Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

тұрғындар жатқан. 

Спартада мемлекеттік  биліктің келесі органдары болған. 

1. Халық жиналысы —  апелла, ол герусияның ұсыныстарын

қабылдаған немесе олардан  бас тартқан. 

2. Герусия —  ақсақалдар  кеңесі, 30  геронттан құралған,

олардың ішіне екі патша  —  басилевстер  «архагеттер)  енген,

бұл Спартаның мемлекеттік  құрылымының өзіндік ерекшелігі.

Архагеттер герусияға  бағынған жəне оның келісімінсіз ешбір

маңызды шешімді қабылдай алмаған.

3. Эфарат —  архагеттер  мен герусияны бақылау функ-

циясын жүзеге асыратын бес  адамнан құрылған комиссия. 

Спартадағы құқықтың негізгі  қайнар көзі ретралар

табылған.  Бұл —  Ликург патша шығарған Спартаның негізгі

заңдары. Олардың ішінде ең маңыздысы — «Ликург ретрасы».

34ə) Афины мемлекеті  жəне құқығы

Афины мемлекетінің пайда  болуы —  б.э.д. ҮІ ғ.  аяқталған

ұзақ процесс. Оның алғашқы  кезеңі ретінде басивелс Тесейдің

реформаларын атауға болады, ол синойкизм деп аталатын төрт

тайпаның бірлестігін  ұйымдастырған жəне Афинының еркін

халқын сословиелерге  бөлген: эвпатридтер — ақсүйектер, гео-

морлар — жер өңдеушілер, демиургтер — қолөнершілер жəне

феттер — кедейлер.

Біртіндеп эвпатридтер басилевстің  билігін шектей бастайды,

оның лауазымын мұрагерлікке алу аяқталады,  ал оның

функциялары жаңа сайланбалы лауазымды тұлғаларға — 

архонттарға ауысады.  Архонттра  алқасын архонт —  эпиним

басқарған,  ол мемлекетті басқарып,  сот функцияларын атқар-

ған; екінші архонт — архонт-басилевс, ол абыздың міндеттерді

атқарып, діни істер бойынша  сотты жүзеге асырған; үшінші — 

архонт-полемарх əскери басшылықты жүзеге асырған; архонт-

тар алқасының қалған алты мүшесі — архонттар-фосмофеттер

əділдікті жүзеге асырған.

Екінші жаңа басқару органы Ареопаг ақсақалдар кеңесінің

орнына келді.  Ареопаг  жоғарғы сот органы болды,  сонымен

қатар архонттарды сайлап, бақылаған. Осы кезде, б.э.д. ҮІІ ғ.,

мемлекет бірқатар округтар-навкрарийлерге бөлінеді, олар сол

кездегі тайпалардың шегінде  ұйымдасады —  əр тайпада 12-

ден.

Афиныдағы мемлекеттің пайда  болуының екінші кезеңі

Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі — 

сисахфия —  қарыздық құлдықты жою;  екіншісі —  саяси

құқықтар мен міндеттерді  бөлуде мүліктік цензді орнықтыру,

барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша 4  топқа бөлінді;

бесжүздіктер,  атқамінерлер,  зевгиттер жəне феттер;  үшіншісі

—  жаңа сот органы гериэя құрылды;  төртіншісі —  жаңа

басқару органы төртжүздік кеңесі құрылды,  ол əрбір жыл

сайын алғашқы үш топтың азаматтары қатарынан əрбір

тайпадан 100 адамнан сайланған. 

Афины мемлекетінің құрылуының соңғы,  үшінші кезеңі

болып Клисфеннің реформалары  табылды,  олар Афиныдағы

рулық құрылымның қалдықтарын  толығымен жойды. Клисфен

халықты бұрынғыша төрт тайпаға  бөлудің саяси мəнін жойды.

35Енді Афины 10 аумақтық  филге (округтерге) бөлінді, олардың

əрқайсысы əртүрлі аумақтарда орналасқан жерлерден — 3

триттийден құралды:  қалалық,  теңіз жағасындағы жəне жер

өңдеушілік,  бұл қаланың  селолық жерлерден үстемдігін

қамтамасыз етті. Екінші реформаға  сəйкес, тайпалық бөлініске

негізделген төртжүздік кеңестің орнына Клисфен бесжүздік

кеңесін құрды. Ол 10 филдің əрқайсысынан 50 өкілден құрал-

ды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы — 10

стратег  (əскер басшысы)  алқасы құрылды,  ол 10  филдің əр-

қайсысынан 1  адамды жинау  арқылы құрылатын болған жəне

қалыптасқан құрылымға қолсұғушылықты болдырмау мақ-

сатында Клисфен халық  жиналысында остракизм деп аталатын

үрдісті енгізді (остракон —  сайлаушы құрылымға нұқсан кел-

тірушінің есімін жазатын  бас сүйек).  Бұл Клисфеннің соңғы

реформасы болды. 

Клисфеннің реформалары  Афиныдағы мемлекеттің

қалыптасуының ұзақ үрдісін  саудагерлердің,  қолөнершілердің

жəне шаруалардың демостың рулық-тайпалық ақсүйектерді

жеңуімен аяқтады. Бұл  Афиныда б.э.д. Ү ғ.-да құлиеленушілік

демократиялық мемлекеттің  қалыптасуына негіз болды.  Бұл

мемлекеттің негізгі сипаты —  еркін құлиеленушілердің,  еркін

кедейлердің жəне люмпендердің  (өндірістік құралдардан

айырылған адамдардың)  құлдар мен етектердің  (Афиныда

орныққан шетелдіктердің)  үстінен бірлескен үстемдігі.  Афи-

нылық демократияның гүлдену  кезеңі — б.э.д. V — IV ғ.ғ.

Мемлекеттік құрылым. Афиныдағы  мемлекеттік биліктің

жоғарғы органы болып халық  жиналысы табылды,  ал анық-

талған нақты мерзімде — жылына 40  рет шақырылатын.  Ха-

лық жиналысына тек жиырма жасқа толған толық құқылы

афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін

6 000 адамның болуы міндетті  болатын. 

Басқарудың жоғарғы органы болып бас жүздік кеңесі

табылған,  оған əрбір аумақтық он фильден бір жылға жеребе

арқылы сайланатын, 30 жасқа  толған 50 азамат кіретін. Ағым-

дағы істерді шешу үшін он комиссияға бөлінген, бұл комиссия

əрбір фильден 50 өкілден құралған.

Жоғарғы сот органы болып  гелиэя табылды, ол 6 000 адам-

нан құралады,  оны əрбір  фильден жеребе арқылы бір жылға

36сайланатын 30  жасқа толған 600  адам құрады.Гэлия 501

мүшеден тұратын 10 алқаға бөлінген (қалған мүшелері қосым-

ша деп саналатын).  Заң  жобаларын қарастыру үшін гелиэяда

номафеттердің —  гелиэяның 1 000  мүшесінің ерекше алқасы

құрылатын.

Мемлекетті басқаруда  лауазымды тұлғалар маңызды роль

атқарған. Олардың ішінде:

—стратегтер алқасы — 10 адамнан  құралған; бұл лауазым-

ды тек үйленген жəне жылжымайтын  мүлкі бар азаматтар ғана

иелене алатын;

—архонттар алқасы — 9 адамнан  құралған; олардың əрқай-

сысының нақты функциялары  болған;

—аполектер — мемлекеттік  қазынаны басқарған;

—элленоттар —  афиналық теңіз одағының қазынасын бас-

қарған; 

—полеттер — мемлекеттік  мүлікті басқарған;

—логистер —  лауазымды  тұлғалардың ақшалай есептерін

қабылдаған;

—астиномактар —  көшелердегі  тəртіпті бақылаған жəне

т.б.

Сот жүйесі келесі сипатты  иеленген:жоғарғы сот органы

гелиэя қасақана адам өлтіру жəне мемлекеттік қылмыстар

туралы істерді қарастырған;  эфеттер соты абайсыз қылмыстар

туралы істерді; онбірлік алқасы — ұрлық,  тонауды; диэтеттер

соты — мүлік туралы азаматтың —  құқықтық дауларды жəне

қырықтар алқасы — ұсақ істерді.

Əскер. Бейбіт кезінде 18  бен 20  жас арлығындағы барлық

афиндық азаматтар əскери оқудан өтетін болған.  Соғыс

жағдайында 18  бен 50 жас  аралығындағы азаматтардан əскер

жинақталған.  Əскер атты əскерден,  ауыр жəне жеңіл қарулы

жаяу əскерден құралған.

Құқықтың негізгі сипаттары. Афиныдағы құқықтың ежелгі

қайнар көзі ретінде əдет-ғұрып  орын алған.  Заңдар б.э.д. 621

жылы пайда болған. Алғашқы  заңдар — драконт заңдары əдет-

ғұрып жазбасы түрінде  болған жəне ерекше қатаңдықпен

ерекшеленген  (қылмыстардың басым көпшілігі үшін өлім

жазасы кесілген).  Кейіннен жүріс-тұрыстың жалпы ережелері

болып халық жиналысының  қаулылары табылған.

37Жеке меншік институты  Афиныда аса дамыған болатын. 

Меншік мемлекетпен берілетін  игілік ретінде қарастырылған.

Шарттардың мына түрлері  афиндық құқыққа тəн болған

сату-сатып алу,  жалға  алу,  серіктестік,  тапсырма жəне

комиссия шарттары.

Отбасы жəне неке құқығында  əйелдердің толық құқылыққа

ие емес екендігі байқалған  əйел əкесінің немесе күйеуінің

қамқорлығында болған жəне əрекет қабілетсіз деп саналған.

Неке азаматтардың міндеті  болып табылған,  ал оның басты

мақсаты ретінде бала туу  саналған. 

Қылмыстық құқықта құлдар мен еркін адамдарға қолда-

нылатын жазалар ажыратылған.  Құлдарға тек дене жазасы

қолданылатын,  ал еркін  адамдарға өлім жазасы,  аластау,

азаматтық құқықтардан айыру,  айыппұлдар мен тəркілеу

қолданылатын. 

Сот өндірісінде істі қозғаудың  екі тəртібі болған: 1-сі — іс

жүргізуді тек жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; 2–

сі — кезкелген азаматтың  немесе лауазымды тұлғаның ынтасы

бойынша қозғау. Іс бойынша  шешім құпия дауыс беру арқылы

шығарылатын,  ал дауыстар тең болған жағдайда сотталушы

ақталған деп саналатын.

386. Ежелгі Римнің мемлекеті  жəне құқығы

Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:

1  кезең —  алғашқы  қауымдық құрылымның ыдырау жəне

құлиеленушілік мемлекеттің  құрылу кезеңі  (б.э.д. 753 ж.  Рим

қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар

Тарквинийдің қудалауға  дейінгі кезең);

2 кезең — республика  кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.);

3  кезең — монархия  кезеңі (б.э.д. 27 ж.— б.э. 476 ж.), бұл

кезең өз ішінде екі кезеңге  бөлінген: 

а) принципиат — б.э.д. 27 ж.—  б.э.284 ж.; 

б) доминат — б.э. 284 — 476 ж.ж.

Рим құқығы тарихының кезеңдері: 

1 кезең — цивильдік  (квириттік) немесе азаматтық  құқықтың

қалыптасуы жəне даму дəуірі.  Ол кездегі рим құқығының

азаматтық деп аталатын себебі —  бұл құқық тек римдік

азаматтарға ғана таралатын.

2  кезең —  рим  құқығының гүлдену кезеңі.  Бұл  кезде

цивильдік құқықпен қатар  преторлық құқық пайда болады,

оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп

шықты,  бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар

арасындағы, сонымен қатар  Рим мемлекетінің аумағында өмір

сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.

а) Рим мемлекетінің құрылуы

Рим мемлекеті қалалық  қауымнан қалыптасқан.  Римнің

негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде

рулық құрылым болған,  алайда ол ыдырау кезеңінде болған.

Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды

əкелік ру табылған. Рулар  отбасыларына бөлінген,  оларға тəн

сипат болып отбасы иесінің  жанұя мүшелеріне үстінен шексіз

билігі табылған.

Қоғамдық құрылым.  Римде  жалпы алғанда 300  ру болған.

Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны

құраған. Курияның басында  курион тұрған. Он курия трибуды-

тайпаны құраған. Рим халқы  үш тайпадан құралған.

Халық патрицийлерге,  клиенттерге  жəне плебпийлерге

бөлінген.  Патрицийлар  —  бұл қалалық қауымның толық

39құқылы азаматтары,  клиенттер  патрицийлерге жеке жəне

мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы

болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.

Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша

—  Рекс тұрған.  Ол əскер  басы,  жоғарғы абыз болған жəне

ерекше маңызды істер  бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің

лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші

орган сенат болған,  ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құрал-

ған. Сенат қоғамдық істерге  басшылық жасаған, маңызды мə-

селелерді талқылаған,  мұндай мəселелерге байланысты ше-

шімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар,  сенат

патшаны сайлауға да əсер еткен.  Аса маңызды органдардың

бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы

мүшелері —  əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан

құралған;  ал сенаттың ұсыныстарын  қабылдаған немесе олар-

дан бас тартқан, барлық лауазымды  тұлғаларды, соның ішінде

патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — 

бұл абыздық алқалар олардың  ішіндегі ең ежелгілері болып

авгурлар,  понтификтер  жəне фициалдар алқалары табылған

(авгурлар тұлғалардың  əрекеттері туралы өз қорытындыларын

əртүрлі белгілер мен жорамалдардың  негізінде берген, понти-

фиктер əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне түсіндіруші болған,

фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).

Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің

аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың

мəні мынада болды:

А) барлық еркек адамдар  жердің мөлшерімен анықталатын

мүліктік жағдайына қарай  бес топқа бөлінген,  бұл бөлініс

плебейлер үшін де, патрицийлер  үшін де ортақ болған;

Ə)  Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — 

центуриаттық комициялар;

Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгі-

зілді,  яғни, «рим халқының»  бөлігіне айналды жəне қоғамдық

жердің бөлінісіне иеленетін  болды;

В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал

қала шеті —  он жеті селолық  трибаға бөлінді.  Трибуттық

комициялар плебейлер  үшін міндетті жалпы сипаттағы қау-

лыларды шығару құқығына иеленді.

40ə) Республика кезеңіндегі  Рим

Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27

ж.ж.). Римнің даму тарихын  екі кезеңге бөлуге болады: респуб-

ликаның қалыптасу жəне нығаю  кезеңі  (б.э.д. VI-IV  ғ.)  жəне

римдік құл иеленушілік  мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау

кезеңі,  оның орнына монархиялық  басқару нысанының келуі

(б.э.д. III-I ғ.ғ.).

Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша

римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған,  алайда

құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен

жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған.

Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен

плейбейлер қала берген,  олардың арасында өзара күрес  өрши

түскен.  Плейбейлер патрицийлер  мен саяси жəне азаматтық

құқықтары бойынша тең  болуға ұмтылған,  осы жағдай Рим

республикасының құлауының  негізгі себебі болған. 

Мемлекеттік құрылым. Рим  республикасында орталық

органдар —  халық жиналыстары  болған,  олар центуриаттық,

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың