Махамбет Өтемісұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад

Описание

Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 329.50 Кб (Скачать документ)

      Алайда  ол бақылауға алынады, бұл қуғындау 1904 жылға дейін созылады (11).

       Патша үкіметіне  Мәмбетәлінің қандай қауіпті  екенін мына құжаттан аңғаруға  болады. Мезгіл, кейін Шалқар болыстары  Көкшетау уезд бастығына әрбір  он күнде мәлімет беріп отырған. Ал уезд бастығы сол мезгілде Ақмола облыстық әскери губернаторына астыртын бақылаудың нәтижесін мәлімдеп рапорт жазуы тапсырылған. Мысалы, 1890 жылы қараша айының 1-інен 10-на дейінгі бақылаудыңнәтижесін уезд бастығы былай деп мәлімдепті: «Киргиз(қазақ) Мәмбет-Али Сердалин проживает в кочевьях при родителях, при частовременных отлучках в Кокчетав водит знакомство исключительно с поднадзорными, но в поведении ничего выходящего из ряда обыкновенного замечено не было» деп жазған (12).

        Мәкең өзінің бақылауға алынғанына қарамастан саяси жұмыс жүргізуді тоқтатпаған. Көкшетауда әкімшілік айдауда жүрген Ф.И. Иваницкий, Э.Красуцкий, П.И. Чернышева, А.П. Горбунов, Е.И. Зеленский мен басқа да жер аударылғандармен тығыз байланысып, жасырын жиналыстарға қатысып, әр түрлі тапсырмалар орындап, хат алысады.

         Архив құжаттарында сол жер  аударылғандар кімдер, не үшін  айдалғандары жөнінде мәлімдемелер  бар. Соның бірінде: «Федор Игорович Иваницкий 26 лет, бывший студент Харьковского ветеринарного института, из дворян, родственники- мать, брат, сестра живут в Харьковской губернии. Обвинен 30 июля 1884 года в государственном преступлении, сослан на 5 лет» делінген (13). Сол құжатта Пелагея Чернышева жөнінде де мағлұматтар бар, ол да студент көрінеді және мемлекетке қауіпті адам деп саналған.

          Өкінішке орай Мәмбетәлі Сердалиннің  жеке архиві із-түссіз жоғалып  кетті. Азамат соғысы кезінде   колчакшылардың қаһарынан қорыққа Мәмбетәлінің әйелі Айша туысқандарынан күйеуінің қағаздары салынған сандықты көміп, тығып тастауды сұраған. Ал сол сандықты тыққан адам біраздан кейін қайтыс болған.

         М. Сердалин 1905 жылы Англияға эмиграцияға  кетіп, келесі  жылы қайтып келген, оның Лондонда түскен суреті  сақталған. Тағы бір 8 адам түскен фотосуретті Мәмбетәлінің немересі Құсайынқызы Төкентайдан (маркұм болған) көрдім.

         Оның ішінде Мәмбетәліден басқа  анықталғаны Бақытжан Қаратаев (жазу бар. – Қ.Ә.).Мәмбетәлі Сердалин 1914 жылы қайтыс болған, мәйіті өзінің туған жерінде, қазіргі Теңкөл ауылының төңірегінде жерленген. Өкінішке орай, мәйіт басында еш белгі осы кунге дейін жоқ. Елуге толмағанына қарамастан, Мәмбетәлі Сердалин  Қазақстанның қоғамдық өмірі мен мәдениетінде елеулі із қалдырды. Оңын қоғамдық-саяси қызметі мен өмір жолы - өз халқына, прогресс пен халықтар достығына оянбай еңбек еткендігінің дәлелі.

         Халықтың өткенін зерттеп-зерделеу, оның алдыңғы қатарлы интеллигенциясының  өмірін білу, тарихи шындықты  сол күйінде көрсету – жастардың тарихты терең түсінуінің, олардың саяси ойлау мәдениетінің дамуының кепілі.

Сұлтанғазы  Уалиханов

Бүгінгі таңдағы Қазақстан  тарихының өзекті мәселелерінің  бірі – тарихи тұлғаларға лайықты  баға беріп, олардың іс-әрекеттерін  шынайы ккөрсете білу болып табылады. Ұмыт болған есімдер қатарында Сұлтанғазы Уәлиханов та бар.Ол туралы Қазақстан татихында кездеспейді, бола қалғанда да біз ұшырата алмадық. Оның есімі тіпті түбегейлі еңбек деп танылатын «Қазақ совет энциклопедиясында» да кездеспейді. Тек Сұлтанғазы есімі (беллестрикалық) танымдық саладағы бірді-екілі тарихи шығармаларда ғана аталады әрі ол туындылар аталған тұлғаның атақты туысы Шоқан Уәлихановқа арналған. Олар қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» диологиясы 2. мен Москва жазушы Ирина Стрелкова «Уәлиханов» 3. атты дүниелері. Сондықтан «Сұлтанғазы Уәлиханов кім, оның есімі қандай істермен белгілі?» деген заңды сұрақ тууы ақиқат.

Сұлтанғазы Уәлиханов  есіміне бізді қызықтырған бір  жәйт, ол қазақтан шыққан алғашқы полковниктердің бірі әрі бұл дәрежеде оған атқарған чиновниктік қызметтерң үшін емес, нақты әскери қызметі үшін берілген. Айта кететін бір жәйт хандық басқару жойылғаннан кейін округтық басқару жүйесіне көшкен соң аға сұлтандарға әскери атақтар беріліп, алдымен майор немесе подполковник, кейіннен ұзақ жылғы қызметі үшін полковник шені берілетін. Ал әскери қызметте полковник дәрежесіне жеткен қазақ мүлде жоқ болатын. Отаршылыққа қарсы қозғалыстан қаймыққан патша үкіметі қазақтарды әскери қызметке жолатпайтын, әскер қатарына шақырмайтын еді. Тіпті Омбы мен Орынбор кадет корпустарында оқитын бірен-саран қазақтарды таза әскери пәндерге қатыстырмайтын. Шоқанның бірге оқыған досы Г.Н. Потанин бұл туралы былай деп еске алған болатын: «Өз құрбыларына қарағанда Шоқан оқуды бір жыл бұрын аяқтады. Бұратана халық өкілі ретінде оны соңғы курсқа жіберу қолайсыз деп табылды. Себебі онда таза әскери пәндер: тактика, артиллерия, қорғаныс шебін жасау т.б. пәндер өтілетін»4.

Бізді Сұлтанғазы өмірі  оның жоғары дәрежедегі офицер атағын алуымен ғана қызықтырмайды, 19 ғасырдың 2- ші жартысы мен 20 ғасыр басындағы Қазақ елінің саяси өмірінде болған елеулі уақиғалардағы оның орны, соларға араласуы анағұрлым маңыздырақ деп есептейміз. Сондай-ақ ол туған халқының тағдырына немқұрайлы қарамай, сол кездегі империя астанасы Петербургке шындық пен әділет іздеп келген отандастарына қолынан келгенінше көмектесті. Сондықтан да біз Сұлтанғазы Уәлиханов өмірі мен тағдырын танып-білуді артық емес деп біліп, өз білгенімізді ортаға салуды жөн көрдік.

Сұлтанғазы Шыңғысқан  ұрпағы, атақты Абылай ханнан тараған, қазақтың соңғы ханы Уәлінің шөбересі, Көкшетау округінің алғашқы аға сұлтаны Ғұбайдолланың баласы Болат сұлтанның ошағында дүниеге келген-ді. Уәлихановтардың отбасылық шежіресін, олардың хал-жағдайын терең білетін Шоқанның бірге оқыған досы, Г.Н. Потанин былай деп жазады: «Уәлиханның екі әйелі болатын, бәйбішесінен Ғұбайдолла және басқа балалары болды. Ал екінші әйелі Айғанымның үлкен ұлы Шыңғыс атандырды. Уәлихан өлгеннен кейін қырғыздар (қазақтар.- Қ.Ә.) Ғұбайдолланы хан сайлады, алайда Далалық өлкеде хандықты сақтап қалуға орыс үкіметі мүдделі болмайтын, сондықтан да Ғұбайдолла тұтқындалып, Березовқа жер аударылды да Қазақ Ордасындағы хандық билік жойылды».5. Шындығында Кенесары Қасымовпен байланысы бар деп айыпталған Ғұбайлолола Березовқа жер аударылып, одан тек 1847 жылы, Кенесары өлгеннен кейін оралды.6.

Сұлтанғазы Уәлихановтың нақты туған жылы белгісіз, алайда оның Омбы қаласындағы Сібір кадет  корпусының бірінші курсында 1857 жылы оқығанын есепке алсақ туған жылын 1843-1845 деп шамалауға болады. Өйткені, 1853 жылдан бастап корпуста 7 жылдық оқу (бір жылдық дайындық сыңайымен) мерзімі бекітілген болатын да оған 12-14 жастағы балалар қабылданатын.(7). Осыған қарап біз болжамымызды дұрыс деп білеміз.

Ол өте тыңғыдықты оқуымен корпус басшылығының көзіне түсте. Сол 1857 жылы Сұлтанғазы оқу орнының  басшылығына өзін ресми түрде «сұлтан» деп атауды өтініп, қатынас жазды. Оның бұл өтініші қанағаттандырылды. 8. Мұның өзі оның өзін-өзі жоғары санап, мерейін үстем ұстайтындығын байқатса әрі намысқой батылдығы мен қайсарлығын да байқатса керек.

Сұлтанғазы кадет корпусын 1863 жылы бітіреді. Сол жылы Ресей  империясының құрамына кіретін Польшада ұлт-азаттық көтерілісі басталған  еді. Көтеріліс патшалық тарапынан жасалған қысымның күшеюіне қарсы Польша тәуелсіздігі үшін болатын. Ресейдің ізгілік бағытындағы адамдары Польша көтерілісшілері жағында еді, алайда патша үкіметі көтерілісті қатаң жазалау шараларын қолданды. Әсіресе, оның 1863 жылдың жазына қарай күшейтті. Польша, Литва және Белориссия аймақтарында әрекет етуші партизан отрядтарына қарсы әрі әскери күштер аттандырды.9.

  Орыс әскерінің құрамында жас офицер Сұлтанғазы Уәлиханов та бар еді. «Ғазы (яғни Сұлтанғазы.-Қ.Ә.) 1863 жылғы поляк көтерілісін басу кезінде ерлігімен көзге түсіп үлгерді»,- деп жазады бұл туралы И. Стрелкова.

Келесі 1864 жылы Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу үшін аттанған полковник Черняев басқарған  орыс әскерінің жорығына қатысады. Бұл жорықтың бастапқы кезеңінде Шоқанның да қатысқанын білеміз. Алайда артиллерия күшімен еш қажетсіз қаталдықпен Әулие-атаны (Таразды) алғаннан кейін Шоқан Черняевпен қатынасын үзіп, отрядты тастап кетеді.

Өз естеліктерінде Г.Н. Потанин ол туралы былай деп жазады: «Әулиеатаны басып алғаннан кейінгі орыс әскерлерінің отандастарына, қандастарына, тіпті руластары да болуы мүмкін, жасаған  айуандықтары Шоқанды қатты қынжылтты. Одан әрі мұндай қанда жорыққа қатыса алмайтындығын білген Шоқан Черняевпен ажырасып, Верныйға кетіп қалды...» (11). Ирина Стрелкова «Әулиеатаны алғаннан кейін поручик Ғазы Уәлиханов әскер қатарынан шықты» деп көрсетеді (12). Алайда да И. Стрелкова жазуына сүйенсек: «...ол қайтадан әскери қызметке оралды. Және қайда десеңші? Ұлы мәртебелі патша тағының болашақ иегері патшазаданың лейбгвардиялық Атаман полкында қызмет етеді» (13). Бұған империя астанасының өзіне орналасқан бұл полкта қызмет атқару үшін ең кем дегенде әскери Академия бітіру қажет болатын. Бәлкім, бұл оқу орнын Сұлтанғазы жетпісінші жылдардың басында аяқталған болса керек. әйтеуір қайткен күндерде де 90-жылдары оның аталмыш полкта полковник шенінде қызмет атқарғаны айқын. Кейбір деректерге қарағада ол 1903 жылы генерел-майор шенінде демалысқа шықса керек.

Алайда, біз дерек көзі еткен И. Стрелкова Сұлтанғазы Уәлихановты атаққұмар, шенқұмар, өзімшіл жағымсыз кейіпкер ретінде көрсеткен. Мәселен, ол былай деп атап көрсеткен: «Әулиеатаға жорыққа өз басшыларынан сұрана отырып поручик Ғазы Уәлиханов та қатысыты. Бұл кезде өзінің пысық туысын Шоқан ұната қоймайтын да еді» (14). Әрине, Ирина Стрелкованың кітабы тарихи деректеме емес, көркем туынды ұрынған. Алайда бұл жақсы кітап құндылығын кемітпек емес.

Біздің ойымызша, ағайынды Шоқан мен Сұлтанғазы Уәлихановтардың  бір-біріне жеккөрініспен қарауы мүмкін емес, ойға да сыймайды. Черняев отрядынан Шоқанның артынан Сұлтанғазының да кетіп, Тезек ауылына жол тартуы көп нәрсені аңғартса керек. Сұлтанғазы мұнда қарындасы Айсарыға Шоқан үйленген Тезек сұлтанның қызына қосылды.

Сұлтанғазыны «Наурызбай Таласов ісі» бойынша жазбаша  сақталған архив деректері де жақсы жағынан көрсетеді. Ақмола облысының әскери губернаторының атына жазңан 1903 жылдың 3 сәуіріндегі мәлімдемесінде Көкшетау уезінің бастығы Троицкий былай деп жазады: «1899 жылы мен Санкт-Петербургте гвардия полковнигі қазіргі демалыстығы Валиханмен кездестім. Оның үйі  тұратын Қотыркөл болысындағы ата қонысына әр келген сапары көптеген жиналатын келеңсіз жиындарға ұласатын. Әрине, ондай кезде сөзсіз» (15). Одан әрі Сұлтанғазы Уәлиханов қарым-қатынас жасайтын достарының арасында саяси жағынан сенімсіз, белгілі ғалым, саяси қайраткер Мәмбетәлі Сердалин мен болашақта «Алаш» қозғалысының жетекшілерінің бірі болған, Петербург университетінің заң факультетін 1902 жылы аяқтаған Айдархан Тұрлыбаевтармен белгілі ғалым, дінгер Науан Хазірет сияқты адамдардың барлағын да мән бере көрсетеді. Сондай-ақ Сұлтанғазы мен тығыз байланыстағы адамдар қатарында патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру ісіне белсене қарсы шыққан, солүшін қуңындауға ұшыраған, болашақ қоғам қайраткері, Мемлекеттік Дума депутаты Шәймерден Қосшығұловтың да болғанына баса назар аударады (16). Бұдан Сұлтанғазы Уәлихановтың ел тағдыры толғандырған белгілі қоғам қайраткерлері алдындағы беделі айқын көрінеді.

Белгілі жазушы Мария  Свентицкая жазбаларында мынандай Г.Н. Потанин естелігі көрсетілген: «Бірде, тымырсық күзде қақпа алдыны қоңыраулы аттар жегілген көлік тоқтады, мен тағы да қайда әкетер екен деп ойладым. (Бұл кезде Г.Н. Потанин Вологда облысында жер аударуда еді. – Қ.Ә.). Алайда, Потанинді сұрастырған дауысты естідім де, бір қарасам үй иесі маған бір адамды ертіп келеді екен...Мәссаған!? шоқан Уәлиханов!..

Мен тіпті қуанғаннан есім шығып кетіпті, оның өлгенін  де ұмытып кетіппін.

Келген адаммен біз  түн бойы емін-еркін сұхбаттасып, ұйқыны да ұмыттық. әңгімеден әнгіме... Ол келесі күні жұмыс бабымен кетуі қажет қырғыз полковнгі еді» (17).

Егер Г.Н. Потаниннің 1865 жылы сотталғанын ескеріп, алдымен оның түрмеге қамалып, ал 1871-1874 жылдары айдауда болғанын ескерсек, 1865 жылы өлген Шоқанның Вологдадағы Потанинге келуі мүмкін емес. Біздің ойымызша оған келген, немере ағасына өте ұқсас Сұлтанғазы Уәлиханов болуы керек. Ғазыны көргенде, Г.Н. Потаниннің байыбына барып жатпай өз досымен бірге өткізген күндерін еске алып, үлкен қобалжуы әбден мүмкін. Сөйтіп, тағдырынан хабарсыз досын көрдім деп есептелген.

Сұлтағазы Уәлихановтың өмір жолын еске түсіру және оның іс-әрекетіне  назар аудару ол туралы дерек көздерін әл де іздестіре бетуді талап етеді. Оның өмір жолы туралы қолға түскен деректер үзік-үзік, бір-бірімен байланыспаған әрі толық емес, сондықтан да оның барлық әскери, қоғамдық және саяси қызметін тұтастай құрастыру әлі мүмкін емес. Алайда, қолдағы осы аз деректердің өзі осы бір ғажайып жанды, өз жұртының тамаша патриоты деп есептеуге мүмкіндік бере алады.

Айдархан Тұрлыбайұлы

Қазақстан тарихында XX ғасырдың басы түрлі оқиғаларға толы саяси өзгерістер мен әр түрлі ағымдардың өзара күрес кезеңі болды. Дәл осы кезде қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында айтулы өзгерістер байқалды. Оның куәсі бұрынғысынша қолдарына қару алып, көтеріліске шықпай, патша үкіметінің отаршылдық жүйесіне қарсы саяси күрес тәсіліне көшті. Оған ықпал еткен қазақ халқының зиялы қауымының жаңа толқынының шығуы.

Қазақ зиялы қоғамының қалыптасу  процесі XX ғасырдың басында жеделдей түсті. Ол мезгіл Россиядағы азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылдардағы Россиядағы тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың оянуы сезіле бастауымен көзге түсті. Ал ұлттық сананың қазақ зиялы қауымының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бетбұрыс кезеңінде зиялы қауым арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар, жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды және олар қоғамдық сана-сезімнің, мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Болашақ Алаш қозғалысының көсемдері Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Уфа, Томск, Омбы, Семей жоғарғы және арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірді. Олар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, М. Сердалин, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, Х. Ғаббасов, Хәлел және Жаһанша Досмұхамедовтар және т.б. Міне, осы алаштың ардақ тұтар зиялы азаматтарының қатарында біздің жерлесіміз Айдархан Тұрлыбайұлыда бар еді.

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы