Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 21:04, доклад
Интеллигенция- (лат. ақылды, түсінетін, ойлайтын, парасатты), зиялы қауым – қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Интеллигенция термині ғылыми айналымға алғаш рет Ресейде XIX ғ. 60-жылдары, ағылшын тілді сөздіктерге XX ғасырда енген. Батыс Еуропа елдерінде интеллигенцияның симнонимі ретінде «интеллектуал» термині қолданылады. Қазақ тілінде оның баламасы ретінде «зиялы қауым термині» жиі қолданылып жүр.
Мінеки, осындау азапты күйлер, қайшылықты жағдаяттар, тағдырдың ойынынан туған көріксіз, жан түршігетін құбылыстар Ақан сері поэзиясының мөлдірлілігі мен тереңдігін, әуезділігі мен сыршылдығын, суреттелігі мен бейнелілігін, ағыс-толқындары мен күйлілігін үдеткен, маздатқан.
Екіншіден, Ақан сері –
синкретті өнердің біртуар
Алдымен, Ақан сері – қасиетті, таза, сап мөлдір махаббаттың, шынайы әсемдіктің, бұла сезімнің жыршысы. Сырты оюлы, іші оюлы, нәзік әшекейлер мен сипаттауларға негізделген иірім-толқындары ересен нақышты, кестелі толғаулардың шығарушысы.
Адам жанының ішкі дүниесінің толқындарын сырлы суретке, сазды, сұлу лирикалық поэзияға, тотыдай сыланған хас сұлулардың өрт құшағын, «ақ мамық үлпілдеген бота көзің, ақыл, көрік, ажар түрін, бал мінезін» жойқын өнерпаздық қуатпен жосылта толғаған, асқақ, ескек әндерінің нәрлі өзегіне айналдырған айтулы әнші-ақын Ақан қазақ қоғамының жай-күйіне де барлау жасайды, болашағын болжайды, жер-суының тағдырын ойлайы. Қазақ жерін қайғы бұлты торлайды, келімсектер қорлайды, көшелі ерлер мұқалып, жұқарып, ұр да жық есерлер арамшөптей қаптап, ел мен жерді тоздырады. Қазақ баласы, гүл шашақ, көк майсалы, жасыл жібек жайлауларынан, құйқалы, шүйгінді қоныстарынан, сулы, нулы, орманды жерлерінен айырылады. Міне, осыларды Ақанның ұшқыр жаны, сезімтал жүрегі өткір де терең түсінеді. Отарлық езгіге қарсылық көрсетіп, қарғыс оғын жаудырады.
Қор болып крестьянның табанында,
Қалайша күн көреміз дәурен кешіп?
Темір айыр, ақ балта қолдарында,
Тілге келмей, ұрады өңмеңдетіп,-
деп ашына сөйлейді.
Ақан сері – қара өлеңді орып айтатын айтыс өнерінің де дүлдүл көгі. Талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен. Ол Жүсіп төре, Қожамбек, Орынбай, Тезекпай, Мұқан, Ғалиянұр, Әділ, Мұқан сияқты ақындармен сөз бәсекесіне түскен. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпеев және әрі болыс, әрі молла Қодыға баласы Есмағүлмен сәлем-хат арқылы айтысқан.
Ақан жұмбақтар да шығарған.
Ақан сері – табан астында, ойламаған жерде тауып айтатын тапқыр тілді алғыр ақын, суырылып тұрған шешен болған. Жүрген-тұрған жерінде сан қырлы, алуан түрлі көл-көсір сөздер қала берген. Олар жинақталып, жүйеленбеген.
Енді Ақан сері шығармаларының жиналуы, жариялануы және әндерін бүгінгі күнге жеткізуші – орындаушылар жөнінде бірер сөз айта кетейік.
Ақан серінің «Жаман қатын», «Жақсы қатын» және «Мылтық пен мергеншілік» өлеңдері 1908 жылы Қазанда басылған «Қазақ өлеңдері» жинағында жарық көрген. Ал жеке жинағын 1935 жылы Сәкен Сейфуллин құрастырып шығарды. Сондай-ақ Хамит Тілеубаев, Уәлихан Жауаров, Нияз Ожанов, Ғаббас Тінәліұлы, Кәріпжан Құдайбергенов, Әбілман Мұстафин, Қасым Жандосов, Махмұт Құрманқұлұлы секілді көзі ашық, көкірегі ояу ел зиялылары Ақан сері шығармаларын жинауға қатынасқандығын еске алған дұрыс болар. Және де Ақан сері әндерін нақышына, мақымына келтіріп, ырғақ келісімін тауып, үн-дыбыс толқындарының иірімін жіті танып, шебер орындаушы-жеткізушілер Қаныш Сәтпаев, Бейімбет Майлин, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Ерғали Алдоңғаров, Мұхтар Жылқыайдаров, Мағауия Көшкінбаев, Ләззат Сүйіндікова, Молдахмет Тырбиев, Рабиға Есімжанова, Майра Уәлиқызы, Құрбанәлі Тұяқов, Дәуітбек Хұсайынов, Мағрипа Қойайдарова, Күмісқали Оспанов, Шәкен Отызбаев, Қуан Лекеров, Игібай Әлібаев, Нәзипа Құлжанова, Қосымжан Бабақов, Жабал Тоғандықов сынды дарындар еңбегі ерекше елеулі.
Ақынның асыл бейнесі, өмірі мен өнерпаздығы хақында өлең сөздің өрен жүйрігі Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын туындатса, ал көрнекті қаламгер Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов «Ақан сері» дилогиясын жазды. Қазір Сәкен аға мұның үшінші кітабын әзірлеу үстінде. Ақан серінің эпистолярлық мұрасы мен шығармаларының текстологиясы – зерттелмей жатқан тың дүние, күрделі мәселе.
Сайып келгенде, Ақан серінің ақындық-әншілік мұрасы – біліктілік пен біліммен, сыршылдық пен сыншылдықтан, әдептілік пен әдемілікке құмартудан, көрегендік пен көсемдіктен, қуатты шабыт пен құдіретті қиялдан өріліп туған, өрнектеліп тоқылған сап таза поэзия.
Шығармашылығының өркендеу кезеңі. Ақан серінің өзіндік шығармалары қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының , «Құлагер» атты әйгілі поэма жазған І.Жансүгіровтың «Ақан сері – Ақтоты» трагедиясының авторы композитор Е.Брусиловский «Жалбыр» операсында «Құлагер» және «Балқадиша» әндерін пайдаланса,»Ер Тарғын» операсында «Алтыбасар» әнін қолданды. Композитор С.Мұхамеджановтың Ғ.Мүсіреповтың (либреттист) «Ақан сері – Ақтоты» операсы 1982 жылы сахнаға қойылды. Музыкатанушы Ж.Ордалиева операда композитор Ақанның әуенді тілінің өзіне тән мынадай ерекшеліктерін бөліп қарайды: бастапқы негізгі үннен өзінің басқа бір биігіне ұмтылушы қысқа желісін білдіретін октавалық алғашқы негіз – «Алай көк», «Көк көбелек» баяу төмендеуші әуенді қозғалыс, ІV сатының тірек мәні, саусақ» әндерінде кездеседі.
Ақанның бізге жеткен ән – поэзиялық мұралары көбіне қысқа, лирикалық өлеңдер, әндер, дидактикалық сарында жазылған екі – үш өлеңі және «Тағырипың» атты сюжетсіз поэмаға ұқсайтын махаббат тақырыбына жазылған лирикалық ұзақ өлеңі.
Қорыта айтқанда, Ақан - өз кезеңіндегі ірі ақын, композиторлардың бірі. Ол әлеуметтік өмірдегі әртүрлі мәселелерді тақырып етіп, ол ел басындағы қысымшылықты көре білді. Ел қайғысы өз қайғысы болып, оған қарсылық білдіріп, наразылық көрсетті. Ол қазақ өнеріне өшпес еңбек етіп, адамның психологиясын, күйініш – сүйінішін суреттеудің үлгілі, өнегелі туындыларын қалдырды. Жастардың эстетикалық сезімін оятып, әдемілікті суйе білуге тәрбиеледі.
Ақан серінің туындылары дәстүрлі ән өнерінің шебер орындаушылары Ә.Қашаубаев, Ж.Елебековтың, М.Ержановтың, К.Лекеровтың, Қ.Бабақовтың, Ж.Кәрменовтың, Қ.Байбосынов және басқалардың репертуарынан берік орын алады.
Ақан әндері: «Балқадиша», «Сырымбет», «Құлагер», «Құлагердің желісі», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Ақтоты», «Алай көк», «Маңмаңгер», «Майда қоңыр», «Көкшетау», «Мақпал», «Ақсаусақ», «Перизат», «Жамал қыз», «Шәмшиқамар», «Көк көбелек», «Әудемжер», «Сәулем – ай», «Кепсер», «Алтыбасар», «ай көке», «Қай дөңге», «Жылқылы бай», «Қараторғай», «Кербезсұлу», «Ақан сері», «Үш тоты құс», «Іңкәр – ай», «Нұрила» т.б.