Махамбет Өтемісұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад

Описание

Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 329.50 Кб (Скачать документ)

   Патша бодандарының барлығы патшамен бір дінде болу қажеттігі идеясын үкімет те қолдады. 1902 ж. 22-ші наурызда арнайы «Ереже» бекетілді, онда мұсылмандарды христиан дініне аудару, біріктіру, біртіндеп, күштеусіз, айламен іске асыру көзделді және жаңа дінді қабылдау өз еріктерімен болып жатқандай сипатта өткізілуге тиісті болды. 22.

Құжатта бұдан кейін қазақтарды шоқындыру жолдары мен шаралары қарастырылды. Бұл ретте негізгі роль мектептерге жүктелді, ауыл мектептерінің санын көбейту көзделді. Алғашқы ретте халықты тыныштандыру мақсатында мұғалімдерді қырғыздардан (қазақтардан- К.А.) тағайындау ұсынылды. Мұғалімдерге балаларға орыс оқуын, тілін оқыту міндеттелді, қазақ тілінде оқуға тыйым салынды. Мұндай шешімдер Ресей империясының заңдарына қайшы келгендіктен, мұғалім болу үшін оқу инспекторлары беретін арнайы куәлік талап етілетін болды.

   Кімде-кім куәліксіз  мұғалімдік жұмыс атқарса, оны  жауапқа тарту арқылы моллалар санын азайту мақсат етілді. Куәліктерді қырғыздарға беруді барынша қиындату,тежеу тапсырылды. 23.

    Сонымен бірге  қазақ әйелдеріне арналған қыздар  мектебін ашу ұсынылды, «оларды орыс оқуы мен тәрбиесі арқылы орыс мәдениетіне қаратып, олар тұрмыс құрып, ана болғанда өзінің күйеуі мен балаларына ықпал етеді»- деп ашықтан-ашық айтылған. Құжатта мұсылман дін иелерін неке қию, ажырасу, жаңа дүниеге келген сәбилерге азан шақырып ат қою сияқты рәсімдерден шеттету қарастырылды, тіпті дүниеден қайтқан адамдарды жерлеу үшін орыс священнигінің рұқсаты керек болды. Бұндай талаптарды бұзған адамдар сот алдында жауапқа тартылуға тиіс етілді. Крестьян бастықтарына осыларды қадағалап, «тәртіп» бұзылса, дер кезінде хабарлап отыру міндеттелді.

    Осылайша жергілікті  жерде жаңа тәртіптің негізін нығайтып алып, қазақтарды жаңа дінге сендіру үшін христиан миссионерлерін жіберді, оларды өздерінің ақ патшасы ұсынатын дұрыс ақиқат дін ғұрыптарын орындауға көндіру қажет,- 24.деп нұсқау берді.

Отаршылдық саясат жергілікті халықтың наразылығын тудырмай қоймады. Сондай қарсылық күрестің бір түрі петициялар мен шағымдар жазып, жоғарғы әкімшілікке, императордың өзіне дейін талап-арыз айту еді. Мұндай петицияларда рух егемендігімен қатар жер-су мәселелері де өткір қадағаланып отырды.

Ғасырлар тоғысында шығыстық дәстүрдегі ағартушылық идеясы үлкен маңызға  ие болды. Осыған байланысты халық арасында шығыс әдебиет үлгілері, араб жазуы, Ресейдегі түркі халықтары тағдырларының бірлік идеясы кең тарады.

Қазақ поэзиясына шығыстық мақамдардың енуі кездейсоқ құбылыс емес еді. Қазақтардың қоғамдық өмірінде дін елеулі орын алды, қазақтар мұсылман дінінің сүниттік бағытының ханифимазхабына жатты.

Өлкені зерттеген алғашқы орыс оқымыстылары ислам дінінің қазақ  арасында басқа мұсылман елдеріндегідей терең тамыр жая қоймағандығын тілге тиек етеді. Алайда XIX ғ. аяғында мұсылман діні халық арасында кең таралып, орныға бастады. Бұл құбылыс бір жағынан халықтың арасында діннің адамгершілік, ұлттық дәстүрлерді сақтаудағы рөлін мойындаудан туса, екінші жағынан үкіметтің мұсылман дін иелерін қуғындаудан, христиан миссионерлерінің әрекеттеріне қарсылық ретінде пайда болды.

Науан Хазірет халық  арасында дін-исламның, ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы ретінде үлкен беделге ие болды. Ол ислам дініне патша күш ретінде қарады.

Сонымен бірге бұл жерде атап өтетін нәрсе, Науан Хазірет бастаған мұсылман қозғалысында рухани-адамгершілік идеялары саяси талаптардан басым  болғандығы, шабуылдан гөрі қорғанысқа бейімделгені еді. Гегтограф арқылы көбейтілген үндеулерде заңға қайшы әрекеттерге шақыру туралы айтылмайды. Қозғалыстың мақсаты ислам дінін ұстануға үкіметтен рұқсат алу, ұлттық мектептер ашу, неке қию, азан шақырып ат қою, дүниеден қайтқандарды ислам діні рәсімдері бойынша атқаруды қалпына келтіру болатын.

Науан Хазірет ұлттық дәстүрлерді  сақтау ісіне халықты топтастыру үшін қазақ даласының беделді, белгілі  адамдарынан көмек сұрады. Оның өзі  және көмекшісі Шәймерден Қосшығұлов Абай Құнанбайұлына ұлтық мәдени тәуелсіздігі үшін күресті басқаруға ұсыныс жасады. Үкімет Науан Хазіреттің және оның көмекшісі Ш. Қосшығұловтың әрекеттерін заңға қайшы деп тауып, жауапқа тарту жолдарын қарастыра бастады.

1901 жылы 20 мамыр күні ояз бастығы  келіп, Таласовтың қызметіне тыйым  салынады деп, іс-қағаздарын алып кеткен, 19- шы қыркүйек күні 7 болыстың өкілдері бас қосқан төтенше съезд жиналды. Ол жиналыста сөйлеген ояз бастығы: «Сендерде, киргизде дін жоқ, бұдан былай шариғат жолымен іс атқаруға тыйым салынады»,- деген. Міне осыған қарсы жоғарыға шағым хаттар түседі. Халық арасында үкімет саясатына жаппай наразылық байқалады. Осындай жағдайда мұсылман дінбасылары қарсы әрекет жасап, жерді тартып алған, тіл мен дінге қол сұққан отаршылдарды әшкерелеуге кіріседі. Соған байланысты жергілікті әкімшілік Науан Хазірет пен Ш. Қосшығұловты қудалай бастады.

Көкшетау уезінің бірінші учаскесінің  крестьян бастығы подполковник Троцкий 1903 жылы 2 сәуірде Ақмола облысының  әскери губернаторы атына жазған мәліметінде былай деп жазады: «2- ші сәуірде молла Таласовтың мешітінде тінту жүргізілді. Тінту кезінде цензура рұқсат етпеген 164 кітап пен қолжазбалар табылды. Оның біразы мектептікі, өзгесі оқушылардікі екендігі анықталды, ал Таласовтың өзінен 108 кітап пен жазған хаттары, қырғыз тіліндегі гектограф, баспа әріптерінің қалыптары табылды». Одан әрі Троицкий Шаймерден Қосшығұловтың столынан гегтограф пен сиясорғыш, Ботовскідегі С. Шормановқа, Зайсандағы Кинешевқа, Семейдегі Құнанбаевқа хаттар арқылы хаттар жолданғаны туралы қолхат адрестерімен бірге табылғанын хабарлайды. Сонымен бірге Троцкий 1903 жылдың 3- ші сәуірінде Ш. Қосшығұлов оның бұйрығымен тұтқынға алынып, түрмеге қамалғандығын да мәлімдеген.

Болған жай туралы Ақмола облысының әскери губернаторы дереу дала губернаторына телеграф соғып, Көкшетау оязының бастығына мынандай нұсқау берген: «Тез арада Көкшетаудағы мешіт жанынан заңсыз ашылған интернатты жауып, ондағы оқушыларды таратып жіберу, молла Таласовтың үстінен заңсыз бақылау жасау қажет».26.

Кейіннен генерал-губернатор Семей  облысының әскери губернаторына  Ш. Қосшығұловтың Шыңғыстау болысының тұрғыны Ибраһим Құнанбаевқа жазған екі хаты туралы тексеріс ұйымдастыруды тапсырды. Әскери-губернатор генерал-майор Галкиннің тапсыруымен Семей уезінің бастығы Навродский істің мән-жайын тексеріп анықтауға Абай ауылына өзі келген. Архивте уезд бастығының мәліметі сақталған екен, онда ол былай деп жазған: «Қыстау мен киіз үйді тексеру барысында Құнанбаевтың атына жазылған хаттар табылды. Екі куәгердің көзінше А. Құнанбаевтың барлық қолжазбалары алынып, ерекше папкаға салынып, әскери губернаторға тапсырылды». 27. Ояз бастығы Құнанбаевтан Көкшетаудан хат-хабар алып тұрасыз ба деп сұрағанда, ол: «Осыдан екі күн бұрын Зеит Башировтың атына жазылған арнайы хат алдым»- деп жауап берген. Хатта белгісіз адам Құнанбаевтан құрметті қазақ ретінде үкімет орындарынан қазақ мұсылмандары үшін жеке муфтият ашуға жәрдемдесуді сұрағандығын айтқан. Одан хаттарды маған беруді талап еткенде, Құнанбаев ол хаттарды осыдан екі күн бұрын өз баласы Тұрағұлға бергендігін айтқан. Ол хаттарды Шыңғыс болысы Рызықпай Құдайбердиевке бергендігін, хат тінту кезінде болыстың бешпетінің қалтасынан табылғандығын, бұл хаттардың Құнанбаевтың басқадай хатарына қосып тігілгендігін хабарлайды.

Бұл оқиғада екі елеулі нәрсе  байқалады: біріншісі, бұл хаттардың  Ш. Қосшығұловтың атынан жазылғанымен шын мәнісінде хат иесі, авторы, жазушысы Науан Хазірет екендігі. Осындай тұжырымға осы жолдардың авторы хат мазмұнын талдау барысында келіп отыр. Архивте екі хаттың біреуінің ғана мәтіні сақталған, онда автор бес уезд қазақтарының атынан Ақмола облысының Абайға арналған үндеуінде жалпықазақтық мәселелерді, яғни ұлттық рухани тұтастық, дін еркіндігі, тіл мен ұлттық мәдениетті қорғау мәселелерін көтереді. Екінші, бұл хат авторы немесе авторлары Абайды ұлттық рухани көсемі ретінде бағалап, жәрдем – тілеуінде осы орайда хаттың басында жазылған мына бір сөздер айтылған жайдың сипатын аша түседі: «Ассалаумағалейкум! Биік мәртебелі, аса құрметті, жұрт ардақтайтын, Ибраһим мырза!»

Хат Абайды орыстандыру мен ислам  дініне қайшы отаршыл саясатқа қарсы наразылық күресінде басшылық етуге шақырғанымен, күш көсетуге, бағынбаушылыққа үндемейді, күресті бейбіт жолмен жүргізуді ұсынады.

Абай тек өз қандастарының арасында ғана зор құрметке ие болып қоймағанын бұл жерде баса айта кетуіміз керек. Абайды орыс әкімшілігі мен интеллегенциясы зор құрмет тұтып, сыйлағанын Семей губернаторының 1903 жылы 30 қыркүйекте Дала губераторына жазған хаттарынан байқауға болады. «Сіздің, жоғары мәртебелім, осы жылғы 1- ші қыркүйегіндегі № 12 ұсынысыңызға байланысты баяндайтыным: Шыңғыс болысының қырғызы Ибраһим Құнанбаев 60 жаста (шындығында 59 жаста-К.А.) салыстырмалы түрде үлкен дәулетке ие – 1000- ға жуық жылқысы, 2 мың қойы бар.

Құнанбаев өте сауатты, білімді  адам, ол екі рет үш жылдан би, үш рет үш жылдан Шыңғыс болысының билеушісі болды. Сонан соң үкіметтің тағайындауымен 3 жыл Мұқыр болысының басшысы қызметін атқарады.

Қызметте Құнанбаев өзін ақылды басшы ретінде көрсетті. Құнабаевтың  барлық балаларының орысша сауаты бар. Оның орыс әдебиетінен хабары мол, үнемі кітап, газет, жаздырып алып оқиды. Кезінде бұратана халықтың арасында зор беделге ие болғаны көрінеді. Қазіргі кезде қартаюына байланысты партия аралық тартыстарға араласпайды, бірақ та кеңес сұрап келетіндер әлі күнге дейін көп...» Хатының соңын губернатор былай аяқтайды: «Құнанбаев саяси тұрғыдан ешқандай қауіпті емес, оған толық сенуге болады». Құжатта бас штабтың генерал-майоры Галкиннің қолы қойылған.28.

Осы құжаттың авторы – жоғары лауазымды  шенеунік Семей облысының губернаторы  өзінің адамгершілігімен және тазалығымен көзге түседі. Керісінше, Н. Таласовқа тексеру жүргізген Көкшетау уезінің бастығы, подполковник Троцкий туралы ойымыз мүлде басқаша. Оның Ақмола губернаторының атына жазған 1902 жылғы 2 сәуірдегі хаты туралы жоғарыда айтып өттік. Келесі күні, яғни 3 сәуірде осы адреске ол тағы да хат жазып, онда: «Ислам діні халық арасында кең таралмаған, негізінен жеке басының мүддесін көздеп, өсуді ойлаған адамдар ғана сенуде, сондықтан да қазақ арасында оқудың кең тармағы дұрыс»29.- деп губернаторды сендіруге тырысады. Осынау құжаттың мазмұны мен стилінен автордың сауатсыз, ойы шолақ, қатігез, өркөкірек адам екенін тану қиын емес. Кезінде Көкшетау округінің алғашқы аға сұлтаны болған Ғұбайдолла Уалихановтың немересі Петербургте бас штабта қызмет істейтін Сұлтанғазы Уалиханов туралы оның пікірі жоғарыда айтылған ойды дәлелдей түссе керек. Троцкий берген ақпаратында былай деп жазған: «1889 жылы Санкт-Петербургте гвардия полковнигі Уалихановпен кездестім. Осыдан 2 жыл бұрын ол Көкшетау уезі, Қотыркөл болысындағы өзінің үйіне келіп кеткен болатын. Өкінішке орай, оның келуі халық арасында толқу туғызып, көп адамның жиналуына себеп болды. Болашақта оның жүріп тұруына шектеу қою керек, себебі Россияның Қазақ даласындағы мүдделері мен көзқарасына кедергі болуы мүмкін. Халық арасында арашашы болып, православиенің ықпалын азайтуға күш салуы мүмкін». Бұдан әрі Троицкий Уәлихановтың серіктері молла Н. Таласовты, Мәмбетәлі Сердалинді (белгілі ғалым, қоғам қайраткері полицияның бақылауында болған), Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, Омбы сот палатасында істеп жатқан Айдархан Тұрлыбаевтарды тізеді. Соңғысын агент деп, оның Омбы адвокаты Поваренныхпен байланысып айтады. «Косшығұлов пен Таласовтың істері бір және де бұл екеуінен Поваренныхтың жеке визит карточкасы табылды», 30. – делінген құжатта.

      Сонымен қатар  ояз бастығы өзінің рапорттарына  тиісті шаралар қолданбаған Омбы  сот ведомстволарына ренішін  де білдіреді. Ол хатын былай  деп жалғастырады: «Сот ведомстволары қазақтардың зиянды істеріне тосқауыл қоюдың орнына, керісінше, бүркемелеп отыр. Айталық, Көкшетау мировой судиясы стат – кеңесшісі Кудровецкийдің бей-жайлығы осыны дәлелдейді. Қазіргі кезде оның сыбайластары: М. Сердалин (бақылауда), оның бұрыңғы аудармашысы, Зеренді облысының тұрғыны Балқожа Құдайбергенов, заңгер Айдархан Тұрлыбаев, молла Таласов, оның көмекшісі Қосшығұловтар болыс пен қалаларды аралап, насихат жұмыстарын жүргізуде ».31.

     Басшылардан «әбден көңілі қалған» Троицкий тіпті өзінің әріптесі, Петропавл ояз бастығын «Қазақтардың діни мұқтаждықтарына көмек беруде»,- деп, одан әрі қынжылыс білдіреді. Сөзінің соңында ояз бастығы мешіт ислам дінін насихаттаудың орталығы болып отырғанын, ал мешіт жанындағы мектептің заңсыз екендігіне тоқталып, бұлар ортаға өте қауіпті деп, қорытынды жасайды.

Православия шіркеуінің басқа діндерден, ағымдардан басымдылығын, артықшылығын тілге тиек ете отырып, Троицкий мұсылман дінінің қызметіне шектеулі түрде ғана заңға сәйкес рұқсат беру керек. Мына бір ойлары оның бет-пердесін толық ашып берсе керек: «Пора покончить с игрой на почве религиозной, мусульманской. Пора разобраться в этих вопросах, пора наложить руку на центры, изъять их деятелей в места нейтральные, а население поставить должными разъяснениями на надлежайший путь»32.

Ояз бастығының ұсыныстарын толық мақұлдаған дала генерал-губернаторы ішкі істер министрлігінің атына «Қосшығұлов пен Таласовты Дала өлкесінен аластату және қазақтар арасындағы сенімсіздік тудыратын адамдарды үнемі қадағалау үшін 155 сом жіберуді» өтініп, хат жолдайды.

       Тиісті орындардың жауабы көп күттірген жоқ. Ішкі істер министрлігінің 1903 жылғы 17 шілдедегі арнаулы мәжілісі молла Таласовпен қамауда отырған оның көмекшісі Қосшығұловқа «өкіметтің қаулыларына қазақтарды қарсы қоюшылар» деп баға берді. Ішкі істер министрі қол қойған бұл қаулыда былай делінген: «Аталған екі адам Шығыс Сібірге жер аударылып, Иркутск генерал-губернаторының қарамағына жіберілсін. Қосшығұловқа – 5 жыл, Таласовқа – 3 жыл мерзім кесілсін. Шешім 1903 жылдың 12 маусымынан күшіне енсін».33.

         Халық арасында кең танымал Науан Хазіреттің жер аударылуы қазақ арасындағы жағдайды одан әрі шиеленістірді, ашу-ызасын тудырды. Нақақтан-нақақ жала жабылып итжеккенге  кеткен Науан Хазіретті босатып алу туралы ел арасында петицияға қол жинау қозғалысы басталды. Осы орайда Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Егер үкіметтің саналы түрде қазақ халқын орыс оқу-ағартуынан қасақана бөліп тастап, панисламизм құшағына құлата салғысы келсе, есімі елге мәшһүр Науан Хазіретті қудаландан артық ештеңе де ойлап таппас еді». Аталмыш дін қайраткерлерінің пиғылында не орыс халқына, не христиан дініне деген көзқарас болған жоқ. Патша үкіметінің христиан дінін, шіркеуді өздерінің отаршылдық саясатында кең пайдаланғанын да атап өткен жөн. Айталық, ғасырдың басында, эсерлік саяси бағыт ұстаған священник В. Рюминский «орыс шіркеуі Ұлы Петрдің өзгерістерінен кейін өзінің алғашқы парызы – Христостың өсиетіне сәйкес діншілддердің қауымы атағынан мүлдем айырылып қалды. Ол рухани полицияның министрлігі мен полиция чиновнигінің дініне айналды»,34.- деген еді.

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы