Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
деңгейін анықтады. Патша əскердің, мемлекеттік аппараттың
жəне шіркеудің басында тұрды. Серб патшасының билігі
Собормен — ірі ақсүйек жəне діни феодалдардың съездімен
76шектелді. Собор патшамен бірлесе отырып маңызды мəселе-
лерді шешті: архиепископтарды сайлады, патшаны сайлады,
маңызды заңдарды қабылдады. Мысалы, 1349 жылы Собор
Скоплада патшаның феодалдарға қатысты билігін шектейтін
Стефан Душанның Законнигі қабылдады.
Жергілікті басқару. Серб мемлекетінің бүкіл аумағы патша
өкілдері басқаратын облыстарға бөлінді, ал əрбір облыс —
басында князьдар, чельниктер жəне кегралиялар тұратын во-
лостьтарға бөлінді.
1355 жылы Стефан Душанның өлімінен соң мемлекетте
феодалдар арасындағы қақтығыс-соғыстар күшейе түсті, осы
жағдай 1389 жылы Сербияның Түркияға вассалды түрде
тəуелді болуының негізгі себебі болды. Басқару түрік уəзір-
лерінің қолына көшті. Мұсылман құқығы қолданысқа енді.
Сербия 1878 жылға дейін Түркияға тəуелді болды, тек осы
жылы ғана ол Сан-Стефан бейбіт шартына сəйкес тəуелсіздікке
ие болды.
Құқықтың негізгі сипаттары. Алғашқыда Серб феодалдық
құқығының негізін үстемдік құрушы таптың мүдделеріне тиісті
түрде бейімделген əдет-ғұрыптар құрады. Алайда, 1349 жыл-
дан бастап Скоплада Собор қабылдаған соң құүқықтың негізгі
қайнар көзі болып Стефан Душанның Законнигі саналады.
Оның басым көпшілік баптары қылмыстық-құқықтық стипатта
болып, дінге, жеке тұлғаға жəне меншікке қарсы қылмыстарға
арналды. Сот өндірісі айыптаушылық сипатта болды, алайда,
мұндағы тараптар еркін адамдар болуы тиіс еді. Ал еркін емес
адамдар өз қожалары арқылы соттасатын.
774. Польшаның мемлекеті жəне құқығы
Польшаның мемлекеті мен құқығының кезеңдері:
1 кезең — ертефеодалдық монархия кезеңі (ХІІ-ХІІ ғ.ғ.);
2 кезең — феодалдық ыдыраушылық кезеңі (ХІІ ғ. ортасы
— ХІV ғ. бірінші жартысы);
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия кезеңі (ХІV ғ.—
ХV ғ. ортасы);
4 кезең — ХV ғ. екінші жартысы — ХVІІІ ғ. соңы — екі
кезеңнен тұрады:
а) шляхеттік демократия жəне
ə) ірі магнаттар олигархиясы
а) Ертефеодалдық монархия
Қоғамдық құрылым. Польшадағы феодалдар тобын
можновладец-нобильдер, рыцарьлар (болашақ шляха) жəне дін
қызметкерлері құрады. Ал халықтың негізгі бөлігін алғашқыда
смерд, кейіннен кмет деп аталған еркін шаруалар — қауым
мүшелер құрады. Тəуелді шаруалардың саны біртіндеп өсе
бастады, олар феодалдар үшін баршина мен көптеген заттай
салықтар төлеген.
Мемлекеттік құрылым. Басқару нысаны бойынша Польша
бұл кезеңде монархиялық мемлекет болған. Елдегі жоғарғы
билік князьға тиесілі еді. 1025 ж. Бірінші патша болып
Ержүрек Болеслав (Болеслав Храбрый) сайланды. Бұл кезеңде
польша патшалары заң шығару, сот, атқару жəне əскери билікті
жүзеге асырған. Патшалардың билігін можновладецтерден
құралған Патшалық кеңес жəне ірі феодалдардың съездері
шектеген. Басқарудың орталық аппараты келесі лауазымды
тұлғалардан құралған: əскербасылар — патша сарайының
істерін, əскерді басқарған; канцлер — патшаның хатшылық
қызметін атқарған; коморник — патша сарайын барлық
қажеттіктермен қамтамасыз етуді жүзеге асырған; скарбник —
тиын шығарумен жəне əскерді қамтамасыз етумен айналысқан.
Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет округтарға бөлінген,
оларды патшаның өкілдері басқарған. Қалалық округтардың
əкімшілігінің басында сарайлардың билеушілері тұрған, олар
78заң шығару, атқарушы
жəне сот билігін қаланың
жүзеге асырған.
ə) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет
1138 жылы Болеслав Кривоустыйдың өлімінен соң Польша
бірқатар князьдықтарға бөлінді, оларды қайтыс болған патша-
ның ұлдары өсиет бойынша басқаратын. Кейінірек, князьдар-
дың билігінің əлсірегенін
пайдаланған ірі феодалдар
саяси дербестікке жетіп, тəуелсіз билеушілерге айналды.
Қоғамдық құрылым. Бұрынғыдай үстемдік құрушы тап
болып діни жəне ақсүйек феодалдар сақталды. Рыцарьлар —
шляхтичтердің көбеюі байқалды, олар дружиналар мен басқа-
рудың сарайлық аппаратын құрады. Шаруалар арасында да
біршама өзгерістер орын алды: феодалдық тəуелді шаруалар
(смердалар) да, бостандыққа ие шаруалар (кметалар) да
басыбайлылық мəртебесіне ие болды. Бұл кезеңде Польшаның
қоғамдық құрылымының дамуының аса маңызды жағы болып
сословиелердің қалыптаса бастауы табылды: ірі магнаттар —
пандар, ұсақ феодалдар — шляхталар, қалалықтар жəне діни
қызметкерлер.
Мемлекеттік құрылым. Əрбір князь өз иелігінде мемле-
кеттік билікті толығымен иеленді, яғни, ол заң шығару, атқа-
рушы, сот жəне əскери биліктерді иеленді. Князьдар өз билігін
өз вассалдарынан құралған кеңестердің көмегімен жүзеге
асырды. Князьдың жанындағы басты лауазымды тұлғалар бо-
лып əскербасы, коморник, коморниктің көмекшісі, канцлер,
канцлердің көмекшісі жəне скарбник табылды.
Жергілікті басқаруда да біршама өзгерістер орын алды. Ок-
ругтардағы жоғарғы лауазымды тұлғалар болып каштеляндар
— қала билеушілерінің өкілдері табылды, олар өз аумағында
билікті толық көлемде жүзеге асыратын. Каштелянияға қала
мен оған іргелес жатқан жерлер кіретін.
б) Сословиелік-өкілдік монархия
ХІV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында князь І Вла-
дислав польшалық жерлердің басым көпшілігін біріктіре білді.
І Владиславтың ұлы Ұлы ІІІ Казимирдің тұсында Люблина
сеймінде 1569 жылы Польша мен Литва Ұлы князьдығының
79бірігуі жүзеге асады. Осы кезден бастап біртұтас польша-лит-
валық мемлекетінің өмір сүруі басталады.
Польшаның біртұтас мемлекетке бірігуінде ІІІ Казимирдің
реформаларының маңызы ерекше болды, бұл — əкімшілік, əс-
кери жəне заң шығару саласындағы реформалар. Əкімшілік
реформа орталық жəне жергілікті басқаруға байланысты бол-
ды: орталық басқаруда жаңа лауазымдар бекітілді: подскарбий
— мемлекеттегі қаржыларды басқару үшін жəне маршалек —
патша мен оның жанындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін; жергілікті жерлердегі басқару үшін староста лауазы-
мы бекітілді, оны патша өзі тікелей тағайындайтын. Əскери
реформаға сəйкес əскери қызметке барлық жер өңдеушілер мен
шаруалар да тартылды. Патша əскеріне жіберілетін əскерилер-
дің саны жер иеліктерінің мөлшеріне сəйкес анықталатын бол-
ды. Заңнама саласында ескі сот əдет нормаларын кодифика-
циялау жүзеге асырылып,
патша билігін күшейтуге
ған бірқатар жаңа заңдар қабылданды.
Қоғамдық құрылым. 1370 жылы, ІІІ Казимирдің өлімінен
соң негізгі үш сословие толығымен орнықты: ірі феодалдық
магнаттар — пандар, ұсақ феодалдар — шляхта жəне дін
қызметкерлері. Бұлар 1374 жылғы Кошица артықшылықтарына
сəйкес барлық мемлекеттік салықтар мен міндеттерден
босатылған болатын. Қалалықтар сословиесінің құқықтары бір-
шама шектелді, ал шаруалар толығымен өз құқықтарынан
айырылды.
Мемлекеттік құрылым. ХІV ғасырдың соңынан бастап
польшалық феодалдар патша билігін шектеу мақсатында жаңа
саяси органдарды — пандар мен шляхталардың съездін құра-
ды. ХV ғасырдан бастап шляхтаның рөлі өсе түсті, олар
“сеймиктерге” — жекелеген
воеводстволар бойынша
жиналатын. Ал ХVІ ғасырдың басында Польшада жалпы-
мемлекеттік Вальдық сейм қалыптасады, оның екі палатасы
болады: жоғарғы палата — сенат немесе патша кеңесі, мұнда
ірі феодалдар мен патша сарайының жоғарғы шенеуніктері
жиналатын жəне төменгі палата — елшілік изба, бұл палата
шляхтаның депутаттарынан құралған болатын. Осылай, Валь-
дық сейм жəне сеймиктер магнаттар мен шляхтаның өкілдік
органдары болып табылды. Басқарудың орталық органы болып
80патша сарайы сақталып қалды. Əскердің басында патша емес,
ұлы гетман — магнаттардың өкілі тұрды.
Жергілікті басқару. Бұл кезеңде негізгі аумақтық бірліктер
болып Польшада воеводстволар, Литвада поветалар табылды,
олардың басында воевода мен каштелян тұрды. Олар əскер-
басы да болып табылды. Сот билігі старосталар мен жергілікті
судьяларға тиесілі болатын.
Құқықтың негізгі сипаттары. Польшалық əдет құқығының
негізгі қайнар көзі болып Польша шындығы — Польшаның
солтүстік облыстарында ХІІІ ғасырдың екінші жартысында
құрастырылған жинақ табылды. Сонымен қатар, құқықтың
қайнар көздеріне статуттар — заңдар, канондық құқық, Сак-
сондық шындық жəне Магдебургтық қалалық құқық жатты.
Соңғысы немістер өмір сүрген аймақтарда ерекше мəнге ие
болған.
Меншік құқығында өндірістің негізгі құралы болып жер
сақталып қалды. Феодалдар мен еркін шаруларға тиесілі жер
дедина деп аталды. Жерге меншіктің нысаны болып ұзақ уақыт
бойы аллод табылды. Феодализмнің дамуымен бенефициялар
мен осадничество пайда болды.
Польшадағы міндеттемелік құқыққа мынадай шарт түрлері
тəн болды: сату-сатып алу, займ, жалға алу, несие шарттары.
Неке-отбасы құқығында тек шіркеу рəсімдері арқылы
бекітілген неке ғана заңды деп саналды. Ерлі-зайыптылардың
теңқұқылығы болмаған, некені бұзуға тыйым салынған.
Қылмыстық құқықта қылмыстың негізгі түрлері болып
мемлекеттік сатқындық, қоғамдық тəртіпті бұзу, адам өлтіру,
қарақшылық, ұрлық, өрт қою, зорлау, денеге жарақат келтіру
жəне қорлау табылған, олар үшін жазалардың төмендегідей
түрлері көзделген: мүлікті тəркілеумен өлім жазасы, канды кек,
айыппұл.
815. Чехияның мемлекеті мен құқығы
Чехияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері:
1 кезең — ертефеодалдық мемлекет (ІХ-ХІ ғ.ғ.);
2 кезең — феодалдық-
ғ.ғ.);
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия (ХІV-ХVІ ғ.ғ.);
4 кезең — Чехия Австрияның билігінде (1627 жылдан бас-
тап).
а) Ертефеодалдық мемлекет
Чех мемлекетінің пайда болуына ІХ ғасырдың басында Ұлы
морав мемлекетінің құрылуы əсер етті, бұл мемлекет 906
жылға дейін өмір сүрді. Оның құрамына Моравия, сонымен
қатар, словак, лужиц тайпалары өмір сүрген аумақтар жəне
Силезия аймағы кірді. Ұлы морав мемлекеті ертефеодалдық
сипатты иеленді. Мұнда қуатты князьдық мұрагерлік билік
орнықты. ІХ ғасырдың соңында Ұлы морав мемлекетінің
əлсіреуі байқалады, бұл əлсіреу феодалдардың өзара
қақтығыстарының нəтиже-сінде жылдамдай түсті. 906 жылы
бұл мемлекетті словак жер-лерін жаулап алған венгрлер
құлатып, өздеріне бағындырды. Ұлы морав мемлекетінің
құрамынан екі чех княздықтары бөлініп шықты: оның
біріншісінің басында Пржемысловичтер тегінен шыққан
князьдар тұрды, орталығы Прагада болды, екіншісінің басында
Славниктер тегінен шыққан князьдар тұрды, орталығы
Либицада болды. Осы екі княздықтардың арасындағы билік
үшін күрестің нəтижесінде Пржемысло-вичтер тегі жеңіп,
барлық чех жерлері прагалық князьдардың қол астына
біріктірілді.
Қоғамдық құрылым. Феодалдар табы рулық-тайпалық ақ-
сүйектерден, княздық дружинниктерден жəне байыған қауым
мүшелерінен құралды. Феодалдар шаруалардың жерлерін тар-
тып алып, оларды өздеріне тəуелді адамдарға айналдырды.
Құлдық əлі де сақталып қалды.
Мемлекеттік құрылым. Чех ертефеодалдық мемлекетінің
басында князь тұрды, оның қолында заң шығару, əкімшілік,
82сот жəне əскери биліктері жинақталды. Басқарудың орталық
жəне жергілікті аппараттары да князьға бағынды.
Барлық ағымдағы істерді князь Кеңестің — Раданың
көмегімен шешетін, Раданың құрамына мыналар енді: сарай
жупаны — патша сарайын басқарушы, коморник — жоғарғы
қазына басқарушы мен сарай судьясы. Мемлекеттегі барлық
маңызды мəселелерді Сейм — діни жəне ақсүйек феодал-
дардың съезді шешетін.
Жергілікті басқару. Мемлекеттің аумағы аумақтық бірлік-
тер — жупаларға бөлінген болатын, олардың басында князь-
дың өкілдері — жупандар тұрды.
ə) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет
Қоғамдық құрылым. Феодалдар табы екі сословиеден құ-
ралды: ақсүйек жəне діни феодалдардан. Ақсүйек феодалдар,
өз кезегінде, екі топқа бөлінді: жоғарғы топ — пандар — ірі
жер иеленушілер, олар вельможалар жəне барондар деп
аталды; төменгі топ — владыкалар — дружинниктер мен
рыцарьлардан қалыптасқан феодалдар. Феодалдық-тəуелді
шаруалар да бірнеше топқа бөлінді: дедичтер — мұрагерлікке
берілетін жерлері — дединалары бар жеке тəуелді шаруалар,
жəне госталар — алымды төлей алмағаны үшін жеке
тəуелділікке мойын ұсынған еркін шаруалар.
Мемлекеттік құрылым. Чехиядағы феодалдық ыдыраушы-
лықтың өзіндік ерекшеліктері болған. Біріншіден, мемлекеттің
аумағының негізгі бөлігі бөлініп, ыдырамады, осыған сəйкес
князь бірқатар билігін сақтап қалды, бұл ХІІ ғасырдың соңы —
ХІІ ғасырдың басында І Пржемыслдың Чехияның мемлекеттік
біртұтастығын қалпына келтіруіне алып келді. Екіншіден,
Чехия Қасиетті Рим империясының герман халқының құрамы-
на енді, осыған сəйкес, таққа отырған чех князьдарын герман
императоры тағайындауы тиіс болатын. 1158 жылы чех князы
ІІ Владислав императордан мұрагерлік патша титулын алды,