Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад
Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.
Тағы бір жағдай, Шыңғыс сұлтан бала күтіп отырған әйелін салт бойынша Баянауылдан Уәлихановтардың ата жұртына – Сырымбетке әкелуі дау туғызбаса керек. Ал, керісінше, сондай жағдайда отырған әйелін таныс емес, әлі толық жайғаспаған Аман-Қарағайға апаруы қиыспайды. Одан да ол босанғанша өз анасының жанында қалдырмас па еді?
Шоқанның өз атасы Уәли Ресей мен Қытай таныған Орта жүздіңсоңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы, Бянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановтың апасы. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кетеді - әз Жәнібек ханға, Қазақ хандығын құрушы ханға (XV ғасырдың 2-ші жартысы) барып тіреледі.Тұқымын таратсақ одан кейінгісі былай келеді: Жәдік сұлтан, Шығай хан, Ер Есім хан, Жәңгір хан, Салқам Уәли хан, Абылай хан, Уәлі Шыңғыс сұлтан – Шоқан.
Қазақ салты бойынша Шоқан да бала жасынан жеті атасын жаттап өскен. Осындай текті ата-бабасының болғандығы Шоқанның тарихқа деген қызығушылығын ерте оятқан. Ол халықтың еркіндік үшін күресі жырлаған халық ауыз әдебиеті үлгілеріне зейін қойып, жазып алып жүрген. Әсіресе, жас Шоқан өзінің даңқты атасы Абылай хан туралы поэмалар мен аңыздарға құмартқан.
Шыңғыс Уәлиханов Шоқанды 1847 жылы Омбыға әкеліп, дарынды ұлын Сібір кадет корпусына түсіреді. Сібірдің ең үздік оқу орны болып саналатын ұяда Шоқан білім алуға мықтап ден қояды. Көп оқиды, Пушкин, Лермонтов, Шекспир, Гете, Теккерей шығармаларына үңіледі. Омбы фундаментальдық кітапханасына кіруге мүмкіндік алып, В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Ж.Ж. Руссо, Т. Карлеил еңбектерімен мұқият танысады. Шоқанның көзқарасының қалыптасуына кадет корпусының оқытушылары И.В. Ждан-Пушкин, Н.Ф. Костылецкий, Г.В. Гонсевский, К.К. Гутковский, К.П. Померанцевтер әсер еткен. Оның зеректігін, дарындылығын аңғарып, тарихпен, жағрапиямен, әдебиетпен, сурет өнерімен айналысуын қуаттап, қолдап, өз жеке кітапханаларынан кітаптар беріп отырған. Жағырапия пәнінің оқытушысы К.К. Гутковский Шоқанды Капустиндер отбасымен таныстырып, ол жерде Шоқан декабрист И.А. Анненковтың қызы И.О. Ивановамен және оның күйеуі К.И. Ивановпен танысқан. Ал Ивановтардың үйінде 1854 жылы петрашевшіл жазушылар Ф.М. Достоевский мен С.Ф. Дуровтармен, Гутковскийдің үйінде белгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысқан. Кадет корпусының қабырғасында жүріп-ақ Шоқан өз халқының және Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші ретінде дайындала бастайды. Ол кезде бұл аймақ европа ғылымына аса таныс емес еді. Осындай мақсатпен ол шет елдік және орыс зерттеушілері-шығыстанушылары еңбектерін мұқият зерделейді. «Мектеп партасында отырғанда-ақ Уәлиханов саяхатшы болуға дайындалып, Паллас, Рычаков, Левшин, Вельяминов-Зернов және басқалардың көптеген кітаптарын оқып шықты»,- деп жазады Г.Н. Потанин.
1853 жылы Ш. Уәлиханов
кадет корпусындағы оқуын
1855 жылы жазда, Уәлиханов
генерал-губернатордың Семей
Атын дүйім жұртқа мәлім етіп, қаһарман саяхатшы ретінде даңқын шығырған Шоқанның 1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапары болды. Одан жүз жыл бұрын Қытай басып алған, ұйғыр, қазақ, дүңген, қырғыздар тұратын бұл аймақта дәл сол 50- жылдары антициндік бас көтерулер болып жатқан-ды. Осыған байланысты Қытай үкіметі европалықтардың Қашқарияға сапарына тыйым салып, бұл заңды бұзғанғандарды өлім жазасына кесетіндіктерін жария етіп қойған-ды. Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға барған немістің белгілі саяхатшысы Адольф Шлагитвейт жазаланған болатын. Оның қайғылы қазасы туралы нақты деректі де кейін Ш. Уәлиханов әкелген. Шоқанды көпес керуеніне жол сілтеуші ретінде орналастыру идеясын П.П. Семенов ұсынған. Қашқар сапары аса қиын да күрделі болғаны белгілі, Шоқанның өміріне бірнеше мәрте қауіп те төнген. Әйтеуір, елге аман-сау оралып, күтілгендей ол тарих, жағырапия, Шығс Түркістанның экономикалық жағдайы туралы бай материал жинап әкелген. Мамандар Шоқан зерттеуін жоғары бағалап, жағрапия ғылымына қосылған елеулі үлес ретінде қабылдайды. Шоқанның осы жолғы сіңірген еңбегі 1860 жылдың 7-ші сәуір күні 4-ші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапатталып, оған мерзімінен бұрын штабс-ротмистр шені беріледі. Осы жылы Шоқан Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментіне қызметке тағайындалады, Қашқария сапары туралы есеп беру үшін Санкт-Петербургке шақырылады.
Петербургте өткен жылдары (1859-1861) оның өміріндегі ең бір жақын кезеңдер. Петербургке келген соң ол саяхаты туралы баяндама жасап, «Записки ИРГО»-да Қазақстан, Орта Азия және Батыс Қытай халықтары тарихы мен мәдениеттері туралы еңбектерін жариялайды. Шоқан Санкт-Петербургте, Азия департаментінде өнікті жұмыс жасап, Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде Орта Азия мен Шығыс Түркістан картасына түзетулер енгізеді, университетте Н.Н. Костомаровтың лекцияларын тыңдайды, әдеби қызметпен айналысып, г. Потанин арқылы сібірлік студенттер жиналысына қатынасады. Мұнда ол өзінің ескі достарымен ғана кездесіп қоймай, орыс интеллигенциясының алдыңғы қатарлы қкілдері А.Н. Бекетов, А.Н. Майков, С.Т. Аксаков, Н.П. Игнатьев, Н.И. Веселовский, Н.М.
Шоқан өміріндегі ең бір белгісіз кезең де оның Петербургте болған уақытына қатысты. Дәл осы Петербургте болған уақытында Ш. Уәлиханов Парижге барып қайтқан. Немесе, қалай болғанда да, сонда барып қайтуға оқталған. 1860 жылғы 4- қарашада әкесіне жазған хатында ол: « Құдай қаласа, бір айдан соң Петербургтен Парижге аттанамын, жолға қаражатты бір адамнан қарызға аламын»- деп жазады.
Ұзақ уақыт Шоқан Уәлиханов қарызға ақша алды ма, алса кімнен алды деген сұраққа жауап болмады. 1985 жылы қазақтың атақты жазушысы және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжанов Ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийдің көмегімен және кепілдік беруімен алған болуы мүмкін немесе «бір адамның» Достоевскийдің өзі болуы да ықтимал»- деп жазған.
Біз, «бір адамның» А. Врангель де, Ф.М. Достоевский де емес, Петербург университетінің студенті Н.М. Ядринцев екенін нақты анықтадық.
Николай Михайлович өзінің Ш. Уәлиханов туралы естеліктерінде былай деп жазады: «Мен Шоқан Уәлихановпен Григорий Николаевич Потанин арқылы 1860 жылы Петербургте таныстым. Әуелі мен онымен жәй кездесіп жүрдім, кейін менің оған аз-кем көмектесуімнің (представился мне случай сделать небольшое одолжение) сәті түсті». «Одолжениесі» сол, Ядренцев Шоқанға қомақты соманы қарызға берген.
Осы қарыздарынан құтылу үшін Шоқан 1862 жылдың қаңтарында «Записки РГО»-ның редакторы, профессор А.Н. Бекетовпен «Қашқар туралы жазбаларын» қандай жағдайда сатып ала алатындығын сұрауға мәжбүр болады. Хатының соңында Шоқан Уәлиханов Бекетовке өзінің Ядренцев, Усов сияқты достарынан қарызға ақша алғандығын хабарлайды. Сондай-ақ, Бекетовке «Егер менің қолжабаларымды Сіз сатып алар болсаңыз, тағы бір өтінішімді де орындамас па екенсіз, Ядренцевке мен 300 рубль күміспен, ал Усовқа 50 рубль қарызбын» деп өтініш жасайды.
Егер Уәлиханов Парижге бармаса, онда осыншама қаражатты ол не үшін қарызға алады? Оның өзі де 739 рубль жалақы алатын-ды, ол кездің өлшемімен ол аз ақша емес-ті. Әзірге, Ш. Уәлихановтың Парижде болғандығын дәлелдейтін бірден-бір құжат Ф.М. Достоевскийдің досы, А.Е. Врангельдің куәлігі. Ш. Уәлиханов туралы естелігінде ол: «Маған ол (Шоқан Уәлиханов. – Қ.Ә.) өте ұнады, Достоевский де оны көруге құштар. Кейін мен онымен Петербургте және Парижде кездестім»,- деп жазады. (Врангель А.Е. Приятель Ф.М. Достоевского в Сибири 1854-1856 г.г. СПБ, 1912, с.72).
Сондықтан, Шоқан Парижде болды деуіміздің негізі бар. Енді, «осыншама қарызданып ол Парижге не үшін барды?» деген сұрақ туындайды. Огың үстіне, сол кезде оның ата-анасының мүмкіндігі де шектеулі еді. Ресейде 50-60- жылдары революция пісіп-жетіліп келе жатқан болатын. Оны болдырмас үшін басыбайлық правоны жоюға дайындық жүріп жатты.
Қоғамдағы демократиялық көзқарастардың қалыптасуына А.И. Герцен мен Н.П. Огаревтің үлкен ықпалы тиді, олар Ресейдегі самодержавиялық-крепостниктік тәртіпті қатты сынға алған еді.
Шоқан Лонданда шығарылып, Ресейге жасырын жолмен әкелінетін «Полярная звезда», «Колокол» басылымдарының әрбір санын оқып тұрған, олардың қоғамдық және саяси қызметтерімен жақсы таныс болатын. Шоқанның көптеген достары, әріптестері Герценмен құпия байланыста болды. Сондықтан, Ш. Уәлихановтың Парижге бару себебі – оппозициялы бағыттары «Колокол» газетін шығарушылар Герцен және Огаревтермен кездесу болуы ықтимал. Бұған, «Колоколдың» беттерінде 1861 жылдан бастап Қазақстан туралы мақалалардың жариялана бастауы дәлел бола алады. Аталған мақалаларда патша үкіметінің қазақ даласына жүргізіп отырған басып-жаншу саясаты, шенеуніктердің емін-еркін ойларына келгенін істеп билеп-төстеуі, казачествоның ар-ұятсыз әрекеттерге барып, тонаумен айналысуы сынға алынады. Әсіресе, «Колоколдың» 1862 жылдың 1- мамырындағы № 131 санындағы мақала ерекше. Онда Орта Орданың өз малынан белгілі бір үлес төлейтіндігі, ал салық жинау кезінде де тек «приказ мүшелері» ғана емес, облыс басшыларының, оның ішінде Омбыдағылардың да асыра сілтеп байып алатындары әшкереленеді.
Автор, Даланың талан-таражға түсуінің тағы бір себебі казактардан келіп отырғанын жазады.
Петербургте болуы, Ресейдің демократиялық көзқарастағы белгілі адамдармен танысып, тығыз араласуы, Парижде «Полярная звезданы» шығырушылармен кездесуі Ш. Уәлихановтың ой-өріс көкжиегін кеңейтіп, прогрессивтік көзқарасын нығайта түсті.
Сөйтіп, Ш. Уәлиханов өзін тағдыры жолықтырған бірегей адамдармен империядан тысқары жерлерде немесе Омбыда, Петербургте кездесу арқылы Ресейді таныды. Оның таныстығының шеңбері кең еді. Мәселен, оны ұлы жазушы Ф.М. Достоевскиймен қарапайым адами қасиет, рухани жақындық, аяқ асты қылуға қарсылық жақындастырды. Даңқты ғалым П.П. Семенов-Тань-Шанский, ақын Дуров, Г.Н. Потанин, Н.М. Ядренцевтермен ғылыми және әдеби көзқарас, қызметтермен ортақ болды. Орыстың демократияшыл ойшылдары Шоқан көзқарасын қалыптастыруға ықпал етсе, өзінің араласқан адамдарының көзқарастарына Шоқан да әсер етті. Сондай-ақ, Шоқан Петербургте болған уақытында орыс шығыстану ғылымының қалыптасуына қолқабыс жасады. Петербургте университетте, Азия департаментінде лекциялар оқыды, түрік тілдерін оқытты. Орта Азия халықтары туралы бай білігін бөлісті. Шоқаннан белгілі шығыстанушылар В.В. Григорьев, В.В. Вельяминов-Зернов, Д.И. Романовскийлер ақыл-кеңестер алып тұрды.
Шоқанның демократияшылдығы мен рухани сана-сезімінің тағы бір бастауы халықтың тұрмыс-салты, мәдени мұрасы. Өзінің кәрі атасы, ұлы хан Абылайдың Қазақстан жерінің бүтіндігі мен халқының тәуелсіздігі жолына бүкіл ғұмырын сарп етуі де оның мемлекет құрылымы мен халқының болашағына деген көзқарасының қалыптасуына әсер етті.
Бірқатар Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарасын зерттеушілер «Евразиялық ой-өріс бағыты ретінде, батыстыққа қарама-қарсы (Евразийство, как направление мысли, противоположно западничеству)»,- деп жазады. Осыған орай, сұрақ туындайды, шын мәнісінде Ш.Ш. Уәлиханов кім: батысшыл ма, әлде евразияшыл ма? Біздің пайымдауымызша, екі бастауды, екі мәдениетті салыстыру – дәстүрлі қазақтың және орыстың немесе батыстықпен онша келісімсіз. Керісінше, екі мәдениеттің ұштасуы Шоқан Уәлиханов феномені және басқа қазақ ағартушыларын тудырды. Ш. Уәлихановтың ерекшелігі сол, ол алғаш рет қазақ қоғамының мүддесі үшін ағартушылықты пайдалануды жүзеге асырды.
Шоқан Уәлихановтың өлімі әлі күнге дейін даулы. Оның туберкулезден өлгені туралы ресми болжамға сол кезде-ақ замандастары күмәнмен қараған. Мәселен, белгілі ғалым А. Гейнс: «Сібір әкімшілігі өз қатынасынсыз Шоқанды Петербургте Патшаға кіргізгені, оның Шоқанды құрмет тұтқанына ренжіді. Шоқанды сол жылы табытқа салған көптеген балағаттау, тиісулер басталды»,- деп жазады.
1864 жылы Ш. Уәлиханов
Оңтүстік Қазақстан мен Орта
Азияны Ресейге қосуды
Көкшетаулықтар өзінің ұлы жерлесін мақтан тұтады. Шоқан Уәлиханов атымен Көкшетау университеті, бір аудан, қалалар көшелері, поселоктар аталған. Көкшетау қаласында оның ескерткіші бой көтерген, оның туған жері Сырымбетте мемориалдық музейі ұйымдастырылған. Алайда мұның бәрі Шоқанға бас июдің сыртқы көрінісі ғана. Енді оның еңбектерін тұшына оқып, тұрғындар арасында насихаттаудың кезі келді деп ойлаймын.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 – 1913 ж).Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық – поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің ішінде ерекше орын алады. Оның есімі халық есінде тек қана дарынды ақын және композитор ғана темес, сонымен бірге сирек кездесетін әнші ретінде де сақталған. Ақанның шын жүректен айтылған нәзік әндері тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, әр адамның жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын күшейте қабылдаған әннің ұзақ уақыт есте сақталуына еріксіз мәжбүр етеді.