Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
1) бұрынғыша жерді толық
меншікке беру тəртібі жойылды;
2) мұның орнына шаруалар тұратын жерлерінен бірге өмір
бойға ұстауға — бенефецийге беріле бастады;
3) бенефецийді ұстаушы вассал деп, ал жерді берген тұлға
сеньор деп атала бастады;
4) бенефецийді ұстаушы жерді берген тұлға үшін əскери
қызметті өтеуге міндетті болатын болды;
5) мемлекет басшысынан басқа да ірі феодалдар бенефе-
цийді бере бастады, осылай оларда өз вассалдары пайда болды;
6) сот, полийия, қаржы
саласындағы өкілеттердің
иеліктің иесіне берілді;
7) иммунитеттік грамоталар енгізілді, бұларға сəйкес фео-
далдардың иеліктеріне мемлекеттік шенеуніктердің қызметі
таратылмайтын болды.
Мемлекеттік құрылым. Басқару нысаны бойынша франк
мемлекеті шектелген монархия сипатында болды. Патшаның
билігін тұрақты қызмет етуші кеңес шектеп отырды, оның
келісімінсіз патша бірде-бір шешім қабылдай алмайтын. Со-
нымен қатар, жыл сайын өтетін сарай жəне провинция ақ сүй-
ектерінің съезді — «Ұлы алаң» да патшаның билігі белгілі бір
дəрежеде шектелген.
Мемлекетті басқару мен сот билігі жоғарғы лауазымды тұл-
ғалардың қолында болды, олардың ішіндегі аса маңыздылары
48мыналар еді: майордан, пфальцграф — алғашқыда патша
құлдарын басқарса, кейіннен сот билігін жүзеге асырған; тезау-
рарий — құндылықтарды сақтаушы; маршал — атты əскердің
басшысы жəне архипиллан — патшаның дін қызметшісі, патша
сарайындағы дін қызметшілерінің басшысы.
Жергілікті басқару. Округты (пагоны) басқаруды патша
тағайындайтын лауазымды тұлға — граф жүзеге асыратын
болған. Округтардың құрамына
кіретін жүздіктерді
центенарийлер, оңтүстікте викарийлер басқарған. Олар графқа
бағынатын жəне оның билігін жүздіктің шеңберінде қайта-
лайтын. Жүздіктердің құрамына кірген қауымдарда (марка-
ларда) өзін — өзі басқару сақталған болатын.
Сот. Жоғарғы сот билігі монархқа тиесілі болатын патша
кеңесі ерекше қауіпті құқық бұзушылықтарды қарастыратын.
Істердің басым көпшілік бөлігі қарастырылатын негізгі сот
мекемелері болып жүздіктердің соттары табылатын.
IX ғ-дың басында Франк
мемлекеті өзінің гүлдену
жетті, бұл кезде оның құрамына Батыс Европа толығымен
кірген еді. Алайда, бұл əскери күштен басқа ешбір байланысы
жоқ халықтар конгломераты еді. 843 ж. Верденде Ұлы Карл-
дың немерелерімен бекітілген шартта Франк мемлекетінің үш
патшалыққа бөлінгендігі
заңды түрде рəсімделген
патшалықтар: батыс — франк, шығыс — франк жəне аралық
патшалықтар (болашақ Франция, Германия жəне жартылай
Италия).
Құқықтың негізгі сипаттары. Мемлекет аумағындағы
құқықтың ежелгі қайнар көзі болып тайпалық сипаттағы əдет-
ғұрып табылады, яғни, əрбір адам тұрғылықты жеріне
қарамастан өз тайпасының əдет-ғұрпына бағынатын.
V-IX ғ.ғ. тайпалар əдет ғұрпын «варвар шындықтары»
түрінде жазу жүзеге асады. Сали, Рипуарлық, Бургундық,
Аллемендік шындықтары жасалды. Франк құқығының негізгі
сипаттарын сали франктарының əдет-ғұрып жазбасы түріндегі
Сали шындығы үлгісінде қарастыру əдетке айналған. Сали
шындығы құқық бұзушылықтар мен оларға сайкес жазалардың
жалпы, абстрактілі түсініктерінің болмауымен сипатталады:
қылмыс ретінде тұлғаға немесе мүлікке зиян келтіру жəне
«патшалық бейбітшілікті» бұзу, ол жаза ретінде жəбірленушіге
49зиянды өтеу жəне патшаға, патшалық бейбітшілікті бұзғаны
үшін айыппұл төлеу түсінілген. Жаза кінаға байланысты емес,
əрекеттің соңғы нəтижесі үшін тағайындалған.
Неке сали шындығы бойынша күйеуінің əйелін сатып
алуының нысанында бекітілген. Зорлап алып қашуға тиым
салынған; қандас туыстар арасындағы жəне еркін тұлғалар мен
құлдар арасындағы некеге де тиым салынған.
Мұрагерлік құқықта барлық жылжитын мүлік, оның иесі
қайтыс болған жағдайда, ең алдымен балаларына өткен; егер
балалары болмаса, мұрагерлік мына кезектілік тəртіп бойынша
жүзеге асырылған: анасы,
аға-бауырлары мен апа-
анасының сіңлілері, əкесінің қарындастары, жақын туыстары.
Міндеттемелік қатынастар саласында Сали шындығы — тек
сату сатып-алу, қарызға алу, зайым, айырбас жəне сыйға тарту
шарттары сияқты мəміленің қарапайым түрлерін таныған.
Мəлімдерде меншік құқығын беру жариялы түрде, затты жай
ғана беру арқылы жүзеге асырылған. Міндеттемені орындамау
мүліктік жауапкершілікті туындататын.
Сот процесі айыптаушылық сипатта болған, оған мынадай
белгілері тəн еді: азаматтық жəне қылмыстық процесті бірдей
нысандарда жүзеге асыру; істі тек талапкердің немесе
жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; тараптардың тең
құқықтары жəне процессті тараптардың дауы түрінде жүзеге
асыру; орнықтырылған процессуалды нысандарды қатаң
сақтау.
502. Францияның мемлекеті жəне құқығы
Францияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — феодалдық ыдырау кезеңі (IX-XII ғ.ғ.);
2 кезең — сословиеліде өкілдік монархия кезеңі (XIV-XV
ғ.ғ.);
3 кезең — шексіз монархия кезеңі (XVI-XVIII ғ.ғ.).
Француз мемлекеті Каролингтер империясы құлаған соң
пайда болды. Негізгі антагоникалық топтар болып феодалдар
мен феодалдық — тəуелді шаруалар табылды. Өзінің таптық
мəні бойынша мемлекет феодалдар диктатурасы болып
табылды.
а) Феодалдық ыдырау кезеңі
Қоғамдық құрылым. Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік
құрушы таптың монополиялық меншігіне айналады. Шаруа-
лардың тұрақты пайдалануында, ал кейбір жағдайларда
иелігінде қожайын жерінің аздаған учаскелерінің — порцел-
лолар ғана болды.
Феодалдық-тəуелді шаруалардың негізгі тобы болып
серволар (өз қожайынына жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте
болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған жəне салықтар
мен төлемдер төленген) мен виллондар (жеке бас бостандығы
бар, өз парцеллосын басқа тұлғаға сата алған, сеньорлық
міндеттерден босатылған) табылған.
Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттің басында патша
тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассал-
дары мен шіркеудің жоғарғы иерархтары сайлаған). Мем-
лекеттегі жағдайға əсер ететін жалғыз жалпы мемлекеттік
орган ретінде патша куриясы (Ұлы кеңес) қызмет еткен, ол
патшаның вассалдары мен
шіркеудің жоғарғы
құралған. Ұлы кеңес
съезд нысанында жұмыс істеген,
патшаның төрағалық етумен жиналып отырған.
Бұл кезеңде басқарудың арнайы органдары болған жоқ.
Лауазымды тұлғалар министериалар — болып патша сарайы-
ның шаруашылығын басқаратын сарайды басқарушылар
табылды. Патшаның иеліктері домен деп аталды. Бүкіл домен
округтарға — превотаждарға бөлінді, олардың басында пре-
51волар тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жер-
лердегі преворлар патша тағайындайтын жəне олар патшаның
өкімдерін бұлжытпай орындайтын.
Сот. Əрбір еркін адамның «теңдік соты» арқылы соттасуға
құқығы болатын, нақты бір адамның соттылығы оның қоғам-
дағы əлеуметтік жағдайына қарай анықталатын. Жоғарғы сот
болып Патша куриясы табылатын. Жергілікті жерлерде
сенвориалдық юстиция үстемдік құрған, ал жоғарғы рангілі
сенворлар үлкен сот билігін — «жоғарғы юстицияны» иелен-
ген, бұл өнім жазасымен
жазаланатын қылмыстарды
білдіретін.
Екінші кезеңнің (сословиелік — өкілдік монархияның) бас-
тапқы кезінде патша билігі күшейе түсті, ол мынадан көрініс
тапты: патша билігін сайлау жойылды; «менің вассалымның
вассалы менің вассалым емес» қағидасы жойылады, барлық
рангідегі вассалдар адалдық антын тікелей патшаға беретін
болды; Людовик IX — ның реформалары жүргізілді, олардың
мəні мынада болды: сот реформасы — патша доменінде жеке
соғысқа тыйым салынды, дауларды шешу үшін екі жақ тек
патша сотына жолдануға міндетті болды; жергілікті жерлерде
«патшаның 40 күні» енгізілді, бұл кезде феодалдарға жеке
соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше
сот патшасы — Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы
аппеляциялық инстанция болып табылады; қаржы реформасы
— негізгі есептесу бірлігі ретінде патшаның алтын тиыны
енгізілді; Патша куриясынан қаржылық басқарудың жоғарғы
органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты.
ə) Сословиелік — өкілдік монархия кезеңі
Қоғамдық құрылым. Шаруалардың арасында сервалардың
(жеке тəуелді шаруалардың) орнына цензитариялар — жеке
бостандығы бар шаруалар мен цензивалар — мұрагерлік жер
үлесін ұстаушылар келді. Негізгі үш сословияның қалыптасуы
аяқталды, олар: дін қызметкерлері, ақсүйектер жəне «үшінші
сословия», бұл сословиеге халықтың қалған барлық бөлігі кірді
жəне олар салықтар төлеп, əртүрлі міндеттерді атқарды.
Мемлекеттік құрылым. Саяси ыдыраушылық жойыла
бастады. Мемлекет сословиелік — өкілдік монархия нысанын
52иеленді: қатысты түрде
қуатты патша билігі
өкілдігі — жоғарғы кеңесуші кеңеспен — Бас штаттармен
үйлеседі. Барлық үш сословие — Бас штаттарда жеке палата-
лар ретінде орнығады. Барлық сұрақтар палаталарда жеке —
жеке қарастырылатын болды, шешім дауыстардың көпшілі-
гімен қабылданып, шешімді бекіту барлық палаталардың бір-
лескен жиналысында жүзеге асты.
Мемлекеттік басқару органдарына мыналар жатты: мемле-
кеттік кеңес — басқарудың жекелеген салаларына жалпы
жетекшілік пен бақылауды жүзеге асырды, есеп палатасы —
қаржылық басқарудың жоғарғы органы жəне Парламент —
жоғарғы сот.
Лауазымды тұлғалардың арасында ерекше маңызды мына-
лар иеленді: канцлер —
лауазымды тұлғалардың
ағымдағы басқару мен бақылауды жүзеге асырды; коннетабль
— патша əскерінің қолбасшысы; камерарий — патша қазы-
насын басқарады; палатиндер — патшаның ерекше тапсырма-
ларын орындайтын патша кеңесшілері жəне легистер — рим
құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.
Жергілікті басқару. Патша доменінің аумағы бірдей
əкімшлік бірліктерге — бальяждарға бөлінді, олардың басында
патша тағайыдайтын шенеуніктер — бальялар тұрды. Бальяж-
дар превотаждарға бөлінді, ал оларды преволар басқарды.
Преволардың қолында округтағы əскери, əкімшілік, қаржы
жəне сот билігі үйлескен болатын. Қалаларда қалалық өзін —
өзі басқару органдары — коммундар болған.
Сот. Жоғарғы аппеляциялық сот болып Парламент табыл-
ған, ол бірнеше палаталардан тұрған: үлкен(сот), тергеу пала-
тасы жəне сұраныстар палатасы.
Жоғарғы шіркеу соты болып рим куриясы соты, одан кейін
кординал соты, архиепископ соты табылған. Төменгі инстан-
ция ретінде — епископтың арнайы өкілетті тұлғалары —
официалдар соты қызмет етті.
б) Шексіз монархия кезеңі
Қоғамдық құрылым. Бұл кезеңдегі тарихтың негізгі сипаты
болып феодолизмнің қойнауында капиталистік өндірістік
қатынастардың туындауы табылады. Осыдан барып, негізгі
53қанаушы тап — феодалдардан басқа, қанаушылардың жаңа
табы — буржуазия пайда болды, ол қалалық патрициаттан —
бай саудагерлерден құралды.
Бұрынғыдай мемлекет халқы үш сословиеге бөлінді, дін
қызметкерлері мен ақсүйектер өз артықшылықтарын сақтап
қалды, ал үшінші сословиенің құрамына шаруалар енді.
Мемлекеттік құрылым. Шексіз монархия заң шығару,
атқарушы жəне сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы
— патшаның қолына шоғырлануымен сипатталды. Бұл Бас
штаттардың қызметінің тоқтатылуына алып келді, парламент-
тің құқықтары бірден шектелді, шіркеу толығымен патшаға
бағынады.
Мемлекеттік басқарудың орталық органдары əртүрлі кезең-
дерде құрылған түрлі мекемелердің жиынтығынан құралды.
Оларға мыналар жатты: Мемлекеттік кеңес — патшаның
жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабар-
ламалар кеңесі, Құпия кеңес — кейбір іс санаттарын кассация-
лық қайта қараумен айналысты; канцлер аппараты. Бұл
органдардың барлығын Қаржыларды бас басқарушы мен төрт
мемлекеттік хатшылар (əскери, шетелдік, теңіз жəне патша
сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы патшамен
бірлесе отырып кіші патшалық кеңесін құрады.
Жергілікті басқару. Патшалықтың аумағы генералитетке,
губернаторлықтарға, диоцездерге, бальяждарға жəне интен-
данттықтарға бөлінді, олар қаржылық, əскери, шіркеулік, сот
жəне əкімшілік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне сəйкес
келеді. Жергілікті жердегі басқаруды интенданттар — патша-
лық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.
Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше
сот жүйелері қызмет етті: патшалық, сеньориалдық, қалалық
жəне шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажы-
ратылмайтын.
Құқықтың негізгі сипаттары. Феодолизм таратылғанға
дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың
аумақтық əрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни,
халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нор-
маларға бағынатын.
54Феодалдық — ыдырау
кезеңінде құқықтың негізгі