Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад
Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.
Айдархан Тұрлыбайұлы бұрынғы Мезгіл ауданына қарасты Талап ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Тұрлыбай Қарауыл руынан тараған Шөмектің ұрпағы болып келеді. Айдарханның жастық шағы туралы мәліметтер тапшы, тіпті жоқ деуге болады. Дегенмен кейбір мәліметтер бойынша Айдархан жас кезінде өз заманының талабына сай ауылда білім алғаннан кейін Көкшетауда үш жылдық қалалық училищені бітірген. Әрі қарайғы білім жолы Омбы қаласындағы мұғалімдер дайындайтын семинарияға жалғасады. Осы арада оның Омбыға барып білім алуына қандай жағдайлар себеп болды деген сұрақ тууы мүмкін. Осы жайлы ауылдың көне көз ақсақалдарының жас кезінде естігендері мынау: «Талап ауылының маңындағы Алабота деген жерде Шалабай деген қажы өмір сүрген. Оның 6 ұлы, 1 қызы болыпты. Сол кезде жоғарыдан мынандай нұсқау келген екен: байлар балаларын орыс қалаларына білім алуға жіберсін. Сонда Шалабай қажы өз балаларын орыстанып кетеді деп өауіптеніп, кедей Тұрлыбай отбасынан Айдарханды жіберген. Кім оқуға барады деген кезде кішкентай, қара домалақ бала мен барамын деп атып тұрған екен».
Айдархан осылайша Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын үздік бітіріп, Ресейдің өзі қалаған жоғары оқу орнына ақысыз оқуға жолдама алған.
1897 жылы Айдархан Тұрлыбайұлы
да Санкт-Петербург
1902 жылы университетті
үздік аяқтап, елге оалған Айдархан
Омбы қаласында тұрақтап, сот
палатасында қызмет атқарады (
Осыдан кейінгі 1917 жылы 21-28 шілде айында Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақтық съезіне қатысып, Ақмола облысынан бүкілроссиялық құрылтай жиналысына және бүкілроссиялық мұсылмандар кеңесіне (Шора-и-исламға) съезд шешімімен Айдархан Тұрлыбайұлы сайланды (Составитель Н. Мортыненко. «Алаш Орда», «Айқап» 1992 г. 50-52 с.).
Бұл құрылтай Алаш партиясының құылуының алғашқы қадамы еді. Өйткені, 1917 жылы маусым айында «Алашорда» үкіметі құрылғанын білеміз. «Алашорда» басшылығына Қазақстанның барлық облыстарынан 15 адам іріктеліп алынады. Ал үкімет басшылығына үш адам ұсынылады. Бұл туралы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи мемуарында : «Алашорданың бастығына Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей қылманұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы тасқа салынды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан 40 дауыс, Айдархан 20, Бақыткерей 19 дауыс алды» делінеді (73-бет). Көп дауыс алған Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі Алашорданың төрағасы болып сайланды. Әлиханнан кейінгі көп дауысты Айдархан алғаны қазақ халқының арасында оның есімі жақсы таныс екенін аңғартады.
1917 жылдың күз айында
Қазақстанда тағы да бір
Айдарханның осыдан әрі
қарайғы тағдыры бізге
Тек біздің білетініміз оның 1930 жылдары Карелиядағы Соловки лагерінде Мыржақыппен бірге айдауда болғаны.
Ендігі жерде бізді қызықтыратын бір жәйт, ол Айдарханның артында ұрпағы бар ма деген сауал? Талап ауылында тұратын Айдарханның туыстарынан білгеніміз, ол Омбыда қызметте жүргенде татардың қызына үйленген. Одан екі қыз, бір ұл болған. Қыздары: Софья, Ләйлә, ұлы Мұрат. Ұлы кейін қайтқан, одан бала қалмаған. Үлкен қызы Софьядан екі бала: Сүният (қазір Санкт-Петербургте), Алдан (Алматыда) тұрады екен.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Айдархан қудалаудың құрбаны болған Әлихан, Ахмет, Міржақып және Мағжандармен бірге ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Қазақ жұртына есімдері тарихқа беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы бұл еліміздің егемендігінің арқасында деп білуіміз керек. Алаш азаматтарының өмірі мен халық үшін атқарған қызметін терең зерттеп, оларды халық арасында насихаттау – ол біздің басты міндетіміз.
Міне, осындай аты аталмай, қудалаудың құрбандарының бірі – Айдархан Тұрлыбайұлы. Оның өмірбаяны, қызмет атқарған, репрессияға ұшыраған жылдары туралы еш мәлімет жоқ. Сондықтан келешеке осы тақырыпта зерттеу жалғастырамыз деген ойдамыз.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шыңғыс әулетінен, атақты Абылай хан ұрпағы, Шоқан (азан шақырып қойған аты Мұхаммед Қанафия. – Қ.Ә.) Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) тарихи іс бітіруге жаратылған болса керек және ол осы міндетті ойдағыдай орындады. Жаратушы (Құдірет) оны феномендальдық қабілет иесі етті, алайда тағдыр оған қамшы сабындай азғана ғұмыр жолдады. «Шығыстану әлемінде ол аққан жұлдыздай жарқырап өте шықты» деген ол жөнінде Н.Н. Веселовский. Атақты Петербург ғалымының бұл салыстырмасын түгелдей қабылдауға болмайды, өйткені Шоқанның ғұмыры аз болғанымен оның ғылыми мұрасы шығыстану әлемінде әлі де жарқырап тұр емес пе? Қалай болғанымен бұл күнде де Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеушілер оның атын аттап өте алмауға тиіс.
Ғылыми ізденісі сан салалы, ұлы ағартушы-ғалым, қаһарман саяхатшы, суретші, фольклоршы, этнограф, публтцист, «әділ де шынайы көзқарас иесін», жан-жақты зерек білімді, аты аңызға айналған Абылай ханның тұқымы Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге ең алғаш ден қойғандар оның достары мен жақын-жуықтары еді. Ш. Уәлихановтың өмірден өткені туралы хабарды 1865 жылы алғаш баспасөз бетіне жариялаған П.П. Семенов-Тянь-Шанский болды. А.Н. Пыпин атап көрсеткендей: онан кейінгілер Шоқан өмірі туралы жазғанда осы П.П. Семенов мақаласын негізге алады.1. Шоқанның достарының бірі, орхон-енисей жазбаларын ашушы, белгілі зерттеуші Н.М. Ядринцев түрмеге отырып, досының өліміне қайғырып, 1866 жылдың 17 ақпанында «Сибирский Вестник» газетіне «Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлиханов» деп аталатын көлемді мақаласын жариялады.2. Энциклопедиялық жарияланымдарда ол туралы белгілі шығыстанушы ғалымдар И.Н. Березин, Г. Грум-Гржимайлолар мақалалар, естеліктер жариялады.
Ең жақын досы, әріптес жолдасының өліміне қатты күйзелгендердің бірі Г.Н. Потанин болды. Өзінің ұзақ өмір жолында Григорий Николаевич өмірден ерте өткен досы туралы талай мәрте жазды. Шоқан Уәлихановтың еңбектерін іздестіру, жинау, жұмыстарын ұйымдастырушы да осы кісі болатын. Бірақ әр түрлі жағдайға байланысты Ш. Уәлихановтың алғашқы шығармалар жинағы тек 1904 жылы ғана жарық көрді.
Сонымен революцияға
дейінгі кезеңде Шоқан
Ал кеңестік дәуірде Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуді жлға қойып, арнайы коммисия құрып, Қазақ ССР-і Ғылым Академиясы тарих институты алдына мақсат қойған академик Қаныш Сәтбаев еді. Алайда ұзақ уақыт құрылған комиссия жұмысы да алға баспай қойды. Тек, 1957 жылы Қ. Сәтбаев тапсырмасымен оның жұмысын Әлкей Марғұлан басқарған соң ғана іс оңғарылды. Кейін, әр түрлі уақытта Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Е. Бекмаханов, С. Мұқанов, Ә. Әлімжанов, К. Салықов, т.б. зерттеді.
Көркем әдебиет тұрғысынан Шоқан Уәлихановтың бейнесін аты әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Аққан жұлдыз» атты романында сомдады.3.
1983 жылы «Молодая гвардия»
баспасынан мәскеулік жазушысы
Ирина Стрелкованың «Валиханов»
Шоқантануға үлкен үлес болып қосылған тағы бір жағдай – Ш. Уәлихановтың 150 жылдығына орай өткен Бүкілодақтық ғылыми конференция материалдары болды. Ол еңбектер жеке жинаққа енді. Шоқанның ғылыми және қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге О. Сегізбаев, С. Зиманов, А. Әтішев, К. Бейсембиев, Р. Сүлейменов, В. Моисеев, О. Сұлтаньяев, С. Отениязов, Н. Қанафияұлы сияқтылар ат салысты. Бұл авторлар Ш. Уәлиханов өмірінің бұрын белгісіз беттерін ашты.
Дегенмен, Шоқан өмірдерегінде, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметінде әлі анықталмаған, бүгінгі таңдағы концептуальдық әдістемелік тәсіл тұрғысынан нақты зерттеуді қажет ететін мәселелер көп. Соның ішінде, Ш. Уәлихановтың замандастарының естеліктері де толық зерттелген жоқ. Оның ғалымдар, ақындар, жазушылар, мәдениет қайраткерлерімен жазысқан хаттары толық сараланған жоқ.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Аман-Қарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Алайда әлі күнге дейін оның туған жері туралы белгілі бір байлам жоқ.
1985 жылы Ш.Уәлихановтың
150 жылдығына орай Сырымбетте
ғалымның мемориалдық
Ә. Марғұлан, С. Марков, И. Стрелкова, Р. Сүлейменов, М. Моисеев, тағы басқа, көптеген зерттеушілер Ш. Уәлихановты Қосмұрын бекінісінде туды дейді. Алайда бұл пікірді дәлелдейтін ешқандай құжат жоқ.
Шоқан өмірбаяны туралы деректердің ең беделдісі акдемиг Әлкей Марғұландікі екені даусыз. Ол: «1835 жылы Аман-Қарағай округінің орталығы Қосмұрынға көшірілді. Уәлихановтар отбасы сонд орналысты. Жақын жерде, Қосмұрын көлінің солтүстік-шығыс жағалауында, саялы тоғай көлеңкесінде Уәлихановтар «Күнтимес» деп атаған жазғы ставка салынды. Шоқанның картасында ол «Біздің үй» 7. аталған, «Шыңғыс Қосмұрында 20 жыл тұрған. Осында үйлі-балалы болған Оның жеті ұлы және бес қызы болды. Тек қана Сахып-Керей, Әпия және ең кенжесі Нұрмұхаммед Сырымбетте туып, қалғандары Аман-Қарағай мен Қосмұрында туған»,- деп жазады.8. Бұл Ә. Марғұланның «Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметінен очеркінен үзінділер. Сол очеркте 3 беттен кейін автор : «Шоқан Уәлиханов ... 1835 жылы қараша айында Құшмұрын бекінісінде туды»,- деп жазады. Егер балалардың үлкендері Аман-Қарағайда туған болса, ең үлкенң Шоқанның Қосмұрында тууы мүмкін емес. Шыңғысты Құсмұрында 20 жыл тұрды деу де шындыққа жанаспайды.
Өйткені, Шыңғыс Уәлиханов
Аман-Қарағай округінің аға
Қ.Қ. Әбуевтың пайымдауынша, Шоқан Уәлиханов Уәли ханның қыстағы болған Сырымбетте (бұрынғы Көкшетау облысы. – Қ.Ә.) туған. Қыстақ Шыңғыс Уәлихановтың анасы Айғаным ханшаның өтінішімен, Сібір комитетінің Ұйғарымымен салынған. Ә, Марғұланның өзі: «1853 жылдың июнь айында Шыңғыс отбасымен Сырымбетке, өз анасының қыстауына қайта келді, Шоқан Уәлиханов балалық шағының көп бөлігін сонда өткізді»,- деп жазды. 13.
Енді өз болжамымызды дәлелдеу үшін бірқатар беделді деректер келтірейік. Шоқанның жақын досы, кадет корпусындағы сыныптас досы Г.Н. Потанин былай деп жазады: «Оның қай жерде туғаны маған белгісіз. Уәлихановтардың ата қоныстары Көкшетау округінде... Сырымбет елді мекенінде».14.
П.П. Семенов-Тянь-Шанский Шоқанның Сырымбетте туғанына сенімді. Ол: «Александр I Уәли ханның жесіріне аса ықыласпен қарады және оған Шоқан Уәлиханов туған, қазақ даласындағы бірінші үйді салдырды».15. Қ.Қ. Әбуевтың ойынша, Семенов-Тань-Шанский сияқты атақты ғалым бұлайша негізсіз кесіп айтпас еді. Оның бұл тұжырымын Н.М. Наумов, қазақтың даңқты ақын-публицисі Міржақып Дулатов та растайды.
Айтылып отырған деректің пайдасына тағы басқа көптеген мысалдар келтіруге болар еді, бірақ біз солардың ішінен беделді бір басылымдарға тоқталайық. 1949 жылы И. Омаров пен А. Панкратованың редакциясымен, профессор Е. Бекмахановтың қатысуымен шыққан «Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде, қалың қарағай басқан тау етегінде туған» делінген.16.