Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад
Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.
Тағы бір ел аузындағы
әңгіме. Ол Мәмбетәлінің Көкшетау мешітінің
молласы Науан Хазірет (
Міне, осы екі азаматтың айдаудан босатылуы үшін Мәмбетәлі көп іс-әрекет жасайды, қаржы жинап Петерборға ішкі істер Министріне дейін барып олардың кінәсінің жоқтығын дәлелдепті. Сөйтіп, ақыры екі жыл өтпей Науан Хазірет пен Ш. Қосшығұловтың босатылуы жөнінде ішкі істер министрлігінің үкімі шығыпты. 4.
Мәмбетәлі сауатын
туған ауылында молда алдынан
ашыпты. Алайда оның оқып, білім
алу деңгейіне өз әкесі
Сол жылы әкесінің көмегімен Мәмбетәлі Омбының техникалық училищесіне түседі. Ол қаланың саяси өміріне белсене араласып, Омбының ғана емес, Петропавл мен Көкшетаудың саяси айыппен жер аударылған адамдармен байланыста болады. Алайда училищені бітіріп үлгере алмайды. 1889 жылдың аяғында Петропавл полицейлерінің көрсетуімен жер аударылғандармен байланы үшін училищеден шығарылады, ал қаңтардың 24- жұлдызынан бастап Ақмола облысы әскери губернаторы оған жасырын бақылау қойғызады. Ол он бес жылға созылады. М. Сердалиннің көзқарасының қалыптасуына қазақ қоғамының XIX ғасырдың соңғы үшінші кезеңінде дамып жетілуінің үлкен әсері тиген. Мәмбетәлі туған ауылында қарапайым шарауалардың сұрықсыз өмірін көп бақылады. Өлкенің тағы бір ерекшелігі, дәл осы кезде Қазақстанның Россияға жүріп жатқан экономикалық және әлеуметтік-саяси процестерге тартылды. Империяның қоғам дамуындағы ең басты өзгеріс – 1861 жылы крепостниктік қоғамның құлауы. Бұл реформа өзінің жартыкештігіне қарамастан капитализмнің дамуын жеделдетуге зор ықпал етті, сонымен бірге шаруалар өз бас бостандықтарына ие болып, көшіп-қонуына мүмкіндік алды. Ал Ресейдің саяси дамуында, басқару әдісінде айтарлықтай өзгеріс болмағандықтың салдарынан азаттық қозғалыс күшейе түсті.
Империяның орталық
Бұл жағдайлар қазақ интеллигенциясының қалаптасуына Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин сияқты қайраткерлердің халық игілігіне қызмет етуіне жол ашты. Сол XIX ғасырдың соңғы ширегінде қазақ даласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, тарихи күрделі кезеңде көзге түскен бір шоғыр саяси, мәдени қайраткерлер пайда болды. Олар Қазақстанда ұлт-азаттық, революциялық-демократиялық қозғалыстардың өріс алуына, қазақ мәдениетінің дамуына зор ықпал етті. Атап айтсақ, олар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Сералин. Осы қатардан Мәмбетәлі Сердалин есімі де лайықты орын алады. Өкінішке орай бұлардың көпшілігі 30- жылдары тоталитарлық жүйенің орнауына байланысты заңсыздықтың құрбаны болып репрессияға ұшырады. Тек қайта құру процесі ғана кінәсіз жазаланғандардың есімін, еңбектерін халыққа қайтарып берді.
М. Сердалиннің азамат ретінде қалыптасуына тағы да зор әсер еткен жәйт мынау. Он тоғызыншы ғасырдың 60- жылдары Қазақстанды түгелдей отарлау аяқталуына байланысты өлкені басқару жөнінде реформа қабылданды. Реформаға орай елдегі өзін-өзі басқару әдістері түбегейлі жойылып, әкімшілік басқарудың жаңа түрі еніп, отаршылық күшейе түсті. Жер мәселесі осы кезеңде өте өткір тұрды. 1867 жылы заңға сәйкес Қазақстандағы барлық жер мемлекеттік меншік болып жарияланды да, Қазақ жерін жаппай қанау басталды. Орталық Азияға шаруаларды лек-легімен көшіру науқанға айналды. Тек 1893 жыл мен 1912 жылдың арасында Ақмола облысына 292 400, Торғайға 292 300, Семейге 50 700, Жетісу өлкесіне 433 000 ер адам қоныс аударған.6. Патшаның қоныс аудару саясаты отаршылықты түбегейлі аяқтауды ғана мақсат етіп қойған жоқ, сонымен қатар бұл орталық губерниялардағы шаруалар көтерілісін әлсіретудің амалы еді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Столыпин реформасына сәйкес Қазақстанда қоныс аударушыларға арналған жер қоры ұйымдастырылды. Қоныс аударғандарға алдымен, құнарлы өзен бойындағы, көл жағалауындағы және тоғайлы жерлер бөлініп берілді. Ал жергілікті тұрғындар шөл далаға қарай сырылып тасталды.
Осының салдарынан Көкшенің (басқа аймақтар сияқты. – Қ.Ә.) ең шұрайлы, әсем өңірлеріне казактар, келімсектер ие болып қалды. Мәселен, Мәмбетәлінің аталары ежелден мекен еткен, ата тегінің зираттары жатқан Шалқар көлінің маңы, Айыртаудың көрнекті жерлері казактарға берілді.
Қоныстанудың екінші легі жоғарыда айтылғандай Столыпиннің аграрлық реформасымен байланысты. 1917 жылға дейін қазақтардан 45 миллион десятинадай жер межеленіп алынды. Ал қоныс аударғандардың саны 1,5 миллион адамнан асты. Патша үкіметінің отарлау саясаты – туған жерден қуу, салықпен қысуды күшейту жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Қазақ даласындағы шаруалар толқуы мен ұлт-азаттық қозғалыстары өткен ғасырдың басында жалғасын тауып, іс жүзінде 1916 жылы көтеріліске ұласып, Ұлы Қазан социолистік революциясымен қосылды. Қазақ халқының ұлттық санасының оянуына алдыңғы қатардағы интеллигенцияның әсері өте зор болды. Сөз жоқ бұлардың қатарында М. Сердалин де бар еді.
Патша үкіметінің отаршыл саясатын бұлжытпай жүргізіп отырған жергілікті әкімшілік органдары келімсектерді жергілікті халықтың бұрыннан игерген жерлерін атамекенін зорлықпен тартып алуы кімнің болсын наразылығын туғызбай қоймаған. Бұл озбырлыққа шыдамаған қазақ жұртшылығының өкілдері Көкшетаудан, Омбыдан әділеттік іздеп уезд басшысына, губернаторға шағымдар жазған. Солардың бірі аты алты алашқа танымал Сарыарқаның бұлбұлы атанған Ақан сері (1843-1913 ж.ж.). Бұл очеркте Ақан серіні сөзге қосуымыз оның Мәмбетәлі екеуінің бір ауылда тұрғандығы ғана емес, олардың арасындағы рухани бірліктен туған түсінік, достық ел аузында аңызға айналғандықтан.
Ата-бабаларының зираттары жатқан қасиетті Айыртау өңіріне келімсектер қол салып, Шалқар, Сарыкөл жағалауына, Қамсақты бойына қоныс құрып иемдене бастауына Ақан ағаң да, Мәмбетәлі өзі де наразылық білдіріп қарсы шығады. Оның айғағы Ақан сері өмірінің соңғы он, он бес жылын ылғи жүрек жарды жырларында туған жерін жоқтаумен, ізденумен өткізіпті. Міне, осы жырлардан бір шумақ келтіре кетейік.
Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп,
Соятын крәсиянға лақтай боп,
Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң,
Шетке шығып қалдық қой брактай боп.
Қор болып крәсиянның табанында,
Қалайша күн көреміз дәурен кешіп?
Темір айыр, ақ балта қолдарында,
Тілге келмей ұрады өңмендесіп...
Қасиетті ата-баба зиратының
Үстіне егін салды, жайлап есіп.
Өкінішке орай Ақан серінің көкейкесті арманы көзі тірісінде орындалмай дүниеден өтіпті. Осыған байланысты ел аузынан мынадай естігенімізді келтіре кетейік. Ақан сері дүние салғанда Мәмбетәлі далалықтар арасында кездеспеген рәсім жасап, зират басында қаралы жиын өткізіп сөз сөйлепті. Сөзінің соңында «мың кісілік Ақан аға-ай, бір кісінің орнында кетіп барасың-ау»,- деп жырлаған дейді.
Ол өзінің «Қазақ жерін арендалау» (Омбы, 1990 ж.) кітабында, Петербургтің «Орыс өнеркәсібі мен саудасының дамуына көмектесу қоғамының» отырысында жасалған «Мал шаруашылығы мәдениеті арқылы Батыс Сібір даласын пайдалану» 7. деп аталған баяндамасында Қазақстанда жерді ұтымды пайдалану керектігін айта отырып, былай дейді: «Ұлан-байтақ елінің жалпы әл-ауқатын қаперге алсақ, бүкіл Ресей өндіріп отырған астыққа қоса, егіншіліктің екінші ошағын жасаудың қажеті бола қаяр ма екен, сірә. Әлемнің әр пошпағындағы жай-жапсар әр өңірдің өзіне тән бірыңғай шаруашылық қалыптастырды. Оңтүстік Африкада борлардың шаруашылығы бар. Ақыр аяғында Америка, Уругвай және Аргентинаның өзіндік мал шаруашылығы мәдениетін өрістетіп, жер жүзіндегі әйгілі жаңа тұрпатты малшы – гаучоларды шығарды емес пе?»
М. Сердалин жалпы егін егуге қарсы емес, бірақ та ол «бір жақсылықтың», асыра сілтеушіліктің қажетсіздігін ескерте отырып, чиновник Шербина басқарған егін шаруашылығы министірлігі комиссиясының жыртуға жарамды жер көлемін асыра көрсеткен тұжырымын жоққа шығарады. Сонымен қатар Мәкең Шербина мырзаның жергілікті халықтың жағдайын ескермеушілігін былай қоя тұрып, оның шекеден қарап, тұжырымдардағы жалған пікірлерін әшкерелей отырып былай дейді: «Оның (Шербинаның. – Қ.Ә.) еңбегіндегі қазаққа деген көзқарасы бастан-аяқ біржақты. Жетекшінің сөзіне қарағанда, қазақтар кір-қожалақ әрі жалқау, олардың қыстаулары ластықтың, настықтың үлгісі сияқты». Әрі қарай М. Сердалин даладағы су тапшылығын, қазақтың әрбір су көзін керемет қадірлейтінін айтып, Шербинаның даланың сусыз қалуына бірден-бір қазақтардың өзі кінәлі деген пікірінің жалған екенін көрсете отырып былай деп жалғастырған: «Шербина мырза суы шаш етектен Ресейдің орталығында тұратын егінші жұрттың үй-ішінің тазалығымен мақтана алмайтынын тарс ұмытып кеткен сияқты. Көшіп келген шаруалардың біразы біздің тұрақ жайларымыздың ластығына емес, тазалығына таңданғанын талай мәрте көріп те, естіп те жүрмін»,- депті. 8.
Мәмбетәлі назаланып: «Ежелден малшылық кәсіппен айналысып келе жатқандардың құнарлы жерлерін біртіндеп алып жатыр, судан алыс қалғандықтан, біздің ата кәсібімен айналысуға мүмкіндік жоқ» деп жазады. Ол жерді алды-артына қарамастан жырта беруден сақтандырды. Өз пікірін дәлелдеу үшін ғалым Соколвотың «Россияның Еуропалық оңтүстік белдеуінің құрғақшылығы мен су тасқыны» деген мақаласын («Русская мысль», 1893 ж.) және профессор В.В. Докучаевтың Россияның оңтүстік бөлігі туралы айтқан тұжырымдарын келтіреді. Мысалы, ол өзінің «Даламыздың бұрыны мен бүгіні» атты еңбегінде Ресейдің оңтүстік далалық облыстарында жердің жаппай жыртылу салдарынан табиғи су, жел эрозиясына ұшырап, «қара топырақты аймағының құнарлы қыртысы 25 пайыз, тіпті кей жерде 50 пайыз кеміп кеткен» деп жазады.
Аты әлемге мәлім ғалымның осы сөзін келтіре отырып М. Сердалин былай деген екен: «Егер жерге атүсті қарау салдары Еуропалық Ресей даласында мұндай апатқа әкеп соқса, ол Батыс Сібірдің ұлан-байтақ кең даласына одан да зор кесел келтіреді». Егер Мәмбетәлі атамыздың осы айтқандарын «тың эпопеясының» инициаторлары естіп білген болса, мүмкін, қазақтың Сарыарқасының ішін, ішек-қарнын ақтара айқыш-ұйқыш жыртпас па еді деген ой келеді.
М. Сердалин қоныс аударғандардың жер өңдеумен айналысуын қостай отырып, сауда мен өнеркәсіптің дамуына жағдай туғызу үшін мал шаруашылығымен айналысқандарын қолдау керек деп есептейді. Тағы бір айта кететін жәйт, ұлттық өзімшілдік, томаға-тұйықтық қасиеттер оған жат еді. Мәселен, басқа халықтардың жетістіктерін, атап айтқанда, орыс шаруаларының жер өңдеу әдістерін игермейінше, қазақтарда алға басу болмайды деп санаған. Мәмбетәлі көшпелілерді отырықшылыққа бейімдеу мәселелерін көтереді, сонымен қатар, қоныс аударғандардың ауыр жағдайлары жөнінде ашына айтады. Патша әкімшілігінің Қарсақпай кен орнын шетел капиталистеріне өңдеуге бергенін сынайды. Ол өлкенің мәдениетін көтеру мәселесін қояды.
Қазақстандағы отаршылдық саясатына қарсы күресте М. Сердалин жалғыз болған жоқ. Мәмбетәлінің жер, ел тағдыры туралы ойларын оның достары Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов әрі қарай жалғастырды.Мысалы Петербург университетінің Заң факультетін бітірген Б. Қаратаев патша патша саясатына қарсы күресте белсенділік танытты. Оның 1906 жылы 2- ші Мемлекеттік Думаға жер жөнінде сөйлеген сөзін В.И. Ленин қолдаған. Ол өзінің «1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясындағы социал-демократияның аграрлық программасы» деген еңбегінде М. Қаратаевтың сөйлеген сөзін пікірін дәлелдеу үшін келтірген.9
Бұл сөзінде Б. Қаратаев патша үкіметінің Ресейдің орталық аймақтарында тұратын дворяндарының мүддесін қорғап крестьяндарды қазақ жеріне әкімшілдікпен қоныстандыруына наразылық білдірген. Оның бұл пікірі Мәмбетәлінің ойымен үндес екені бірден белгілі болып тұрған жоқ па? Қазақтың ардақты қос перзенті Мәмбетәлі мен Бақытжанның дос, сырлас екенінің айғағы – олардың Петерборда бірге түскен фотосуреті. Өткен ғасырдың аяғында жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ елінің топ жарып үздік шыққан небір асқан ойшыл дара тұлғаларының ішінде ерекше көзге түсетіні Әлихан Бөкейханов десек артық болмас. Ол Омбы техникалық училищесінде Мәмбетәліден бір класс төмен оқиды. 1890 жылы училищені үздік бітіріп, Петербордың орман институтына түседі. Ал Мәмбетәлі болса училищені бітіріп үлгермейді. Өйткені ол өзінің елінің бостандық алу шартын Россиядағы революциялық қозғалыспен байланысты екенін ертеден-ақ түсініп, Омбы, Петропавл, Көкшетау қалаларына жер аударылған революционерлерімен тығыз байланыс жасап, азаттық үшін күрес жолына түскен.
Енді сол Мәкеңнің училищеден қалай қуылғаны жөнінде бір құжатқа тоқталайық. 1889 жылы 4 наурызда Петропавл полицмейстерінің Ақмола губернаторына жазған рапортында мынадай жолдар бар: «Осы жазда Петропавлға Омбы техникалық училищесінің оқушысы Сердалин келді, ол күні-түні саяси жер аударылғандар – Анненков, Аргунтинский, Долгоруков, Казанский, Гончаренконың баспаналарында қонып қалып жүр. Нұсқауға сәйкес мен оны шақырып алып ескеттім, бірақ Сердалин олардікінде бұрынғыдан да жиірек болатын болды. Ол туралы училище бастығына хабарланды », - деп жазды (10). Оның училищеден шығарылуына осы жағдай себеп болды ма екен, кім білсеніміз адамдармен байланыстылығы ғана емес, Омбыдағы әрекеттері де себеп болған сияқты. Тағы бір көңіл аударатын жәйт, Мәмбетәлінің бағасы барлық пәндерден жақсы, өте жақсы бола тұрып, тәртібі қанағаттанарлықсыз деп бағаланған көрінеді. Мәмбетәлінің училищеден шығарылып тасталғанын естіген Петропавлда тұратын саяси жер аударылғандар қатты назаланады. Олар надзиратель Козловтың қаланың полиция бастығына құпия мәлімет жазып сөз бастағаны үшін наразылық білдіріп, Ақмола губернаторына шағым хат жазады. Оңда Ковзаловты әшкерелеп, оны өздеріне аяқ бастырмай, күн көрсетпей қудалайтынын жазыпты. Бірақ күткендегідей губернатор Ковзаловтың сөзін сөйлеп, олардың шағыма расталмады деп тұжырым жасап, жауап қайтарған. АлҚызылжар қаласының полиция бастығы Козловтың мәлімдемесін Омбы училищесінің директорына жедел жеткізген. Деректерге қарағанда Мәмбетәлі патша үкіметінің отаршылдық саясатына, зомбылығына қарсы әрекетін тоқтатпағаны, керісінше белсене кіріскені байқалады. Оның айғағы 1890 жылы Мәкен жауапқа тартылып,абақтыға отырғызылады, бірақ та айыптауға ешқандай дәлел таба алмаған соң оны босатуға мәжбүр болады.