Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
мет ететін. ХІІ ғасырдың соңында самурайлар дербес династия
ретінде қалыптасқан Миномото князьдарын жақтады.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Жапония.
ХVІ ғасырда Жапония феодалдық ыдыраушылық жағдай-
ында болды. Феодал Ода Нобунага Токугава жəне Такеда
тегінің князбдарымен одақтасып, 1582 жылы мемлекеттің 66
провинциясының отызын өзіне бағындырды, оның мирасқоры
Хидэеси елдегі бүкіл билікті өз қолына біріктірді. Шаруаларға
қару-жарақ ұстауға тыйым салынды, олар өз жерлерінен кете
алмайтын. Князьдардан құралған өкілдік алқалы орган құ-
рылды.
Кореяға қатысты белсенді жаулап алушылық саясат жүр-
гізілді. 1598 жылы Хидэесидің өлімінен соң оның үш жасар
мұрагерінің тұсында ірі феодалдардан құралған регенттік кеңес
құрылды. Ірі феодалдардың арасындағы өзара соғыстың
нəтижесінде Токугава Иэясу жеңіп шықты. 1603 жылы Току-
гава сегун (бас қолбасшы) болып жарияланды. Токугава тегі
Жапонияда ХІХ ғасырдың жартысына дейін билік құрды.
98Сегунат режимі императорды биліктен аластатты. 1615
жылы бүкіл Жапония біріктірілді. Мемлекеттің астанасы Эдо
(қазіргі Токио) қаласына ауыстырылды. Сегуннан кейінгі
екінші тұлға болып оның бірінші министрі жəне бас кеңесшісі
табылды, сегун кəмелетке толмаған жағдайда оны регенттік
кеңес тағайындайтын. Жоғарғы кеңесуші орган болып ақса-
қалдар кеңесі табылды. Жергілікті жерлерде билікті губерна-
торлар жүзеге асыратын; сегунның ерекше шенеуніктері жер-
гілікті жерлерге бақылау жəне тексеру мақсатымен жібері-
летін. Тұрғылықты халық негізгі төрт сословиеге бөлінді:
самурайлар, шаруалар, қолөнершілер жəне саудагерлер, қайыр-
шылар мен көшпенді артистер ешбір сословиеге жатпйтын.
Барлық мемлекеттік
Халықтың сексен пайызын құраған шаруалар жерді “мəңгілік”
жалға алу құқығына сəйкес иеленетін. Қолөнершілер мен
саудагерлер цехтар мен гильдияларға біріккен.
Жапондық феодалдық құқығының дамуына қытай құқы-
ғының əсері ерекше болды жəне мұнда да конфуций ілімінің
догмалары көрініс тапқан. Қылмыстың, азаматтық деликтінің
жəне əкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған
болатын.
Жапондық “Жүз заңдар” (1742 жылы) феодалдық жинағы
азаматтық, қылмыстық,
процессуалдық құқықтардың
нормаларынан құралған, алайда, бұл нормалар құқық салалары
бойынша нақты ажыратылмаған болатын. Ресми доктринада
адамның жазылған құқыққа қатынасы мына формуладан көрі-
ніс тапқан: “білмесең де, орындауың қажет”. Сол себепті, жа-
зылған құқықты білетін адамдардың санының шеңбері аз
болған. Негізінен конфуций ілімінің имандылық жəне жақсы
(немесе жаман) жүріс-тұрыс ережелері басшылыққа алынатын.
99Үшінші бөлім
ЖАҢА ДƏУІР КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ
ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ (БУРЖУАЗИЯЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ)
1. Ұлыбритания
ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне
қарағанда əлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық
отарлау саясаты, дамыған мануфактуралық жəне жеңіл өнер-
кəсіп мемлекеттің əлемдік нарықтағы алғашқы орындардың
бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны
сақталды: капиталистік жəне феодалдық. Капиталистік шаруа-
шылықтың артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық
жерлерді жинақтаудың нəтижесінде шаруаларды жаппай
жерінен айыру процесі жүргізілді (феодалдардың шаруаларды
жерлерінен күштеп қууы). Абсолютизм жерінен айырылған
мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете
алмады. Ол əлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет
халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу
құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек
оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын джентель-
мендер, бюргерлер жəне ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар
табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі
дворяндар жəне жаңа дворяндар немес джентри құрады. Жаңа
дворяндар өзінің шаруашылық нысанына байланысты бур-
жуазия болып табылды. Халықтың əртүрлі таптары тартылған
революцияның болуына жағдай туды.
Халықтың көпшілік бөлігінің жəне қалыптасып келе жатқан
буржуазияның көңілі толмауының себептерінің бірі болып І
Карл Стюарттың (1600-1644 ж.ж.) католик дініне сенетін
француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия
патшаның бұл əрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы
деп түсінді.
Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, патша,
екінші жағынан, патшаға буржуазиялық оппозицияны білдір-
ген парламент табылды. 1628 жылы парламент патшаға Құқық
100туралы петицияны ұсынды. Құжатта І Эдуард пен ІІІ Эдуард-
тың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға сəйкес
парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге
болмайтын. Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті
патшаның шенеуніктерінің қол сұғуынан қорғалмау фактісі
көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме жасай отырып,
петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұста-
луына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына жəне қудала-
нуына жол берілмейтіндігі аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұл-
дызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның” (саяси трибуна-
ның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан,
Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар,
петицияда солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жа-
нында орналасуына жəне əскери жағдайды енгізуге қарсылық
білдірілді. Мемлекеттің əдет-ғұрпына қайшы шығарылған
көптеген өлім жазалары жəне жоғарғы шенеуніктердің жаза-
сыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.
Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата пар-
ламенттің келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді жəне
ешкімді сотсыз қамауға алмауды сұрады. Негізгі мазмұны
бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды бекіту емес,
бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап
етілді.
І Карл петицияны бекітуге мəжбүр болды — ол заңға
айналды. 1629 жылы патша мен парламенттің арасында жаңа
қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл парламентті таратып,
мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Патшаның үстемді-
гінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып
келді.
Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып
пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы табылды.
Пуританизм діни ағым ретінде елдегі революциялық жағдай-
дан əлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ ғасырдың
20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеоло-
гиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп
жойылды.
Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктір-
ді, конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепен-
101дентство орта жəне
ұсақ буржуазия қатарынан
тапты. Жалпы алғанда олар конституциялық монархия идеясы-
на қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз жақтаушыларының
санын көбейту жəне еркін адамның ар-ождан жəне сөз
бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап
етті. Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта
болды, бұл қозғалыс қолөнершілер мен еркін шаруаларды бі-
ріктірді, олар республиканың орнауын жəне барлық азаматтар-
дың теңдігін талап етті.
Қысқа парламент. 1629-1640 ж.ж. патша билігінің үстемдік
құруымен сиаптталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған
болатын. Мұның нəтижелерінің бірі ретінде Шотландиядағы
қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып
кіру қауіпі туды.
Əскери сəтсіздіктер жəне қаржының жетіспеушілігі І
Карлды парламентті шақыруға мəжбүр етті, бұл парламент
1640 жылдың 13-сəуірінен 5-мамырына дейін жұмыс істеді
жəне ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды.
Қауымдар палатасы патшаның шотландықтармен соғысын
қаржыландырудан бас тартты жəне І Карлдың саясатын талдап
қарастыруға көшті. Жалғызілікті басқару жылдарында І Карл
парламентті таратып жіберді, осы əрекеті арқылы ол өз
жағдайын одан əрі нашарлата түсті.
Ұзақ парламент. Бұл парламентті патша 1640 жылдың
қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді,
сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды.
Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640
ж. 3-қараша — 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына
əсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне қара-
мастан əрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдық
акт жəне парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз тара-
туға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылда-
ды. Арнайы актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы ко-
миссия” таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды,
мұнда Англиядағы дін мен
мемлекеттік құрылымды
талпыныс жасаған “жаман ниетті партиямен” байланысты қа-
уіп аталып өтті. Бұл “партияның” əрекеттері ретінде Шотлан-
102диядағы соғыс,
менттің арасындағы шиелініс түсіндірілді. Ремонстрацияда
епископтарды лордтар палтасынан аластату жəне шіркеуге
қатысты реформалар жүргізу, сонымен қатар, қауымдық жер-
лерді жинауға жəне салық
алудағы патша билігінің
терін жоюға тыйым салу талап етілді.
Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер патша билігін
шектеді, оларды патша бекіткенімен, шиелініс шешілмеді.
Нəтижесінде патша мен парламенттің арасындағы азаматтық
соғысқа алып келді. Патша Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп,
мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет
басқарды.
Азаматтық соғыс. Бұл соғыс екі кезеңге бөлінді: 1) пар-
ламенттік əскерді басқару пресвитериандардың қолында бол-
ған кезең жəне 2) индепенденттердің қолында болған кезең.
Парламенттік əскердің патша əскерімен соғысындағы алғашқы
сəтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың (1599-1658) “Жаңа
үлгісі” бойынша қайта құрылуына əкеп соқты. Индепендент
болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын инде-
пенденттік қауымға берді. Əскери басшылықтан ақсүйектерді
аластату үшін парламент мүшелеріне əскерде басшылық
қызмет атқаруға тыйым салатын “ Өздігінен бас тарту туралы
биль” қабылданды. 1645 жылы патша əскері соғысты жеңілді. І
Карл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді.
Парламент пен əскер арасындағы қақтығыс пресвитери-
андар мен индепенденттердің жəне басында көсемі Джон
Лильберн тұрған олардың радикалды қанаты левеллерлердің
революцияның мақсатына жету жолдарына қатысты əртүрлі
көзқарастарының нəтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктем-
де патша мен пресвитериандық парламенттің арасындағы
екінші азаматтық соғыс басталды. Индепенденттік əскер
левеллерлердің (радикалық-революциялық қанат) арқасында
жеңіске жетті. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды
қуды, ал парламенттің қалған мүшелері толығымен оған
бағынды.
Индепенденттік республика жəне Кромвельдің протекто-
раты. 1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англия-
ны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойыл-
103ды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретін-
де жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік
кеңес құрылды.
Индепенденттер мен
ларға дейін бекітілген “Халықтық келісімде” келесі əрекеттер
мақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық
ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру,
барлығының заң алдындағы теңідігі жəне т.б. Алайда,
Кромвель үшін “Халықтық келісім” əрекеттердің шынайы бағ-
дарламасы емес, айлалық мойын ұсыну болып табылды. Мұны
білген левеллерлер бірнеше əскери бөлімдердің қолдауымен
көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады.
1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны
таратып жіберді.
1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығай-
та түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл
актіге сəйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор мен
бірпалаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғы
билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мү-
шесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель
парламентті шақыруды тоқтатты жəне Мемлекеттік кеңестің
мүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657
жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді.
Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көте-
рілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың ор-
нына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.
Стюарттар реставрациясы. 1658 жылы Кромвель қайтыс
болған соң билік оның ұлы Ричард Кромвельге өтті. Оның
қоғамда беделі жоқ болатын. 1659 жылы Ұзақ парламенттің
“қалдығы” таққа өлтірілген патшаның ұлы — ІІ Карлды (1630-
1685) отырғызды. Алайда,
ІІ Карл сөз бергеніне
ескі тəртіптерді орната бастады. Бұл жылдары Англияда екі
саяси партия пайда болды: торри — патшаны жақтаушыларды
біріктірді, виги — патшаға оппозициялық қатынастағы
буржуазия мен орта дворяндарды біріктірді.