Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
көзі болып əдет — ғұрып нормалары — кутюмдер табылды.
Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің
бірінші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда
болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың жəне
Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде
əдет — ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне
патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар,
эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың
негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.
Францияның феодалдық құқығының негізгі институты
болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод,
бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефецийлер мұрагерлік-
тің объектісіне айналды,X ғ. ал феод деп атала бастады.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар
болды: сату — сатып алу, зайым шарты, сыйға тарту шарты,
жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нор-
маларымен, сонымен қатар котюмдермен жəне патша ордо-
нанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі
бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата —
аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге
асырылады: заң бойынша (əкенің мүлкі мұрагерлерге əке
туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге
ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлықжиынтығын үш
санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мем-
лекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы
қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр
жазалар; ə) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде
қамау жəне мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан
келтіруші жазалар жəне айыппұл.
Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қыл-
мыскерді құпия түрде іздеу жəне хаттамамен рəсімделетін, оны
анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу;
екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі.
553. Англияның мемлекеті жəне құқығы
Англияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері:
1 кезең — ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия
(ХІ-ХІІғ.ғ.);
2 кезең — ағылшындық феодализмнің қалыптасуы (ХІ-
ХІІІғ.ғ.);
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия (ХІІІ-ХIVғ.ғ.);
4 кезең — шексіз монархия (ХV-XVIIғ. Бірінші жартысы).
а) Ертефеодалдық ағылшын-
VІІ ғ. басында герман тайпалары англдар, сакстар жəне
юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Бри-
танияда өмір сүруші тайпалар) құлдар мен тəуелді адамдарға
айналды.
Қоғамдық құрылым. Халықтың негізгі бөлігін еркін шаруа
— қауым мүшелер — керлдар құрады. Еркін тұлғалардың
жалпы көпшілігінен рулық-тайпалық ақсүйектердің өкілдері —
эрлдар бөлініп шықты. Жартылай еркін халық — лэттар —
эрлдарға тəуелді, бағынышты кельттардан тұрды. Қоғамдық
баспалдақтың ең төменгі буынын құлдар құрады.
Феодалдық қоғамның қалыптасуымен ағылшын-саксондар-
дың ірі жер иеленушілері глафордтар немесе лордтар деп атала
бастады. Шаруалардың негізгі бөлігін басыбайлы шаруалар —
вилландар құрай бастады. Жеке бас бостандығы бар шаруалар
сокмендер деп аталды.
Мемлекеттік құрылым. ІХ ғ. басында Уэссекс патшалығы
өзіне қалған ағылшын-саксондардың барлық мемлекеттерін
бағындырады, сөйтіп Англия деп атала бастаған біртұтас
ағылшын-саксондық мемлекет құрылады.
Жоғарғы билікті патша иеленеді, ол заң шығару жəне əс-
кери биліктерін иелене отырып, жоғарғы судья болып табыл-
ды. Атқарушы орган ретінде ғұламалар кеңесі — витанагемот
қызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жынысты
балалары, епископтар, ірі феодалдар мен қызмет етуші
ақсүйектердің өкілдері — тэндар кірді. Витанагемоттың мем-
лекетті басқарудағы рөлі біртіндеп əлсірей бастайды, себебі
патша сарайы басқару орталығына, ал патшаның айналасында-
56ғылар — мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларына айна-
лады. Олардың ішінде: камерарий — патшаның мүлкі мен
қаржысы үшін жауап берді; маршал — патшаның атты əскерін
басқарды; капелан — патша канцеляриясын басқарды.
Əскер. Ағылшын-саксондық патшалардың əскері дружина-
лар мен халық қолынан тұрды. Халықтан жинақталған қолға
қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді.
Жергілікті басқару. Ағылшын-саксондарда негізгі аумақ-
тық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатары-
нан патша тағайындайтын олдермен басқарды. Графтық жүз-
діктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында
сайланатын жүзбасылар тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік
болып селолық қауымдастық табылды. Қауымдастықтар он-
дықтарға бөлінді, олардың мүшелері ортақ жауапкершілікте
болатын.
Сот. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табыл-
ды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вас-
салдары арасындағы дауларды жəне жер иеліктеріне байланыс-
ты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық
жəне азаматтық юрис-дикция жиналыстардың қолында болды.
ə) Ағылшындық феодализмнің қалыптасуы
1066 жылы норманд герцогы Вильгелм үлкен əскерімен
аралға келіп, ағылшын-саксондық əскерді жеңді де, Англияны
жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде
жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық
антын білдіруге талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей
вассалдарына айналдырды.
Қоғамдық құрылым. Феодалдық шаруашылықтың негізі
болып феодалдардың жер иеліктерінің жиынтығын білдіретін
манор табылды. Негізгі антагоникалық таптар — феодалдар
мен басыбайлы шаруалар болды. Ол кезде барлығы сексенге
жуық қалалар болған,
бұларда саудагерлер мен
лердің топтары қалыптаса бастады.
Мемлекеттік құрылым. Нормандтық жаулаудан кейін
Англияда қуатты патша билігі бар орталықтанған мемлекет
қалыптасты. Жоғарғы заң шығару билігін патша патша курия-
57сымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Патша куриясы мем-
лекеттік басқарудың жоғарғы органы,жоғарғы сот органы жəне
мемлекеттегі қаржыларды
басқарушы орган сипатында
Патша куриясынан мемлекеттің тек қаржысын ғана басқаратын
орган — шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұл орган
жоғарғы есеп палатасы жəне қаржылық мекеменің шенеу-
ніктері жасаған қылмыстар туралы істер бойынша сот органы
болып табылды. Бұл кезеңде мемлекеттегі жоғарғы лауазымды
тұлғалар болып мыналар табылды: маршал — əскер қолбас-
шысы; камерарий — патшаның жер иеліктері мен мүлкіне
басқаруды жүзеге асырды; канцлер — мемлекеттік канцеля-
рияның жетекшісі жəне юстициарий — патшаның бірінші
көмекшісі.
Жергілікті басқару. Нормандтық жаулаудан кейін Англия-
ны бұрынғыша графтықтарға, жүздіктерге жəне қауымдастық-
тарға бөлу сақталып қалды. Графтықтың басында бұрынғыша
олдермен қалды, алайда шынайы билік шерифке өтті, ол
графтықтың аумағында жоғарғы қаржылық, сот, əскери жəне
полициялық билікті иеленді.
Сот. Сот жүйесін өзгертудің бастамамасын ІІ Генрихтың
ассиздері (нормативтік актілері) жүзеге асырды, олар 6 округке
институт құруды көздеді. Əрбір округ үшін 3 судьядан
тағайындалды. Бұл судьяларға, сот функцияларынан басқа,
жергілікті жерлердегі шенеуніктердің қызметін жəне салықтар
жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон
ассизінде 12 рыцарьдан жəне басқа да толық құқылы аза-
маттардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушы судьялар
институтын құрғаннан кейін патша куриясында сот істерін
қарастыру үшін ерекше бөлім — патша орындығы соты құрыл-
ды.
б) Сословиелік — өкілдік монархия
Қоғамдық құрылым. Экономикадағы өзгерістер мемлекет-
тегі таптық құрылымдағы өзгерістерді алып келді: нормандтық
жəне ағылшын-саксондық феодалдар арасындағы айырмашы-
лықтар толығымен жойылады; олардың бірігуі жүзеге асады;
үстемдік құрушы таптың құрамында ірі феодалдық ақсүйек-
58терге — лордтарға жəне ұсақ жəне орта жер иеленушілерге —
рыцарьларға бөліну күшейе түседі; феодалдар мен шаруалар-
дың арасындағы заттай міндеттемелер ақшалай міндеттеме-
лерге — коммутацияларға ауысты.
Мемлекеттік құрылым. ХІІ ғ. басында Англияда патша
билігі мен патша
жақтаған қуатты қозғалыс пайда болды, бұл сословиелік-
өкілдік монархияның орнауына алып келді. 1215 жылы Жерсіз
Иоан (Иоан Безземельный) бірінші конституциялық акт —
Еркіндіктің ұлы хартиясына қол қояды, бұл акт патшаның би-
лігін аса маңызды мəселелердің бірі — алымдар мен салым-
дарды жинауға қатысты шектейтін патшалық кеңесін құруды
көздеді, бұл, өз кезегінде,
сословиелік-өкілдік мекеме-
менттің құрылуына алғышарт болды. 1258 жылы қаруланған
барондар патшаны Оксфордтық провизияларды қабылдауға
мəжбүр етті, бұл провизиялар 15 барон кеңесін құруды көздеді,
енді аталған кеңестің келісімінсіз патша бірде-бір маңызды
шешімді қабылдай алмайтын болды.
1263 жылы патшаның жақтаушыларымен оның қарсылас-
тары арасындағы азаматтық соғыс басталды, қарсыластар
жағын Симон де Монфор басқарды. 1264 жылы патша əскері
жеңіліп, мемлекеттік билік толығымен Симон де Монфордың
қолына өтті. Оның қызметіндегі аса маңызды жақтардың бірі
болып Англия тарихындағы бірінші парламентті шақыру
(1265ж.) табылды, оның құрамына патша, ірі ақсүйек жəне діни
феодалдар, қалалардан 2 өкілден кірді. ХІV ғасырдың екінші
жартысында парламент екі палатаға бөлінді: жоғарғы —
лордтар палатасы жəне төменгі — қауымдар палатасы.
Жергілікті басқару. Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгі
өзгерістер ескі соттар мен графтықтың жиналысының рөлінің
бірден төмендеуімен, ал олардың функцияларының жаңа
лауазымды тұлғаларға жəне жүріп-тұрушы судьяларға өтуімен
сипатталды.
Сот жүйесі. Бұл кезеңдегі сот жүйесі мынадай болды:
1. Патша орындығы соты — бейбітшілікті қорғауға байла-
нысты қылмыстық істерді қарастырды;
592. Жалпы өндіріс соты
— патшаның мүдделері мен
тарымен байланысы жоқ азаматтық істерді қараумен айна-
лысты;
3. Қазына соты — бір
тарабы патша жағы болып
сот — қаржылық істерін қараумен айналысты;
4. Лорд — канцлер соты
— жоғарыдағы үш сотқа
мəселелерді «əділдік бойынша» шешетін, ал аталған үш сот
істерді «жалпы құқықтың» негізінде қарастырған;
5. Ассиздер соты — істерді жүріп-тұрушы соттардың
төрағалық етуімен қарайтын;
6. Халық соты — үлкен жəне кіші қазылардан тұрды, үлкен
қазылар айыптау сипатындағы істерді қараса, кіші қазылар істі
мəні бойынша қарап, шешім шығарған.
в) Шексіз монархия
Қоғамдық құрылым.
1. Жаңа ақсүйектер — джентрге
2. Қалалықтар
3. Шаруалар: копигольдерлерге — бұрынғы шаруалардың
бірқатар заттай жəне ақшалай міндеттерді иеленуші ұрпақта-
рына жəне фригольдерлерге — еркін жер иеленушілерге бө-
лінді.
Мемлекеттік құрылым. Шексіз монархия Англияда феода-
лизмнің құлау жəне ыдырау жəне капиталистік өндірістік
қатынастардың туындау кезеңінде пайда болды. Ағылшындық
шексіз монархияның ерекшелігі оның аяқталмағандығында
болды, яғни, қуатты патша билігімен қатар парламент те өз
қызметін жалғастыра берді.
Мемлекеттік билік пен
жоғарғы органдары болып мыналар табылды: патша — көп-
теген, өзіне ғана бағынатын органдары арқылы шынайы заң
шығару, атқарушы жəне сот билігін жүзеге асырды; құпия
кеңес — мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды,
олар: лорд — канцлер, лорд — қазына басқарушы, жеке мөрді
сақтаушы — лорд жəне адмирал — лорд; парламент —
сословиелік өкілдік органы.
Жергілікті басқару. Графтықтар сақталып қалды, алайда
төменгі аумақтық бірлік ретінде приход орнықты.
60Сот жүйесі. Вестминстрлік соттардың (патша орындығы
соты, жалпы өндіріс соты, қазына соты жəне канцлер соты)
құзіретінің сақталуымен қатар төтенше соттар — Жұлдызды
палаталар құрылды. Халық заседательдері соттың құрамына
толығымен енгізілді.
Құқықтың негізгі сипаттары. Англия аумағындағы құқық-
тың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылды:
1. əдет-ғұрып;
2. нормативтік актілер (мысалы, Британияны жаулап алған
дат патшасы Кнут 1017 жылы мемлекет үшін міндетті заң-
дарды — Кнут заңдарын шығарды);
3. жүріп-тұрушы соттар институтының пайда болуымен
«жалпы құқық» қалыптасты, оның мəні мынада болды —
жүріп-тұрушы судьялар үйлеріне қайту жолында сот
тəжірибесін жалпылаумен айналысты жəне патша судьялары
істерді қарауда басшылыққа алатын жалпы құқық нормаларын
қалыптастырды;
4. ХІІ ғасырдан бастап
патша соттарында сот
барысын жəне сот шешімін көрсететін хаттамалар жазыла бас-
тады. Содан соң аса маңызды сот істері туралы есептер «əр-
жылдықтарда» жазыла бастады. Мұнда «жалпы құқықтың»
негізгі қағидасы пайда болды: жоғары тұрған соттың шешімі
осыған ұқсас істі осы сот немесе төмен тұрған сот қарау