Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

1679  жылы вигилар парламентта  көпшілік дауысқа ие бо-

луының нəтижесінде  “Хабеас  корпус акт”  немесе  “Азамат-

тардың бостандығын жақсы  қамтамасыз ету жəне теңіздің ар

104жағында қамауға алудың  алдын алу актісін қабылдады.  Бұл

заңға сəйкес,  қамауға  алынған адам өзі немесе туыстары

арқылы  “Хабеас корпусты”  туралы бұйрық беру талабымен

Англияның жоғары соттарының біріне жолдану құқығын

иеленді. Бұл бұйрыққа сəйкес,  қамауға алған тұлға оны сотқа

əкелуі тиіс болатын жəне, мүмкін болса, ол үшін ақшалай құн

төленсе, оны босатуға тиіс болатын. “Хабеас корпусты” ІІ Карл

бекітті, алайда ол вигилердің ІІ Яковтың таққа отыруына қарсы

болмауын шарт етіп қойды.

“Революция жəне оның салдары.”  Жаңа патша ІІ Яков

(1633-1701)  буржуазияға қарсы  саясатты жүргізді,  сөйтіп,

парламент вигилармен біріге тырып (парламенттің құрамында

негізінен торилар болатын), “революцияны”  жүзеге асырды.

1689 жылы таққа Нидерланды  штатгальтері Вильгельм Оран-

ский (1650-1702) отырды. Осы кезден бастап Англияда консти-

туциялық монархия түбірімен  орнады.  Жаңа патша,  таққа

отырған соң, “Құқықтар туралы биллді”  бекітті,  оның негізгі

мəні парламенттің заңнама  саласындағы үстемдігін бекітуде

болды.  Алайда,  патшада  парламенттің заң жобаларына абсо-

люттік вето құқығы сақталып қалды. 

1701 жылы конституциялық  заң — “Тақты мұрагерлікке  алу

туралы заң” қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені  орнық-

тырды:  контрассигнатура ережесі,  оған сəйкес,  патшаның заң

шығару актілері тек министр  бекіткенде ғана күшіне енетін,

жəне соттардың ауыстырылмайтындығы. 

ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ АНГЛИЯ

Парламент екіпалаталы болды:  жоғарғы палата  (лордтар

палатасы),  өз орнын мұрагерлік бойынша,  немесе лауазымы

бойынша,  немесе патшаның тағайындауы бойынша иеленген

тұлғалардан құралды;  төменгі  палата  (қауымдар палатасы),

сайлау құқығының негізінде  құрылды. 

1710  жылы арнайы заң  қабылданды,  оған сəйкес,  жылы-

жымайтын мүліктен селолық  жерлерде 500  фунт стерлинг,

қалалық жерлерде 300 фунт стерлинг табыс табатын тұлғалар

ғана парламентке сайлана  алатын. 1707 жылы патшаның вето

құқығы тоқтатылды,  сөйтіп,  заң шығару билігі толығымен

парламентке тиесілі болды. 1716  жылы парламенттің төменгі

105палатасының өкілеттіктерінің  мерзімін 3  жылдан 7  жылға

ұзартқан заң қабылданды.  Осы кезде министрлер кабинеті — 

мемлекеттік құрылымда ерекше орынды иеленген орган

құрылды,  себебі,  бұл  орган патшаның атқарушылық билігін

шектейтін болды. 

Патшаның министрлер кабинетіне əсер етуін əлсіреткен

маңызды ереже болып патшаның жоғарғы мемлекеттік лау-

азымды тұлғаларды тағайындау жəне қызметінен босату

құқығын шектеу табылды,  бұл парламент пен саяси пар-

тиялардың күшеюіне алып келді.  Патша парламенттік көпші-

ліктің көзқарасымен санасуға мəжбүр болды.  Мысалы, 1727

жылы ІІ Георг 1721-1742 ж.ж.  премьер-министрді қызметінен

босатты,  алайда,  бұл  əрекетті парламент қолдамаған соң  оны

қайтадан билікке шақыруға мəжбүр болды. 

Патшаның министрлер кабинетіне қатысты билігінің əлсі-

реуімен қатар парламент  тарапынан бақылау күшейе түсті.

ХVІІІ ғасырдың ортасында  мынадай маңызды қағида қалып-

тасты: министлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда ғана

билік басында болатын. Құрамына парламенттік көпшіліктің (

партияның) бетке ұстарлары  кірген кабинетке парламент тара-

пынан қолдау қамтамасыз етілетін. Осылай, кабинет партиялық

негізде құрылатын болған.  Үкіметтің құрамына кірген парла-

менттегі партияның лидерлері  қауымдар палатасының алдында

ұжымдық түрде жауапкершілікте  болатын. “Жауапкершілікті

үкімет” — ХVІІІ ғасырдың соңындағы Англияның парламент-

тік жүйесінің айрықша  белгісі болған.

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АНГЛИЯ

Ірі өндірістердің күшеюімен  бірге өнеркəсіптің жылдам өсуі

жүзеге асты.  Қалада өнеркəсіптік буржуазия мен проле-

тарийлер табы,  ал ауылда үш тап —  лэндлордтар ( жер иеле-

нушілер),  жалға алушылар  (арендаторлар)  жəне батырақтар

қалыптасты.

ХІХ ғасырдың басында екі  саяси партия үстемдік құрды:

тори —  консервативтік тарихи əдет-ғұрыптардың көрінісі

ретіндегі помещиктер мен  қаржылық буржуазия, виги — өнер-

кəсіптік буржуазия.  ХVІІІ  ғасырдың ауқымында аталған екі

партия билік басында  кезектесіп отырды. “Ұлы революциядан” 

106бастап ХVІІІ ғасырдың  ортасына дейін парламаентте  виги

ерекше орынды иеленді. 1783  жылы тори қауымдар палата-

сының көп бөлігін құрады жəне 1830 жылға дейін билік құрды.

Саяси жүйенің ең маңызды  элементі болып парламент

табылды,  феодалдық өкілдік  —  қауымдар палатасы ерекше

рөлді иеленді.  Сайлаудың  ескі жүйесі аристократия мен

буржуазияны орнықтырды,  алайда қоғамның жаңа күштерінің

талаптарын қанағаттандыра алмады.  Бұл сайлау реформасы

үшін күреске алып келді.  Ұсақ буржуазия мен жұмысшылар

саяси құрлымды демократияландыруды  жəне жалпы сайлау

құқығын енгізуді талап етті.  Саяси күрес 1830  жылы өрши

түсті,  оған белгілі бір  дəрежеде Франциядағы Шілде рево-

люциясы əсер етті.

1830  жылғы парламенттік  сайлаулар реформаны жақтау-

шылардың жеңісін алып келді.

1831 жылы қауымдар палатасы  Грейдің виг үкіметі енгізген

“Реформа туралы билльді”  қабылдады. 1832  жылы лордтар

палатасы жеңілуге жəне  “Реформа туралы билльді”  бекітуге

мəжбүр болды.

1832  жылғы сайлау реформасы  21  жасқа толған,  салық

төлеуші жəне жылына 10  фунт стерлингтен кем емес табыс

беретін жылжымайтын мүлкі  бар барлық ер адамдарға сайлау

құқығын берді. Реформаның нəтижесінде  сайлаушылардың са-

ны 652  мыңға өсті.  Алайда,  жұмысшылыр мен ұсақ буржу-

азияда сайлау құқығы болмады. 1832 жылғы сайлау реформа-

сының маңызды саласы болып  саяси партиялардың өзгеруі та-

былды.  Тори консерваторлар партиясына,  виги либералдар

партиясына айналды.

Мемлекеттік бақарудың жүйесі толығымен өзгерді.  Мыса-

лы, қаржы минстрлігінде  бірқатар лауазымдар жойылды.

Чартистік қозғалыс. 1832  жылғы  реформа Ұлыбритания-

ның жұмысшыларын қанағаттандырмады,  ал 1836-1838  жыл-

дардағы экономикадағы қиындықтар жұмысшы саяси қозға-

лысы — чартизмнің пайда  болуына себепкер болды.

1836 жылы Лондонда жұмысшылар  асссоциациясы құрыл-

ды, ол келесі талаптарды қойды:

1) 21 жасқа толған жəне  өз приходында 6  айдан кем емес

уақыт тұрған ер адамдарға  жалпы сайлау құқығын;

1072)  Парламентке депутаттыққа  үміткерлер үшін мүліктік

цензді алып тастау;

3) сайлау округтерін теңестіру; 

4) парламентте жыл сайын  сайлаулар өткізу;

5) депутаттардың еңбегіне  ақы төлеу; 

6) құпия дауыс беру.

Чартистер бұл талаптарды халық хартиясы туралы петиция (

чартер)  түрінде 1838  жылы парламентке ұсынды.  Қауымдар

палатасы петициядан бас  тартып,  қозғалыстың қатысушы-

ларына қатысты қуғын-сүргінді ұйымдастырды. 1842  жылы

чартистер парламентке екінші петицияны ұсынды,  бұл пети-

цияға жоғарыда аталған алты талаптың негізінде 3  млн. 300

мың адам қол қойды. 1848 жылғы 10 сəуірде жəне сол жылдың

шілдесінде чартистер  парламентке халық партиясы туралы

петицияны ұсынудың тағы да екі талпынысын жасады, алайда,

парламент олардан бас  тартып,  чартистерге қарсы қуғын-

сүргінді бастады.

Чартизмнің жеңілуімен Англиядағы жұмысшы қозғалысы

таза экономикалық бағытты  иеленді. Білікті жұмысшылардың

кəсіптік одақтары —  тред-юнион  құрылды,  олар жұмысшы-

сайлаушылардың санының  өсуі өздерінің қауамдар палатасына

əсерін күшейтеді деп  үміттенді.  Екі партия да,  жұмысшы

қозғалысының кең таралуын негізге ала отырып,  реформалар

жасауға көшті.  Б.Дизраэлидің  консервативтік кабинеті 1867

жылы келесі реформаларды жүзеге асырды: депутаттық орын-

дар  “шіріген жерлерге” (парламентте көп орынды иеленген,

халык саны аз,  алайда аумағы үлкен графтықтар)  емес,  өнер-

кəсіптік қалалар мен  графтықтарға қатысты бөлінетін  болды.

Салық төлеушілер үшін мүліктік ценз қала тұрғындары үшін

10  фунт стерлингке,  графтықтарда:  жер иеленушілер  үшін 5

фунт стерлингке,  жалға  алушылар үшін 12  фунт стерлингке

азайды.  Осылай сайлау тізімдері  ұсақ буржуазияның, жұмыс-

шылардың жəне қолөнершілердің  есебінен өсті.  Сайлаушы-

лардың саны миллионнан асып кетті.  Алайда,  ер адамдардың

2\3-і жəне əйелдер бұрынғыша  сайлау құқығын иеленбеді. 

ХІХ-ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ — ХХ-ҒАСЫРДЫҢ 

БАСЫНДАҒЫ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР

108Бұл кезеңдегі Ұлыбританияның  саяси жүйесінің негізін

либералды жəне консервативтік партия құрады.  Либералдар

1877  жылы Ұлттық либералдық  ассоциацияны құрды.  ХІХ

ғасырдың 80-жылдарына дейін  консервативтік партия либерал-

дарға қарағанда əлсіздеу болды жəне либералдардың үлгісі

бойынша 1883 жылы консервативтік ассоциациялардың ұлттық

одағын құрды.

1876  жылы Ұлыбританияда  өнеркəсіптің негізгі салалары

бойынша шиелініс басталды,  осыған байланысты либерал-

дардың жағдайы да əлсірей  бастады.  Осы қиындықтардың

болуына байланысты Ұлыбритания  Германия мен АҚШ-тан

артта қалып қойды.  Сөйтіп,  ағылшындық буржуазия жұмыс-

шылардың өмір сүру деңгейін төмендетуге жəне колониялық

саясатты күшейтуге мəжбүр болды, ал бұл либерализмнің ескі

қағидаларына қайшы келетін. 

Либералдық кабинет құлады жəне билік басына консерва-

торлар келді. Алайда, либералдардың  билік құру жылдарында

тред-юниондарға сотқа өз өкілдері арқылы қатысуға рұқсат

беретін заң (1871  жыл)  қабылданған  болатын. 1872  жылы

құпия дауыс беру туралы заң  қабылданды. 

1884-1885  жылдары консерваторлардың  тұсында кезекті

сайлау реформасы жүзеге асты:  қалалардағы мүліктік ценз

жойылды. Сайлаушылардың саны екі есеге дейін өсті. 

Либералдардың жүзеге асырған  реформаларының ішінде

соттар реформасын ерекше атап өткен жөн,  бұл реформаның

негізінде Англияның жоғары соттары Жоғары соттан,  Апел-

ляциялық соттан жəне Азаматтық  істер бойынша соттан құ-

ралған Жоғарғы сотқа  бірікті. 

1911 жылғы Парламент туралы  акт мыналарды орнықтыр-

ды:  қауымдар палатасы мақұлдаған,  алайда лордтар палатасы

қайтарып тастаған кезкелген  қаржылық емес билль лордтар

палатасын аттап өтіп,  бірден патшаға бекітілуге жіберілетін

болды;  қаржылық билльдер лордтар палатасының келісімін

тіпті де қажет етпеді;  билльдің сипатын қауымдар палата-

сының спикері анықтайтын болды;  қауымдар палатасының

мүшелері жалақы алатын болды. Соңғы шараның 1906 жылы

құрылған лейбористік  партия  (еңбекші жұмысшылар партия-

сы) үшін маңызы зор болды. 

109БРИТАНДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ  ИМПЕРИЯ

Британдық колониалдық империя  ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда

қалыптаса бастады.  Испаниямен,  Голландиямен,  Франциямен

күресте Англия саудалық жəне теңіз үстемдігіне талпынды. 

ХVІІ ғасырда Англия Канададағы, Австралиядағы, Оңтүстік

Африкадағы,  Үндістандағы ірі аумақтарды жаулап алды.  ХІІ

ғасырдан бастап колонизацияланған  Ирландия ерекше жағдай-

да болды. 1800 жылы Ирландия Ұлыбританиямен одақ құрды,

бұл одақ ирландық автономияның қалдықтарын жойды. Ирлан-

дықтар тəуелсіздік үшін күресті, ал оның ағылшындық парла-

менттегі депутаттары  гомрул идеясын (автнономия) жақтады. 

1886 жылы парламентке Ирландияға  шектелген өзін-өзі бас-

қаруды беру туралы заң  ұсынылды,  бұл заңды қауымдар

палатасы кері қайтарып тастады. 1893 жылы Ирландияның ав-

тономиясы туралы заң лордтар  палатасынан өтпеді. 1914 жылы

гомрул туралы заң қабылданды,  оған сəйкес Ирландияның

автономиясы əдеттегі доминионның  мəртебесінен төмен болды. 

Британдық колониялар екі  түрге бөлінді:  жаулап алынған

(жабайы адамдардың көптігімен  ерекшеленді)  жəне қоныс

аударылған  (Англиядан  шыққан халықтардың көптігімен

ерекшеленді).  Жаулап алынған  колонияларда саяси құқықтар

шектелген сипатты иеленді  жəне оларды генерал-губерна-

торлар басқарды.  Қоныс  аударылған колониялардың басқа-

руында саяси құқықтар көбірек болды (метрополия олар АҚШ-

тағы сияқты тəуелсіздік  үшін күрес бастайды деп қорықты).

1867  жылы Канаданы басқару  жаңа негіздерге сəйкес

өзгертілді,  Канаданың  төрт провинциясы Канада доминионы

деген атқа ие болған конфедерацияны құрады.  Бұл процесс

“Британдық Солтүстік  Америка туралы актіде” рəсімделді. 

Оңтүстік Африкадағы иеліктерден  өзін-өзі басқаруды 1854

жылы Кап жері, ал 1856 жылы Наталь иеленді.

1900  жылы Австралиядағы  жекелеген өзін-өзі басқарушы

колониялар Австралиялық одаққа бірікті. 1900  жылғы Кон-

ституция Австралияны  федеративтік мемлекет ретінде жария-

лады.  Заң шығару билігін  сенат пен өкілдер палатасынан  құ-

ралған екіпалаталы парламент  жүзеге асыратын болды.  Атқа-

рушы билік генерал-губернаторға тиесілі болды. 

110Жаңа Зеландияда 1854 жылы  Конституция қабылданды.

Үндістанда саяси буржуазиялық партия Үндістандық ұлт-

тық конгресс 1885 жылы құрылды.  Бұл парияның негізгі бағ-

дарламалық талабы болып  үндістерге мемлекетті басқаруға

рұқсат ету болды. 1892 жылы “Үнді кеңестері туралы” заңмен

үндістандық буржуазияның өкілдері заңды талқылаушы кеңес-

терге жіберілді. 1906  жылы үндістерге атқарушы органдарда

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың