Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
Конституциялық ережелердің біркелкі түсінуіне қатысты жағдайларда Конституциялық кеңестің шешімі түпкілікті болып саналады. Барлық қалған нормативтік құқықтық актілерді талқылау бойынша соңғы және неғұрлым беделді ресми инстанция ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты саналуы тиіс. Заң шығармашылық және атқарушылық билік тармақтарының тепе-теңдік және тежемелік механизміндегі басты ролді дәл осы Сот билігі атқаруы қажет. Сот билігінің ақырғы шешімдеріне барлық мемлекеттік органдар сөзсіз бағынуы керек, ең алдымен, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы – Президент. Бұл мемлекеттегі заңдылықты, ұлттық құқықтық сананы қалыптастырудың ең маңызды факторы болып табылады.
Нормативтік құқықтық түсіну бүгінгі күні өте маңызды, бұл ғаламдық процестің қарқынды дамуы, кейбір мемлекеттер және халықаралық бірлестіктердің басқа субьектілерінің тенденциясы байқалады. К.К.Тоқаев айтқандай, ғаламдану туралы тұңғыш рет американдықтар сөз қозғай бастады. Бұл термин Т. Левиттің қауырсынының астынан шықты, ол 1983 жылғы «Гарвард бизнес ревью» мақаласында жарияланған болатын. Ол бұл сөз арқылы ірі көпұлттық корпарациялармен (КҰК) өндірілетін жекелеген өнімдер нарығының құйылу құбылысын білдірді. Аса кең мағыналы терминді Гарвард мектебі берген болатын, және терминнің бас популяризаторы бұл мектептің консультанты жапондық К. Омэ, 1990 жылы «Шекарасыз әлем» атты кітабын басып шығарған болатын. Әлемдік экономика үш «үштіктің» (ЕС, АҚШ, Жапония) орталықтарының өзара тәуелділігімен анықталатын, жеке мемлекеттердің экономикалық ұлтшылдығы мәнсізденетіні, экономикалық сахнада күшті актерлердің рөлінде «глобальді фирмалар» бекітілген. Әйтсе де, мұндай келісумен барлығы келіспейді, соған қарамастан Омэ ұстанымы жаһандануға қатысты кез-келген пікір таластың жіберуші пунктіне айналды /10, 8-9 б./.
Шынында да шапшаң дамитын саяси оқиғалар, әлемнің гео-саяси бет-бейнесін өзгертеді; жаңа экономикалық, әскери, саяси одақтардың құрылуы мен ыдырауы; экономикалық, көліктік, ақпараттық жобалардың масштабтық тұрғыда өсуі; жалпы планеталық экологиялық апаттардың асқынуы; адамдардың жаппай орын ауыстыруы әлемдегі сапалы жаңа ахуалдарға келтірді. Сонымен қатар, мемлекет егемендігі жауынгерлерді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің геосаси орналасуының басқа да факторлары әсер етеді. Дегенмен, ғаламдану мемлекеттің жеке дамуының экономикалық, мәдени, құқықтық, тіпті адам баласының тарихы немесе керісінше, жеке мемлекет немесе жалпы континенттің өміріне дүниелік бірлестіктің ықпалы әлдеқашан белгілі болды. Бұл жаңа терминнің пайда болуы ғалымдарды тығырыққа тіремеуі қажет.
Адам баласының дамуын зерттеген екі мың жылдық мерзім (мысалы, 1999 жылы Қазақстанда 8 млн жыл бұрын өмір сүрген адамға ұқсас жандар табылды) ғалымдар 100 жылдық, 1000 жылдық мемлекет пен жеке өлкенің өмірлік мерзімін талдайды. Көне құдіретті асыл тұқымды одақтар немесе ұлы империалдың қатары бұл қызметте континент масштабтарындағы (мысалы, Алтын Орда Азия мемлекеті мен Солтүстік Африкаға өз ықпалын тигізді).
Сонымен, қазіргі ғаламдануға кеңірек қарасақ, тарихи кезеңнің адам баласының даму масштабының бірі, түрлі мемлекетаралық байланыстардың артуы, жаңа түрлерінің пайда болуы, даму шапшаңдығы, масштабы және іс жүзінде жылдам орын ауыстыру түрі және т.б. XX ғ. I жартысында В.И.Вернадскийдің ноосфера жайындағы қазіргі ғаламданудың философиялық түсінігі; жарқын болашақта адамзат жер кеңістігінің сақталуының және т.б мәселелердің шешімдерін ұйымдастырады. Көп ұзамай, қазіргі кезде қауып төндіретін ғарыштық масштабтағы мәселелерді ғылыми тұрғыда талдау өте қиын.
Жаһанданудың кізіргі кезеңдегі мәселелерінің бейнесі ұтымды болып көрінеді. Әлемде мемлекеттердің барлығы екі жүз шақты және соның ішінде белсенді субьектілері он шақты, анық жетекші меммелкеттер саны он шақты. Мемлекетаралық байланыс пен халықаралық даму мен ұлттық құқықтық қиындықтар өнеркәсіптік және қаржы алыптары, мемлекетаралық қоғамдық бірлестіктер және обьективті пен субьективті қиындықтарды, адам баласы өзі шығарып, кейін ерлікпен жеңеді. Халықаралық құқық субьектілерінің саны артады, осы уақытта егеменді болатын кейбір мемлекеттер дүниелік саясаттың субьектісіне қарағанда, обьективті болып келеді. Дегенмен, әрбір мемлекет өз егемендігін сақтауға ұмтылады (ұлттық және біріккен қарулы күштерінің күшеюі; әскери, саяси, экономикалық және қалған одақтардың жасалуы; халықаралық ұйымдардың мәртебесін қолдану және т.б) сонымен бірге өз елінің халықаралық құқығының субьектілерінің қызметі, ұлттық заңның әбден жетілдірілуі.
Кейбір ресейлік мамандар, (В. Дахин, С.А.Проскурин) бір жоғары державаның үстемдік етуі – АҚШ, үшінші мыңжылдықта жасалған халықаралық қатынастың «империялық» жүйесі, «өз-өзіне есеп бере алатын халықаралық идеологиялық дәлелдеу»: АҚШ бүкіл әлемдік мүлтіксіз саяси және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие. Сондықтан олар бұл жүйенің құндылықтары (ең маңызды құндылықтармен демократия және адам құқықтары болып табылады) бүкіл әлемде іске асыруды өз жауапкершілігіне алады, сонықтан АҚШ және батыс әлемдегі адам құқығы мен демократияның тағдырын глобальді жауапкершілікте қабылдайды.
Ғаламдық катынаста әр түрлі пікірлер болады. Малайзияның премьер-министрі М.Мохамад айтқан, ғаламдану – бұл жарты ғасыр бұрын бостандық алғандар. БҰҰ баяндамаларына сәйкес, 1980 жылдар мен 1993 жылдар аралығында 15 елде қатты экономикалық өрлеу басталды, 1,5 млрд адамның өмір деңгейінің жағарылауы, табыстардың төмендетуі 1,6 млрд тұрғындардың басқа елдерінің жүздігінде көп. Сол жетпістің ішінде орташа табыс деңгейден төмен болды, 1980 ж, 43-1970 ж. Осыдан қорытынды: «ақырғы 15 жыл ішінде әлем экономикалық жақсарды: ел ішінде де, сонымен қатар, ішкі және сыртқы тұрғыда да. Егер бүгінгі тенденциялар жалғасса, онда индустриалды және дамитын елдердің арасындағы экономикалық теңсіздік адамгершіліксізге айналады» /10, 584 б./. Қазақстан Республикасындағы ГФР-дің Төтенше және Өкілетті елшісі Михаэль Любаль Еуропаның бірігуін бірқатар негіздермен түсіндіріп берді, соның ішінде «сырттан қоқан-лоқы жасау тыйылды», және АҚШ-да унипатеризмге қатысты белгілі бір тенденциялар артып отыр /12, 4-8 б./.
Глобальді шақырулар мәдениаралық қайшылықтардың қажеттіліктерінің императивті, яғни тегеурінді талаптарын еріксіз көндіреді. «Қазіргі жаһандық мәселелер» түсінігінің мазмұны келесідей мәселелерді бөліп көрсету арқылы нақтыланады: серіктестік, үшінші дүниежүзілік соғыс болуына жол бермеу, экологиялық дағдарыстың жағымсыз салдарын азайту, ұлттық құқықтық жүйеде бекіту және тұлғаның құқықтық мәртебесін, адамның табиғи туа біткен ажыратылмайтын құқықтары мен бостандықтары негізінде қамтамасыз ету: табиғи құқықтары негізінде тұлғаның құқықтық жағдайын қамтамасыз ету, экологиялық, ақпараттық, транспорттық, демографиялық дағдарысты шешу, ғылыми-техникалық революцияның тереңдігі мен таралуы; қылмыспен, соның ішінде терроризммен, есірткімен, ұйымдасқан қылмыстармен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтар т.б. Осы мәселелерді шешудегі халықаралық-құқықтық механизмде негізгі компоненті ретінде БҰҰ мен оның мамандандырылған кеңселері: Қауіпсіздік кеңесі, БҰҰ халықаралық соты, аймақтық және халықаралық соттар, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы әскери жасақ т.б., олар қазіргі жағдайда өздерінің де үнемі жетілдіріліп отыруына талап қойып отырады.
Бұл мәселелерді шешудің халықаралық-құқықтық механизмі мәселелерінің шешілуі негізгі компонент ретінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерін біріктіреді: Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ ның халықаралық соты, аймақтық және халықаралық соттар, бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау әскері («көгілдір каскалар») және тағы басқалары.
1996 жылдың өзінде, Югославиядағы соғыстан кейін келісу нәтижесінде жүзеге асқан, соның ішінде құпиялы (Ресей пен Қытайдан құпия-Қауіпсіздік кеңестің тұрақты мүшелері), БҰҰ мен НАТО басшылары арасында Сербияға бомбалық соққы төндіруі жөнінде, БҰҰ мен оның институттарын реформалау өзекті болып отыр. Қарқынды дамып келе жатқан саяси құбылыстар әлемнің геосаяси бейнесін радикалды өзгертеді. Сонымен қоса, мемлекеттің егемендігін оның қаншалықты әскери күшінің болуы, экономикасының қуаттылығы, әскери-саяси одаққа немесе аймақтық бірігуге қатыстылығы, мемлекеттің геосаяси орналасқан жері және басқа да факторлардың болуы қамтамасыз етпейді, оған қоса жеке мемлекеттің басшылығына байланысты емес көп жағдайда мүшелер қатарының бірлескен әрекеттері, кей жағдайда әлемдік серіктестіктердің әрекеттері де ықпал етеді.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде, Генрих Гейнеше жеткізер болсақ әлем бірнеше бөлікке жарылды, осы түскен әрбір сызат жер бетіндегі әрбір адамның жүрегі арқылы өтеді деген болатын. Дәл осы фонда А.Дж.Тойнбидің сөздері ерекше өзектілік алады. «Біздің Ғалам ... үлкен емес. Оның мағыналы құндылығы физикалық аздығымен шамалас емес. Жер атты, титтей түйіртпектегі ғарыштық материядағы индивидтер, топтар, халықтар, аймақтар тұрақты процесстің өзара байланысына, өзара арақатынасына, өзара бір-бірін үйрету мен оқытуға мәжбүрлі» /13, 736 б./.
Адамның рухани адамгершілік субстанциясы барлық адамзат дамуының шешуші факторы болып табылады. Әлем антропокосмоцентрлі және «өркениет» осы тараптан қарағанда географиялық және саяси ұғым болып табылмайды. Өркениет жалпы адамзаттық ұғым. Өркениеттік бұл ең алдымен зорлық-зомбылық жасамау, диалог, яғни үнқатысу, ымыраластық. Дүние яғни, әлемнің орталығы «жалпы адамзаттық өркениет» әрбір адам арқылы өтеді. Террроризм жолын қалаған, басқа адамдардың немесе бүтіндей басқа халықтардың құқықтарын пайдалану және қоқан-лоқы жасау жолымен жеке тұлға ретінде де, әрі толықтай мемлекет қана өрекениеттен тыс қадам жасай алады.
Халықаралық құқықтық дамудың маңызды тенденцияларына ғаламдану жағдай жасайды, соның ішінде сала әсерінің кеңейтілуі мен реттеу интенсификациясы. Құқық мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің барлық жаңа ауқымын қамтиды, ал құқықтық реттеу қарқынды бола бастайды, өзара әрекеттесуінің тереңдігіне кіріге бастайды. Тек қана күрделі көпсалалы жүйе ретінде қалыптасып, халықаралық құқықтың даму екпіні өсе бастайды, Сонымен бірге ғаламдану шартында құқықтық түсінушілік түбегейлі өзгерістерге шыдайды. Ең бастысы бұл бұқаралық ақпарат құралдарын бекітеді. Осылай, ресейлік прессте «АҚШ әлемдік жандармдық рольді өз жауапкершілігіне алды» деген баптар пайда болды. Егер кімде кім олардың айтқанын тыңдамаса, осылай жазалады: Ирак, Судан, Югославияны бомбалап, атты. Куба, Ливия, Иранға эмбарго жариялады. Келіспеушілерді бұралқылар деп атады. АҚШ құрған Жаңа әлемдік рет, бұл мейірімсіз, қанды, әділетсіз дүниелік құрылым. Ресей, әлем елінің көпшілігі ретінде оның құрбаны болып табылады /14/.
Қазақстанның көрнекті, саяси және діни қайраткері Әли Хаджи (Олег Рубец) «террористерді айырып алып, американдық генералдар №1 мемлекеттің имиджіне жасаған масқарасын тезірек шайғысы келеді. Оны қайтару үшін АҚШ кез келген әрекетке және құрбандыққа дайын болды. Мұндай ұқсас шаралар қанды қарсы тұру пәлекетке, әлемді душар етуге, бізді орта ғасырға қайтаруға әкеп соғады» /15/.
Өз кезегінде американдық сенатор Джон Маккейн өз әкімшілігін шақырып, Джордж Бушты Ауғаныстанда «АҚШ тың бүкіл әскери қуаттылығын, соның ішінде көп үлес қосқан жер бетіндегі әскерлерді» қолдануға шақырды. Ресейлік комментаторлар былай дейді: халықаралық қоғаммен кейбір мұсылман елдерінің ескертуіне қарамастан, әскери күштің масштабтық қолдануына басым бағытта сатавка жасалған /16/.
Тек қана Қытай КНР СІМ, яғни МИД өкіл ретінде Чжан Циюэ «Қытай басқа елдерге соғыстың және терроризмнің таралуына қарсы шығады», деп мәлімдеді. Қытай терроризмнің кез келген ықпал етушілеріне қарсы күресті қолдайды. Қытай террористер бойынша соққылардың кез келген ұруына қарсы, Чжан Циюэ айтты /17/. Қытай, дипломаты ерекшеленіп, кез келген терроризммен күресудің әсер етулерін колдайды. Олар сонымен бірге «БҰҰ жарғысы болатын мақсат пен қағидалардан, сонымен бірге халықаралық заңдар мен тұрақты мәліметтерде шығу қажет» деп санайды. Террористер бойынша соққылардың кез келген ұруына Қытай қарсы деп,- Чжан Циюэ айтып кетеді. Ауғаныстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша халықаралық күштерді орналастыру жоспарына Иран қарсы болды. Иран СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Хамид Реза Асефи былай деп мәлімдеген болатын, «шетелдік әскери группировкалардың болуы Ауғаныстанның тәуелсіздігі мен аумақтық бүтіндік қағидасына қайшы келеді, сонымен қатар бұл елдің жағдайын одан әрі күрделендіре түседі және бітімгерлік үрдісті үзеді» /18/.
Кез келген адамды, әсіресе, бүкіл халыққа өзі жасаған қылмысын мойындату өте қиын. Оны міндетті түрде сотта дәлелдеу керек. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та террорлық актінің жүзеге асыру барысындағы кінәлілер әлі күнге дейін анықталған жоқ, бірақ соғыс жүріп жатыр. Қорғалмаған елмен салыстырмалы түрде қарағанда бұл алып ел үшін терроризм болып саналады.
Әлем алдағы тұрақсыздықтың үрейлі алдын ала сезуінде қатып, мерзімнің қайта оралуына байланысты саясаттың шегі - құқық пен сыртқы ортаның құралы - халықаралық құқық нормаларының қалыптасуы, мемлекет күшімен анықталды. Бұның барлығы адамзаттың ертеңге деген сенімділік сезімінің үмітін жоғалтады.
Батыс өркениеті адам құқығы және демократия деген құндылықтар негізінде құрылады. Бұл атрибуттардың орындалуларын қазіргі қоғам кеңестік республикалардан да талап етеді. Бұл тек қана біздің азаматтардың қорғалуына байланысты ғана емес, ТМД кеңістігіндегі, сонымен ішінде Қазақстан Республикасындағы батыстың ұлттық және трансұлттық корпарациялары мен бизнестегі азаматтарын да қорғаудың түсінікті тетігін қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты қырғыз публицисті М.Қабылбеков: «Ешкім Батыстың негізін қалаушыларға капитализмді ұлттық ерекшеліктерді бейнелей отырып құруға ешкім кедергі келтерген жоқ. Әлемдік корпарацияларлы құрушылар бұл туралы ойлағысы да келмейді. Олардың қолдарындағы демократия алдақашан мақсат емес, асау үкіметтерге қысым жасайтын құрал ретінде. Әсіресе жер аумағындағы бай энергия жұқтырушылары» екендігін бақылады /19/.
Соңғы кезде Халықаралық аренада Батыс державалары өз белсенділіктерін анық күшейте түсті. И.И.Лукашук, ғаламдану шарттарындағы халықаралық құқықтың рөлін, 1999 жылы сәуір айында Солтүстік Атлантикалық кеңестің басқосуында қабылданған жаңа НАТО Одақтастық стртегиялық концепция түрінде белгіледі. Одақ жаңа ғасырдың шақыруларына және мүмкіндіктеріне дайын екендігін білдіруге бағытталды. Сәйкесінше, «трансформацияланған НАТО», жаңа әлем ретіндегі орталық позициясын алуға анық талаптанады: Одақтың әсері және оның функциясының саласы кеңейеді. Концепцияның бірқатар ережелері «гуманитарлық интервенция» ретінде танылуға арналған /20, 15-33 б./.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін айналып өтетін, біржақты күш беретін «гуманитарлық интервенцияны» ақтау мақсатында қолдану туралы сөз болады. Бірақ ондайға мүлдем жол берілмейді. Жекелеген мемлекеттің, аймақтың, әсіресе, әлемдік қауымдастықтың мүдделеріне қатысты кез-келген масштабтағы және сол гуманитарлық акциялардың өзі БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын нақты және айқын сақтау негізінде жүргізілуі қажет. Бірақ ең күшті әлем елдерінің тенденциясы, логика бойынша, халықаралық құқықтың қағиадалары мен танымал нормаларының қатал орындалу жолымен Жердегі тәртіпке жауап беру қажет және «күштілер құқығы» үңгіріне қайта оралу қажет. Бұл Батыс елдерінің дәстүрлі оппоненттері ұқсас әсерлерін қабылдамау жағынан ғана емес, біртұтас бұрынғы кеңеске қарсы блоктың бөлінуіне алып келеді. Әсіресе Ирактың әскери оқиғалар кезінде бұл айқын көрініс тапқан болатын. 2003 жылғы 25 ақпанда Қауіпсіздік Кеңесінің, БҰҰ дауыс беру резолюциясы кезінде француз делегациясы Иракқа қарсы күштік акцияға рұқсат беретін вето құқығы туралы батыл мәлімдеме жасады. Американдықтар оларға қарсы Француздық вето оларды тоқтатпайтынын және АҚШ-тың қорғаныс министрінің орынбасары Ричард Перл былай мәлімдеді: «АҚШ-тың бірде-бір президенті американдық саясатты Жан Ширактың анықтауына мүлдем жол бермейді» /21/. Өз кезегінде, Ирактағы АҚШ және Ұлыбританияның әскери қимылдарынан кейін Жан Ширак Иракты БҰҰ-ның ең көп өлім қауіптерінің халықаралық институтын оккупация ретінде атады /22/. Дегенмен, Ирактағы оқиғалардың қатынасы ғалымдардың пікірлері бойынша бірмәнді емес. Қазақстандық ғалым М.Әшімбаев, Ирак төңірегіндегі оқиғаны жан-жақты талдай отырып, АҚШ-тың сыртқы саясатында салған конструктивтік потенциал жеткілікті мақұлдайды /23/. Шындығында, Ирактың қайғылы әсері немесе басқа да бір ойлар Ливияның жетекшісі М.Каддафиді 2003 жылдың желтоқсанында жаппай қырып-жоятын қару өндірісі бағдарламасынан бас тарту туралы мәлімдеме жасауға итермеледі.