Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
Ғаламдану үрдістері, жаппай мәдениеттің себепші болатын интенсификацияларының таралуы, өркениет арасындағы байланыс кеңейтуі, кері тенденцияның пайда болуына мүмкіндік береді, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтауға, мемлекеттікті күшейтуге және тереңірек халықтық бастауды назарда ұстауға үндейді.
Осы бөлімше бойынша төмендегідей қорытындылар жасауға болады.
Қазіргі әлем бұрын көрінбеген ғаламдану дәуірінің саяси, экономикалық, экологиялық және тағы да басқа таң қалу сипаттарынан қам жейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан Халықаралық қауіпсіздік жүйесі, екі үлкен лагерьдің бір-біріне қарсы тұру шарты бойынша социализм және капитализм елдері, теңдікті ұстап тұрған болатын. АҚШ-тың талпынысымен үстемдік етуге жан жақты қатынастар: әскери, экономикалық, саяси қатынастар бойынша әлем жаңа қайшылықтамен түршігуде.
Осы шарттарда БҰҰ мәні өсе бастайды. Әлемнің барлық мемлекетерінің жаһандық мәселелер шешімінің толық құқықтық катысуын қамтамасыз етеді. БҰҰ-нан А.Д. Сахаров «жалпы адамзаттықтан басқа әлемдік үкіметтің алдын алуын» байқаған болатын /24, 40 б./. Бірақ бұл ұйым Ирактағы әлем және қауіпсіздіктің жалпы адамзаттық мүдделерін сақтап қалатындай іс атқара алмады, сондықтан бүгінгі таңда тиімді халықаралық органды жетілдіру қажеттігі туындады. БҰҰ және оның бөлімшелерінің жұмысын жетілдірудің қадамы ретінде біздің ойымызша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелер санын Германия мен Жапония, кейінгі болашақта Үндістан және Африка құрлығының бір елін қосу арқылы көбейту көзделіп отыр, сонымен қатар Африка Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты мүшелікке мүдделі, африкалық мемлекеттермен ротациялық негізде немесе бұл құрлықты жетекші әрі бейбіт сүйгіш мемлекет ретінде, мысалы Египет өкілдік етер болса.
Әлемнің беделді елдер Қауіпсіздік Кеңесінде жұмылдыруы және олардың үйлесімді, өткір қызметі әлде де жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу әлемдегі туындап келе жатқан жағымсыз, яғни негативті көріністерді жою мен жаңа глобальді мәселелердің тууындауымен күресуге мүмкіндік берер еді және бірінші кезекте терроризм түріндегі зорлау мен бір мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы тікелей агрессиясымен. Халықаралық құқықтың жалпымойындалған нормалары мен қағидаларын қатаң сақтау ең бірінші кезекте өндірістік және әскери жағынан дамыған елдерге байланысты. Олар үшін халықаралық құқық мемлекетаралық мәселелерді шешетін бірден бір құрал болуы керек.
Елдің кез-келген «өзіндік, жеке» саяси құқықтық даму жолын дәлелдеуге тырысу және де сол «өзіндік» бағытты ұстану, жаңа кезеңде мемлекет құру байырғы тосқауылға әкеліп соқтырады: оқшауланған мемлекеттер құлдырайды, ашықтары әлде қайда жоғарғы нысанға, яғни формаға эволюцияланады. Негізі ретінде халықаралық құқықтың келісілген нормалары танылатын адамзат тұрағының немесе мекенінің ең жоғарғы нысаны болып әлемдік ынтымақтастық саналады. Мемлекеттердің жалпы қабылданған нормалардың жаңа жаһандық кезеңі мен халықаралық құқық қағидаларды қабылдауы және ұлттық құқықтық жүйеге тікелей іске қосу,
Жаһанданудың казіргі замандағы меемлекетпен қабылданған халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормалары мен қағидалары және олардың ұлттық құқықтық жүйеге енуі (әрбір елдің сөзсіз ұлттық ерекшеліктерін есепке ала отырып), әр мемлекетті және барлық адамзатты үндестікке, әділетті қарым-қатынасқа және қайтпас өркендеуге жеткізеді
5.2 Қалыптасқан жаңару: «күшті» және құқықтық мемлекеттің үйлесімі
Бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары қазіргі кездегі өтпелі қалпы әлеуметтік және мемлекеттік құқықтың, материяның, кейінгі эволюцияның бірнеше мүмкін нұсқасын, мемлекеттің, құқықтың және қоғамның әлеуетті даму жолдарын өзіне қамтиды. Адами өркениеттің ұзақ жолы осындай дағдарыстардың, қайта құрулардың, өтпелі кезеңдердің сансыз орын алуымен бірге жүрді. Бұндай оқиғалардың нәтижесінде бірқатар мемлекеттер және бүтіндей халықтар өздерінің өмір сүруін тоқтатты, басқалары болса керісінше, сақталып қалған және табыстарға қол жеткізген. Керемет мемлекеттің үздіксіз өмір сүруінің бесмың жылдық тәжірибесін көрсететін көне қытай тілінде «дағдарыс» сөзі екі иероглифтен тұрады: біреуі, «қауіп», ал екіншісі, «мүмкіндік» деген мағынаны білдіреді /25, 126 б./.
Қазақстандық мемлекеттіліктің нақ осы екі даму нұсқалары туралы «Қазақстан – 2030» бағдарламасында сөз қозғалған, бұл бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Ә.Н. Назарбаев біздің еліміздің күшті жақтары мен мүмкіндіктері, оған қоса әлсіз жақтары және қауіп-қатерлеріерекшеленген, Н.Ә. Назарбаев олар уақытқа қатысты қарқынды және диалектикалық тұрғыдан өзара байланысты екендігін есепке алу қажеттілігін атап көрсетті. Мүмкіндік қауіп-қатерге немесе, керісінше, қауіп-қатер мүмкіндікке өтуі ықтимал. Бүгінгі күшті жақтар әлсіз немесе, керісінше әлсіз жақтар күшті жақтарға ауысуы мүмкін. Сол себепті, ғылымының немесе қоғамдық өмірдің кез-келген басқа аясында сияқты, құқықтануда болжамдық, яғни жетілдіруді – дамуды, белгілі бір қоғамдық қатынастардың, жалпы мемлекет және құқықтың, құқықтық ғылымның т.б. ғылыми алдын-ала көре білуі өзінің мағынасын жоғалтпайды.
Ұлттық және халықаралық құқық арасындағы өзара дамуды зерттеу белгілі бір кездерде құқықтық болжауға қатысты болып келеді. Заңды болжау кешенді, экономикалық перспективалық дамуының негізінде және қоғамның саяси дамуы құқықтың дамуының жүйелендірген болашақтарын қарауына мүмкіндік береді. Біз екі аспектінің ұлттық және халықаралық өзара дамуының қарым қатынасының байланысын, субъективті және объективті жағынан белгілейміз.
Құқық дамуының объективті аспектісіне тенденциларды құқық дамуының ақиқатты перспективалары бұларға байланысты құбылыстардың бір немесе көпшілік мемлекеттің шешіміне байланысты емес. Бұл объективті құбылыстардың бар болуына байланысты, бұл адамзаттың тарихи дамуының көрінісі. Бұл құбылыстар экономикалық, экологиялық, рухани немесе басқа да сипатқа, яғни ірі державалардың бақылауында немесе қамтамасыз ете алмауы көрініс алады. Бұған мысал ретінде, ірі құбылыстар, жаһандану, экологиялық апаттар, терроризмнің өсуі және де өзге де мәселелер (үндеулер) жатады. (Үндеу ұғымы гуманитарлық ғылымға А.Дж. Тойнби арқасында енгізілген болатын. Тойнби бұл үндеулерді табиғи және адами ортамен байланыстырады ).
Бұдан басқа халықаралық саясатта, экономикада және құқық салаларында үлкен ролді онға жуық алып мемлекеттер атқаратыны белгілі, сонымен қатар бірнеше мемлекеттер аса үлкен қарқынмен экономика және саясат саласында даму үстінде, ал қалған екі жүзге мемлекеттер ерте ме, кеш пе «үлкен саясат» атты оның ережелеріне өз еріктерімен немесе басқаның белгілеуімен ілеседі. Көптеген мемлекеттер үшін және Қазақстан үшін де, жетекші мемлекеттердің құрастыруымен көрінетін әлем бейнесі объективті шынай болып табылады. Біздің мемлекетеміздің стратегиялық даму жоспарында қазақстанның әлемдік аренадағы қазіргі таңдағы орны айшықталып көрсетілген: Енді «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз әлемдік оқиғалардан тыс қалатын мемлекетте өмір сүрмейтін болады. Еуразияның орталығы болып табылатын Қазақстан, жылдам қарқынмен дамып келе жатқан үш алып аймақ – Қытай, Ресей, және мұсылман әлемінің өзара біріктіруші буыны ретінде өте маңызды рол атқаратын болады». Ал әзірше біз толықтай егемен мемлекетте, сонымен қатар «Еуразия орталығы» да болмай тұрып объективті түрде біз әлем оқиғаларының артқы қатарында жүрміз. Бұл мақсатқа жетуге деген саяси талпыныс және біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті және де экономикалық, саяси және Қазақстан Республикасының құқықтық реформаларында айқын көрініс табады. Халықаралық және ұлтішілік құқықтың дамуының субъектіивті аспектісіне мемлекеттің өзімен құрастырылатын мақсаттар мен міндеттерді, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, ұлттық тәуелсіздікті жатқызу қажет. Бұл дамудың мемлекеттік бағдарламаларында көрініс табады.
Жоғарыда көрсетілген объектіивті сипаттық құбылыстарға қолданады, мысалыи қазақстан үшін жаһанданудың басымдылығын қолданып, мемлекеттің саяси және экономикалық қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік саудаға шығу, Ресеймен, Орта Азия мемлекеттерімен, АҚШ, Еуропалық Одақпен және басқа да аймақтық одақтармен өзара тиімді байланыстарды нығайту - басқаша айтқанда, өзін де-юре және максималды, яғни ықтималды түрде де-факто белсенді субъекті ретінде, халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықта әлемдік экономиканың бәсең объектісі болмау.
Субъективті факторларға мемлекеттегіөзара күресуші күштердің қатынастарының, саяси көшбасшылардың жәнежаңадан келген көсемдердің интелектуалдық, яғни санаткерлік мүмкіндіктерін, оппозиция мен биліктің идеологиясын орнықтару сипаты олардың келісімге келісу қабілеті, сонымен қатар өтпелі мемлекет пен құқықтың дамуының концепциясын бірігіп құрастыру, өмірді қалыпты іске асыру, олардың саяси икемділігінің дәрежесі және т.б. қасиеттерді жатқызуға болады. Осы және осыған ұқсас факторлар көбінесе күнделікті саясатта әрекет етеді, ал нақты саяси-прагматикалық дәрежеде даму үшін бағыт-бағдардың бір түрі ұлттық мемлекет пен құқық, аймақтық одақтың экономикасы мен құқығы, халықаралық өмірде ұлттық ерекшелік пен белсенді қатысуды сақтайды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар мемлекеттері үшін, жоғары да айтылғандай Еуропалық Одақ болып саналады /26/.
Қытай Халық Республикасының тәжірибесі дамыған қоғам құру, социолизм мен капитализмнің жетістіктерін үйлестіру қызықты және жемісті болып табылды.
Экономикалық модернизациялауға кейбір араб мемлекеттері мысал бола алады. Қысқа тарихи уақыт ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, БАЭ, Оман, Катар және Бахрейн секілді мемлекеттер Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі аясында бірігіп халықаралық қатынастардың беделді субъектісіне айналды. Басқа мемлекеттердің өнеркәсіптік даму жолын мемлекеттік қызметтің барлық аспектілерін модернизациялау ретінде белгілеуге болады. И.А. Мелихов араб мемлекеттерінің қарқынды даму феноменін, яғни құбылысын зерттей келе ауқымды, жалпы қамтитын құбылыстың негізі ретінде «араб алтылығы» индустриализациясының жатқандығын атап өткен болатын. Модернизациялық үрдіс өркениеттік негізде дамуды қалыптастырып, өте қысқа тариха мерзім ішінде ескірген кластық, яғни таптық және әлеуметтік құрылымдарды біріктіріп жібереді /27.41 б/.
Жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттер (соның ішінде, Қазақстан Республикасы да бар) қазіргі кезде өмір сүруін тоқтатқан кеңес құрамынан шыққанына көп уақыт болмаса да, ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастырып және дербес саяси, сыртқы экономикалық, яғни басқа мемлекеттермен екі жақты және көп жақты шарттар жасасып, халықаралық құқық және халықаралық әдет-ғұрыптық нормалардан бастау алған болатын.
Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасындғы алдағы 33 жылдық мерзімге есептелген мемлекеттік–құқықтық даму бағдарламасын қабылдаған алғашқы және бір ғана мемлекет болып және бұл құжат ел Президенті Н.Ә. Назарбаевпен «Казахстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі деп аталғаны да белгілі.
«Қазақстан 2030» бағдарламасында бекітілген бірінші деңгейлі ұзақмерзімді басымдық ретінде ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттілікті сақтауы айтылады. Өз еліміздің тәуелсіздігін сақтап, территориялық тұтастығын қамтамасыз ету үшін біз мықты мемлекет болуымыз қажет, сонымен қатар көршілес мемлекеттермен тұрақты әрі достық қатынастарын ұстану маңыздылық танытады. Қазақстанның болашағына қатысты анықталған «мықты мемлекет» термині «Қазақстан 2030» бағдарламасында бірнеше рет аталып өтеді. Осыдан Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық құқықты ара-салмағын зерттеу саласына қатысты бірнеше мәселенің шегі тарқалады, оның ішінде: мықты мемлекетті құру кезіндегі үрдіістер мен құқықтық мемлекеттің құндылықтарын бекіту арасындағы ара-салмақ және мықты мемлекеттік билік пен елдің ішінде азаматтық қоғамды дамыту арасалмағы.
Аталған ұғым Мәскеуде 2000 жылдың 2-4 ақпанында өткен «Ресей мемлекеттілігі және құқықтың мыңжылдықтар тоғысында» атты бүкілресейлік конференцияның негізгі мәселесі болды /8, 5-14 б./. Конференцияда академик Б.Н.Топорнин қазіргі заманғы мемлекет пен құқықтық теорияның ұстанымы ретінде «мықты мемлекет» ұғымын қолдануды ұсынды. Әртүрлі себептерге байланысты, оның ішінде мемлекеттің өзін басқаратын нарық заманында рөлін төмендетуге қатысты қарастырылатын концепциялардың кең насихатталуына қарамастан, бірақ кез келген реформалардың тек мықты, нәтижелі мемлекеттің ғана болуымен орын алатын атап өтеді. Бұл ойды Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының төрағасы М.В.Баглай қолдап, «мықты мемлекет» ұғымының заң ғылымдарында қатты зерттелмегендігін атап кете отырып, аталған ұғымның теориядан гөрі практикалық тұсының маңыздылығын қарастырды. В.С.Нерсесянц өзінің сөзінде бүгінгі күні Конституция елдің бүкіл посткеңестік геосаяси кеңістіктегі жалғыз интеграциялық факторы, алдағы орын алатын реформалардың жалпыға ортақ критерийі екендігін атап өтті. Осы ойдың шеңберінде мықты мемлекет жөніндегі жағдай конституция бекіткен нормалардың шеңберінен асып кетсе мемлекеттің күші сынды жағдайдың бекітілетіндігін айту ерте екендігін байқауға болады. Ғалым өзінің сөзінде мемлекеттің ішінде егеменді мемлекеттіліктің тұрғызылуы, мемлекеттің биліктің жоғарыда тұруы, конституциялық-құқықтық заңдық жөнінде төмендегідей мәлім етеді: «Мемлекеттің күші мемлекеттік құқықтық егемендікті бекітуі мен өзінің егемендік кеңістігіндегі және әр деңгейдегі функцияларын орындауында жатыр. Сол себепті біз құқықтық, әлеуметтік және республикалық құрылысындағы зайырлы мемлекетті бекітуге тырысуымыз керек. Осындай мемлекет мықты болмақ».
Ойлап қарасақ, құқықтық болуға талпынған мықты, кәсіби мемлекет әуелі және бірінші кезекте елдің азаматтарын кәсіби қорғауы керек, сол арқылы азаматтық қоғамның негізі болып табылатын халықтың патриоттық және ұсыныс беру қасиетін күшейтуді дамыту көзделмек. Дегенмен кей кездері атқарушы биліктің кейбір өкілдері халықтың дамыған демократиялық қоғамға сай азаматтарына берілетін кең құқықтарын қолдану мүмкіндіктерін толығымен бағаламайтындығы орын алады. Бұл ой үлкен қателік болып табылады. Себебі, қоғамның тұрақтылығы кең түрде халықтың белсенді қоғамдық өмірге тартылуымен қамтамасыз етілетіндігі, азаматтық қоғамды білдіретін көптеген қоғамдық ұйымдардың кез келген дамыған, құқықтық мемлекеттің негізі болатындығы белгілі.
Осы тұста, отандық саяси-құқықтық ойдың бір уақытта мықты мемлекеттің және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үлгі ретінде табылды. Бұл үлгі 1996 жылғы Н.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр тоғысында» атты еңбегінде берілген «бейімделген модернизация» анықтамасымен үйлесіп жатыр.
Аталған анықтаманы дамыта отырып, біз шартты түрде Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуіндегі сыртқы бейімделген модернизацияны (сыртқы бейімділік) және мемлекетішілік бейімделуді (ішкі бейімділік) атап кетеміз. Көбінде аталған бейімділушіліктің екі түрі бір бірімен тығыз байланысты, оларды тек ғылыми зерттеуде ғана бөліп қарамаса, өмірде бөліп қарастыру мүмкін емес. Оның ішінде, «ішкі бейімделген модернизация» ұғымына мемлекет қызметінің бүкіл аспектілерінің кезеңдік дамуын, оның ішінде ұлттық заңнаманың дамытуын атап өту керек, даму арқылы мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа енуіне негіз болатындай мемлекеттің егемендігін нығайта отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына толығымен енуін атап өткен жөн.
Сыртқы бейімделудің негізгі аспектілері, яғни Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуіне қажет негізгі қадамдары стратегиялық маңызы бар міндеттермен тығыз байланысты. Алдыңғы кездері айтылып өткендей, олар төмендегі негіздерден тұрады:
- ұлттық егемендікті нығайту;
- аймақтағы бейімділік (аймақтық экономикалық қауымдастықтардың құрылуы, әскери одақтар, қалыптасқан аймақтық ұйымдарға кіру және т.б.)
- көпвекторлылық саясатын дамыту, оның ішінде басымдық бағыттары ретінде Ресейдің, Орталық Азия елдерінің және Еуропалық Одақтың қалуы;
- өзектілігі жоғары жаһандық мәселелерге қатысты жалпыәлемдік және аймақтық деңгейде шаралар қабылдау және т.б.
Ішкі бейімделген модернизация ұғымына мемлекеттің құқықтық демократиялық мемлекеттерінің қатарына қосылу жолында мемлекеттің кезең кезеңмен дамуы енеді. Аталған үдеріс Конституцияның бірінші бабында практикалық маңызын тапқан: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Жоғарғы құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады». Аталғандарды жүзеге асыру төмендегідей шараларды жүзеге асырған уақытта пайдасын бермек: