Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

уніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əр-

түрлі діндердің санына қарай  таптарға бөлінген. Əрбір топтың

басында жоғарғы абыз тұрған.

2. Египеттік қоғамның артықшылықты  тобына рулық — 

тайпалық ақсүйектердің  ұрпақтарынан құралған египеттік

аристократия мен мемлекеттің  жоғары əскери жəне азаматтық

шенеуніктері жатқан.

3. Ерекше орынды хатшылар  иеленген,  олардан жоғарғы

шенеуніктер шыққан.

4. Еркін шаруалар —   олардың кейбіреулері мемлекеттік

жерде өмір сүрді, өз жерлері  болды жəне сол үшін рента-салық

төлеген;  кейбіреулері шенеуніктің  немесе əскери тұлғаның

жерінде жұмыс істеп,  күндізгі тамақтарын ішіп,  өте ауыр жұ-

мыстарды орындаған. 

5. Қолөнершілер — мемлекеттік  қазбаларда жұмыс істеген. 

Ерекше басқарушылардың  бақылауындағы 10 адамнан тұратын

топтарға біріккен.

6. Қоғамдық баспалдақтың  төменгі буынын құлдар құраған. 

Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен

борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі  құлдық табылған. 

Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия

нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға — 

патша-перғауынға тиесілі  болатын.  Перғауындардың барлығы

бір рудан тарайтын жəне бір-бірін  тақты мұрагерлікпен ием-

дену тəртібі нəтижесінде  ауыстыратын.  Египеттегі деспотия-

ның ерекше белгісі болып  мемлекет басшысы —  патша-

перғауынның діни культы табылатын.

Лауазымды тұлғалар:

201)  перғауынан кейін  басты лауазымды тұлға болып  уəзір, 

патшаның жақын көмекшісі  табылды, оның өкілеттіктер ауқы-

мы өте кең болған:  мемлекетті басқарған,  сотта басқарушы

болған,  жоғарғы сот  органы болып табылатын ондық  кеңесті

басқарған, шаруашылықты басқаруға  қатысқан, əскери күштер-

дің басында тұрған, нотариустың  міндеттерін орындаған;

2) келесі лауазымды тұлға  — мөрді сақтаушы немесе бас  қа-

зынашы —  табиғи сыйлықтар  сақталатын мемлекеттік қойма-

ларды меңгерген;

3)  барлық патшалық жұмыстардың  басшысы —  еркін ха-

лыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне

сəулетшінің лауазымын орындаған. 

Жергілікті басқару. Египеттің  бүкіл аумағы номдарға

бөлінген,  олардың басында  перғауынға тəуелді лауазымды

тұлғалар —  номархтар  басқарған.  Номарх жоғарғы сот  жəне

əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен

қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың

төменгі органдары болып  ауылдық общиналар табылған. 

Əскер. Алғашқыда тұрақты  əскер перғауынның жеке кү-

зетімен жəне мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті

топтармен ғана шектелген. Соғыс  болған жағдайда рекруттың

жүйе бойынша жинақталған  əскер жиналатын.  Жаңа патша-

лықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған. 

Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде

жүзеге асырылатын.  Жаңа патшалық кезеңінде 30  судьядан

құралған орталық соткенбет  құрылған болатын.  Жергілікті

жерлерде округтер мен  жекеленген қалалардың кенбеттері ен-

гізілген. 

Ежелгі Египеттегі сот  əкімшіліктен бөлінбегендіктен,  лау-

азымды тұлғалар мен номархтар  бір мезетте жоғарғы судьялар

болып табылатын.  Жоғарғы  сот инстанциясы перғауын бола-

тын.

Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Египеттің құқығы

белгілі бір дəрежеде алғашқы  қауымдық құрылымның қалдық-

тарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі

қайнар көзі болып əдет-ғұрып  табылатын.  Алғашқы жазбаша

заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған. 

21Менес перғауын дін  мəселелері бойынша қылмыстық  заңна-

маны құрастырса,  Бокхорис перғауын қаржы мен сауда сала-

сындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті

əкімшілікті заңнамалық түрде  реттеуді жүзеге асырған.

Отбасы-некелік заңнаманың ерекшелігі болып матриархат-

тың қалдықтарының сақталуы табылады. Əйелдер еркектермен

тең құқықтарды иеленген. Неке шарт ретінде жүзеге асты, мұн-

да əйелдер өз атынан қатысатын.

Қылмыстық құқықта аса  ауыр қылмыстар ретінде перғауын-

ның билігіне қол сұғу мен  мемлекеттік төңкеріс жасау табы-

латын.

Жазалар айрықша қатаңдықпен  ерекшеленген. Өлім жазасы

екі нысанда қолданылатын:  жай түрі басты шабу жəне дарға

асу, ерекше түрі — отқа өртеу, ағашқа керу жəне тірідей көму.

Сонымен қатар, талион түріндегі  жазалар да қолданған: бірінші

түрі — кінəлінің қылмыс жасаған мүшесіне зақым келтірілетін,

екінші түрі —  кінəлінің  жəбірленушіге зиян келтіруі өзіне

қатысты жасалатын. 

222. Ежелгі Вавилонның мемлекеті  жəне құқығы

Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің

аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған:  бұл

жердің ежелгі халқы болып  шумерлер табылған,  ал оңтүстік

бөлігінде аккадтар өмір сүрген.

Б.э.д.  ІІІ мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бө-

лінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қа-

ла-мемлекет»  нысанындағы  алғашқы 40  мемлекет пайда бол-

ған,  олардың əрқайсысында 40-50  мың адамдай өмір сүрген.

Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер  болып табылатын,  олар-

дың ішіндегі ең əйгілілері — Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши

жəне Умма.  Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі

факторы болып көршілес қауымдастықтардың  бірлескен

күштерін қажет ететін ирригациялық жəне мелиоративтік

жұмыстарды ұйымдастыру  қажеттігі табылды.

Ежелгі шумерлік қоғамдағы  билеуші топ мемлекеттердің

билеушілерінен,  олардың  отбасыларының мүшелерінен,  ру-

лық-тайпалық жəне шіркеулік  ақсүйектерден,  сонымен қатар,

патшалық жəне шіркеулік  шаруашылықты басқарушы тұлға-

лардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тəу-

елді тұлғалар жатқан.  Қоғамның жоғарғы тобы мен тəуелді

тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі —  аумақтық

қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған. 

Басқару нысаны бойынша ежелгішумерлік мемлекеттер

рулық-тайпалық ұйымдастықтың  қалдықтарын сақтап қалған

аристократиялық мемлекеттер  болған.  Əрбір қала —  мем-

лекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен  не

ақсақалдар кеңесімен  сайланған билеуші —  энси болған.

Билеушінің билігі халық  жиналысымен не ақсақалдар кеңе-

сімен шектелген;  бұл органдар билеушілердің қызметіне ба-

қылау жүргізген,  сонымен  қатар сот функцияларын жүзеге

асырып, қауымдық мүлікті  басқарған. 

Алайда,  көптеген мемлекеттер  тұрақты түрде билік үшін

өзара соғыстарды жүргізген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында

соңында жаңа орталық —  аккадтық қала Вавилонның үстемдігі

басталады.  Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың басында Вавилон аморей

тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің

23астанасына айналады.  Вавилон Аккад пен Шумерді  жаулап

алады,  нəтижесінде ірі  қуатты Ежелгівавилондық мемлекет

пайда болды. 

Вавилонның мемлекеті  мен құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең — бұл ежелгі  вавилондық мемлекеттің ерекше  гүл-

денген кезі, бұл кезде  Халемурапи патша билік құрады (б.э.д.

1792-1750  ж.ж.),  бұл мемлекет  таулық тайпа-касситтермен

жауланған болатын.

2  кезең —  б.э.д.  ХҮІІ ғасырдың соңына келеді,  бұл кезде

Вавилонның жаңа,  бірақ  уақытша өрлеуі орын алады  (Жаңа-

вавилондық патшалық). Б.э.д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар

жаулап алады. 

Қоғамдық құрылым. Елдің  негізгі халқын еркін адамдар  мен

құлдар құраған.  Еркін  адамдар,  өз кезегінде,  екі сословиеге

бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») жəне муш-

кенум (тура мағынасы «табынушы»). Бұлардың екеуі де бай да,

кедей де болуы мүмкін еді,  кейбіреулерінде құлдары да бола-

тын,  алайда қауымдағы  жерді иеленуі оларды толыққұқылы

қылатын. 

Қоғамның қаналушы табына құлдар жататын,  олар мемле-

кеттік  (патшалық),  ұжымдық  (шіркеулік) жəне жеке меншікте

де болатын.  Олар өз иесінің  мүлкінің құрамына енетін,  яғни,

оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын. 

Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік  құрылым нысаны бой-

ынша Ежелгівавилондық мемлекет қатысты түрде орталық-

танған мемлекет, оны басқару  нысаны бойынша — шығыстық

диспотия болып табылатын. 

Жоғарғы билік патшаға  тиесілі болатын патшалық биліктің

материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша ша-

руашылығы құрайтын.  Сонымен  қатар,  патша ирригациялық

шаруашылық пен ирригациялық жұмыстарға жоғарғы басшы-

лықты жүзеге асыратын.

Мемлекеттік істерді басқару  патшалық билікпен тағайын-

далатын жəне оның алдында  жауап беретін күрделі орталық-

танған шенеуніктік-бюрократиялық  аппарат арқылы жүзеге

асатын.  Əкімшілік биліктің орталығы —  патша сарайы мен

шенеуніктер,  олар сарай  шаруашылығына басшылық жасап,

мемлекеттің жоғарғы лауазымды  тұлғалары болып табылады.

24Су шаруашылығын өзендерді  басқарушы басқарды.  Оған

қадағалаушылар,  қараушылар,  бақылаушылар,  қоймашылар

жəне есепшілер бағынды. 

Жергілікті басқару. Бүкіл  мемлекет облыстарға бөлінді,

олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың

ішінде ең басты екеуі  болды:  солтүстікте Сиппар қаласында

жəне оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақы-

лау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді

иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды. 

Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес

табылды,  алайда,  оның басшысы —  рабианумды патша та-

ғайындайтын болған. 

Сот жүйесі. Патша мен патша  шенеуніктері əкімшілік жəне

сот істеріне де басшылық жасайтын болған. 

Жоғарғы судья ретінде  патша танылған, ол азаматтық жəне

қылмыстық істерді қарауда  жоғарғы инстанция болып табы-

латын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі  мен

рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын

арнайы патша судьялары  жүзеге асырған. 

Əскер. Қарулы күштердің негізгі  түрі болып еркін шару-

алардың жиналған əскері табылған,  олар соғысқа өз қару-жа-

рақтарымен қатысқан. Соғыс  біткен соң мұндай əскер тараты-

латын болған.

Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгівавилондық құқықтың

маңызды ескерткіші болып  Хаммурапи патшаның заңдары

табылған. Заңдардың мəтіні базальт қабырғада ойып жазылған,

оның жоғарғы жағында  тізесі бүгілген Хаммурапиға бұл

заңдардың мəтінін ұсынушы  күн құдайы Шамаштың бейнесі

бейнеленген,  бұл патша  заңдарының құдайлық бастамасын

білдірген. Хаммурапи заңдарын алғашқы аудармашы француз

ғалымы В.Шейл барлық жинақты 282  бапқа бөлген: 1— 15

баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6

— 126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған; 127 — 

195 баптар атбасылық жəне  мұрагерлік құқыққа арналған; 196

— 214  баптар тұлғаны қорғауды көздейді; 215 — 282  баптар

жалға алу шарттарын реттейді. 

Хаммурапи заңдарының басым  көпшілік баптары мүліктік

қатынастарды реттеуге арналған.  Меншік обьектісі ретінде

25жер, мал, еңбек құралдары,  құлдар жəне басқа да мүлік  таныл-

ған.  Бөтен мүліккке зиян келтіру міндетті түрде зияндарды

өтеуді көздеген.

Міндеттемелік құқыққа шарттардың келесі түрлері тəн

болған:

—   заем шарты,  бұл  шарт тек қарызды қайтаруды ғана

емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген;

—   сату-сатып алу  шарты, бұл шартты бекіту кезінде  шарт-

тың барлық жағдайлары көрініс  тапқан балшық таблетка түрін-

дегі жазбаша шарт жасалған;

—  сақтау шарты, бұл шартқа сəйкес, сақтауға берілген мү-

лікті сақтаушы мүлік жоғалған жағдайда оны иесіне екі есе

мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған;

—   жерді жалға алу  шарты —  жалға алушы жалға  алған

жері үшін алдын-ала белгіленген  мөлшердегі ақыны немесе

болашақта алынатын астықтың бір мөлшерін беруге міндет-

тенеді;

—  жеке жалға алу шарты  негізінен ерекше дағдылар мен

қабілеттері бар жұмысшыларға қатысты болған.

Неке жəне мұрагерлік құқыққа  заңдар жинағының 70-тен

астам бабы арналған.  Отбасы өз отағасы арқылы қауыммен

жəне мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды əлеуметтік

құрылым ретінде танылған.  Отбасы иесінің билігі отбасы

мүшелерінің жұмыс күшін  басқарушының билігі ретінде

көрініс тапқан. 

Хаммурапи патшаның заңдарында қылмыс пен жаза сияқты

түсініктердің нақты анықтамасы болмаған.  Жинақта патша

билігіне қарсы қылмыс жасаушы тұлғалар туралы айтылған

баптар жоқ, керісінше, мұнда  жеке меншікке қарсы қылмыстар

мен адамның өміріне жəне денсаулығына нұқсан келтіруші

əрекеттер туралы баптар көп.  Жəне жаза мүліктік жағдайға

қарай тағайындалған.  Өлім жазасы 30-дан астам жағдайда

қолданылған. Сот процесі  Хаммурапи заңдары бойынша жеке

сипатта болған,  яғни,  барлық істер мемлекеттің емес,  жеке

тұлғалардың ынта білдіруі арқылы қозғалған.  Процесте та-

раптар өз істеріне өздері жүргізетін болған. Сот шешімі жазба-

ша түрде,  арнайы балшықтан  жасалған таблеткада,  мөрмен

бекітіле отырып шығарылған жəне ол өзгертуге жатпайтын.

263. Ежелгі Үндістанның  мемлекеті жəне құқығы

Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан

түбегінің солтүстік бөлігінде,  Үнді жəне Ганг өзендерінің

аймағында пайда болып,  ауыл шаруашылығы мен қолөнердің

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың