Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад
Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.
Наурызбай Таласов пен Шәймерден Қосшығұловты азат ету туралы министрікке дейін өтініш жазған қазақ қауымы өкілдерінің петицияларын дәлелдейтін куәліктер мұрағатта бар. Осы қозғалысқа белсене ат салушылардың бірі – кезінде Әлихан Бөкейханұлымен Омбы техникалық училищесінде бірге оқыған Мәмбетәлі Сердалин болатын. Жер аударылған жерлес ағаларын қамаудан босатуды көздеген Мәмбетәлі мындаған адамдардың қолдарын қойдырып, Петербург қаласына өзі аттанды. Петербургте Мәмбетәлі арқылы бүкіл жайға қаныққан Әлихан барлық байланыстары мен таныстары арқылы министрліктің табалдырығын тоздырып, Науан Хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қол жеткізді. Бұл шешім 1905 жылдың наурыз айында қабылданды. Ішкі істер министрі қол қойған генерал-губернатордың талабында мынадай үзінділер бар: «Егерде қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздік тәртібін бұзатын болса, бірден жер аударылсын».35.
Айдаудан келген соң Науан Хазірет Көкшетау қаласындағы мешіттің имамы қызметін жалғастыра отырып, жастарға білім-тәрбие беру жұмысын да қайра қолға алады. Сол тұста Науан Хазіреттің бастауымен халық қаражатына жаңа мешіт тұрғызылды. Бірақ та ол кейін кеңес үкіметі орнағасын тәркіленіп, әр түрлі қажеттікке пайдаланды да, 30-шы жылдары мұнда тарихи-өлкетану мұражайы жайғастырылды. Тек еліміздің тәуелсіздікке қолы жетіп, имандылыққа бет бұрғаннан кейін ол ғимарат қайра өзінің ерекше міндетінде пайдалануға беріледі. Бүгінде ол – Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының Науан Хазірет атындағы орталық мешіті.
Ал Науан Хазіретпен
айдауда бірге болған оның
шәкірті Шәймерден Қосшығұлов
болса саясатпен айналысуға
1906-1907 жылдарда шақырылған Мемлекеттік I-ші және II-ші Думаға депутат болып бес дуан Ақмола облысынан Шәймерден Қосшығұловтың сайлануына 36. Науан Хазірет те ықпал етті. Думада Ш.Қосшығұлов мұсылман фракциясының жұмысына белсене қатысуымен қатар қазақ тілінде тұңғыш газет ұйымдастыруға кірісті. Газет «Серке» деген атпен 1907 жылы наурызда Петербургте жарық көрді. 37. Оның редакторы көрнекті қоғам қайраткері ақын Мыржақып Дулатов болды. Газет қазақ халқының мүддесін қорғап, көптеген әлеуметтік-саяси мәселелерді өткір қойып отырды. Соған байланысты патша үкіметі қазақ тілінде шығатын газетті қауіп тұтып, оны жаптыртты.
XX ғ. басында қазақ елінде
озық ойлы, халқының болашағы
үшін еңбек сіңірген, ел мүддесін
қорғаған зиялы қауым
Отаршылдар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығын айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде М. Дулатов 1907 жылы «Қазағым менің, елім менің!» атты «Серке» газетінде басылған мақаласында былай деп ашына жазған еді: «...Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналған қаражаттың көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды... »38
Науан Хазірет есімімен байланысты тағы бір жайт – ол ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам екендігі. Ел арасында дау-дамай туа қалса, оған қатысты адамдар Науан Хазіретке келіп жүгініп, әділдігін айтуды сұраған. Осындай жағдайдың бір көрінісін Ғабит Мүсірепов өзінің аты шулы «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасында келтірген. Сонымен қатар шешендігі мен парасаттылығы, ақылгөй даналығы Науан Хазіретті қалың бұқара арасында сый құрметке бөледі. Науан Хазірет тек қана ислам дінін уағыздаған молла ғана емес, ол жалпы елінің мүддесін қорғаған, ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болған. Әттеңі сол, кеңес үкіметі дәуірінде большевиктік идеология үстемдік құрып тұран кезде оның аты аталусыз қалды, аталса да теріс баға берілді, реакцияшыл молла ретінде насихатталды. Тек соңғы жылдарда ғана оның есімі өз халқына қайтарылды.
Ендігі мақсат – Науан Хазірет қалдырған рухани мұраны қалың жұртшылықтың игіліне айналдыру, оның аруағын сыйлау, атқарған қызметіне тарихи тұрғыдан қарап, тиісті бағасын беру, насихаттау. Науан Хазірет мұсылмандықтың нұр-шапағатын жайған ғұлама, халқын парасаттылыққа, адамгершілікке жетелеген ұстаз, ұлттық мүддені ұран еткен тарихи тұлға. Сондықтан оның есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
«Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп Абай айтқандай, кешегі қызыл саясаттың құрсауында сығылып, темір тәртіптің табанында тапталып, барымызды бар деп бадырата көрсетуге бата алмай, жоғымызды жоқ деп жайып салып ашық айтуға бара алмай булығып өскен бізге қояр не кінә бар!
Өткенімізді екшей алмай, өркенімізді өлшей алмай, бай тарихымыздың барын да жоқ, жоғын да жоқ деп, ауызды қу шөппен сүртіп келсек, оған біз емес кешегі қатыбас қоғамымыз, қатігез заманымыз кінәлі. Соның салдарынан небір кемеңгерлеріміз бен ерен ерлеріміз затын айту тұрсын, атын атауға қорқып, ортақ дақпыртқа еріп, бай болса – дүниеқоңыз сараң, батыр болса – ұр да жық надан, билері болса – алаяқ ділмәр, діндәрі болса – керітартпа жауыз деп, жаппай жамандауға мәжбүр болдық. Сондай жазықсыз жазғырып, есімін жауыздық пен зұлымдықтың жалауы ете жаздаған кешегі кемеңгер бабаларымыздың, көреген даналарымыздың бірі – бүгін әруағын тебірентіп, атағын тірілтіп отырған Науан Хазірет.
«Қазақтың арғы-бергі зиялыларында дәл Науан Хазіреттей көп ғайбатталғаны кемде-кем шығар. Оны мансұқтап мақала былай тұрсын, драма да, роман да жазылды. Бірақ бір ғажабы – ол датталып жүріп-ақ жадымызда жатталып қалды. Қазақта қажы да, хазірет те аз болмаған ғой. Алайда, олардың қалай шықса да, дәл Науан Хазіреттей аты шығып, алты алашқа әйгілі болғаны шамалы. Бұл оның қанша құлдыратса да құламайтын, қанша қозғалатса да қозғалмайтын қасиетті тұлға екенін танытса керек. Міне, рухани құндылықтарды қайта таразыға тартып, әділ бағасын берер заман туғанында да оның жарқын есімі бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалған жоқ па. Сол ұлы бабалардың қасиетті есімін қалпына келтіріп, жарқын істерін халқына жаңа қырынан көрсетуге алғашқылардың бірі болып, ат салысқанымды өзіме бақыт санаймын»,- дейді Қадіржан аға.
Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын «Науан Хазірет кім немесе бір шаңырақтың шежіресі» атты көлемді очерк жазып, хал-қадерімше хазіреттің адал есімін атап, игі еңбегін елге танытуға талпыныс жасағанмын. Онда Науанның ірі дінбасы ғана емес, үлкен ұстаз болғаны, дуан орталығынан алғаш медресе ашып, ауылдың қара домалақ балаларын білім кәусарынан сусындатқаны айтылған. Медресе негізінен діни бағыт ұстанғанымен, орыс тілін үйретіп, төрт амалы түгел арифметика жүретін, тарихтан көп мағлұмат беретін заманындағы зайырлы оқу орны болған. Дін ордасынан ақын-жыршылар, әнші-күйшілер аласталмай, қайта шәкірттер ортасына шақырылып, халық ауыз әдебиеті мен өнері уағыздалған. Шығыстың ұлы ақындарының, әсіресе сопылық сарындағы шайырлардың шығармалары оқытылған. Оқытушы орыс, айдауда жүрген социал-демократ Петр Тарлышев арқылы шәкіртер батыс, орыс әдебиетінен де хабардар болған. Ал Науан Хазіреттің өзі діннің дербестігі, ұлттық тәуелсіздігі үшін отаршыл үкіметке тайынбай қарсы шыққан ержүрек күрескер. Елінің еркіндігі, дінің тазалығы жолындағы оң істе ол оттан да, оқтан да, соттан да қамыққан емес. Жер аударылып айдауда болып оралған соң да, елдің ертеңі – жастарға тәлім-тәрбие беруді одан әрі жалғастырды. Осының бәрі-бәрі тарихи деректермен дәйектеле баяндалып, ұстаз тұлғасы очеркте алғаш рет өз тұғұрына көтерілген-ді.
«Ақиқат» журналында жарияланған ол туындыны біраз газеттер көшіріп басты. Әсіресе, еларалық «Шалқар» газетінде ол араб әріпімен қаптал бетке тұтас беріліп, Науан Хазіреттің ізгі бейнесін, игі еңбегін Қытай, Монғолия, Пәкістан, Иран және Түркияда жүрген қандастарымыз білді. Хазіретті кейін зерттей бастаған біраз талапкерлер сол деректерді ұстана отырып, алды кітап жазып та үлгерді. Бұл, әрине, мен үшін мерей болғанымен, тақырып әлі тереңдей түсуді қажет етері сөзсіз деп толықтырды сөзін Қадіржан ағамыз.
Сәбеңнің, кәдімгі Сәбит
Мұқановтың Шоқан Уалиханов жайындағы «
Сәбең – ұлы ғалым төңірегін, әсіресе оны әкесі Шыңғыс төренің айналасын жан-жақты зерттеген кісі. Жоғарыдағы жолдарға қарағанда, Көкшетау дуанының аға сұлтаны болып тұрған Шыңғыс оқу бітіріп келгенде Науанды әуелі ауылында молла етіп ұстап, содан дуанның бас имамдығына көтерген сыңайлы. Олай болса, Науан Хазіреттің ұстаздық жолы алдымен Сырымбетте, Шыңғыс сұлтанның ауылында басталады емес пе. Бұл зерттеушілерді ойландырар дерек. Яғни, зерделі зерттеуші табылса, Науан Хазіреттің ұстаздық қызметінің өзі таусылмас тақырып деген сөз.
Мәмбетәлі Сердалин
Мәмбетәлі Сердалиннің есімі республика жұртшылығының назарын аударғанына талай уақыт болды. Ол туралы әр кезде Х. Тілеубаев, Е. Байболов, А. Сатаев, С. Мұқанов, Ш. Құсайыновтар жазған болатын. Совет Одағының батыры, белгілі жазушы Жәлел Қизатовтың айтуынша, М. Сердалин жөнінде М. Әуезов ізденіп жазбақ болған. Сондай-ақ Мәмбетәлі образы белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» атты диолгиясында көркем әдебиет тұрғысынан бейнеленген. Соңғы он жылдың ішінде осы сөз болып отырған тақырыпқа арналған екі мақала жарық көрді, олардың авторлары – профессор Б. Ысқақов 1. пен журналист Н. Мағзұмов.2.
М. Сердалин туралы көптеп жүргізілгенімен, бұл орайда айтарлық табыс өте аз. Аталған мақалалар өмірбаяндық сипатта жазылған, оның қоғамдық-саяси көзқарасы, әдеби қызметі ашылып жан-жақты көрсетілмеген. Осы жолдардың авторы да аталмыш мәселелерді толық қамтитын деп айта алмайды. Өйткені ол бір мақаланың көлемінде біте қоятын мәселе емес. Сондықтан менің алға қоятын міндетім: аталған авторлардың зерттеулеріне және өзімнің Қазқ мемлекеттік архивінен алған мәліметтеріме, сондай-ақ, М. Сердалиннің өз еңбектеріне сүйене отырып, өткен ғасырдың аяғы, осы ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы өкілдерінің бірі болған оның өмірі, қоғамдық-саяси көзқарасы және әдеби қызметімен оқырмандарды таныстыру.
Сонымен Мәмбетәлі Сердалин-Шөбеков кім? Оның өмірі несімен қызықты?
Мәмбетәлі жайында «Қазақ совет энциклопедиясының» X томынан мынандай мағлұмат алуға болады. «Мәмбетәлі Сердалин (1865-1914) Көкшетау уезіне қарасты Мезгіл болысында Кіші Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Қазақ тарихшысы, экономист. Ауқатты әулеттен шыққан. Ол 1886 жылы Петербург университетінде оқыды. Бірақ «Жерлестер одағы» атты студенттік ұйымға қатысқаны үшін оқудан шығарылады. 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне түседі. Алайда саяси сенімсіздік адамдармен байланыс жасағаны үшін деп 1889 жылы училищеден де қуылды. Мұнан кейін ол ел ішінде әкімшілік орындарда түрлі қызмет атқарады. Үнемі полиция бақылауында болады. Ол өз еңбектерінде қазақ жерін шетел капиталистеріне жалға беруге наразылық білдіреді, қазақ елінің экономикасы мен мәдениетін өркендету мәселесін көтереді. Ғылыми еңбектері толық зерттелмеген».
Міне, біз сөз етіп отырған мәселе жайында энциклопедиядан алынатын бар мағлұмат осы ғана. Шынында, Мәмбетәлі Сердалин (кей құжатта оған қоса Шөбеков деп те жазылған – Қ.Ә.) 1865 жылы Қоскөл маңында туған. Полиция учаскелерінің жазылымдарында «ауыл № 1» деп көрсетілген. Айта кететін бір жәйт осы Қоскөл өңіріндегі ауылда одан 22 жыл бұрын атақты Ақан сері де дүниеге келген. Кейін 1800 жылдары бұл ауыл Мезгіл болысының бөлінуіне байланысты Шалқар (қазіргі Володар ауданы – Қ.Ә.) болысына қаратылған. Оны сөз етіп отырғаным полиция участогінің құжаттарында «Мәмбет-Али Сердалин из киргиз, уроженец Чалкарской волости» делінеді, енді бір деректе «киргиз Мизгильской волости» деп жазылған.3. Мәмбетәлінің атасы Шоқан Уалихановтың әкесі Шыңғыспен терезесі тең жолдастық қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Ол екеуі де 1865 жылы II Александрға патшалық тәж кигізу рәсіміне шақырылған сегіз Сібір қазағының санында болған. Оның әкесі Сердәлі Шығыс әдебиетін жетік білген зерделі ақын. «Зарқұм», «Салсал» дастандарын қазақша өз өрнегімен жырлап, кеңінен таратқан кісі. Мәмбетәлі атамыздың туған жері, ата тегі осындай.
Ол туралы ел арасында кең тараған естеліктерге құлағымыз бала кезімізден қанық. Менің әкем Қабиденнің ағасы Есемсейт (1961 жылы 89 жасында дүние салған) Мәмбетәлі жайын көп әңгімелейтін. Сол кісінің айтуы бойынша ол орта бойлы, сом денелі, ақ құба, ақжарқын адам болыпты. Ол шетте жүріп елге келгенде ең алдымен үлкендерге сәлем беріп, өткендерге бата қылып, ағайын-туғандарды бір аралап шығады екен. Мәмбетәлінің елге оралғанын естіген ағайындар да оның үйіне жиылып, көрген-білгендерін сұрап, өз мұң-мұқтаждарын айтатын көрінеді. Осындай жағдайды пайдаланып үгіт-насихат жұмысын жүргізеді екен, ол әсіресе бала тәрбиелеу, мектеп ашу мәселесін, егіс егу қажеттігін сөз ететін көрінеді.