Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

сөйтіп, Чехия патшалыққа айналды. 

Орталық басқаруда біршама  өзгерістер орын алды: жоғарғы

лауазымды тұлға —  жупанның орнына бірнеше сарай

лауазымдары пайда болды:  сарай канцлері,  сарай судьясы,

сарай коморнигі,  стольник,  чашник жəне жоғарғы ловчий.

83Сеймнің рөлі өсті, оның  келісімінсіз князь жаңа заңдар  шығара

алмайтын жəне мемлекеттің  аумағынан тыс əскери жорық-

тарға қатыса алмайтын. 

Жергілікті басқаруда  да бірқатар өзгерістер орын алды.

Краев,  краин,  волость  жəне жупа деп аталатын ірі облыстар

пайда болды. Əрбір облыстың орталығы болып қала табылды,

оны князьдың өкілі — каштелян басқаратын. Каштеляндардың

жанынан бірнеше жаңа лауазымдар пайда болды:  облыстық

судья,  князь салықтарын жинаушы,  князь иеліктерін басқару-

шы  (владырь),  ловчий  (князь аңшылығын басқарушы)  жəне

орманшы. 

Сот. ХІІ ғасырда ІІ Пржемысл Оттокар патша тұсында сот

реформасы жүргізілді,  оның мəні мынада еді:  жоғарғы сот

инстанциясы ретінде Жергілікті сот бекітілді,  бұл мəртебені

прагалық облыстық сот  иеленді,  ол прагалық бургграфтан,

прагалық коморниктен,  прагалық судья мен хатшыдан тұрды.

Жергілікті жерлерде қылмыстық  істер бойынша сотты попра-

вецтер,  ал азаматтық істер  бойынша сот əділдігін крайлық

судьялар жүзеге асырды.

б) Сословиелік-өкілдік монархия

Қоғамдық құрылым. Келесі сословиелер толығымен қалып-

тасты:  пандар мен владыкалардан  құралған ақсүйек феодал-

дардың сословиесі,  дін  қызметкерлерінің сословиесі жəне

қалалықтар сословиесі. Ал шаруалардың басым көпшілік бөлігі

феодалдық-тəуелді шаруларға  айналды.

Мемлекеттік құрылым. Бұл  кезеңде Чехия формальды түр-

де Қасиетті Рим империясының герман халқының құрамында

қала берді, ал іс жүзінде  ол дербес мемлекет болатын, оған ке-

лесі жағдай əсер етті: 1347 жылы чех патшасы, Люксембургтар

тегінің өкілі І Карлды Қасиетті Рим империясының герман

халқының императоры ретінде  І V Карл деген атпен сайлады.

1356 жылғы Алтын Буллаға  сəйкес чех патшасы империяның

бірінші курфюрсты ретінде  танылды жəне мемлекет ішінде де,

сыртында да мемлекеттік  егемендікті толығымен иеленді.

Династияның тоқталуы жағдайында жаңа патшаны тек Чех

сеймы ғана сайлай алатын. 

84Чех сеймы мемлекеттің  жоғарғы өкілдік органы болып

табылды жəне үш сословиеден  құралды: өздері сеймге тікелей

қатысатын пан сословиесі жəне сеймге сайланбалы өкілдері

арқылы қатысатын владыкалар жəне қалалықтар сословиесі.

Пан билігінің органы болып  бірқатар жоғарғы лауазымды

тұлғалардан құралған Рада табылды.

Жергілікті басқару. Жергілікті жерлердегі патша əкімшілі-

гінің өкілдері болып патша  тағайындайтын крайылық гетман-

дар табылды, олардың қолында  əскери жəне полициялық билік

болатын.

в) Чехия Австрияның билігінде

1526 жылы өз артына мұрагерлерді  қалдырмаған чех патша-

сы Людвигтің өлімінен соң Чех сеймі түріктер тарапынан

жаулаудан қорқып,  патша  ретінде Габсбургтар тегінің  өкілі

австриялық эрцгерцог  Фердинандты сайлауға мəжбүр болды.

Сайлау кезінде Фердинанд  Чехияның барлық əдет-ғұрыптары

мен сословиелерінің құқықтары  мен артықшылықтарын сақ-

тауға міндеттенді.  Чехия  мен Австрияның жеке униясы

орнықты, бұл кейіннен Чехияның Австрияға толығымен бағы-

нуына алып келді. Бұл сеймнің, өзін-өзі басқарудың жергілікті

жəне қалалық органдарының өкілеттіктерін шектеуден көрініс

тапты,  Чех патшалығының дербестігі жойылды. 1627  жылы

қабылданаған  “Жаңартылған жергілікті жарғыға”  сəйкес Че-

хияның барлық жерлері  Габсбургтардың мұрагерлік иелігіне

айналды.  Патшаның қолында  мемлекеттік билік толығымен

сақталды,  неміс тілі чех  тілімен теңестірілді жəне Чехия

австриялық монархияның  бөлігіне айналды. 

Құқықтың негізгі сипаттары. Ертефеодалдық кезеңде құ-

қықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылды. Кейіні-

рек бірқатар құқықтық жинақтар жасалды, олардың ішінен чех

заңгері Викториан Корнелиштің  “Чех жерлерінің құқығы

туралы тоғыз кітап” шығармасын (ХVІ ғ.), чех жер құқығының

ережелерін  (ХV  ғ.)  жəне т.б.  атауға болады.  Сонымен қатар,

құқықтың қайнар көздеріне  чех патшаларының заңшығарушы-

лық актілері,  жер құқығы,  канондық жəне қалалық құқық

жатты. 

85Меншік құқығы алғашқыда  екі нысанда көрініс тапты: 

жерге деген мұрагерлік рулық  меншік —  дедина нысанында

жəне шартты,  шектелген  жер иелену —  выслуга нысанында.

ХІІ ғасырдың соңынан бастап феодалдық меншік ер адамдарға

мұрагерлікке беру нысанына көшті. 

Неке-отбасы қатынастары  канондық құқықпен реттелді.

Мұрагерліктің негізгі түрі болып заң бойынша мұрагерлік

табылды, жəне мұрагерлікке тек еркек жынысты адамдар  ғана

тартылатын. 

Қылмыстардың негізгі  түрлері болып шіркеу мен дінге

қарсы қылмыстар, мемлекеттік  қылмыстар, жеке тұлғаға қарсы

қылмыстар,  меншікке қарсы  қылмыстар табылды,  олар үшін

төмендегідей жазалар  көзделетін: өлім жазасы, түрмеге қамау,

дене мүшесін зақымдау,  барлық құқықтарынан айыру,  мем-

лекеттен қуу жəне мүлікті  тəркілеу. 

 

86Б. ШЫҒЫСТЫҢ ФЕОДАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТІ  

    МЕН ҚҰҚЫҒЫ

1. Араб халифаты

Араб халифатының тарихын  шартты түрде 3 кезеңге бөлуге

болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт

халифтің (  Əбу Бəкір (632-634  ж.ж.),  Омар (634-644  ж.ж.),

Осман (644-656  ж.ж.),  Əли (656-661 ж.ж.))  билігі;  Омейядтар

династиясының билігі (661-750  ж.ж.);  Аббасидтер династия-

сының билігі (750-1258 ж.ж.). 

VІІ ғасырда араб тайпаларында  рулық-тайпалық қатынас-

тардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін

малшы-көшпенділер  (бəдеуиндер)  мен сулы жерлерде,  қала-

ларда өмір сүрген жер өңдеушілердің  аз бөлігі құрады. Аталған

уақыттан бастап əлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік

теңсіздік басталды. Шейхтар  (тайпа басшылары)  мен саидтар

(тайпа ақсақалдары) жақсы  сулы жерлер мен малдың көптеген

бөлігін өздеріне иемденіп алды.  Рулық-тайпалық ыдырау-

шылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы

əртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді.  Олардың

ішіндегі аса əйгілісі —  ислам дінінің негізін қалаушы

Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір

дінге жəне пайғамбары —  “жер бетіндегі жалғыз құдайдың

жердегі елшісі”  басында  тұрған теократиялық мемлекетке

(діни қауым түріндегі)  бірігуге шақырды. 

VІІ ғасырдың ортасында  Аравияның бір исламдық мемле-

кетке — халифатқа бірігуі  аяқталды. 

Омейядтардың басқару  жылдарында халифаттың қуатты əрі

гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне

тартылды. 

640 жылы арабтар Сирияны,  Палестинаны, Египетті, ал 649

жылы бүкіл Солтүстік  Африканы жаулап алды. 651  жылы

Иранды бағындырды. 658  жылы Арменияны,  Грузияның бір

бөлігін,  Азербайжанды,  ал Кавказдың арғы жағынан Хазар

жерлеріне де қол жеткізді. 715  жылы Хорезмді толығымен

жəне Мауераннахрдың  (Сырдария мен Амудария өзендерінің

аралығы)  басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751  жылы

87бүкіл Орта Азияны  өздеріне бағындырды. 712  жылы  Үндіс-

танға басып кіріп, Синд қаласын  жаулап алды. 711 жылы Испа-

нияны өздеріне бағындырды.  Арабтармен жаулап алынған

ұлан-ғайыр аумақта халықаралық  тіл болып араб тілі танылды.

Ислам құқығы —  шариғат  жергілікті əдет-ғұрып нормалары

мен институттарына еніп,  оларды да өзінің бойына сіңіре

бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы

дінге айналды. 

Халифаттың мемлекеттік  құрылымы. Мемлекеттік билік

орталықтандырылған сипатта  болатын.  Мемлекет басында

жоғарғы діни (имамат) жəне мемлекеттік (эмират) билікті жү-

зеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық

органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:

1)  диуан-əл-джунд —   əскерді қаруландыру мен жабдықтау

бойынша ведомствосы;

2)  диуан-əл-харадж —   қаржылық-фискальдық  (салықтық)

ведомствосы;

3) диуан-əл-барид — жол  жəне пошта бойынша ведомствосы. 

Жоғарғы шенеунік болып уəзір  табылды,  ол тек халифтың

алдында ғана есеп беретін  болған.  Провинцияларды əмірлер

басқарған.  Кезкелген  империя сияқты халифатқа да бірнеше

ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді,  оған сонымен қатар

халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері

де əсер етті. Жергілікті əмірлер қол астындағы əскери күштерін

нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты.

Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтар-

да,  Орта Азиядағы саманидтарда,  Египеттегі тулунидтарда,

Армениядағы жəне Грузияның  бір бөлігіндегі багратидтарда,

Ирандағы буидтарда кездесті.  Х ғасырдың басында Аббасид-

тердің қолында иек  Араб Ирагы мен орталығы Бағдаттағы

Батыс Иран ғана қалды, мұның  алдында, VІІІ ғасырдың аяғын-

да Испаниядағы Кордова  əмірлігі  (астанасы Кордова қаласы)

бөлініп шықты.  Нəтижесінде  Аббасид халифтері саяси билік-

тен айырылды, оларда тек  қана діни билік сақталып қалды.

Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынты-

ғы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы

ретінде түсінуге болады.  Шариғаттың негізгі қайнар көздері

болып мыналар табылған:

88Құран — діни-моральдық  ережелерден құралған, мұсылман-

дардың басты қасиетті кітабы;

Сүннет —  Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-

тұрысы туралы хадистердің  (аңыздардың)  жиынтығы,  мұнда

отбасылық-мұрагерлік жəне сот  құқығының ережелері көрініс

тапқан, ол белгілі бір  дəрежеде сот прецедентіне ұқсас  болып

келеді,  яғни,  Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге

қатысты шығарған шешімдері  кейінгі соған ұқсас істерге  үлгі

ретінде қолданылатын;

Иджма —  беделді ислам  заңгерлерінің шығарған шешім-

дері,  ол жоғарыда аталған  қайнар көздер қамтымай өткен

мəселелерге қатысты шығарылатын,  бұл жағдайда судьялар-

дың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.

Фетва —  қоғамдық өмірдің  жекелеген мəселелеріне қатыс-

ты ақсүйектер билігінің  шығарған шешімдеріне қатысты

беделді жоғарғы дінбасыларының жазбаша қорытындысы. 

Шариғаттың ережелері  жеткіліксіз болған жағдайда,  əдет

құқығын  (əсіресе,  бағындырылған  жерлерде)  немесе исламға

қайшы келмейтін басқа  да жергілікті заңдарды қолдануға

рұқсат етілетін. Мұсылманның  əрекеттері төмендегідей болып

бөлінетін:  қатаң міндетті  (орындауға міндетті діни рəсімдер

жəне ережелер);  қалаулы  (діни тұрғыдағы жағымды жүріс-

тұрыс);  рұқсат етілген  (мысалы,  исламның жауларын өлтіру);

қалаусыз,  алайда жазаланбайтын  (мысалы,  əйелін ұрып-соғу);

тыйым салынған жəне қатаң  жазаланатын (діни нанымға қарсы

жəне дінге қарсы басқа  да қылмыстар).  Исламның басты

құндылықтары болып дін, өмір, сана, жеке меншік жəне отбасы

табылған. 

Жауапкершілік сипатына қарай  барлық қылмыстар шартты

түрде үш топқа бөлінген:

1)  дінге,  отбасына, жеке  меншікке жəне мемлекетке қарсы

қылмыстар,  олар үшін қылмыскер  дене жазаларымен немесе

өмірімен жауап беретін.  Мысалы,  ұрлық қолды шабумен

жазаланатын;  əйелдің  зинақорлығы,  құдайға күмəн келтіру  — 

өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты

жазалар — хадд қолданылған;

2)  жекелеген тұлғаларға  қарсы қылмыстар,  бұлар үшін

əдетте айыппұл немесе құн төлеу  (қан үшін төлем)  түріндегі

89жазалар қолданылатын.  Қылмыстардың бұл түріне,  ең  алды-

мен,  қасақана жəне абайсызда  адам өлтіру,  дене жарақаттары

мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін,

бірақ,  аса кең қолдау таппаған —  бұған қарағанда құн  төлеу

жөн деп саналатын.

3) жазасы соттың қарауымен  тағайындалатын  (тазир)  қыл-

мыстар мен құқықбұзушылықтар.

Шариғатта міндеттемелік  құқық жақсы дамыған. Шарттан

шығатын міндеттемелер екі  топқа бөліп қарастырылады:  бі-

рінші топқа —  затты  біреудің пайдалануына берумен байла-

нысты міндеттемелер, оған айырбас, қарыз, сыйға беру, жалға

алу,  сату-сатып алу  шарттары жатады;  екінші топқа —  затты

біреудің пайдалануына беру міндеті жоқ шарттар жатады,  ол

сақтау, серіктестік жəне тапсырыс шарттары. 

Исламдағы меншік құқығының  өз ерекшелігі бар.  Мұнда

меншік иесінің мүлікті  пайдалану жəне билік ету құқығы бар,

ал иелік ету құқығы тек құдыретті құдайға ғана берілген.

Отбасылық қатынаста шариғат  еркек пен əкенің билік

жүргізуін толық қолдаған.  Ер адамдарға заңды некемен төрт

əйелге дейін жəне саны шектелмеген некеден тыс əйелдерді

алуға рұқсат берілген.  Мұрагерлік қатынаста мұра беруші

мүліктің тек үштен  бір бөлігімен билік еткен,  сонымен қатар,

мұрагерлерге мұра қалдырушының міндеттері емес,  тек

құқықтары ғана беріліп отырған, яғни, қайтыс болған адамның

мүлкі барлық қарыздары өтелген  соң ғана берілетін. Сонымен,

мұраның үштен екі бөлігі заңға сəйкес мұрагерлікке  (заңды

мұрагерлеріне)  жəне үштен  бір бөлігі мұра берушінің тілегі

бойынша (өсиет бойынша) берілетін. 

Жердің құқықтық режимі де мəртебесінің əртүрлілігімен

ерекшеленетін:

1)  хиджаз — Мұхаммед  пайғамбар өмір сүрген жерлер,  ол

жерде тұратын мұсылмандардан ондық салық алынатын;

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың