Махамбет Өтемісұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад

Описание

Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 329.50 Кб (Скачать документ)

Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр. Әдетте интеллигенцияны қоғамдағы биік адамгершілік пен демократияшылдықтың көрінісіне балап, оған моральдік жүк арта қарау дәстүрге айналған. Интеллигенцияның қоғамдағы әлеуметтік топ ретінде пайда болуына тікелей қара жұмыс істемейтін, тек ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың (басқарушылар, өнер-білім адамдары, т.б.) өзгелерден бөлектеніп шығыу ықпал етті. Интеллигенцияның тұңғыш  тобын ғұрыптық рәсімдерді өткізу, ауру-сырқаудан емдеу, болжам айту істерін атқарушы дана абыздар құрады. Бірте-бірте абыздар рөлін ежелгі филосовтар, жыраулар, шешендер, ресми дінбасылары ауыстырды. Орта ғасырларда кәсіби дәрігерлер, мұғалімдер, өнер иелері шықты. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылымның, әдебиет пен өнердің дамуы нәтижесінде ғылыми-техникалық интеллигенция қалыптасып, зиялы қауым тобы зайырлық сипат иеленді. Ой еңбегі адамдарының қызметіне мұқтаждық көбейіп, интеллигенцияның құрамы, саны, сапасы артты. Интеллигенцияның өзге әлеуметтік топтардан басты ерекшелігі – рухани құндылықтар жасауға бағытталған шығармашылық еңбек пен олардың бойындағы адамзаттық даму мүддесін көздейтін әлеуметтік мұраттардың басым болуы деп танылды. Осы проблеманы тарихи тұрғыдан зерттеуге XX ғасырдың басында (1906, «Орыс қоғамдық ойының тарихы»; 1909, «Кезеңдер») алғашқы талпыныстар жасалынды.

Қазіргі таңда интеллигенция  ұғымы ғылымды, техниканы, өнер-білімді, мәдениетті дамытушы топты бейнелейді. Атап айтқанда, «интеллигенция» ұғымы

  1. ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдар тобы;
  2. жоғары білімді адамдар жиынтығы;
  3. ақыл-ой еңбегімен кәсиби шұғылданушы және сол бағытта қажетті арнаулы білім алған адамдар тобы деген мағына береді.

Ал атқаратын әлеуметтік қызметі мен білім сипатына қарай «Интеллигенцияға» жататын топ ғылыми-техникалық, инженер-техникалық, гуманитарлық, денсаулық сақтау саласы, әскери, әдебиет және өнер, педагогика, т.б. салаларға бөлінеді. Италия философы Антонио Грамши (1891-1937) «интеллигентсіз қоғам болмайды» дей келе интеллигенцияны дәстүрлі, яғни табиғи және органикалық деп екіге бөледі. Дәстүрлі интеллигенцияны халық өзі туғызады. Мысалы қазақ халқының тектілік пен парасаттылықты тең ұстаған хандары, билері, шешендері, жыраулары осы дәстүрлі  интеллигенцияға жатады. Ал органикалық интеллигенцияны кәсиби жоғары білімді адамдар (мұғалімдер, агрономдар, инжинерлер, т.б.) құрайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында интеллигенцияның бірінші тобы – яғни даналық, парасаттылық, рухани кемелдік қасиеттерді табиғи түрде бойына сіңірген жыраулар, ақындар, ойшылдар, шешендер, абыздар, т.б. үлкен рөл атқарды. Олар білім мен өнердің бір саласын меңгеріп қана қоймай, ойшылдық пен өнерпаздықты синтетикалық қабілет биіктігіне көтеріп, елдің, халақтың болашақ даму бағдарын болжап айта білді, ел билеушілері – хандар мен билерге, ел қорғаны – батырларға сенімді кеңесші рөлін атқарды. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды көре біліп, батыл сынға алатын да солар еді. Асан қайғыдан бастап, Бұқар жырауға дейінгі жыраулар, Абайдан Жамбылға дейінгі ақындар, мыңдаған шешендер мен абыздар, т.б. ғасырлар бойы дәстүрлі қазақ қоғамы ақыл-ойының қаймағы іспетті болды. Қазақ қоғамында  XIX ғасырдың 2 жартысында еуропалық білім алған жастардың тобы пайда болып, олар өзіне дейінгі дәстүрлі қоғамдағы зиялы қауым дәстүрін жаңа сипатта жалғастырды. Екі ғасырдан астам уақытқа созылған отаршылдық, кеңестік қатаң идеология қазақ халқының ұлт ретінде сақталып қалуы мен мемлекеттік тұтастығының негізі интеллигенцияға және оның бірлігі мен көшбасшылығына байланысты екенін дәлелдейді. Интеллигенция белсенділігі қалыпты күнде айқын аңғарылмағанымен, ұлт және мемлекеттік мәселелердегі өткір проблеманы қозғауда көзге түседі. Мемлекет пен жекелеген ұлт болмысының мәнін және ұлттық келбетті айқындайтын факторлар негізінен осы инттелигенция арқылы жүзеге асады. 1917 жылы Қазан төңкерісі кезінде қалыптасқан саяси ахуалды пайдалана отырып, ел тәуелсіздігін алуға ұмтылған Алаш қозғалысы көсемдері, Кеңес өкіметіне қызмет етіп, ел болашағын сол үкіметпен тығыз байланыстыра қарастырған қазақ зиялы қауымы 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тұсында жаппай қудалауға ұшырауына байланысты, қазақ халқына өз интеллтгенциясын тұтастай жоғалту қаупі туындады. Онан кейін Кеңес үкіметі тұсында өсіп-жетілген интеллигенцияның келесі толқынының басым бөлігі 1941-45 ж. Ұлы Отан соғысында ажал құшты. Соған қарамастан, қазақ ғылымы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері өркендеп, даму жолына қадам басты. Қазақ интеллигенцияның келесі шоғыры соғыстан кейін туған жастар есебінен құралып, олардың белсенді іс-әрекеттері XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап байқала басталды. Бұл топтың алдыңғы топтан айырмашылығы әуел бастан-ақ кеңестік идеологиямен тәрбиеленгендігіне қарамастан, әлемдік ғылым мен өнер жаңалықтарын терең игере алуында еді. Қалай болғанда да, тәуелсіздік алғанға дейінгі қысылшаң кезеңдердің барлығында да қазақ идеологиясы өз қызметін қал-қадерінше атқарып, жалпы қазақ қоғамының дамуында жетекші рөл атқарып келді. 1991 жылдан кейінгі он жылда қазақ интеллигенциясы өз позицияларына түбегейлі өзгерістер енгізді. Қазіргі таңда XXI ғасырдағы қазақ интеллигентінің бет-бейнесі, бағыт-бағдары мен мұраты қандай болуы керек деген мәселе қоғамдық пікірталастың өзегіне айналуда. Бүгінгі отандық интеллигенция еліміздің тәуелсіздігін нығайту, ұлттық келбетті сақтау мен дамыту мәселелеріне белсене араласып келеді. Сонымен қатар, ұлттардың бір-біріне шынайы құрметін қалыптастыру, мемлекеттің ішкі бірлігін нығайту, саяси тұрақтылықты орнықтыру жолында да қазақстандық интеллигенцияның атқаратын қызметі зор. Өз кезегінде ұлт зиялыларына ұдайы назар аудару, интеллигенцияның бірлігі мен татулығына мүдделі болу және олардың мемлекет мүддесі негізінде тәрбиеленуін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың түпқазығы болып саналады.     

Науан Хазірет  – Көкшетаулық тарихи тұлға

        Қасиетті Көкше жерінде небір ел бастаған көсемдер, күміс көмей шешендер, ақын-жыраулар, батыр-билер, ақылгөй даналар дүниеге келмеп пе еді! Ендеше дәл сондай тарихи тұлғалардың бірі – Наурызбай Таласұлы. Оқымысты ғұлама болғандықтан, ол әдебиетте де, халық арасында да Науан Хазірет  деп аталып кеткен. Науан Хазірет – рухы биік, жан-жақты білімдар, ағартушы, халқының қамын жеп, болашағын болжаған, ол мұсылмандықтың шапағатын жаюға бүкіл өмірін арнаған қайраткер.

        «Бала кезімізден өрісіміз аралас, ата қонысымыз бір жерде болғандықтан Баратай, Жұмысшы ауылдары қалың шұңғырша ортасында Науан Хазірет туралы ел аузындағы әңгімелерді көне көз қариялардың естеліктерінен көп естуші едім. Әсіресе, бұл тақырыпты Науан Хазіреттің төл шәкірті Мейрам молла Мұсаұлы жиі  әңгімелейтін. Ол кісі көп оқыған араб, орыс, өзбек тілдерін өз ана тіліндей білетін еді. 1940- шы жылдары жасы шамамен жетпістерге таяп қалған қария болуы керек. Мейрам молла менің әкем Әбуұлы Қабиденге (1910-1974) кезінде дәріс берген екен, сондықтан біздің үйде жиі болып, ақсақалдарды жиып, жұма намазын, тарауық оқып, әңгіме айтып отырушы еді»,- деп еске алады Қадыржан аға.

         Ал енді Наурызбай Таласұлының өмірбаянына, атқарған қызметіне көшелік. Ол соңғы дерекке, атап айтқанда, 1843 жылы Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген қарағай-қайың нулы да, сулы өңірінде Талас Құтболат ұлының отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі Қарауыл руының Есембай-Шұңғырша тармағынан.

         Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, әкесі Талас ауқатты, ағайын арасында беделді кісі болған, ал Әлихан Бөкейхановтың айтуынша: «Ол (Науан Хазірет – К.А.) Көкшетау уезінің кедей қазағының баласы еді»...

       Жасынан зерек Наурызбай ауыл молласынан хат танығаннан кейін, баласының қабілетін аңғарған әкесі оны Қызылжар медресесіне оқуға берген. Медресені үздік оқып бітірген соң, ол ерекше дарынды түлек ретінде сол кездегі діни жоғарғы оқу орны болып саналатын Бұхар медресесіне жолдама алды. Еліне келіп, Баратайға жақын Бесқарағай деген жерде мешіт салу жұмысын ұйымдастырып, бірер жыл сонда имамдық жұмысын атқарды. Әйткенмен білімге, оқуға деген құштарлық талабы Науанды одан әрі жетелейді. Ол азын-аулақ қаржы жинап, Бұхарға бара жатқан керуенге ілесіп, Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Кезінде Ломоносов Мәскеуге қалай барса, бұл Бұхарға солай барады».  11.

      Бұхар медресесі өткен ғасырда Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны болатын. Мұнда көптеген ғұлама оқытушылар болған. Бұхарда оқып жүрген кезінде Наурызбай діни Хадистермен қатар Шығыстың бай әдебиетін, философиясын игеріп, көне түрік, парсы, араб, өзбек, татар тілдерін жетік меңгерді.

Он бес жыл оқып, 12 Бұхар медресесін үздік бітірген Наурызбайдың үлкен дарын иесі екендігін таныған медресе ғалымдары оны бүкіл мұсылман дінінің орталығы Бағдат шахарына жібереді. Ол жерде білімін сонша тереңдеткен Наурызбайды Бұхар медресесі өз қабырғаларында ұстаз етіп қалдырады. Бірақ Көкшетаулық мұсылмандар қауымы Бұхарға арнайы делегация жіберіп, Солтүстік Қазақстан өңірінде мұсылмандықты уағыздайтын бірде – бір жоғарғы білмді имамның жоқтығын тілге тиек етіп, Наурызбайды еліне қайтаруға өтінді. Осы жағдайларды естіген медресе басшылары көкшетаулықтардың талабын деп көріп, Наурызбайды еліне қайтарады.

Шығыс өркениетінің орталықтары болып  саналатын Бағдат пен Бұхар жоғарғы  оқу орындарын тәмәмдәп елге оралғанда  Науан Хазірет жан-жақты білімдар ғұлама ғалым, тәжірбиелі ұстаз болып қалыптасуымен қатар жәдиттік бағытты ұстанған қоғамдық қайраткер де болып үлгерген. Міне, енді сол оқып білгенін, өз қызметін ел игілігіне жарату, халқын отаршылдық бұраудан азат ету жолдарын ойластырады.

XX ғасырдың екінші жартысында  түркі тектес халықтардың барлығы  дерлік (Анатолия түріктерінен басқасы) отарлық езгіде болды. Түркі халықтарына отарлық құрсауын кигізген мол тұстағы екі алып империя – Қытай мен Ресей мемлекеттері болды. Бұлардың біріншісінде сол тұста отарлық езгіге қарсы көтеріліс жүріп жатса, екіншісінде ұлт-азаттық күрестің ондай түрі аяқталып, енді екінші кезеңі басталған-тын. Бұл кезең жәдиттік қозғалыстың келуімен сипаталады.

Жәдиттік қозғалыстың  негізін қалап, басқарушылар қатарында  Ресей қоластындағы түрік халықтарының ұлтжанды зиялылары болды. Олар –  Шаһабуддин Багауиддинұлы, Каюм Насири, Исмағұл Гаспарұлы, Садриддин Айни сынды ғұламалар еді.

Аталған қайраткерлердің жәдиттік көзқарастарының қалыптасуына XIX-XX ғасырлар тоғысында бүкіл әлемде ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуі, Ресейдегі билеуші монархияға қарсы бағытталған демократияшылдық үрдістің етек жаюы, орыс емес халықтарда зиялы топтардың пайда болуы сияқты қоғамдық құбылыстардың зор әсері болды. Көптеген аймақтарда саяси партиялармен қозғалыстармен бірге жәдиттер (жаңашылдар) деп аталған мәдени-ағартушылық бағыттағы қозғалыс та пайда болды. Бұл қозғалыстың түпкі мақсаты түркі халықтарын отарлық езгіден азат ету еді. Ал оны іске асыру үшін дін-исламдағы жәдитшілдікті түрікшілдікпен ұштастыру, түрік ұлтшылдығын насихаттау, жаңа тәсілмен насихаттау, жаңа тәсілмен оқытатын мектептер ашу көзделді.

   Сөз етіп отырған кезеңде Бұхар қаласы жәдиттік қозғалыстың негізгі ошақтарының бірі болып саналған. Сондықтан жәдиттік идеяны көзі ашық, көкірегі ояу Наурызбай бірден қабылдап, оны іске асыру жолындағы күреске дайын болды. Сол себепті де ол Көкшетауға оралысымен бұл іске қызу кірісті.

   1886 жылы көпшілік қауымның сұрауымен облыстық діни басқармасы Науан Хазіретті Көкшетау мешітіне имам қылып тағайындады.14. Жаңа имам халық арасында оқу-ағарту мәселелерімен айналысып, діни әдет-ғұрыптарды ретке келтіреді, көршілес ояздардағы мешіттермен тығыз байланыс орнатады. Ол кісінің беделінің қандай жоғары болғандығын мына бір дерек дәлелдей түссе керек. Халықтан жиналған қаржыға Көкшетау қаласында жаңа мешіт салынады. Мешітте неке қию, жаңа туған нәрестелерді тіркеу сияқты дәстүрлер кеңінен енгізіледі. Архивтік бір деректе ояз бастығы Костырконын тұсында, ал кейін басшылар Туполев, Коновалов, Селицкий, Кельцев тұсында да осы тәртіп сақталды делінген.15.

Заманының өте білімді  адамдарының бірі Науан Хазірет халық ағарту саласына көп көңіл бөлді, атап айтқанда, қазақ балаларының білім алуын үнемі қадағалап отырды. Мешіт жанынан қырдан келген моллалардың білімдерін одан әрі жетілдіру үшін оқу ұйымдастырып, халықтан түскен қаржыға интернаты бар медресе ашады. Өзіне мектеп жұмыстары бойынша көмекшілікке бұрынғы шәкірті, Қотыркөл болысының тұрғыны Шаймерден Қосшығұловты алады.

   Медреседе діни дәріспен қатар зиялы білім беру ісі де айтарлықтай деңгейде болды: шәкірттер оқу мен есептеуді, араб тілі мен орыс тілін қатар үйренді, Абай өлеңдерін жаттап, Біржан мен Ақан әндерін айтты. Әсіресе, шығыс әдебиетін оқып үйренуге көп ден қойылды. Ол туралы мына бір деректі келтіріп кетуге болады: мысалы, ояз бастығының бұйрығымен  мектеп-интернатта жүргізілген тінту кезінде, оқушылардан шығыс ғұламалары Фирдоуси, Науаи, Саади, Низами және т.б. кітаптары тартып алынған.

Бір айта кететін жайт, ата-аналар балалардың оқуы үшін ешқандай ақы  төлемеген, себебі медресе жанында қосалқы шаруашылық болып, шәкірттер қажетті азық-түлікті өздері дайындаған. Мұғалімдік қызметті Науан Хазірет пен Шаймерден Қосшығұловтан басқа Ташкенттен келген өзбек Ингам Кари мен саяси жер аударылған қазақ тілін жақсы меңгерген Петр Гарлишев атқарды. Науан Хазіреттің қызмет атқарған тұсы Ресейдің Қазақстанда толық саяси үстемдігін орнатып, енді шаруашылық жағынан игеруге кіріскен кезеңіне дөп келеді. Осы мақсатта Қазақстанда бірқатар әкімшілік сот реформалары жүзеге асырылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қалдығы жойылып, жер, оның қойнауы, ормандар мен өзен-көлдер Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды.

Өзінің үстемдігін нығайту үшін патша үкіметі қазақ даласына орыс-қазақтарды, шаруаларды, чиновниктерді  жаппай қоныстандыру науқанын жүзеге асырды. Мысалы, 1896 жылы Ақмола облысында 99399 жаңа қоныстанушылар тұратын 132 село болды, ал 1900 жылы селолардың саны 200- ге, көшіп келушілердің саны 160090- ға жетті.16.

   Бұл әрекеттер маңызды іс-шаралар болғанымен, қазақ даласында түпкілікті билік орнатуға жеткіліксіз деп саналады. Сондықтан патша үкіметі Қазақстандағы өз саясатының басты мақсаты етіп жаңа бодандардың бойына Ресей азаматтығы идеясын сіңіруге тырысты.

Іс жүзінде бұл саясат қазақ  халқын орыстандыру христиан дініне шоқындыру әрекеттерінен көрініс  берді. Ол үшін білім беру-ағарту ісіне қатаң бақылау орнатылды. 1874 жылы Үкіметтің шешімін оқу-тәрбие мұсылман діни мекемелер құзырынан алынып, отарлық әкімшілік қарауына берілді.

Шоқан Уәлихановтың, Салық Бабажановтың үлгісінен орыс оқуының пайдасын көрген қазақтардың өз балаларын Омбының, Орынбордың т.б. қалалардың оқу орындарына бере бастады. Қазақ жұрты балаларын орыс тілінде оқуға ынталандырудың шараларын ойластырады. Мәселен, Мұса Шормановтың (Баянауылдың аға сұлтаны) баласы Сәдуақас Шорманов 1887

ж. 25 ақпанда Г.Н. Потанинге  жолдаған хатында былай деп жазған; «Қазіргі уақытта қазақ балалары әртүрлі оқу орындарында оқи бастады. Гимназияда 19 адам, кадет корпусында – 5, мұғалімдер семинариясында – 4, техникалык училищеде – 2 тәрбиеленуші оқып жүр. Барлығы Омбының оқу орындарында 30 қазақ баласы, біреуі Петербург университетінде білім алуда».

Сонымен бірге үкімет қазақ балаларының  ана тілінде білім алуына түрлі шектеулер қоя бастады, тіпті қазақ чиновниктерінің балаларын орыс оқуына беру туралы арнайы нұскау да шығарылды. Жергілікті ақсүйектер бұл әрекеттен секем алып, қарсылық білдірді. Кейде тіпті патша үкіметінің мынадай жағдайларға дейін барғандығын белгілі орыс зерттеушісі, публицист, Шоқанның досы Ядринцев өз шығармасында былай деп жазады: «Қырғыз даласындағы бұратаналар кейбір интернаттар мен мектептерге өз балаларын беруге мәжбүр болғандықтан, одан қорқып, кедей балаларын сатып алып жіберген. Орыстандыру мәселесі, ұллтардың өткір проблемасына айналды, бұл саясатты дөрекі, ойластырмай күшпен қолдану бұратаналар арасында керісінше қарсылық пен жиіркеніш тудырды»,19 – дейді. Ядринцев орыс тілін зорлап оқыту саясатын сынай отырып, «бұратаналардың өз тілінде білім алуы, ғылымдармен танысуы білімді бұратаналарды орыс тілінен, ұлтынан бездірмейді»20 – деп сенді.

   Үкіметтің арнайы шешімімен жергілікті әкімшіліктің рұқсатынсыз ауылдық мұсылман мектептері мен қалалық мектеп-интернаттарды ашуға қатаң тыйым салынды.

Мектеп ашуға басты шарт –  ол мектептерде орыс тілінің оқылуы еді. Сондықтан қазақ мектептерінің көпшілігі жасырын жұмыс істеді. Үкімет саясатының рухани саладағы тағы бір бағыты мұсылман дінін шектеу болатын. Патша үкіметі діннің маңыздылығын ескере отырып және халық наразылығын туғызбау мақсатымен қазақ жерінің түгелдей Ресей империясының құрамына енуі аяқталғанша, яғни 19 ғ. 60-шы жылдарына дейін ислам дініне ілтипатпен қарады. Қазақ даласына сенімді татар молдалары жіберілді, мешіттер салуға қамқорлық жасалып, қажылық Меккеге баруға кедергі келтірілмейді. Алайда 19 ғ. ақырғы ширегінде үкіметтің исламға көзқарасы өзгерді, бұл жалпы отаршылық саясаттың күшеюінің нәтижесіне байланысты туындады. Қасиетті (Святейший) Синодтың рұқсатымен 1881 ж. Омбы қаласында «Киргизская противоисламская миссия» құралды. Миссионерлік орыс-қазақ аралас мектептері салынды . 1897 ж. қыркүйекте Архиерей тарапынан православие дінін мұсылмандар арасында тарату жолдарын қарастыру туралы арнайы нұсқау берілді. 21.

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы