Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

құқықтық мемлекетті дамыған азаматтық (буржуазиялық) қоғаммен үндестікте құру;

Қазақстанның бүкіл азаматтарымен қабылданған «ұлттық идеяның» болуы.

Ғылымда құқықтық мемлекет концепциясына байланысты ортақ түсінік жоқ. Құқықтық мемлекет түсінігі еуропалық өркениеттің нәтижесі болып табылады. «Құқық мемлекеті» - Rechtsstaat термині тұңғыш рет 1813 жылы неміс ғалымы К.Велькердің «Құқықтың, мемлекет пен жазаның түпкі негізі» атты еңбегінде пайдаланылады. Бірақ, бұл еңбек арқылы біз адамзаттың тек осы кезеңнен бастап құқықтық мемлекетті құру мүмкіндігі жөнінде айта бастады деп ой бекітуіміз қателік болар. Шығыс халықтарының саяси-құқықтық ілімінде аталған концепция тысқары қалдырылмаған. Оған үлгі боларлықтай төмендегі атап өтейік: түркілік ортағасырлық кезеңде Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни және тағы басқа энциклопедистердің еңбектерінде кездеседі. Аталған ұғыммен ойшылдар көне заманнан бері келе жатқан мемлекеттік құрылымның адамға деген әділ талаптардың қойылуымен тығыз байланыстырады. Дегенмен құқықтық мемлекет жөніндегі теорияның белсенді дамыған кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр болып табылады.

Құқықтық мемлекет  кең мағынада әділ мемлекеттік құрылымның талабы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан құқықтық мемлекет теориясы келесі ережелерді өз бойына сіңірген: құқық үстемділігі, биліктің бөлінуі, биліктің сот тармағының тәуелсіз болуы және т.б. құқықтық мемлекет қалыптастыру бойынша нақты қадамдар құқықтық мемлекет қағидаларын бекітетін нормалар әрекет етуін қамтамасыз етеді: әлеуметтік өмірдің деэтатизациясы (мемлекетсіздендірілуі); құқық үстемділігін қамтамасыз ету; адам және азаматтың тиімді құқықтық қорғалуының қамтамасыз етілуі; билік тармақтарының құзырларының ажыратылуы, әсерлі тежемелік және тепе-теңдік механизмінің құрылуы; атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының бақталастығын шектейтін негізгі билік тармағы ретінде сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

КСРО ыдырығаннан кейін жаңа мемлекеттердің құрылуындағы идеологияда құқықтық мемлекет теориясы басым көріне бастады. Әрбір мемлекеттің конституциясында «құқықтық мемлекет» терминін кездестіруге болады. РФ Конституциясында: «Ресей Федерациясы – Ресей демократиялық, федерациялық, құқықтық республикалық басқару нысанындағы мемлекет болып табылады». 1994 жылы Беларусь Республикасының Конституциясы: «Беларусь Республикасы – унитарлы, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет». 1993 жылы 28 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы «Конституциялық құрылым негіздері» тарауында: «Қазақстан Республикасы (Қазақстан) – демократиялық, зайырлы және унитарлы мемлекет». Мемлекетте, посткеңестік кеңістікте және бүкіл әлемде әрдайым болып жататын қарқынды саяси өмір өзінің түзетулерін енгізіп, жеке мемлекеттің қалыптасуына әсер ететін экономикалық, мәдени және құқықтық болмысқа жаңа талаптарын қояды. Сондықтан да, 1995 жылы «құқықтық мемлекет» термині бар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы пайда болды.

Құқықтық мемлекет құрудағы шешуші роль ... мемлекеттің өзінде болады. Ғалымдармен мемлекет пен құқық арасында органикалық байланыс бар екені баяғыдан дәлелденіп, оның ішінде ұлттық құқықтыың халықаралық құқыққа, аймақ мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының үндестірілуі қарқынына, халықаралық құқық қызметінің күшейтілуіне қатысты ашықтық немесе оқшаулану тұрғысынан ашып көрсетілді. Өз кезегінде, құқық және Конституция ең алдымен, күшті мемлекетті қалыптастырады. Конституцияны, қолданыстағы заңды бұза отырып, күшті мемлекетті құруға деген ұмтылыс тоталитаризм немесе анархияға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да бейімделген модернизация үдерісі халықаралық құқықтың нормаларының алдында басымдылыққа ие нормалары бар қолданыстағы заңның негізінде немесе шеңберінде құрылғаны жөн деп есептеледі. Негізінен біздің Конституциямыздың өзі де халықаралық құқықтың жалпылай мойындалған бірқатар негізгі нормаларының сақталуымен және басты қағидалар негізінде құрылған. Бұл өз кезегінде күшті мемлекеттің, әйтпегенде құқықтық мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жөніндегі ережелер белсенді түрде әзірленіп өмірге енгізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциясының кіріспесінде былай делінген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып ... осы Конституцияны қабылдаймыз».

Сөйтіп, еліміздің Ата Заңында азаматтық қоғам түсінігі бірінші орынға қойылған, сәйкесінше бұл осы ұғымның маңыздылығын айқындайды. Азаматтық қоғаммен әдетте мемлекеттің араласуына шек қоятын немесе жол бермейтін, өзін өзі реттеу негізінде дамып қалыптасатын, сол елдің табиғи түрде құрастырылып  келе жатқан адамзат қоғамының жай күйі түсіндіріледі.

Дәл осыдан мемлекеттің «түнгі күзетші» ретіндегі тұжырымдамасы шығады. Қазіргі таңда азаматтық қоғам деп есептеледі: 1) бірнеше ерікті бірлестіктерден, ассоциациялардан тұратын мемлекеттен бөлінген құрылым; 2) мемлекеттің тікелей қызметінен тыс тұрған, қоғамдық мүдделерді іске асыратын сала; 3) таңдау еркі негізінде, мемлекеттің араласуынсыз белгілі бір қатынастарды орнататын адамдар тобы.Түсініктемесі бойынша бастапқы роль Гегельге жататын азаматтық қоғам ұғымы, ең алдымен осы екі мұқтаждықты негңзінен алып тастайтын, әлеуметтік байланыстардыңөзіндік бір жетілуі болып келеді /29/. Гегель өзінің азаматтық қоғам жөніндегі талдауларын екі басты қағидаға негіздейді: индивидтер тек өздерінің жеке мүдделерімен ғана басшылыққа алады және олардың арасында бір біріне тәуелді қылатын қоғамдық байланыс орнайды.

Гегель азаматтық қоғам негізінде буржуазиялық қатынастың экономикалық құрылымын қарастырған. Неміс тілінде «азаматтық қоғам» - «bürgerliche Gesellschaft» екі түрлі мағына береді. «Бюргер» - бұл азамат та, буржуа да. Жеке меншіктік әлеуметтік құрылым ретінде қарастырыла отырып, азаматтық қоғам өзіндік бір нарықтық қатынастар жүйесін құрайды. Оның ішінде қажеттілік өзіне бәсекелестік және басқа да әкімшілік билікпен басқарылмайтын үдерістер арасынан жол салады /30/.

Тек азаматтық қоғам бар болғанда ғана демократия мүмкін болса, ондай қоғамның белгілері: адамдардың мемлекеттен тәуелсіз болуы және өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін ассоциацияларға ұйымдасуының еркіндігі. «Азаматтық қоғам» терминіне берілген түсініктеме, біріншіден, онша сәтті емес. «Азамат» ұғымы этимологиялық жағынан «адам» ұғымынан пайда болса, «азаматтық қоғам» өзінің негізінде «мемлекеттік» сипатта.

Заманауи құқықта бұл ұғымды мемлекеттен бөлу мүмкін емес. Екіншіден, азаматтық қоғам ұғымы, американ заңгері Г.Берман көрсеткендей, неміс, француз, американ дәстүрлерінде бірдей емес. Сондықтан да, оны қолданбас бұрын қандай мағынада екенін білген жөн. Үшіншіден, азаматтық қоғамның құрылуы дамудың белгілі сатысымен тығыз байланысты болып келеді: бұрында адамның табиғи (кейін басқа да) құқықтарының мойындалуымен, жеке адамды құрметтеумен, жеке меншік еркі және бәсекелестікпен, абсолютизмнің, демократияның құқықтық теңдік негізінде ликвидациясымен және т.б., ал қазіргі жағдайда – «орта таптың» құрылуымен.

Алайда, социологиялық әдебиетте азаматтық қоғам әрдайым өмір сүрген, қазір тек қана ұрпақ және құндылық бағдарының алмасуы орын алуда деген тұжырым бар /31/. Осыған байланысты, көне заманнан бастап қазіргіге дейінгі оның түрлі классификациясы ұсынылып отыр: идеологияланған, теократияланған, гуманнократия және т.б., сонымен қатар мынадай түрлері бар: конфессиялық, қауымдастықтық, корпоративті, таптық, азаматтардың еркін ассоциация типі. Ақырында, не өткен заманда болмасын не қазіргі жағдайларда болмасын мемлекеттің пайда болуынан бастап еш мемлекеттік реттеусіз өмір сүре алатын қоғамды елестету мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болу себептерінің бірі адамзат ұжымында «ортақ» істі жасауға деген қажеттілік болды.

Мемлекет қоғамда әрдайым, әртүрлі болғанымен реттеуші рольді атқарады.

Ендеше араласудың деңгейлері мен түрлері, қоғамдағы өзін-өзі реттеу мен мемлекеттің араласуы сияқты әртүрлі элементтер талқылануы мүмкін.

Азаматтық қоғамды құраушы үш негіз бар: қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және рухани салалары. Әртүрлі салалар әртүрлі кезеңдерде идеологиялық және іс жүзінде  азаматтық қоғамның дамушы негізі мен негізгі буыны бола алады. Сондықтан, қоғамның дамуында марксистер экономика, гегельяндықтар саясаттың, ал теологиялық теорияны жақтаушылар рухани бастаулардың басымдылығын алға тартады. Қоғамдық өмір үшін маңызды үш саланың бөлшектенуі мен тіпті қарама-қарсы қойылуы тек теориялық деңгейде болуы мүмкін. Іс жүзінде бұл, тоталитарлық мемлекеттерде байқалып отырған, болжанбайтын зардаптарға алып келуі мүмкін. Азаматтық қоғамда азаматтардың әртүрлі бірлестіктері (партия, кәсіподақтар, діни бірлестіктер, қайырымыдылық қорлары жастар қозғалысы, шығармашылық топтар) адам мен мемлекеттің арасындағы байланысты жүзеге асырады. Дәлірек айтатын болсақ, азаматтардың бірлестіктері азамат пен мемлекеттік аппарат арасындағы байланысты қамтамасыз етеді және азаматтың өзінің құқықтарын қорғау мен тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құқықтық мемлекет болып атану үшін мемлекет адам құқықтарын қорғап, сақтауы тиіс. Бұны плюрализм деп атаймыз. Саяси күштердің плюрализмі мемлекеттегі саяси күштің монополизациясы мен авторитаризмнің алдын алады.

Қазақстан Республикасының Президенті: «Азаматтық қоғам дегеніміз - посткеңестік кезеңдегі  ағартушы авторитаризм элементтері байқалатын либералды - демократиялық саяси режим мен экономикалық еркіндік негізінде құрылған тұлғаның автономдығы мен қоғамның өзін-өзі реттеу мүмкіндігі» /32/. «Қазақстанның жедел түрде дамыған мемлекеттердегідей конституционализмге өтуге мәжбүрлеу әділ емес», - деп президент бөліп көрсетті. Негізгі мәселе бұл «өтпелі кезең» қаншаға созылады.

Конституционализм, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптасуының екі деңгейін бөліп көрсету қисынды. Біріншісі, қазіргі заманғы дамыған құқықтық мемлекеттерге тән идеалды және алшақ болса, екіншісі, «өтпелі кезеңге» негізделген отандық және шынайы.

Мемлекет қоғамдық өмірдің көп салаларына араласпай, адамдарды өз мәселелерімен бетпе-бет қалдырды, ал бүкіл посткеңестік кеңістікте қадағаланбайтын «жабайы нарықтың» дамуы жағдайды ушықтырды. Бұл Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құрылуына әсер етті. Адамдардың кәсіби, психологиялық, шығармашылық және саяси мүдделеріне сай қоғамдық бірлестіктер құрыла бастады.

Қазіргі мемлекеттіліктің құрылуына белгілі бір деңгейде қатысы бар, мемлекеттің қамқорлығынан еркін азамат баяу болса да қалыптасуда. Біздің қоғам саяси тәжрибесіздігіне қарамастан, мемлекеттің қажет екенін түсінді. Біріншіден, бұл мемлекет демократиялық, екіншіден әлеуметтік(мемлекет және қоғамға қарама-қайшы келмейтін кезде жеке мүддеге мемлекеттік және қоғамдық араласуды болғызбау /33/.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған әрекет ету бағдарламасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпанның №344 Бұйрығына сәйкес бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша: «Үкімет қоғамның әрі қарай демократизациялануына, заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына, азаматтардың конституциондық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына баса назар аударады, саяси партиялар және әйелдер, жастар қозғалыстарымен, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен конструктивті диалогты жалғастырады. Этникалық және басқа да қарама-қайшылықтың қауіпті қағидаларындағы бәсекелестікті болдырмайтындай етіп, елде демократиялық партиялық жүйенің қалыптасуына қолдау көрсету керек.

Біздің елімізде демократия мен азаматтық қоғамның қалыптасуында биліктің белсенді ұстаным ұстануы жарияланған мақсаттардың жүзеге асырылатынына және еуразиялық мемлекет болып құрылатынына күмән келтірмейді. Сондықтан, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бөлінбейтін түсініктер.

Дамыған азаматтық қоғамда кез келген азамат  тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндікке ие болады. Бұл қоғамда Гегель анықтаған бюргерлер, қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев анықтаған сабырлы байлар, яғни орташа тап құқықтық  мемлекетте өмір сүрулері тиіс.

Құқықтық мемлекет- азаматтық қоғамның саяси кепілі.  Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бөлінбейтін түсініктер және олар түрі мен мазмұнында ара қатынаста болады. Зерттеушілердің пікірі бойынша, азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің дамуымен бірге дамиды. Құқықтық мемлекеттің концепциясы мемлекет пен тұлғаның ара-қатынасын сараптауға негізделген. Құқықтық мемлекет дегеніміз- саяси жария биліктің қызметі мен ұйымдастырылуының құқықтық формасы және оның индивидтермен құқық субъектілері ретінде қарым-қатынасын білдіреді. Құқықтық мемлекеттің ерекше белгілері: азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мойындау,заңды құрметтеу, билікті бөлу қағидасының негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі, мемлекет және тұлға ара-қатынасының құқықтық формасы /34/.

Біздің мемлекет өз таңдауын жасады. Біз құқықтық мемлекет құрудамыз.

2001 жылғы 6 шілдедегі қазақстандық соттардың үшінші съезінде Н.Ә.Назарбаев саяси төңіректегі реформа нық құқық пен адам бостандығын қамтамасыз ететін қайталанбас сипат бергендігін айтып өтті. /35/. Т. Баймаханов құқықтық мемлекет ережесі туралы былай жазады: тіпті Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген ережелер бағдарламалық санға жатқызылуы тиіс деп есептейді. Олардың жүзеге асырылуы бір реттік емес, кезеңдер мен сатыларды қайталамайтын, бірақ, өзара байланысты қамтитын  ұзақ және кең ауқымды жұмыстың іске асырылуында /36/.

Ресейлік ғалымдар, құқықтық норма қазірде қолданыста бар біртіндеп, жоспарлы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның жүйелік құрастырылуы әлеуметтік шарттарына жауап беретін тезисті қорғап отыр. Ұлттық құқықтың даму жүйелілігі осыдан басқа әлемдік қоғамға енетін жүйелендірілген біртіндеушілік нақтылы уақытша жүйелілік деп есептеледі. Халықаралық қоғамда Қазақстанның интеграция процесі ішкі мемлекеттік жоспарлау мен жаңа көзқарастарды, аймақтық құқық қалыптастыру мен құқық қолдануды, соның ішінде ұлттық құқықтағы халықаралық құқық қағидаларының басым сипаттылығын қамтамасыз етуді талап етеді. Шетелдік бақылаушылар ашық түрде бізге заңнамамызды жетілдіру бағдарламаларын ұсынып отыр. Сонымен, АҚШ Сауда Департаментінің бас кеңесшісі И.Абрамов Ресей істері мен жаңа тәуелсіз мемлекеттер істері бойынша ЕЫҚҰ өлкесіндегі кейбір мемлекеттердің өз мемлекеттік имиджі бар, қайда сыбайлас жемқорлық билесе, сонда, коммерциялық істер жүргізуде транспоренттік пен әділдік болмайды және заңнамалық қорғау жеткіліксіз болады. Бұл факторлар инвестиция салудың халықаралық және ұлттық серіктестерге едәуір өлшемде әсер етуі мүмкін. Коммерциялық қызметті жүргізуде шын мәнінде құқықтық ортаны құру үшін көп күш жігер жұмсау қажет. Бұл бағыттағы іс әрекеттер үкіметтің инвестицияға назар аударғанын дәлелдейді. Осындай стратегияның басты элементі – қажетсіз мемлекеттік қатысушыларды қысқарту, жемқорлық мүмкіндіктеріне және жеке мемлекеттік шенеунік озбырлықтарына жол бермеу; шарт және сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындау шарттарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кәсіпкерлік этикасын дамыту /37/.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)