперэтностар және мемлекетер әлемдік өркениеттік органикалық бөлігі болғандығын айтып кеткен.
М.А.Құл Мұхамед, қазақ тіліндегі құқықтың түрлі атауларын зерттей келе, «жол» термині, көшіп қонып жүрген қазақ халқының психологиясына қолданылатын құқық түсінігін білдіргенін дәлелдеген. «Ақ жол», «Ата жолы» сөздерін қолдану арқылы қазақ халқының психологиясы өзінің құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсеткен. Біріншіден, қазақ құқығының басты қайнар көзі ұрпақтан-ұрпаққа берілген әдет-ғұрыптар болған. Сондықтан құқық (ақ жол) әдет-ғұрып ретінде танылған. Екіншіден, қазақ құқығының ерекше қайнар көзі болып би (сот) преценденті-үлгі болған. Бұл «жол көрсету», «жол сілтеу» мағынасында көрсетілген.
Қазақ құқығының дамуында сот прецеденті ерекше орын алған. Үшіншіден, мемлекеттік бекітулер де қазақ құқығының қайнар көзі болған. Бұл «қасқа жол», «жолға қою», «жолға салу» түсінігінде көрініс тапқан. Мысалы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», сондықтан құқық бұл жалпы келісімге келетін жол, ол жол бекітілген құқық нормаларында емес, ол бір ұрпақпен ғана емес, адамзат айналасында өндірілген жалпы этникалық, аймақтық, өркениетаралық нормалық құқықтың мағынасында және жалпы белгілеуінде. Бұл көбіне «еріктердің келісуі», бірақ руаралық, халықаралық құқықта да мемлекетаралық «еріктердің келісуі» болады.
Қазіргі қазақ заң ғылымында әдет-ғұрыптық құқықтың мәселелері ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыптық құқықтың қазіргі позитивтік және халықаралық құқықтың байланысы қарастырылады. 1999 жылы С.Ф.Ударцевтың жетекшілігінде К.А.Әлімжан «Әдет-ғұрыптық құқық құқық нысаны ретінде» атты тақырыпта заң ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады. Осы еңбекте дұрыс белгіленгендей, ұлттық құқықтық жүйедегі әдет-ғұрыптық нормалардың заңды функционалдығы маңызды, өйткені әдет-ғұрыптық нормалар кең таралған және халықаралық құқық қатынасында үлкен рөлге ие. К.Исаковтың «Мемлекет және құқық: Қазақстан Республикасындағы әдет ғұрыптар, қазіргі заман және болашақ» атты жұмысында қолданыстағы заңнама үшін қарапайым құқық мәнін қарастырып кеткен.