Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Кеңестің үнемі жұмыс істейтін әкімшілік органы болып парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариаты табылады. Жобалы актілер мен басқа құжаттарды әзірлеу мен өңдеуде маңызды орынды парламентаралық ассамблея коммиссиясы алады: құқықтық сұрақтарға қатысты, экономика мен  қаржыға қатысты, адам құқықтары мен әлеуметтік саясатқа қатысты, аграрлық саясатқа қатты, экология мен табиғи ресурстарға қатысты, халықаралық достастық пен саяси сұрақтарға қатысты, қорғаныс пен қауіпсіздік сұрақтарына қатысты, ғылым мен білімге қатысты, мәдениет, ақпарат, спорт  пен туризмге  қатысты, жергілікті өзін-өзі басқару мен  мемлекеттік құрылым тәжірибелерін меңгеруге қатысты, бюджеттік бақылауға қатысты. Барлық тұрақты комиссияларға ереже бойынша әр парламенттен екі депутаттан кіреді. Негізгі жұмыс комиссиямен парламентаралық ассамблеяның штаб-пәтерінде жүргізіледі. Сонымен бірге шығаратын мәжілістерді өткізу тәжірибеленеді.

Ассамблеяның жобалы заң актілері мен басқа құжаттарды жасауға парламентаралық ассамблеяның тұрақты комиссияларының достастық  органдарымен ынтымақтастығы көмектеседі. Құқықтық сұрақтар комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жеке құқығының орталығы құқықтық консультативтік кеңеспен өзара жұмыс жасайды. Экономика мен  қаржы комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетаралық статистикалық комитетпен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту консультативті кеңесі, монополияға қарсы  саясат пен стандартизациялау, сертификаттау мен метрологияға қатысты мемлекетаралық кеңестерімен, Адам құқықтары мен әлеуметтік саясат комиссиясы еңбекке, халықты әлеуметтік қорғау, миграцияға қатысты консультативті кеңеспен, қоршаған орта мәселелеріне қатысты комиссия мемлекетаралық экологиялық кеңеспен жұмыс жасайды т.б. Достастыққа қатысушы мемлекеттер парламенттері арасындағы ақпараттық қатынасты дамыту үлкен маңызға ие. Парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариатында ұлттық парламенттермен қабылданған Ассамблея қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамалық ортақ қоры құрылды. Қордың ұлттық заңдық актілерін компьютендіру қорды қолданушылардың түрлі тақырыптық және басқа сұраныстарын орындауға мүмкіндік береді.

Парламентаралық ассамблея өзінің қызметінің алғашқы жылдарынан бастап халықаралық парламентаралық ұйымдармен байланыс орнатты - Солтүстік кеңеспен (1993 ж наурыз), парламентаралық одақпен (1993 жылы маусым), Европарламентпен (1993 жылы қазан). 1993 жылдан  бастап парламентаралық ассамблея парламентаралық одақта бақылаушы мәртебесін алды. 1998 жылы қыркүйекте парламентаралық  одақтың  Мәскеуде өткен 100 - ші конференциясында «Евразия» геосаясаси тобы құрылды, оның  негізгі міндеті маңызды сұрақтар бойынша ортақ жолдарды жасаудың механизмін жасау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер парламенттік делегацияларының әсерлерін үйлестіруге арналған бірлескен  әрекеттер ұсыну болып табылады. 1999 жылы сәуірде парламент аралық ассамблея делегациясы парламентаралық одақтың 101-ші конференциясының жұмысына қатысты.

Халықаралық парламентаралық ұйымдармен жүргізілген байланыстар уақыт өте келе нақты сұрақтарға қатысты бірлескен шараларға, ынтымақтастыққа ұласты. 1997 жылы маусымда Санкт-Петербургте парламентаралық Ассамблея кеңесі мен Европа кеңесі ассамблеясының парламенттік бюросы арасында бірлескен отырыс өтті, онда екі ассамблея арасында ынтымақтастыққа қатысты келісімге қол қойылды. Парламентаралық ассамблея делегациясы Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының кезекті сессиясының жұмысына үнемі қатысып отырады. 1998 жылы маусымда парламентаралық ассамблея кеңесі мен парламенттік ассамблея бюросының Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қатысты ұйымы арасында бірлескен отырыс өтті, онда аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бағдарламалар жасау, өзара ынтымақтастық сұрақтары, ұлтаралық және басқа дауларды реттеу мен болдырмау шараларын жетілдіру, бейбітшіл қызметтерді дамыту талқыланды.

1998 жылы маусымда парламентаралық ассамблея кеңесі мен парламенттік ассамблея бюросының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы арасында бірлескен арызға қол қойылды және парламентаралық ассамблея кеңесі секретариатымен бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымымен ынтымақтастық меморандумы өтті. 1998 жылы желтоқсанда парламентаралық ассамблея мен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы парламенттік ассамблея арасында ынтымақтастыққа қатысты хаттама жасалды. 1999 жылы қаңтарда Гватемалада парламентаралық ассамблея кеңесі мен орталық-американдық парламент арасында ақпарат алмасу ынтымақтастығы жөнінде келісімге қол қойылды. 1999 жылы маусымда БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте экономикалық және әлеуметтік сұрақтарға қатысты БҰҰ департаменті мен парламентаралық ассамблея арасында экономикалық, әлеуметтік, туыстық аймақта қатынастар орнату шараларына сәйкес меморандумға қол қойылуына байланысты салтанатты рәсім өтті /57/.

Парламентаралық Ассамблея қызметтерін ұйымдастыруды Ассамблея кеңесінің парламенттік жетекшілерінен тұратын делегация жүзеге асырады, олар бір жылда төрт рет өз отырыстарын жүргізіп отырады. Парламентаралық  Ассамблея мен оның кеңесінің арасында өтетін шараларға дайындықты Санкт-Петербургта орналасқан парламентаралық ассамблея кеңесінің секретариаты жүзеге  асырады.

Парламентаралық Ассамблеяның баспа органы – «Ақпараттық бюллетень», онда Ассамблеяның және кеңестің ресми құжаттары, халықаралық журнал «Парламентаралық Ассамблея хабаршысы». Журналда парламентаралық Ассамблея мен ұлттық парламенттер қызметіне қатысты материалдар, өткізілген халықаралық конференциядағы, семинардағы қорытынды құжаттар, парламентаризм тарихы сұрақтарына қатысты мақалалар, шетел заң  шығармашылығының тәжірибесін қолдануға қатысты, ТМД қатысушы мемлекеттер заңнамалық актілеріне түсіндірмелер басылады /58/.

Ассамблеяның тағы басқа құжаттарының модельді заң актілерінің қабылдануында, өңделуінде және әзірлеуінде (Парламентаралық Ассамблеяның) ПАА-ның тұрақты комиссиялары маңызды рөл атқарады. Тұрақты комиссиялардың бірқатары жұмыс істейді: құқықтық мәселелер бойынша; экономика және қаржы жөнінде; әлеуметтік саясат және адам құқықтары бойынша; экология мен табиғи қорлар бойынша; қорғаныс пен қауіпсіздік жөнінде; ғылым мен білім бойынша; мәдениет, ақпарат, туризм мен спорт бойынша; сыртқы саяси мәселелер бойынша; мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың тәжірибенің зерттелуі және бюджеттік бақылау бойынша.

Бұл комиссиялардың әрқайсылары жақсы жұмыс істейді, мысалы, әлеуметтік саясат және адам құқықтары бойынша МПА комиссиясы 29.12.1992 жылғы «Азаматтықты реттеудің үйлесімді қағидалары туралы» кепілдемелік заң актілерінің жобаларын енгізді; 13.05. 1995 жылғы «Парламентаралық Ассамблеяға қатысушы-мемлекеттер тұтынушыларын қорғауды реттеудің жалпы қағидалары туралы» және т.б.; ПАА комиссиясының құқықтық мәселелері бойынша-Модельді Азаматтық кодексі (бірінші бөлім) 29.10.1994 жылғы Модельді Азаматтық кодексі (екінші бөлім - IV тарау «Міндеттемелердің жекелеген түрлері») 13.05.1995 жылғы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттеріне арналған модельді азаматтық кодексі (үшінші бөлім) 17.02.1996 жылғы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерге арналған модельді қылмыстық кодексі 17.02.1996 жылғы және т.б.

Ұлттық заңнамаларды үйлестіруде маңызды рөл атқаратын кепілдемелік нормативтік құқықтық актілерге мыналар жатады: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы ұсыныстары туралы Достастық шеңберінде тұжырымдалатын көпжақты мемлекетаралық келісімдердің бекітуін» 6.12.1997 жылдан, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңдарында әскери дау уақытында қолданатын халықаралық гуманитарлық құқықтың имплементациясы туралы» 16.10.1999 жылдан, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңдарының жақындауының негізгі бағыттары» 15.09.1992 жылдан.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің серіктестігінің ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласының негізгі қағидалары» (бұдан әрі «Ғылым туралы» РЗА-А.Е.) туралы кепілдемелік заң актісі 1995 жылдың 15 мамырында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы қаулысымен қабылданған, 1-ші бапта белгіленген қағидалар тек ғылым мен ғылыми-техникалық қызметі төнірегінде ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының негізгі қағидалары белгіленген. Бұл:

-            ұзақ уақытты мүдделер және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің қызметіндегі күш-жігерді біріктіру қажеттілігіне қатысты мақсаттардың сәйкес келуі;

-            тараптардың мемлекеттік мүдделерді, ерекшеліктер мен қатысушылардың әрқайсыларының дәстүрлерін қадірлеу;

-            халықаралық құқықтық нормаларға сүйенуді мойындау;

-            ынтымақтасатын мемлекеттер мен ұйымдар үшін мүддесін ұсынатын мәселелердің бірлескен шешімдеріне тең құқылы қатысу;

-            мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттардың серіктестіктен өзара пайда табумен қамтамасыз ету;

-            тараптардың өзара жауапкершілігі;

-            Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктерінің есепке алуы;

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтің саласында серіктестіктің негізгі қағидалары» кепілдемелік заң актісі туралы №2 қаулы қосымшасында белгіленген және де осы құжат.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ортақ ғылыми-технологиялық кеңістіктің тұжырымдама жобасын  дайындау үшін Мемлекетаралық экономикалық комитетке бағытталған. Сонымен, «Ғылым туралы» РЗА-ның 10 бабында көзделгендей, егер ескерілген мемлекеттік заңнамаларға қарамастан, халықаралық келісімшарттармен серіктестіктің басқа шарттар мен ережелер бекітілсе, шарттар мен шарттар туралы бекітілген ережелерді қолдануын қарастырса, ғылым мен ғылыми-техникалық қызметі саласындағы серіктестік мемлекеттік заңнамалармен реттеледі.

Тағы басқа табысты әсерлер мысалы ретінде «Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары» туралы заң жобасын қарастыруға болады. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының он бірінші пленарлық мәжілісінде (№11-5 1998 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен) қабылданған, 5-ші бапта мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары бекітілген, олар біздің мемлекетіміздің заңнамасына кірген болатын:

1) Конституцияның және заңдардың үстінен қараушылығы;

2) елдегі халыққа қызмет ету;

3) адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтардың басымдылығы;

4) ізгілік пен әлеуметтік әділеттік;

5) іскерлік пен құзіреттілік және т.б.

Ұқсас нормативтік актілерді қабылдау Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы кодекстердің жобасын жасау әр түрлі заңға сүйенген жүйелердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдың әсер етуі туралы емес, бір заң жүйесіне сүйенген, бірақ әр түрлі шарттарда жұмыс істейтін мамандардың бірлескен жұмысы туралы, біздің алдымызда ұлттық заңға сүйенген жүйелер енді қалыптаса бастауын көрсетеді.

Егеменді мемлекеттердің жаңа құқықтық актілерінің зерттелуі мынадай қорытындыларды жасауға негіздейді:

- біріншіден, заңда мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін ерекшеліктерін байқауға болады. Бұл жағдайлар заңға сүйенген доктрина мен тәжірибелерді жалпылайды;

- екіншіден, көптеген құқықтық актілер, өздерінің ішіне заң шешімдерін қамтып, сипаты бойынша ахуалмен де, тарихи себептермен де ұқсас болып келеді;

- үшіншіден, ұлттық мемлекеттердің заңдарында айырмашылықтар да бар, олар үйлесімді мәселелерді шешуді, әсіресе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің ортақ экономикалық кеңістігін құқықтық реттеуді қиындатады.

1995 жылдың 13 мамырдағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің еңбек ресурстарының миграциясы» туралы кепілдемелік заң актісінің кіріспесінде жазылған: осы құжат Жалпыға ортақ адам құқықтары туралы Декларацияға, еңбекші-мигранттардың әлеуметтік қорғаудың серіктестігі туралы Экономикалық одақ және серіктестік жасауы туралы келісімшарты жағдайларына, БҰҰ-ның құжаттары адам құқықтары мен Халықаралық еңбек ұйымы шеңберінде қарастырылған қағидаларға негізделген.

Кепілдемелік құқықтық акт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында еңбек қорларының миграциясы жөнінде негізгі үйлестіруші заң шығару саясатының қағидаларынан тұрады, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы еңбек миграциясы процессін реттеу (заңдастыру) мақсаты болып; кез келген жерде болмасын еңбекші-мигранттардың құқықтарына кепілдікпен қамтамасыз ету; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде ұлттық заңның жасалуына мүмкіндік туғызу, еңбектік миграция төңірегіндегі мемлекетаралық келісімдерінің шешімін қорытындылау. Бұның бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің азаматтары үшін мәні айрықша болды. Өйткені, олардың көбі өз Отандарынан алыс жерде жұмыс істеді және елдің ыдырауынан кейін, кенеттен, азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе шетел азаматтарына  айналыды.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілері туралы»  кепілдемелік заң актісі (бұдан әрі-НПА туралы РЗА). Осы құжаттың кіріспесінде белгіленген: құқықты мемлекетті жасау үшін демократияның дамуы, құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру, құқықтық тәртіппен қамтамасыз етілуі, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндетті болып және олардың нормативтік құқықтық актілері сапалы болуы керек, олардың жасалу тәртібі, шығарылуы, түсіндірілуі және қолданылуы өте маңызды болып келеді. Мұнда мемлекеттердің ұқсас заңдары Конституцияға негізделеді және алға қойған мақсаттарға жету үшін мүмкіндік жасайды. Бұл оның дәл тұжырымдары туралы емес, Кепілдемелік заң актісінің концептуалды бағытталғандығын білдіреді.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)