Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. ІІ мың
жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көш-
пенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты
жаулап алды да, ежелгіүндістандық өркениетті құртты. Жаулап
кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның
негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ
— ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық
— вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.
Жер өңдеудің одан əрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы
қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бұл, өз
кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына жəне қоғамның
таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті жəне құқығы тарихының
кезеңдері:
1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы жəне
кұлиеленуші мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д. ІІ мың-
жылдықтың екінші жартысы);
2 кезең — Үнді
мен Ганг аймақтарында
мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. ІІ мыңжылдық — б.э.д. ІҮ);
3 кезең — Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің
құрылуы жəне гүлденуі (б.э.д. ІҮ — ІІ ғ.ғ.)
4 кезең — үнділік
шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. ІІ ғ.)
Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құры-
лымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болу-
ымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең
емес тұйық əлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның
таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға бөлінді:
брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (əскери
тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар
варнасы (қаналушы батырақтар).
Мемлекеттік құрылым. Мемлекет басында патша — раджа
немесе магараджа тұрды. Маурийлер дəуірінде маңызды орган
27ретінде патшаның билігін шектеуші жəне брахмандар мен
құлиеленуші аристократтардан құралған паришад танылды.
Мемлекеттік аппаратта шенеуніктер екі топқа бөлінді —
орталық жəне жергілікті басқару шенеуніктері жоғарғы
шенеуніктердің арасында мыналар ерекше орынды иеленді:
пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы; сенапати
— əскер қолбасшысы; ахармадьякша — сот істері бойынша
жоғарғы шенеунік. Басқарудың орталық аппараты үш мекемеге
бөлінеді: əскери, қаржылық жəне көпшілік істер бойынша.
Жергілікті басқару. Маурийлер мемлекетінде мыналар
ерекше бөлінді: патшаның басқаруы мен бақылауындағы об-
лыстар мен белгілі бір автономияға ие жерлер (провинциялар),
провинциялар, өз кезегінде, округтерге, округтер аудандарға
бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік қауым — ғана болған.
Əскер. Маурийлер дəуірінде əскерді алты алқаға бөлген 30
мүшеден құралған əскери кеңес басқарған. Олар үнділік
əскердің төрт түріне жетекшілік жасаған: жаяу əскерге, атты
əскерге, пілдер мен арбалы əскерге, əскери флот пен көліктік
əскерге.
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Үндістанның құқығы
дінмен, діни моральмен тығыз байланысты болған. Құқықтың
негізгі қайнар көзі ретінде Ведалар — діни кітаптар мен
дхармашастралар — діни-құқықтың, ережелердің жиынтығы
саналған, олардың ішінде аса маңызды болып Манудың дхар-
машастралары табылған. Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер
(шлок) түрінде жазылған 2685-баптан құралған. Құқықтық
материал ІҮ, ҮІІ, ҮІІІ жəне Х тарауларда мейлінше толық кө-
рініс тапқан.
Ежелгі Үндістанда жеке меншік ерекше дамыған, оның
объектілері ретінде құлдар, мал, астық жəне үй жабдықтары
саналған. Ал жерге деген жеке меншік аса дамымаған. Х —
тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тəсілдері аталып өткен:
мұрагерлік, сыйға алу немесе тауып алу, жаулап алу, сауда-
герлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау.
Міндеттемелік құқыққа (Ману заңдары бойынша) келесі
шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, сыйға беру,
тасымалдау, сақтау.
28Отбасы құқығында касталық қағида негізге алынған: аралас
некелерге тыйым салынған немесе олар шектелетін болған,
шудра мен брахманның некесінен туған бала чандал деп
танылған, олардан қоғам бет бұрған.
Мұрагерлік құқықта əкенің мүлкін мұраға алудың екі тəсілі
аталған: не ол ұлдардың арасында теңдей бөлінген, не оны
үлкен ұлы толығымен иемденіп, қалғандары сол ұлдың жа-
нында өмір сүрген. Қыздар мұраға ие болмаған, бірақ оларға
жасау берілетін.
Ману заңдарында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы
тыйымдардың ішінен бөліп қарастырылмаған. Сонымен қатар
заңдарда патшаға немесе
мемлекеттік билікке қарсы
талған əрекеттерді жазалайтын баптар болмаған. Ал жеке
меншікке, жеке тұлғаға нұқсан келтірушілік пен отбасылық
ережелерге қарсы бағытталған
əрекеттер өте қатаң
Мұндай жағдайда касталық ерекшеліктерге ерекше мəн
берілген. Жасалған қылмыстар үшін негізгі жазалардың
қатарынан өлім жазасы, тілді кесу, қолды, аяқты кесу, таңба
салу, құлдыққа салу орын алған.
Сот процесі. Ежелгі Үндістанның сот өндірісіндегі қыл-
мыстық жəне азаматтық іс жүргізудің арасы ажыратылмаған.
Сот істері мүдделі тұлғалардың ынтасы бойынша қозғалған.
Сотта істі қарау жарыспалылық сипатына ие болған.
294. Ежелгі Қытайдың мемлекеті жəне құқығы
Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары
Хуанхэ өзенінің орта жəне төменгі ағыс тұстарын, Бохай
шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа
аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда
өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли»,
шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте
— «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым-
дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген.
Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің
одан əрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы жəне қоғамның
таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына жəне оның
орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д.
1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен
аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь)
мемлекетін құрды.
Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының ке-
зеңдері:
1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғ.ғ.) —
құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл
кезеңде, сонымен қатар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан
(б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бас-
тапқы кезеңдері ғана тəн; ə) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— ХІ ғ.ғ.)
— таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.
2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. ХІ — ІІІ ғ.ғ.) — иерархиялық
əлеуметтік жүйе пайда болады;
3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) жəне Хань кезе-
ңі (б.э.д. ІІІ ғ.— б.э. ІІІ ғ.) — жаңа, феодалдық қатынастардың
негізі пайда болады.
Қоғамдық құрылым. Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы
санынан артықшылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына
билеуші — ван жəне оның туыстары, билеушіге жақын
адамдар абыздар, шенеуніктер жəне бағынышты тайпалардың
ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд —
əлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің
мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анық-
таған. Цинь кезеңінде
Шан янның жүргізген
30гізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді,
оған сəйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы
жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д.
ІІІ ғасырдан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Со-
нымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, əскери, қыз-
меттік жəне саудагерлік.
Ең төменгі сатыда құлдар болған. Құлдықтың қайнар көз-
дері түрліше болған: əскери қамау, қарыздық құлдық, сый ре-
тінде алу, қылмыскерлер, шығынға ұщыраған шаруалар.
Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өңдеу-
мен айналысатын еркін қауым мүшелері болған.
Мемлекеттік құрылым. Құлиеленушілік Қытайда оның
тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық ныса-
ны болған. Билеуші — ванның қолында билік толығымен бол-
ған. Патша билігі құдайдың билігіне теңестірілетін Монархия
мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарай-
лық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақ-
ты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ,
олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар,
күңдер болған.
Шан дəуірінде патшаға жақын тұлғалардың арасында 20
жуық ресми титулдар болған, олар функциялары бойынша үш
топқа бөлінген: біріншісі — азаматтық лауазымды тұлғалар,
екіншісі — əскери лауазымды тұлғалар, үшіншісі — əртүрлі
кеңесшілер, бал ашушылар мен көріпкелдер. Чжоу кезеңінде
ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған, ол барлық
шенеуніктерге басшылық жасап, билеушінің əртүрлі тапсыр-
маларын орындаған. Сонымен қатар, үш гундер — патшаның
басты кеңесшілері лауазымы болған. Цинь дəуірінде импера-
тордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер —
екі ченсина табылады, олар аппарат жұмысын басқарады,
тайвэй — империяның қарулы күштерін басқарады жəне юйши
дафу — барлық мемлекеттік аппаратты басқарады. Ченсяна,
тэйвей жəне юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын жəне
«үш гун» атауын иеленді.
Жергілікті басқару. Шан жəне Чжоу дəуірінде Қытай өз
көсем — билеушілері — чжухоулары бар көптеген иеліктердің
жиынтығынан құралған болатын. Чжухоулар ванның жоғарғы
31билігіне бағынған. Цинь дəуірінде Шан Янның əкімшілік
реформасына сəйкес патшалықтың аумағы 41 цездке бөлінді,
олар валостар мен тиналарға бөлінді, ал алар, өз кезегінде, өз
басқару органдары бар 10 қауымдастықтан құралды. Қауым-
ның тұрғындары фулаоны (ақсақал) сайлаған, ал олардың
арасынан староста — личжен сайланған.
Əскер. Шан патшалығында тұрақты əскер болған жоқ.
Қажет болған жағдайда чжухоулар 3000, 5000, 6000 əскер-
лерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған əскер əскер-
басы — қолбасшыға берілетін жəне жорыққа шығатын. Əскер
екі бөлікке бөлінетін: жаяу əскер жəне арбалы əскер. Сонымен
қатар, халық мал мен арбаларды беретін. Əскердің үш түрі
болған: жаяу əскер, атты əскер жəне қарулы арбакештер. Цинь
империясында əскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген.
Жоғарғы қолбасшы болып императордың өзі табылған.
Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мем-
лекеттік аппараттың көптеген өкілдері жүзеге асырған.
Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған. Жергілікті
жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналыс-
қан.
Құқықтың негізгі сипаттары. Б.э.д. Ү— ІІ ғ.ғ.— да
бірқатар жинақтар жасалған, олардың ішінде ең əйгілі 6
тараудан құралған «Заң кітабы» (Фацзин). Мұнда Қытайдағы
қолданыстағы қылмыстық іс жүргізушілік заңнама көрініс
тапқан.
Шан мемлекетінде меншік құқығының обьектілері ретінде
мал, құлдар, еңбек құралдары, құнды асыл бұйымдар жəне
басқа да мүлік танылған. Тек б.э.д. І мыңжылдықтың екінші
жартысында ғана жерге деген меншік құқығы пайда болады.
Қытайлық заңнамаға мына шарт түрлері тəн болған: сату-сатып
алу, заем, кепіл, несие беру, жерді жалдау.
Шан кезеңінің отбасы құқығында матриархаттың элемент-
тері болған, туыстар арасындағы некеге рұқсат берілетін, алай-
да, Чжоу мемлекетінде патриархатты отбасы орнығып, көп
əйел алуға рұқсат етіледі.
Мұрагерлік құқықта əке мүлкін бірінші əйелдің үлкен ұлы
иемденетін тəртіп орныққан. Ұлы болмаған жағдайда мұра-
герлікті күйеуінің басқа туыстары иеленетін.
32Қылмыстық заңнамада мемлекеттік қылмыстарға ерекше
мəн берілген, олар үшін мынадай жазалау жүйесі қолданыл-
ған: таңба салу, мұрынды кесу, аяқты шабу, еркектердің жы-
ныс мүшесін кесіп тастау жəне өлім жазасы.
Ежелгі Қытайдағы сот əкімшіліктен ажыратылмайтын. Ал-
дын-ала тергеу мен сот талқысын бір тұлға жүргізе беретін.
335. Ежелгі Грецияның мемлекеті жəне құқығы
Б.э.д. ҮІІІ — ҮІІ ғ.ғ.-да Грецияда рулық құрылым жойылып,
құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған.
Греция біртұтас мемлекет болмаған жəне мұнда бірдей
халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала — мемлекеттер —
полистерден құралған. Ежелгі Грецияның құлиеленушілік
қоғамына тəн негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен
Спартаны атауға болады.
а) Спартаның мемлекеті жəне құқығы
Спартаның негізін қалаушы ретінде Ликург патша сана-
лады. Спартада үстемдік құрушы класс ретінде спартиаттар —
толық құқылы азаматтар саналған, олардың саны 8 мыңдай
болған жəне тек Спартада өмір сүрген. Оларда жерге, малға
жəне солардың жерінде жұмыс істейтін илоттарға меншік
құқығы болған.
Спартиаттардың ұйымдасуы рулық сипатта болған. Барлық
спартиаттар үш рулық филге бөлінген, əрбір фил — он
«обаға», əрбір оба — он триакидке бөлінген. Спартада қанау-
шы тапқа илоттар — жауланған аумақтардың бас иген
тұрғындары мен пэриектер — жеке бостандығы бар, бірақ
саяси құқықтарды иеленбейтін жəне Спартаға төлем төлейтін