Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

Булгакова Д. А.

Истаев А. Ж.

Мемлекет жəне құқықтың 

жалпы тарихы

Оқу-əдістемелік құрал

Алматы

2004  ББК 66.1+67.3я73

Б 83

Экономика жəне құқық академиясының 

Ғылыми Кеңесі ұсынған

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

з.ғ.д., профессор З. Ж. Кенжалиев

з.ғ.д., профессор Б. Ж. Қуандықов

Б 83 Булгакова Д. А., Истаев А. Ж.

   Жалпы тарих (оқу-əдістемелік  құрал).— Алматы: Заң

əдебиеті, 2004.— 222 бет.

ISBN 9965-620-34-2

Оқу-əдістемелік құрал  «Мемлекет жəне құқықтың жалпы

тарихы»  курсының оқу  бағдарламасына сəйкес дайындалған

жəне Ежелгі əлемнің,  орта ғасырлардың,  Жаңа жəне қазіргі

заманның мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің пайда болу,

даму, қызмет етуінің кезектілігін сақтай отырып жазылған.

Құрал заң білімдерін беретін  жоғары оқу орындары мен

факультеттерінің сырттай  бөлімдерінің жəне заң колледж-

дерінің студенттеріне арналған. 

ББК 66.1+67.3я73

1202000000

Б                                0 

                0(05)-04 © Булгакова Д. А., 2004.

                                                 © Истаев А. Ж., 2004.

                                                 © Заң əдебиеті, 2004.

ISBN 9965-620-34-2

2КІРІСПЕ  

Мемлекет жəне құқықтың жалпы  тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет

пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен

дамуын зерттейді.  Бұл  ғылым əрі тарихи,  əрі заңдық болып

табылады. Алайда,  егер тарих  ғылымы жалпы қоғамның даму

жəне қызмет ету үрдісін  зерттесе,  мемлекет жəне құқықтың

тарихы мемлекет пен құқықты  олардың пайда болу сəтінен

бастап қана зерттейді. 

Мемлекет жəне құқықтың жалпы  тарихының пəні болып

белгілі бір хронологиялық  кезектіліктегі нақты тарихи жағдай-

лардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда

болуы,  дамуы мен қызмет етуінің жалпы,  əрі арнайы заңды-

лықтары табылады.  Бұл  пəнді зерттеуде төмендегідей əдістер

қолданылады:

—  тарихи əдіс, мемлекет жəне құқықтың пайда болуы мен

дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді;

— салыстырмалы — тарихи əдіс, анықталған тарихи факті-

лерді басқа да ұқсас фактілермен  салыстыруға мүмкіндік бере-

ді;

—  жүйелік-құрылымдық əдіс,  элементтердің құрылымда-

рын,  оларға тəн ішкі байланыстарды  зерттеуді жəне жүйенің

біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды біл-

діреді;

—  статистикалық əдіс,  тарихи үдерістің сандық жақтарын

зерттеуде, зерттеу обьектісіне  сандық көрсеткіштер тəн болған

кезде қолданылады.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы  тарихын зерттеудің жоға-

ры кəсіби заңгерлерді  дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен,

мемлекет жəне құқық тарихын  зерттеу студенттерде мемле-

кеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін

қалыптастырады, оларға жалпы  қоғамдық өмірді, оның ішінде

мемлекет пен құқықты  ғылыми əдістемелік түрде тануына

мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылы-

сын олардың қалыптасу,  даму алғышарттарын анықтағанда

ғана,  бұл құбылыстың қалай  пайда болғаны,  қалыптасу бары-

3сында қандай кезеңдерден  өткені жəне қандай бағытта  дамып

келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады. 

Бұл оқу құралы негізінен  сырттай білім беру бөлімдерінің

студенттеріне арналған. Мұнда  негізгі төрт кезеңнің шегіндегі

жекеленген елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарының

хронологиялық тəртіптегі тарихы қысқаша берілген, ол кезең-

дер: Ежелгі əлем, орта ғасырлар, жаңа дəуір жəне қазіргі заман.

Бұл оқу құралының шеңберінде зерттеліп отырған мемле-

кеттердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен

оқиғаларын қамтып өту  мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық  құ-

рылым», «мемлекеттік құрылым»  түсініктері арқылы ашыла-

тын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару ныса-

ны,  мемлекеттік құрылым  нысаны,  билік пен басқарудың

орталық жəне жергілікті органдарының құрылымы,  өкілеттік-

тері,  олардың өзара  қарым-қатынастары)  мен  «құқық»  түсіні-

гінің негізгі аспектілері  (құқықтың қайнар көздері,  құқықтың

негізгі институттары:  меншік құқығы,  міндеттемелік құқық,

отбасылық-некелік құқық  жəне мұрагерлік құқық, қылмыс пен

жаза, сот процесі) қарастырылып өтті. 

Бұл оқу құралын дайындауда К.И.Батыр,  П.Н.Галанза,

Н.А.Крашенникова сияқты ірі  мемлекеттанушылардың еңбек-

тері жəне төмендегідей əдебиеттер қолданылды: «Мемлекет

жəне құқықтың жалпы тарихы»,  К.И.Батырдың редакциясы

(1998  ж.); «Шетелдердің мемлекет  жəне құқық тарихы» 

Н.А.Крашенникова мен О.А.Жидковтың  редакциясы (1998  ж.

1,2  томдар); «Мемлекет жəне  құқықтың жалпы тарихы», 

О.А.Омельченко (1998 ж. 1,2 томдар); «Мемлекет жəне құқық-

тың жалпы тарихы»  З.М.Черниловский (1996  ж.); «Мемлекет

жəне құқықтың тарихы»  П.Н.Галанза мен Б.С.Громаковтың

редакциясы (1990 ж.); «Орта ғасырлардың  тарихы» Н.Ф.Колес-

ницкийдің жалпы редакциялығымен (1980). 

1, 2-тараудың В-бөлігінің  1, 2-бөлімдері жəне 2-пунктін

Булгакова Д.А. дайындаған. 2-тараудың В-бөлігінің 3, 4, 5, 6-

бөлімдері мен 1, 3, 4-пункттерін Истаев А.Ж.  дайындаған.

Түсіндірмелік сөздікті, барлық тарауларға арналған кестелерді

жəне негізгі заң құжаттарының хронологиялық кестесін Истаев

А.Ж. дайындады.     

4ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Ежелгі Египет

Кенбет — 30 судьядан құралған Жаңа патшалық кезеңіндегі

орталық сот.

Ном — əкімшілік-аумақтық бірлік.

Номарх — номның басшысы, перғауынға тəуелді лауазым-

ды тұлға.

Патша-перғауын — Египеттегі мемлекет басшысы.

Ежелгі Вавилон

Авилум — тура мағынада «күйеу», «адам» — еркін халық-

тың жоғарғы тобы.

Мушкенум — еркін халықтың төменгі бөлігі.

Нубанда —  жоғарғы патша  шенеунігі —  патша сарайын

басқарушы.

Рабианум — қауымдық кеңестің басшысы.

Энси — қала-мемлекеттің  билеушісі.

Ежелгі Үндістан

Ахармадъякша — сот  істері бойынша жоғарғы шенеунік.

Веда — діни кітап.

Вишас — селолық қауымдастық.

Варна — каста — қоғамның жабық əлеуметтік бөлігі. 

Брахмандар варнасы —  абыздар.

Кшатрийлер варнасы —  əскерилер мен билеушілер.

Вайшалар варнасы —  жер өңдеушілер.

Шудралар варнасы —  қаналушы батырақтар.

Гана — төменгі аумақтық бірлік, қауымдастық..

Дхармашастра — діни-құқықтық ережелердің жиынтығы.

Пурохита — патшаның басты  кеңесшісі жəне абызы.

Сенапати — əскер қолбасшысы.

Чандал — шудра мен  брахман əйелдің некесінен туған, қо-

ғамнан аластатылған тұлға.

5Ежелгі Қытай

Ван — билеуші, артықшылықтарды  иеленген топ.

Гун — патшаның басты кеңесшісі.

Тайвэй — империяның қарулы күштерінің қолбасшысы.

Чжухоу — көсем-билеуші.

Юйши дафу — бүкіл мемлекеттік  аппараттың басшысы.

Ежелгі Греция

Спарта

Апелла — халық жиналысы.

Базилевс (Архагеттер) — патша.

Герусия — ақсақалдар кеңесі.

Илот —  жаулап алынған  аумақтардың бағындырылған

тұрғыны.

Оба — спартиаттардың рулық  бөлімшесі.

Периэк — жеке бас бостандығы бар,  алайда,  саяси құқық-

тарды иеленбеген тұрғын.

Ретра — заң актісінің  атауы.

Спартиат — толық құқылы азамат. 

Фила — спартиаттардың ірі рулық бөлімшесі.

Эфорат — герусия мен  архагеттерге бақылау жасайтын, бес

адамнан құралған комиссия.

Афины

Архонт — сайланбалы лауазымды  тұлға.

Архонт — эпоним — архонттар  алқасын басқарушы.

Архонт-базилевс — абыздық  функцияларды жүзеге асырған

лауазымды тұлға.

Архонт-полемарх —  əскери басшылықты жүзеге асырған

архонт.

Архонт-фесмофет — сот  əділдігін жүзеге асырған архонт.

Ареопаг — жоғарғы сот  жəне бақылаушылық орган  (кеңе-

сулер өткен Арес тауының  атауы бойынша).

Геомор — жер өңдеуші.

Гелиэя — жоғарғы сот  органы.

Демиург — қолөнерші.

Демос — қолөнершілер жəне шаруалар.

6Метэктер — Афиныда  өмір сүруші шетелдіктер. 

Навкрарий — округ, елдің  округтық бөлінісі бойынша.

Остракизм —  адамды мемлекеттен  қуу.  

Сисахфия — қарыздық құлдықты жою бойынша реформа.         

Фет — кедей.

Эвпатрид — Афиныдың еркін  халқы.

Ежелгі Рим

Авгурлар — жануарлардың  əрекеттері, табиғат құбылыста-

ры негізінде адамдардың жүріс-тұрыстары туралы өз қоры-

тындыларын беретін дін  қызметкерлері.

Диоцез —   империялық кезеңдегі ірі əкімшілік-аумақтық

бірлік.

Доминат — шексіз монархия режимі.

Деликт — құқықбұзушылық.

Курия —  Курион басқарған, 10 рудан құрылған əскери жə-

не діни бірлік.

Квестор —   консулдың  арнайы өкілеттіктерге ие емес кө-

мекшісі.

Конкубинат — некеден  тыс бірге өмір сүру.

Магистратура — басқару  мен сот өндіріс органы.

Төменгі магистрат — қылмыстарды  тергеумен айналысты.

Патрицийлер —  римдік қалалық  қауымның толыққұқылы

азаматтары.

Понтификтер —  халықтық дəстүрлерді түсіндіруші жəне

сақтаушы.

Претор — консулдың  көмекшісі, лауазымды тұлға.

Плебейлік трибуналар —   плебейлердің мүдделерін қорға-

ған трибун.

Принцепс — өмір бойғы  жəне төтенше билікке ие жоғарғы

республикалық магистрат.

Префектура —   диоцезамен салыстырғанда империялық

кезеңдегі кішкентай əкімшілік-аумақтық бірлік.

Сенат — əртүрлі кезеңдерде Ақсақалдар кеңесі, заңшығару-

шы жəне кеңесуші орган.

Триба — 10 куриядан құрылған тайпа.

Фециалдар — соғыс жариялау əрекеттерін жүзеге асырды.

7Центуриаттық комициялар  — халық жиналыстарының түрі.

Цензорлар —  азаматтарды  трибаларға, разрядтарға, центу-

рияларға бөлу мақсатында олар үшін ценздер орнықтыратын

лауазымды тұлғалар.

Эдил — полициялық міндеттерді  жүзеге асырушы лауазым-

ды тұлға.

Франктардың мемлекеті жəне құқығы

Аллод — мұрагерлік бойынша  берілетін жерге жеке меншік

құқығы.

Бенефиций —  жерді əскери қызметі үшін шартты түрде

өмір бойғы иелену,  кейін   жер иелену мұрагерлікке берілетін

болды, ол феод деген атқа ие болды. 

Коммендация — өзін феодалдың  қамқоршылығына беру. 

Майордом — патша сарайын  басқарушы.

Маршал — атты əскердің қолбасшысы.

Министериал —  патша сарайын  басқарушы лауазымды тұлға.

Прекарий —  шаруаға  белгілі бір міндеттерді орындағаны

үшін жерді пайдалануға  беру.

Пага — округтың атауы.

Патронат — ақсүйектердің  шаруаларға қамқоршылығы.

Пфальцграф —  алғашқыда  құлдарға қараушы,  кейін патша

сотын басқарушы.

Тезаурарий — қазына мен  байлықтарды сақтаушы.

Францияның мемлекеті  мен құқығы

Бальяж —  патша доменінің  əкімшілік бірлігі,  оны балья

басқаратын.

Вилландар —  жеке бас  бостандыққа ие, өз парцеллаларын

сатуға құқығы бар шаруалар,  олар феодалдық міндеттерден

босатылды. 

Домен — патша иеліктері.

Канцлер —  басқа лауазымды  тұлғалардың жұмысын бақы-

лап отырған лауазымды  тұлға.

Коннетабль — патша  əскерінің қолбасышысы.

Кутюмдар — əдет-ғұрыптар.

8Камерарий — патша  қазынасын басқарушы. 

Легисттер — рим құқығын  білетін заңгерлер.

Сюзеренитет —  вассалитет қатынастары  —   сеньор мен

вассалдың арасында қалыптасқан  қатынастар (қожайын — құл

сипатындағы).

Ордонанс, эдикт — патша  билігінің актілері.

Парцелла — шаруалардың  иелігіндегі немесе пайдалануын-

дағы қожайын жерінің  бөлігі.

Превотаж — прево басқаратын округтар, олар патша доме-

нін құрады.

Палатиндар — патша  кеңесшілері.

Сервалар —  жеке жəне мұрагерлік тəуелді шарулар  (жағ-

дайы бойынша басыбайлы  шаруаларға ұқсады).

Цензива — мұрагерлік жер  үлесі.

Цензитарий — цензиваның иесі.

Англияның мемлекеті мен  құқығы

Ассиздер — патшаның нормативтік  актілері.

Витанагемот (Уитанагемот) —  Кемеңгерлер кеңесі, ертефе-

одалдық монархия кезеңіндегі  атқарушы орган. 

Джентри —  ұсақ жəне орта феодалдардан құралған жаңа

дворяндар (жағдайы бойынша  буржуазияға ұқсас болып келді).

Керлдар — шаруалар-қауым  мүшелері.

Камерарий —  мүлік пен  қаржы үшін жауап беретін лау-

азымды тұлға.

Капеллан — патша кеңсесін меңгеруші.

Копигольдерлер —  басыбайлы  шаруалардың ұрпақтары,

ақшалай жəне заттай сипаттағы  міндеттерді иеленді.

Лэттер —  бағындырылған  кельт тайпаларының жартылай

тəуелді халқы.

Маршал — атты əскердің қолбасшысы.

Мисдиминор — теріс  қылық.

«Жалпы құқық» — Вестминстерлік патша соттарының сот

тəжірибесінен туындаған  құқық.

«Əділдік құқығы» —  канцлерлік сот қызметінің нəтиже-

сінде туындаған сот.

Тэндар — қызмет етуші  ақсүйектер.

9Тризна — мемлекетке  немесе патшаға сатқындық (аса  ауыр

қылмыс).

Фригольдерлер — жерлердің  еркін иелері.

Фелония — ауыр қылмыс.

Эрлдар — ағылшын-саксондардың рулық-тайпалық ақсүйектері.

Юстициарий — патшаның көмекшісі.

Ортағасырлық Германияның  мемлекеті жəне құқығы

Курфюрст — ірі князь.

Рейхстаг — империялық сейм, өкілдік орган.

Чиншевик —  ол үшін чинш  (оброк)  төлейтін бөтен жерді

пайдаланушы.

Византия

Квестор — Мемлекеттік  Кеңестің төрағасы.

Консисторий —  Мемлекеттік  кеңес,  мемлекеттік басқару-

дың орталық органы.

Колонат —  белгілі бір  салықтарды төлегені үшін жəне

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың