Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
жəне феодалдық мемлекет пен құқықтың негізгі институтта-
рының қалыптаса бастауы (IV-VII ғ. ортасы);
2 кезең — феодалдық
мемлекет жəне құқықтың
жəне дамуы (VII ғ. ортасы — ІХғ. бірінші жартысы);
3кезең — басқарудың
тармақталған бюрократиялық
ты бар орталықтанған феодалдық монархияның құрылуы (ІХ ғ.
екінші жартысы — ХІІІ ғ. басы);
4 кезең — феодалдық
ыдыраушылық жəне орталық
əлсіреу процесінің күшеюі (1204 — 1453 ж.ж.).
Қоғамдық құрылым. Византияның бүкіл халқы мұрагерлікке
өтетін өзіне тəн белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар сос-
ловиелерге бөлінді. Ең жоғарғы болып қызметкерлер сосло-
виесі табылды, олардың
жоғарғы тобын жоғарғы
лауазымдардағы ірі жер иеленушілер — сенаторлар құрады.
Сенаторлар атағын иеленбеген қызметкер — ақсүйектер ди-
наттар деп аталды. Бұл — магистрлар, облыстық бастықтар,
митропометтер, епископтар, игумендер лауазымын иеленген
ірі жер иеленушілер еді. Артықшылықтарды иеленген сосло-
виеге, сонымен қатар, куриалдар — қалалық куриялардың
құрамына кірген ұсақ жəне орта жер иеленушілер де кірді.
Одан кейін иерархиялық баспалдақта шаруа халқы тұрды,
олардың негізгі бөлігін колондар құрады. Колондар еркін жəне
басыбайлы болып бөлінді. Басыбайлы колондар еркін колон-
дарға қарағанда нақты бір жерге бекітілген болатын жəне бір
69жер иеленушіден екіншісіне кете алмайтын. Келесі сословие —
плебейлер, бұл — қалалардың еркін халқы: саудагерлер, кеме
иелері, қолөнершілір, ұсақ жер иеленушілер. Соңғы, құқық-
тарды иеленбеген топ — құлдар-дулдар еді.
Мемлекеттік құрылым. Византия империясы орталықтан-
ған мемлекет болатын, оның басында император тұрған, ол
византиялық шіркеудің ілімі бойынша өз билігін құдайдан
алтын, ал оның тұлғасы қасиетті деп саналатын. Императордың
қолында заң шығару, атқару жəне сот биліктері жинақталған
болатын. Императордан кейін екінші тұлға болып Константи-
нополь патриархы табылды. Императордың жанында екі
кеңесуші орган болды: 1) ішкі жəне сыртқы саясаттың маңыз-
ды мəселелерін талқылаушы Сенат жəне 2) орталық мемлекет-
тік басқарудың басында тұрған мемлекеттік кеңес —
Консисторий.
Жоғарғы лауазымды тұлғаларға мыналар жатты:
— преторийдің екі префекті (Шығыс преторий префекті
Кіші Азияға, Понтқа жəне Фракияға басшылық жасады; Или-
рия преторий префекті — Балқан түбегіне басшылық жасады);
— астана префекті (эпарх), Константинополь мен 100 ми-
льге дейін оған жақын жатқан селолық аймақты басқарды;
— сарай бастығы — императордың жеке күзетін, жеке
канцеляриясын жəне мемлекеттік поштаны басқарды;
— квестор — Мемлекеттік кеңестің төрағасы болып та-
былды, император жарлықтарын жасаумен жəне оларды тара-
тумен айналысты;
— қаржының екі комитеті — біреуі мемлекеттік қазы-
наны, екіншісі императордың иеліктерін, сарайларын жəне ат
зауыттарын басқарды;
— əскердің екі магистрі: біреуі жаяу əскерге, екіншісі
атты əскерге басшылық жасады.
Жергілікті басқару. Византияның бүкіл аумағы екі префек-
тураға бөлінді, префектуралар əрқайсысы 50 провинциядан
құралған жеті диоцезден тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік
болып қауымдастық табылды.
Сот жүйесі. Византияның сот жүйесі төмендегідей сипатты
иеленді:
701. Жоғарғы сот органы болып император соты табылды —
мемлекеттік қылмыстар туралы аса маңызды істерді қарас-
тырды.
2. Мемлекеттік кеңес — мемлекеттік қылмыстар жəне
жоғарғы лауазымды тұлғалардың қылмыстары туралы істерді
қарастырды.
3. Секреттер (канцеляриялар) — өздеріне бағынышты тұл-
ғаларды соттау құқығы болған.
4. Протовестиарий (сарайдағы жоғарғы лауазымды тұлға-
лардың бірі) — сарай қызметкерлері, лауазымды тұлғалары ту-
ралы істерді қарастырды.
5. Констинополь эпархы — цех шеберлерінің істерін қарас-
тырған.
6. Параталассит (қаржы мекемесінің шенеунігі) — сауда-
герлер мен кеме иелеріне қатысты сотты жүзеге асырған.
7. Квестор (жоғарғы сот қызметкерлерінің бірі) — жер
даулары мен өсиеттер туралы істерді қарастырды.
8. Жоғарғы шіркеу соты болып Константинополь патриар-
хатының соты табылды.
9. Шаруалар қауымында қауым мүшелері арасындағы бар-
лық дауларды қауым жиналысы шешкен.
Құқықтың негізгі сипаттары. Византияда император жар-
лықтары, грамоталары, заңдар жинағы, оларға түсіндірмелер,
сот тəжірибесінің жинақтары түріндегі біршама дамыған заң-
нама жүйесі болған.
IV ғасырдан VII ғасырға дейін құқықтың негізгі қайнар
көздері болып Феодосий кодексі мен Юстиниан жинағы
табылған. Сонымен қатар құқықтың басқа да қайнар көздері
болған:
1. Эклога (726ж.) — азаматтық, қылмыстық жəне іс
жүргізушілік заңдардың жинағы (бұлардың негізін Юстиниан
жинағы құраған), ескірген заңдардан басқа жаңа заңдар жəне
əдет құқығының нормалары.
2. Жер туралы заң, бұның негізін славяндық əдет құқығы
құраған, заң ауыл шаруашылығы саласындағы құқықтық
қатынастарды реттейтін.
3. Əскери заң, бұл заң əскери қызметшілердің əскери
қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілігін анықтаған.
714. Номоканондар — шіркеулік құқықтың жинақтары, мұнда
шіркеулер мен патриархтардың қаулылары кірген.
5. Прохирон (879ж.) — азаматтық, қылмыстық жəне шір-
кеулік құқық нормалары бар заңдардың судьяларға арналған
қысқаша жазбасы.
6. Базиликтер (888ж.) — 60 кітаптан құралған заңнамалық
жинақ.
7. Хрисовулдар — дін қызметкерлері, шіркеулер жəне жеке-
леген тұлғалар үшін артылықшылықтар жазылған алтынмен
өрнектелген грамоталар.
8. Эпарх кітабы, мұнда
византиялық саудагерлер
шілер корпорацияларының ұйымы, өмірін жəне жағдайын
анықтайтын нормалар көрініс тапқан.
9. Алтыкітаптық — Византияның азаматтық жəне қылмыс-
тық құқығының жинағы (1345ж.).
Меншік құқығында прония институты дамыған, бұл инсти-
туттың мəні мынада еді: қызметкер тұлғаларға жерді шартты
жəне өмір бойға иелікке беру. Міндеттемелік құқықта міндет-
темелерді шарттардан туындаған жəне деликтілерден туында-
ған міндеттемелер деп бөлу сақталып қалды. Неке Византиыда
православиелік шіркеулік құқықтың нормаларымен реттелетін.
Мұрагерлік құқық заң бойынша жəне өсиет бойынша мұра
иеленуді танитын. Қылмыстық құқықта қылмыстардың келесі
түрлері ажыратылатын: мемлекеттік қылмыстар, мүліктік
құқықтырға қарсы қылмыстар, имандылыққа жəне отбасына
қарсы қылмыстарға жеке тұлғаға қарсы қылмыстар. Жазалар-
дың бір қылмыс түрі үшін де көптігі орын алған болатын, олар:
өлім жазасы, мүшелерге зақым келтіру жазалары, ақшалай
айыппұлдар, мүлікті тəркілеу, мемлекеттен қуу. Барлық құқық-
бұзушылықтар түрі бойынша сот істері либеллярлық процесс
түрінде өтетін, оның мəні мынада болды: сот талқысының
барлық кезеңдері жазбаша рəсімделетін.
722. Болгарияның мемлекеті жəне құқығы
Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері:
1 кезең — «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Визан-
тияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі — Ми-
зияны славяндар жаулап алды;
2 кезең — Біірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай
оқиғалар орын алды:
— 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар
дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж.
византиялық император IV Константин Аспарух ханмен бейбіт
келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар
мемлекетін тануды білдірді;
— 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон князьдың
тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі
қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы
қайшылықтар Болгар мемлекетінің əскери жəне экономикалық
қуатының əлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия
Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол
астына алды;
3 кезең — Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.)
болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық кү-
ресінің нəтижесінде құрылды.
Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық
негізін феодал — жер иеленушілер мен шаруалар құраған.
Феодалдар табына ірі феодалдық ақсүйектер — боярлар мен
олардың вассалдары — ұсақ феодалдар кірген.
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
париктер — феодалдарға тікелей тəуелді, жерге бекітілген
жəне одан кетуге құқығы болмаған; отроктар — тəуелді ша-
руалардың ең төменгі санаты; технатарийлер — өз қожасының
шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолө-
нершілер.
Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында
монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда — хан, сла-
вянша — князь, Симеонның тұсында — кесар, кейін —
император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот жəне
73жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін
əскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның
құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы
лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын.
Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет–
бірінші министр жəне Екінші Патшалық патшасының кө-
мекшісі; протовестиарий — қаржы министрі, патшаның жəне
мемлекеттің қазынасын сақтаушы жəне басқарушы; ұлы əскер-
басы жəне протостратор — жоғарғы əскери шендер.
Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға
бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып
табылатын облыстық басшылар — дукалар басқарған.
Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік жəне
шіркеулік соттардан құралған.
1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның
билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркия-
ның арасында Сан-Стефан бейбіт келісіміне қол қойылды, оған
сəйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға жəне Черногорияға
тəуелсіздік берілді.
Құқықтың негізгі сипаттары. VІІ-VІІІ ғасырларда Болга-
рияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылды.
Кейін номоканондар — шіркеулік византиялық заңдар жинағы
пайда болды, олардың арасында Эклога мен Жер туралы заң
ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі
32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық жəне іс
жүргізушілік құқық
болған.
Бұл қайнар көздерге сəйкес жерге меншіктің екі түрі
ажыратылды: баштина — мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін
меншік жəне прония — міндетті əскери қызметпен байла-
нысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қай-
тыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің
өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған
мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.
Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен
шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген.
Патшаға жəне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал
меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азамат-
74тық-құқықтық
тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дəрежесі мен жа-
заның ауырлығы жəбірленуші мен қылмыскердің сословиелік
тегіне байланысты анықталатын болған.
753. Сербияның мемлекеті жəне құқығы
Сербтердің бірінші тайпалары көрші қауымдардан құралған
болатын, бұл қауымдар, өз кезегінде, үлкен патриархалдық
жанұялардан — задругалардан тұратын. Бірнеше задруга
тайпаны құраған, ал бірнеше тайпа жупаны құраған, жупаны
жупан басқарған. Рулық-тайпалық демократияның негізгі
органдары болып жупан, ақсақалдар кеңесі жəне халық жина-
лысы табылған.
Серб мемлекеті қоғамның даму нəтижесі ретінде белгілі бір
заңдылықтарға сəйкес пайда болды, қоғамның даму нəтиже-
сінде феодалдық қатынастар қалыптасып, қоғам феодалдар мен
шаруалар табына бөлінді. Ортағасырлық Серб мемлекеті ХІV
ғасырдың ортасында Стефан Душанның тұсында ерекше
қуатты болды.
Қоғамдық құрылым. Феодалдардың жоғарғы тобын ерекше
ақсүйектер — властелдер мен текті ақсүйектер — князьдар мен
вельможалар құрады. Властелдер жерді баштина құқығына
(мұрагерлікпен, еркін берілетін меншік) сəйкес иеленетін.
Феодалдардың келесі бөлігі — властеличтер — жерді өз
властелдері — сюзерендерден прония құқығы негізінде —
əскери қызметтен өту шартымен уақытша пайдалануға алатын.
Ақсүйек феодалдармен бірге үстемдік құрушы тапқа дін
кызметкерлері де кірген.
Халықтың қаналушы табының арасынан келесі топтар
бөлінді: меропхалар — əртүрлі міндеттерді орындайтын жəне
феодалдарға, мемлекет пен шіркеуге салық төлейтін шаруалар;
влахтар — катундар деп аталатын ерекше қауымдарда өмір
сүретін, таулы аймақтардың мал бағумен айналысатын халқы;
отроктар — негізінен үй шаруашылығында пайдаланылатын
құлдар, себралар — еркін қауым мүшелері; қала азаматтары.
Мемлекеттік құрылым. Серб мемлекетінің басында
сайланбалы ірі феодал-монарх тұрған. 1217 жылы серб
монархы Стефан Неманич алғаш рет рим папасынан патша
титулын алды, бұл оның басқа ірі феодалдарға билік жүргізу