Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі Шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағында Кеден Одағы Комиссиясының Шартының шешімдерін жүзеге асыру тәсілі туралы мәселені қарастырғанда, сәйкес түсіндірме алу үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгінді (шарт шешімдері Шарттың 6-бабына сәйкес қатысушы жақтар үшін міндетті болып табылады). Нәтижесінде 2009 жылы 7 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болатыны және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылатыны» туралы айтылған Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының сәйкес бөлігінің нормаларын ресми талқылау туралы  үндеуі түсті.

Бұл ұсынысты қарастырғаннан кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өзінің 2009 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабын ресми талқылау туралы» қаулысымен («Казахстанская правда» 03.12.2009 г.) қаулы етті:

1.Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылған (сонымен қатар 2008 жылдың 24 маусымдағы № 45-IV «Кеден одағы Комиссиясы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден Одағының Комиссиясы туралы шартқа сәйкес құрылған Кеден одағының Комиссиясы) халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдеріне Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басым болатыны және тікелей қолданылатыны туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормалары қолданылатынын білдіреді. Негізгі заңның 4-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес нормалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес құрылған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы болмауы тиіс.

2. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері ратификацияланған халықаралық шарттардың заңдық қасиеттеріне, халықаралық шартта бұл шешімдер Қазақстан үшін міндетті екендігі көрсетілген жағдайда, ие бола алады. Ал Конституцияның «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды және мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ететіні» туралы 2-бабы 2 тармағының және 91-бабының 2 тармағының бұзылуына әкелетін халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан үшін міндетті болып таныла алмайды.

3. Қазақстан үшін міндетті халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің арасында коллизия туындаған жағдайда коллизия жойылғанға дейін халықаралық ұйым мен оның органдарының шешімдері қолданылады.

4. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін халықаралық ұйым мен оның органдарының шешімдері қолданыла алмайды және тиісінше бұл шешімдердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің алдында басым күші болмайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Кеден одағының құрылып жатқан ұлтүстілік құқығының мемлекеттің Негізгі заңмен орнатылған шектегі ұлттық құқығынан басымдығын мойындады.

Біздің көз алдымызда Кеден одағының ұлтүстілік құқығы мен органдары құрылуда. Осыған байланысты Қазақстан үшін болашақта республиканың мемлекеттер одағына қосылу мүмкіндігі туралы ережені бекіту, ұлтүстілік құқықтың ұлттық құқық нормаларынан басымдық қағидасын бекіту мақсатымен, ұлттық конституцияға сәйкес өзгерістер енгізу мәселесі қойылады. Бұл мемлекетімізге қатты бәсекелес әлемдегі елдер арасынан өзінің мүддесін қорғай алатын, яғни өз мүддесі үшін тұра алатын түрлі деңгейдегі интеграциялық бірлестіктер құруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

4.3 Қазақстан Республикасы заңнамасы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы  ұсыныстық заңнамалық актілерінің арақатынасы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қызметі барысында жүздеген саяси және құқықтық сипаттағы құжаттар қабылданды. Оларды келесідей түрде жіктеуге болады:

а) Мемлекет және үкімет басшыларының актілері;

б) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламент Ассамблеясының ұсыныстық актілері;

в) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының біржақты және екіжақты келісімдері;

г) бұрынғы КСРО актілері.

Егер мемлекет және үкімет басшыларының актілері, Достастықтың көпжақты келісімдері, қатысушы мемлекеттердің екіжақты шарттары саяси құжаттар болып табылса және осы актілерді ұлттық заңдарға енгізу ТМД-ның барлық ұйымдастырушы құрылымдарының  мақсаты болып табылса, жалпы заңның нақты әсері туралы тек қана бұрынғы Кеңес Одағының актілері және ТМД Парламент Ассамблеясының ұсыныстық актілері туралы айтуға болады.

Беловеж келісімдеріне қол қойғаннан кейін 1991 жылы Ресей, Белоруссия, Қазақстанның Жоғарғы Кеңестері, конституциялық және ұлттық заңдарға қайшы келмесе, Кеңес Одағы актілерін қолдану мүмкіндігін мойындады. Бірақ ТМД-ны құру туралы Келісімнің 11-бабына сәйкес, «келісімге қол қойған кезден бастап, қол қойған мемлекеттер аумағында үшінші мемлекеттердің, сонымен қатар Кеңес Одағының нормаларын қолдануға тыйым салынады». Мысалы, Белоруссия Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысында былай деп айтылған: Жоғарыда айтылған Келісімнің 11-бабын жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды құру мақсатында Республика территориясында Белорусь Республикасы Конституциясының (Негізгі заңының) 72 бабы және «Белорусь Республикасындағы халық билігінің негізгі қағидалары туралы» заңының 3-бабында Белорусь Республикасының және КСРО заңдарын қолдану туралы ереженің орындалуын қадағалау туралы бекітілген. «Белорусь Республикасындағы халық билігінің негізгі қағидалары туралы» Белорусь Республикасының 1991 жылы 27 ақпандағы Заңының 4-бабында былай делінген: «КСРО заңдары, егер олар Белорусь Республикасының заңдарына қайшы келмесе, Белорусь КСР аумағында қолданыла алады» /293/. Қазақстан Республикасында да КСРО-ның кейбір жекелеген нормативті құқықтық актілері қолданылып келген болатын /52, 264 б./.

Қазіргі кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің заңдарын үйлестірудің маңызды факторы болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының қызметі табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы 1992 жылғы 27 наурызда Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның парламент басшылары қол қойған Алматылық келісім негізінде құрылды. Ассамблея сұрақтарды, ұсыныстарды талқылайтын, құжаттардың жобаларын қарастыратын кеңесші институт ретінде құрылды. 1993-1995 жылдары Азербайжан Республикасы, Грузия, Молдова Республикасының Парламенттері Парламентаралық Ассамблеяға мүше болды. 1999 жылы Алматылық келісімге Украина қосылды.

1995 жылы 26 мамырда Азербайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенцияға қол қойды. Ол 1996 жылы 16 қаңтарда күшіне енді. 1997 жылы Молдова Республикасы Конвенцияға қосылды. Осы Конвенция бойынша, Парламентаралық Ассамблея мемлекетаралық орган ретінде танылады және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдары жүйесінде жетекші орындардың бірін алады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенция БҰҰ-ның Жарғысына ұқсас келеді. Бұл Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттер саяси, экономикалық, құқықтық және басқа салаларда өзара ынтымақтастықты ары қарай дамытуға ұмтыла отырып, 1994 жылғы 21 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларының кеңесінде бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын әрекетке қабілетті мемлекеттер бірлестігіне айналдырудың маңыздылығы және Достастықтың әсерлі интеграциялық құрылымын құрудың қажеттілігі туралы ережені назарға ала отырып, Парламентаралық Ассамблеяның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы болып табылатынына келіседі.

Аталған орган бірқатар маңызды қызметтер атқарады. Парламентаралық Ассамблея:

а) әр түрлі салаларда қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы сұрақтарын талқылайды және осы сұрақтар бойынша Мемлекет Басшылары Кеңесіне, Үкімет Басшылары Кеңесіне, басқа да органдарға өзінің ұсыныстарын жібереді;

в) қатысушы мемлекеттердің заңдарын жақындатуға байланысты ұсыныстарды қабылдайды;

г) ұсыныстық заң актілерін қабылдайды және сәйкес ұсыныстарымен оларды Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің Парламенттеріне жібереді;

д) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламенттерімен шарттарды, ал сәйкес шешім болған жағдайда, Мемлекет Басшылар Кеңесі немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесі қабылдаған немесе қатысуы олардың ортақ мақсаттарына жету үшін қалаулы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері қабылдаған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысында бекітілген басқа да халықаралық шарттарды ратификациялау процедураларын синхронизациялауға қатысты ұсыныстарды қабылдайды; е) осы мемлекеттермен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бекітілген халықаралық келісімшарттар жағдайлары мен қатысушы мемлекеттер заңнамаларының  сәйкестігіне байланысты ұсыныстарды қабылдайды.

Парламентаралық  ассамблеяның қызметінде  маңыздылығы жоғары болып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің заңнамалық актілерінің жақындығы мен  үйлесімділігіне қатысты сұрақтар саналады. Бұл бағыт Парламентаралық  ассамблеяның қабылдаған жобалы заңнамалық актілері мен ұсыныстарының негізінде жүзеге асады. Ассамблея жұмыс жасаған уақытта 130-ға жуық заңнамалардың жақындығын  қамтамасыз ететін  ұлттық заңнамалық актілер мен ұсыныстар қабылдады (соның ішінде азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық іс жүргізу жобалы кодекстер). Бұған қоса, Ассамблея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бекітілген шарттардың келісімді ратификациялануына және Ұйымда қабылданған халықаралық шарттардың  ұлттық заңнамалармен сәйкестігіне әрқашан назар аударып отырады. Ұсынылған нормативтік құжаттар халықаралық құқықта таралады және тек мемлекеттер орындайтын ережелерден құралады, сонымен қатар мемлекеттердің өз ерік-жігерімен мүмкіндігінше орындалуға жатады, алайда ол міндетті емес.

Парламентаралық ассамблея әр уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылданған халықаралық шарттардың ұлттық заңнамалармен сәйкес болуына көңіл бөледі. Әлеуметтік саясат, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қадағалау, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты шешімдер табуда Ассамблеяның ролі артып келеді. Ұлттық заңнамалық қызметте парламенттерге қолдануға және азаматтардың әлеуметтік құқықтарына кепіл болу, тұтынушылар құқықтарын қорғау, еңбек ресурстарының миграциясы, азаматтық тұлғаларды қорғау, әскери  тұтқындар  құқығы т.б. байланысты парламентаралық ассамблея қабылдаған жобалы актілер мен ұсыныстар парламенттерге ұлттық заңнамада  қолдануға жіберіледі.

Достастық мемлекеттерінің талпынысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  мемлекетаралық шарттарда және конвенциальды құқықта, ұйымдастырушылық құжаттарда көрсетілген ұлттық құқықтың жүйесінің дәстүрлі жақындығын сақтап қалу болып табылады. Мысалы, жобалы азаматтық кодекс Ережесі достастық мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына үш бөліммен тасымалданды. 2000 жылы парламентаралық Ассамблея кеңесі секретариатының сараптамалық-құқықтық бөлімімен 60 тараудан және 1100 баптан тұратын  азаматтық сот ісін жүргізу жобалы кодексінің концептуальды жобасы жасалды.

Жобалы кодексті жасауға қатысқан нидерландтық профессор Б. Саймонс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, соның ішінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясымен басымырақ, ал Түркіменстан азаматтық кодексі жобалы кодексімен азғантай мөлшерде үйлесімділік бар деп атап көрсетеді. Басқа елдер, соның ішінде Грузия басты көңілді  ұлттық тұрғыдан қарауға аударады /53, 92-106 б./.

Қазақстандық және Ресейлік ғалымдар мен тәжірибелерге сүйенсек, Қазақстан Респуьликасы азаматтық іс-жүргізу заңнамасының жетілуінің перспективалық жолдарының бірі болып заңнаманы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде халықаралық доктринада тәжірибелі түрде жүзеге асыру болып табылады деп көрсетеді. Бүгінгі таңда ТМД-да 1961 жылы 8 желтоқсандағы /54/ азаматтық-соттық іс жүргізудің кеңестік негізіндегі 1963-1964 жылдар кезеңінде жүйеленген азаматтық іс-жүргізу заңнамасымен дәстүрлі жақындықты сақтау туралы ойы бекітіліп келеді. Бұл салалық заңнаманың жақындығының бір мысалы болып табылады, алайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері  қазіргі уақытқа дейін бір экономикалық, саяси және құқықтық жүйеде тығыз одақтық қатынаста болып келді.

Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Селезнев Г. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бірлескен құқық шығармашылығының маңыздылығын көрсете отырып, 2002 жылы Қазақстанға келген сапарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және ЕврАзЭС шеңберінде  қабылданған заңдардың тиімділігін айтады. Оның мәліметтері бойынша олардың 80% Ресейдің ұлттық заңнамасында қолданылады /55/.

Парламентаралық ассамблеяға қатысушы парламенттермен ортақ мәдени біліктілік кеңістігін жүйелендіруді, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет аясында үйлестірілген саясатты өткізуді қамтамасыз ететін заңдық механизм  құруға келісілген. Қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі бірігу серіктестеріне даму шарттары құрылып отырады. Достастық шеңберінде жемқорлық мен қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуге келісілген заңдық базалар жасалынады. Ерекше назар еркін  сауда базаларын қалыптастыру мәселелеріне аударылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушыларының келісімшарттарының  негізі Парламентаралық Ассамблея бекіту процедураларының синхронизациясы бойынша ұсынысты қабылдайды. Достастық бойынша бекітілген келісім шарт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшыларының және кеңес мүшелерінің шешімімен сәйкес келеді. Бұл келісім шарттар ортақ мақсатқа жету үшін құрылған. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының /56/ жарлығында бекітілген.

Әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде шешімдерді өңдеуде үйлесімді жолдарды іздеу, сонымен қатар адам бостандықтары, негізгі құқықтың орындалуы жайлы мәселелерде Ассамблеяның рөлі өседі. Парламенттің ұлттық заңды шығару үрдісі әлеуметтік құқықтар мен азаматтардың кепілдіктерін, тұтынушылар құқығын, сонымен қатар жеке азаматтарды қорғауға негізделген. Парламент мүшелерінің ұсынысы негізінде ортақ мәдени білім кеңістігін, ғылым, ғылыми-техникалық саясат төңірігінде үйлестіретін заң шығару механизімін жасауға жәрдемдесу туралы келісімге жеткен. Қоршаған орта төңірегіндегі біріккен достастықтарды дамытуға жағдайлар жасалады. Достастық шеңберінде қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған  үйлесімді  заң  шығару базасы құрылады: 2000 жылдан 2003 жылға дейінгі уақытқа қылмыстылыққа қарсы мемлекетаралық бағдарлама қабылданды, халықаралық терроризммен күресуді заңға сүйене отырып қамтамасыз етуде біраз шаралар атқарылды: 2003 жылға дейінгі уақытқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен халықаралық терроризмге және басқа да экстремизм белгілеріне қарсы мемлекетаралық бағдарлама жасалып, бекітілді. 2000 жылы желтоқсанда Ассамблеяның пленарлық мәжілісінде 2005 жылға дейін достастықта ұлттық заң шығарушылық жақындығына және жобалы заң ғармашылығына қатысты перспективалы жоспар қабылданды, осы жоспарда осы бағдарламаларды жүзеге асыру шаралары көрсетілген. Қазіргі уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының парламентаралық ассамблеясы коммиссиялары оларды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)