Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

трибуттық жəне куриаттық  комициялар түрінде ұйымдасты-

рылған.  Сонымен қатар,  сенат пен магистратуралардың да

мемлекетті басқарудағы  орны ерекше болған. 

Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі

түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы

магистрат —  консулдардың,  преторлар мен цензорлардың

сайлауын жүзеге асырды,  сот билігіне ие болды.  Трибуттық

комициялар екі нысанды  қызмет етті:  патрицийлер мен  пле-

бейлер үшін жалпы жиналыс  (олардың қаулылары  “популис-

цит” деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың

қаулылары  “плебисцит”  деп аталды).  Куриаттық комициялар

тек рулық құрылымының  қолдағы ретінде ғана сақталады  жəне

уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған

30 ликторлың жиналысымен  ауыстырылды. 

Сенат формальды түрде  магистраттардың жанындағы

кеңесуші орган ретінде  саналған, алайда өте үлкен маңызға  ие

болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін

жəне қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері “сенатус— 

консульт” деп аталған. 

41Магистратуралардың жүйесіне  Рим мемлекетінің өкілі бо-

луға жəне оның атынан сот  өндірісі мен басқару саласында

мемлекеттік əрекеттерді  жүзеге асыруға өкілетті лауазымды

тұлғалар кіретін.  Магистратуралардың қызметі мен оны

ұйымдастырудың келесі қағидалары болған: 

— сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыс-

тарында жүзеге асатын);

—алқалық  (бір лауазымға  бірнеше магистрат сайланатын,

олардың əрқайсысы толық  билікті иелене отырып,  өздеріне

қарасты мəселелерді шешкен);

—жауаптылық  (диктатор,  цензор мен плебейлік трибун-

дардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде

халық жиналысының сатына тартыла алатын); 

—мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цен-

зорлық 5 жылға сайланатын);

—ақысыздық  (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы ал-

майтын).

Магистратуралар ординарлық жəне экстраординарлық бо-

лып бөлінеді.  Ординарлық магистратуралардың басында екі

консул тұратын. Ординарлық магистратуралардың құрамында

келесі лауазымдар болған:

Преторлар — консулдардың көмекшілері, цензорлар— Рим

азаматтарын триболарға, разрядтарға  жəне центурияларға бөлу

мақсатында ценздерді  орнықтыратын,  эдилдер — полициялық

міндеттерді жүзеге асырған,  квесторлар —  консулдардың

арнайы мамандануы жоқ  көмекшілері,  плебейлік трибуналар

—  плебейлердің мүдделерін қозғаушылар жəне төменгі

магистраттар — қылмыстарды  тергеумен айналысқан.

Не соғыспен,  не топтық күрестің өршуімен байланысты

қандай да бір төтенше  қиындықтар уақытында сенат консулға

алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы

тапсырма беретін.  Диктатор тағайындалған соң барлық ор-

динарлық магистратуралар  экстраординарлық магистратура-

ларға айналып,  диктатордың  өкілеттіктері мерзімінде толы-

ғымен оған бағынатын. Бұл  кездегі диктатордың билігі шексіз

болатын. 

Рим əскері. Əскери қызметті бес разрядқа енген барлық

азаматтар өтейтін. Оған тек  толыққұқылы,  кем дегенде 11000

42асс мүліктік цензге  ие азаматтар жіберілетін,  əскерлер  өзде-

рінің мүліктік цензіне сəйкес əскердің əртүрлі түрлеріне бөлі-

нетін.  Əскерді консулдар  цензорлардың құрастырған тізімде-

рінің негізінде жинақтайтын.  Соғыс əрекеттері аяқталған соң

əскер таратылатын. 

Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс

жерлері, провинциялардың  барлығын Римнен тағайындалатын,

бұрын консул мен претор болып  табылған магистраттар бас-

қаратын.  Олардың жергілікті жерлердегі билігі шексіз бо-

латын.

б) Монархия кезеңіндегі Рим

Римдегі құлиеленушілік монархияның  тарихын екі кезеңге

бөлуге болады: принципат  жəне доминат. 

Принципат кезеңінде əлі  де республикалық мекемелер

қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мəнін жоғалтады.

Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға

принцепс келеді.  Бұл  шексіз мерзімге  (өмір бойына)  сайла-

натын жоғарғы республикалық  магистрат төтенше билікке ие

болатын. 

284 жылдан бастап Римде  шексіз монархия — доминат  ор-

нығады. Ескі республикалық  органдар толығымен таратылады,

император заңнан да жоғары тұратын шексіз монарх деп

танылады,  барлығы оның билігіне бағынушыларға айналады,

императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі.  Импе-

рияны басқару негізгі  екі ведомствоға негізделеді:

1) императордың жанындағы  мемлекеттік кеңеске; 

2) император тағайындайтын  шенеуніктер басқаратын қар-

жылық ведомствоға. 

Доминатты орнықтыру Диоклетиянның  реформаларымен

тығыз байланысты.  Ол мынадай  реформаларды жүзеге асы-

рады:

1) əкімшілік реформа —  империя екі провинцияға бөлінген

12  диоцезге жаңа əкімшілік  бөлуді көздеген.  Италияның

барлық аумағы екі доцезге  бөлінген: Шығыс жəне Батыс. Əрбір

империяның басында император  — Август тұрған, ол өзіне кө-

мекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын;

432) əскери реформа —   əскер үш сенатқа бөлінетін:  ше-

каралық əскер, кешенді əскер  жəне преторлық гвардия,  əскер-

дің құрамы үлкейтіліп,  алғашқы  рет рекруттық қабылдау ен-

гізілді;

3) салықтық жəне қаржылық  реформалар —  заттай жəне

ақшалай салықтар, сонымен  қатар тиын енгізілген.

Жергілікті басқару. Империяның əрбір бөлігі — диоцездер

екі префектураларға бөлінген,  олардың басында приторийдің

префекті тұрған. Əрбір  префектура екі диоцезден тұрған, олар-

дың басында викарийлер тұрған, əрбір дионез провинцияларға

бөлінген, провинцияларды ректорлар  басқарған. Провинциялар

ұсақ бірліктерден —  қауымдардан  тұрған.  Қауымдарда жер-

гілікті өзін-өзі басқару  органдар — сенаттар (декуриондар) бо-

лады.

Сот. Қылмыстық істерді  қарау тұрақты комиссиялардан

император мен оның шенеуліктеріне ауысады.  Римнің шет

аймақтарында қылмыстық  юрисдикция қаланың префектісінің

қолында болған, Италияда —  преторий префектісінің қолында,

провинцияларда —  провинция  басшыларының қолында бол-

ған. 

в) Рим құқығы

Рим құқығының негізгі  қайнар көздері:

1) бірінші римдық құқық  кодификациясы —  əдет құқығы

жазбасы түріндегі XII кесте  заңдары;

2) б.э. III  ғ-ның соңында  екі кодекс құрастырылды:  гре-

гориян жəне гормогениан  кодекстері;

3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми  жүйелендіру — Фиодосий ко-

дексі қабылданды,  мұнда  б.э. IV  ғ.  бастап императорлардың

конституциялары жинақталды;

4) б.э. XII  ғ.  рим құқығының  соңғы жүйелеуі аяқталды,  ол

Юстиниан императордың тұсында  жүзеге асырылып,

«азаматтық құқық жинағы»  — Корпус Юрис — Цивилис деген

атқа ие болды, бұл жинақ  келесі негізгі бөліктерден құралды:

— институциялар — рим  құқығының қарапайым курсы, бұл

оқу мақсаттарына арналған, олардың негізгі қайнар көзі болып

рим заңгері Гайдың шығармасы  саналды,  өз күшіне 533

жылдың 21 қарашасында күшіне енді;

44— дигестлер — ескірген  түсініктер мен қарама-қайшылық-

тарды жою мақсатында редакциялық  өңдеуден өткен рим

заңгерлерінің шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533

жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;

— юстинианның кодексі  — 12 кітаптан құралған император

конституцияларының жинағы.  Бірінші кітапта шіркеулік құ-

қыққа қатысты конституциялар енген; 2-8  кітаптар азаматтық

құқыққа арналған; 9  кітап  —  қылмыстық құқыққа; 10  кітап

мемлекет басқару туралы ережелерге арналған;

— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақы-

тында шығарылған Юстиниан конституциялары  оларды негізі-

нен мұрагерлік құқықтың нормалары  көрініс тапқан. 

Құқыққабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш

жағдай (шарт)  қажет болды: бостандық статусы,  яғни, Римнің

тек еркін азаматтары ғана құқыққабілеттілікті иелене алатын

(құлдар құқықтың субъектісі  емес,  объектісі болып табы-

латын); азаматтық статусы  — римдік қалалық қауымға тиесілі

тұлғалар ғана толыққұқылы  жəне жалғыс өкілі болып үй иесі

табылатын. 

Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану жəне билік ету

түріндегі затқа деген  толық жəне айрықша үстемдігін білдірді.

Барлық заттар бірқатар сенаттарға бөлінеді:  азаматтық

айналымнан алынған заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік

меншік обьектілері жəне жалпылай пайдалану заттары:  теңіз,

ауа,  ауыз су жəне т.б.)  жəне азаматтық айналымдағы заттар

(жылжитын жəне жылжымайтын,  бөлінетін жəне бөлінбейтін, 

жеке дара анықталған жəне топтық белгілері бойынша

анықталған, тасымалданатын жəне тасымалданбайтын).

Рим құқығында меншікті иеленудің  екі түрі ажыратылған:

цивильдік құқыққа негізделген  иелену  (меншік құқығын

жаудан жаулап алынған  меншік туралы жалған процесс

арқылы беру,  мүлікті  бөлу туралы процесстегі иелену,  жыл-

житын мүліктің бөлігін бөлу;  мұндай меншік квириттік деп

аталған)  жəне  «халықтар  құқығына»  негізделген иеленулер

(мүлікті берудің қарапайым  түрі,  аккупация,  ескіру мерзімі

бойынша мүлікті иелену). 

Рим құқығы бөтен мүлікке  қатысты келесі құқықтарды

таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтір-

45меген жағдайда,  басқа  тұлғаларға да оның меншігін  пайда-

лануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған

құрылысты пайдалану құқығы) жəне кепіл құқығы—  ипотека

(кепілге қойылған зат  борышкердің иелігінде міндеттемені

орындау мерзімі туындағанға  дейін қалдырылатын). 

Римде міндеттемелердің екі  қайнар көзі болған:  деликті-

лерден  (құқықбұзушылардан)  туындаған міндеттемелер жəне

шарттардан туындаған  міндеттемелер.  Шарттардың келесі

түрлері белгілі болған: вербальды  шарттар — ауызша нысанды

бекітілетін,  литеральды шарттар —  жазбаша нысанды  бе-

кітілген,  шынайы шарттар  —  міндеттемелер затты берген

сəттен бастап туындаған  жəне консенсуалды шарттар — тарап-

тардың қарапайым жəне ресми емес келісімен негізделген

шарттар. 

Неке —  отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің

отбасы мүшелерінің үстінен  шексіз үстемдігімен сипатталған.

Екінші кезеңде некенің  жаңа нысаны пайда болды,  бұл  кезде

əйел біраз мүліктік жəне жеке дербестікке ие болды.  Үшінші

кезеңде некеден тыс байланыстар  —  конкубинаттар кең

таралды. 

Мұрагерлік құқықта заң  бойынша мұрагерлік жəне өсиет

бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек

огнаттар,  яғни,  қандық туыстығына қарамастан үй иесінің

билігінде болған тұлғалар танылған. 

Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы  (Рим мемле-

кетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куə болу,

егіндікті ұрлау жəне дуалау өлім жазасымен жазаланатын)

жəне жеке сипаттағы  (ұрлық,  тұлғаға нұқсан келтіру,  бөтен

мүліктерді жою жəне зақымдау — дене жазалары мен өлім жа-

засы қолданылатын) қылмыстар  ажыратылған.

46Екінші бөлім

ФЕОДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТ 

ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ

А. БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ  ФЕОДАЛДЫҚ 

     МЕМЛЕКЕТ ПЕН  ҚҰҚЫҚ  

1. Франктардың мемлекеті  жəне құқығы

Франктардың мемлекеті мен  құқығы тарихының кезеңдері: 

1 кезең — Меровингтер  монархиясы (VI — VII ғ.ғ.);

2 кезең — Каролингтер  монархиясы (VIII  ғ.— IX  ғ —  дың

бірінші жартысы).

Франктер өмір сүрген жерлер ұсақ бірліктер —  жүздік-

терден тұратын округтерден  — пагалардан құралаған. Мемле-

кеттің аумағында өмір сүруші негізгі этникалық топтар болып

мыналар табылған:  Солтүстіктегі  франктық топ  (үстемдік

құрушы) жəне Оңтүстіктегі галлдық  — римдік топ. Негізгі топ-

тар болып феодалдар тобы мен феодалдық — тəуелді шаруалар

табы табылған. 

Меровингтер монархиясына тəн  сипаттар: 

1) Франк мемлекетінің негізінен  қаланған Хлодвигтің өлімі-

нен соң,  патшалық бірнеше  ретжекелеген тəуелсіз мемлекет-

терге бөлінген; 

2) Патша бөлігін ұстап  қалу үшін аллод —  жерге  жеке

меншік енгізілді  (ақсүйектерді өз жағына тарту мақсатында

патша оларға кейіннен мұрагерлікке айналатын жерлерді сый-

лап отырған); 

3) Шіркеу жылдам байи  бастады, оның жер иеліктері  тұрақ-

ты түрде өсіп отырды; 

4) Жерінен айырылған шаруалар  сананың жылдам өсуі,

бұлар прекарийдің көмегімен  тəуелділікке мойын ұсынған;

прекарий дегеніміз шаруаға  пайдалануға берілген жер үшін,

оның белгілі бір міндеттерді  орындауы (нақты айтқанда — өз

қожасына тəуелді болуы); 

475) Патронат жүйесі кең  таралады;  ол —  ақсүйектердің

шаруаларға қамқоршылық  жасауы,  бұл комендация деп атал-

ды; 

6) Монархияның жер қоры  азайған сайын патша билігі  бір-

тіндеп əлсірей бастады  жəне атақты тектердің қуаты күшейе

түсті; 

7) Билік мемлекеттегі маңызды  лауазымдарды қолына

жинақтаған ақсүйектердің  қолына өте бастады, мұндай лауазым-

дардың қатарынан алғашқыда  патша сарайын басқарған,

кейіннен, VIIIғ-дан бастап,  мемлекет басшысына айналған

майордан лауазымын атауға болады. Бұл лауазым Каролингтер

династиясының негізін қалаған  бай тектің мұрасына айналады.

Каролингтер монархиясының  негізгі ерекшелігі майордан

Карл Мартеллдің реформасымен байланысты,  оның мəні

мынада болды: 

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың