Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

қызмет етуге рұқсат етілді. Алайда, тəуелсіздікке Үндістан тек

1947 жылы ғана жетті. 

Колониялардың метрополиямен  қатынастарын реттеу үшін

1887  жылдан бастап тұрақты  түрде  “колониалдық конферен-

циялар” жүргізіле бастады, олар 1907жылы “империялық коло-

ниалдық конференциялар”  деген атқа ие болды.

1112. Германия

“Герман ұлтының қасиетті рим империясын” 1804  жылы

Наполеон Бонапарт құлатты. 1814  жылы Наполеон Париж

трактатын талқандаған соң  Герман одағы құрылды.  Оның

құрамына 34  патшалық-мемлекеттер,  княздықтар,  герцогтық-

тар жəне біраз еркін қалалар  енді. Бұл мемлекеттердің барлығы

император мен импер сейміне  бағынысты деп есептелді,

алайда, іс жүзінде олардың  барлығы толық тəуелсіздікке  ие еді. 

Герман одағының басқарушы  органы —  одақтық сейм

барлық герман мемлекеттерінің  өкілдерінен құралды.  Одаққа

кірген əрбір мемлекет тəуелсіз болды жəне түрліше басқа-

рылды:  бір мемлекеттерде  өзіндік держава сақталып қалса,

басқаларында жиналыстар  (парламентке ұқсас)  құрылды.

Барлық мемлекеттердегі  əлеуметтік құрылым ұқсас болып

келді.  Дворяндар не князьға,  не императорға тəуелді болды.

Қала тұрғындары өкілдік  қалалардағы мекемелерді басқарған

патрицийлік отбасыларынан,  бюргерлерден жəне қолөнерші-

лерден тұрды. Шаруалардың  басым көпшілігі басыбайлы бол-

ды. 

Барлық герман мемлекеттерінің  ішінен Пруссия мен Ав-

стрия ең консервативті болды.  Бұл кезде консерватизмнің

идеологиялық негізі болып  құқықтың тарихи мектебі табылды

(Гуго,  Пухта,  Савиньи),  бұл мектеп құқықты кодификация-

лауға жəне жалпы либералдық заң шығаруға қарсы тұрды. 

Германиядағы жалпы саяси  жағдайға наполеондық соғыс өз

ізін қалдырып кетті:  Наполеон Кодексінің əсері бірқатар

реформалардан айқын көрінді.  Мысалы,  Штейннің есімімен

байланысты 1808-1810  жылдардағы реформа Пруссиядағы

мемлекеттік басқаруды қайта  реттеді. Ескі, басқарылуы нашар

“алқалардың” орнына бес  министрлік келді ( қорғаныс, сыртқы

істер,  қаржы,  ішкі істер  жəне əділет министрліктері).  Қала-

ларда жергілікті кеңестер құрылды. Басыбайлық құқық жойыл-

ды,  бірақ шаруалар толық  бостандық алу үшін өзіне тиесілі

жерді помещикке беруге тиіс болатын.

Шарнхорст реформасынан кейін  елде жалпы əскери мін-

деттілік орнады.

1121848 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ. 

Германиядағы революцияның болуына 1848  жылы Фран-

цияда болған революциясы  түрткі болды. 1848 жылғы наурыз

айында Берлин қаласында  қарулы көтеріліс өтті. Патшалар мен

кңязьдар уақыт жеңу үшін Франкфурт-на-Майне қаласында

федералдық Конституцияны  қабылдауға байланысты бүкілгер-

маниялық Құрылтай жиналысын  шақыруға келісім берді.  Де-

мократиялық конституцияның жобасы іс жүзінде енгізілмеді,

ал 1849 жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен

таратылды. 

1850  жылы қабылданған  конституция феодалдық басшы-

лардың мүддесіне сəйкес келді.  Елде екі палаталық заңшыға-

рушы орган құрылды.  Парламенттің  (ландтаг)  заңшығарушы

билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шек-

теді.  Үкімет құрамындағы  министрлер Ландтагқа бағынысты

емес еді,  сол себептен оларға сенімсіздік вотумы қорқыныш

тудырмайтын. 

Пруссия канцлері Отто Бисмарк  өз əскеріне бюджеттің 51

ден 22  млн.  талерін  жұмсап отырды.  Алайда,  канцлердің бұл

əрекеттері 1866  жылы Пруссияның Австриямен соғыста

жеңіске жетуімен кешірілді. Соғыстың нəтижесінде Пруссияға

бірқатар солтүстік-германдық  мемлекеттер қосылды,  соның

ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Франкфурт-на-Май-

не мемлекеттері болды.  Шлезвиг пен Гольштейн 1864  жылы

Даниямен соғысқаннан  кейін қосылды.1866  жылы Герман

одағының орнына Мемлекеттердің солтүстік-германдық одағы

құрылды.  Жаңа мемлекет 1867  жылы жаңа конституция

қабылдады. Оған сəйкес, Одақты басқару пруссиялық патшаға

(президентке),  канцлерге  жəне екі палатаға берілді.  Төменгі

палата жалпы сайлау құқығының  негізінде сайланды.

Одаққа келесі оңтүстік-германдық  мемлекеттер енбеді:

Бавария,  Саксония,  Вюртемберг.  Оларды күштеп біріктіруге

Франция кедергі жасады,  себебі,  Франция үшін Германияда

қуатты біртұтас мемлекеттің  құрылуы тиімсіз еді.

1870  жылы Пруссия Франциямен  соғыстың басталуына

себепкер болды.  Франция  жеңілді,  ал Пруссияға оңтүстік-

герман мемлекеттерін  біріктіруге мүмкіндік туды.  Осылай,

113Еуропаның орталығында  жаңа мемлекет — Герман империясы

пайда болды.

ГЕРМАНИЯНЫҢ 1871 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ

Жаңа конституцияға сəйкес империяның құрамына 22  мо-

нархия мен бірнеше  еркін қалалар енді. Империяның билеушісі

болып пруссиялық патша табылды, бұл Германиядағы жағдай-

ға сай болып келді,  себебі,  империя аумағының жартысынан

астамы жəне халықтың 60 %-і  Пруссияның үлесінде еді. Патша

мемлекеттің басшысы жəне бас қолбасшы болып табылды, ол

үкімет басшысын — импер  канцлерін тағайындайтын. 

Парламенттің жоғарғы  палатасы Одақтық кеңес (бундесрат)

деп аталды. Төменгі палата (рейхстаг) алғашқыда 3 жылға,  ал

1887 жылдан бастап 5 жылға  сайланатын. Рейхстагтың іс жү-

зіндегі билігі бундесраттың өкілеттіктерінен аздау болатын.

Рейхстагтың үкіметке бақылау  жасауға талпыныстарын бірне-

ше рет бундесрат басып  тастаған болатын. 

1871 жылғы конституцияның 20 бабы ерлердің жалпы сай-

лау құқығын енгізуді көздеді,  алайда,  құпия дауыс берудің

орнына империяның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

мақсатында ашық дауыс  беру енгізілді.

Төменгі палатаны мерзімінен бұрын тарату бундесраттың

қаулысымен жүзеге аса  беретін,  мұндай жағдай жиі орын

алатын. 

Жалпы алғанда,  өзінің əлеуметтік-саяси  мазмұны бойынша

1871  жылғы конституция  феодалдық-юнкерлік жер иелену-

шілік пен жылдам дамушы пруссиялық-германдық  капиталдың

арасындағы үйлесімділіктің  көрінісі болып табылды. 

ГЕРМАНИЯНЫҢ АЛҒА ШЫҒУЫ

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Германияда

өндірістік өнеркəсіптің жылдам дамуы байқалды. 1882  жылы

біріккен Германияда 9,5 мың, 1895 жылы — 18 мыңдай, 1907

жылы — 30  мыңнан астам  кəсіпорындар құрылды.  Аталған

кезеңде жұмысшы табының  саны да жылдам қарқынмен өсті

— 6  миллионнан 11  миллионға  дейін.  Жұмысшы табының

жылдам өсуі оны жаңа саяси  күш ретінде алға тартты,  оның

ұйымдастырушылық орталығы болып əлеуметтік-демокра-

114тиялық партия табылды. 1875  жылы Гот қаласында съезде

қабылданған Гот бағдарламасында  көрініс тапқандай,  социал-

демократтар өз мақсаты ретінде  демократиялық парламент

үшін күресті,  ал парламенттің өзінде —  жұмысшы табының

жағдайын жақсартушы заңдар үшін күресті таңдады. Социал-

демократтардың əсерінің күшеюіне жауап ретінде Бисмарк

үкіметі рейхстаг арқылы оларға қарсы заң қабылдады. Алайда,

1890  жылы бұл заң өз  күшін жойды,  ал Отто Бисмарк  от-

ставкаға кетті. 

Өз колонияларынан айырылған  Германия бейбітшілікті сақ-

тауға тырысты. Фрнциямен  жəне Ұлыбританиямен шиеліністі

қарым-қатынастар бірінші  дүниежүзілік соғысқа алып келді.

Соғыстың басталуына себеп  болып 1914  жылы Сараево

қаласында австрия-венгриялық тақтың мұрагері эрцгерцог

Фердинандтың өлімі табылды.  Алайда,  Германия соғыстан

ойсырата жеңілді, империя  құлады.

1153. Америка Құрама Штаттары

АҚШ-тың ҚҰРЫЛУЫ

Солтүстік Американың Атлант жағалауындағы бірінші

ағылшын колониясы ХVІІ ғасырдың басында құрылды. ХVІІ-

ХVІІІ ғ.ғ. аралығында Солтүстік  Америка жағалауының ортаң

белінде тағы да 12 калония  орналасты. Ағылшындар жергілікті

тұрғын халықты жойып  олардың орнына Африкадан құлдар

алып келді.  Оңтүстік жəне солтүстік калониялардың эконо-

микалық ахуалы əртүрлі болды,  оңтүстік колониялар ауыл

шаруашылық плантаторлық қызметпен айналысты жəне оларда

құл жұмсау кең орын алды.  Солтүстік колониялар негізінен

мануфактуралық-өнеркəсіптік капиталистік қатынастары да-

мыған сипатта болды.  ХVІІІ  ғасырдың 70-жылдары колония-

лардың тұрғылықты халқы 3,5  млн.  адамға жетті,  сонымен

қатар 500 мыңға жуық құлдар болды. 

Колонияларды басқару  түрлі нысанда жүзеге асырылды:

жеке меншіктегі  (Мэриленд,  Пенсильвания), “халық басқа-

ратын” (Коннектикут, Род-Айленд) жəне орталықтан тағайын-

далатын  (Англиядан)  губернаторлар  басқаратын  “патша коло-

ниялары”.  Колониялық тұрғындар  өздерін англия патшалы-

ғының еркін азаматтары ретінде  таныды жəне оларға метро-

полии құқығы:  Ұлы еркіндік хартиясы,  Құқық туралы билль,

“жалпы құқық”, “əділдік құқығы” таралды. 

Алайда,  колонияларды метрополиидің  шикізатпен қамта-

масыз етуші базасы ретінде  ұстау жəне оларды тонау саясаты

халықтың ашуын тудырып,  ашық түрде үкіметке қарсы кө-

теріліс жасауға əкеп соқты.

ТƏУЕЛСІЗДІК ҮШІН СОҒЫС

Күресу координациясының тəуелсіздік үшін қозғалысы не-

гізінде  “корреспонденция,  қауіпсіздік жəне байқау комитет-

тері” құрылды. 1774 жылы Филадельфия  қаласында құрамы 55

делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті.

Ол жерде метрополиидің  кедендік жəне салықтық саясатына

қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді.

Осы Декларациямен қатар,  сол кезде корольға петиция жа-

зылды,  онда колонистер метрополиидің  қысым жасауын

116тоқтатуды сұранды.  Ал  ағылшын үкіметі оларға қарсы  соғыс

əрекеттерін жүргізуді бастады.  Сонда, 1775  жылы мамыр

айында Екінші континенталдық конгресс жиналды.  Ол жерде

Англияға қарсы соғыс  жағдайына баға беріліп, жəне американ-

дық əскерді құру туралы шешім  қабылданды. Ол əскердің бас

қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тəуел-

сіздік үшін соғыс басталды. Əрбір колония өзін тəуелсіз мем-

лекет — штат ретінде жариялады.

Американдықтарды қорғау талпыныстарының сəтсіздігіне

көзі жеткен,  азаттық  үшін күрестің көрнекті идеологтары  Д.

Адамс,  Т.  Джефферсон,  Т.  Гамильтон ағылшын құқығының

нормаларына сілтеме жасай  отырып, табиғи құқық идеяларына

жүгінді. Бұл идеялар адамның  құқықтары тумысынан беріледі

жəне олардан айыруға  ешкімнің құқығы жоқ деп таныды,

мемлекет оларды бұзуға емес, керісінше, қорғауға міндетті.

Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде  қайта шақырылған Кон-

тиненталдық конгрессте қабылданған  “Тəуелсіздік декларация-

сының” негізі болды. Томас  Джефферсон жасаған бұл құжатта

метрополий тарабынан  колониялардың табиғи құқықтары

бұзылып отырғандықтан метрополиймен  байланысты түбірі-

мен үзу жəне тəуелсіз Америка  Құрама Штаттарын құру тура-

лы шешім қабылданды. Табиғи-құқықтық теорияның негізінде

өз аумағында ұлттың ұлттық егемендігі жарияланды.  Халық-

тың революция жасауға  құқығы бекітілді. Алайда,  өзінің ішкі

сипаты бойынша демократиялық  болып табылатын бұл Дек-

ларацияда құлдық пен үндістер туралы ештеңе көрініс тап-

пады.

1778  жылы штаттардың  өкілдерімен өткізілген Конгрессте

“Конфедерацияның баптары”  атты құжат бекітілді.  Штаттар

АҚШ деп аталатын  “мəңгі одаққа” —  конфедерацияға аяқ

басты. Штаттар Конгресс қарайтын ортақ істерден басқа мем-

лекет ішіндегі мəселелерді  шешуде тəуелсіздікке ие болған.

Конгресс əр штаттан 2-7  делегаттан қалыптасты жəне шешім

қабылдауда əр штатқа бір  дауыстан берілді.  Конгресстің 6

айдан ұзаққа созылмайтын  сессияаралық кезеңдерінде оның

кейбір өкілеттіктерін Штаттар  комитеті жүзеге асырған, ол өз

кезегінде əр штаттан бір  делегаттан жиналған құрамда жұмыс

117істеді. Сонымен, бұл  жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекет-

тер одағын құру көзделген.

1783  жылы АҚШ толығымен  тəуелсіз болып танылуы

туралы бейбіт келісім  жасалған.

Соғыс аяқталған соң штаттарда  билікті плантаторлар,

буржуазия жəне саудагерлер  иемденіп алған. Соғысты басынан

кешкен қатардағы американдықтар өткен соғыстың барлық

зиянды салдарын өткерді  (шаруашылықты қалпына келтіру,

салықтың мөлшерін көтеру жəне т.б.).  Елде халықтың қоз-

ғалысы басталды. Отставкадағы капитан Д. Шейсптың басшы-

лығымен ең ірі қарулы көтеріліс  өткізілді.  Көтерілісті басып

тастады,  бірақ сондада  билік басындағылар конфедерациядан

басқа мықты бірлестік  құру керек екендігін мойындады. 

1787  жылы Филадельфия  қаласында 12  штаттан  (Род-

Айленд штатынан басқалар) 55  делегат қатысқан Конститу-

циялық конвент жиналды.  Конституцияның жобасын даяр-

лауда Дж.Вашингтон, Д.Мэдисон, Э.Рандольф, Д.Уилсон сияқ-

ты көрнекті мемлекет қайраткерлері  мен заңгерлер қатысты.

Төрт айлық жұмыстың нəтижесінде  Американың қазіргі кезге

дейін жеткен Конституциясы  қабылданды. Бұл актінің негізіне

алынған маңызды бастамалар ретінде мемлекеттік биліктің заң

шығарушы,  атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөлінуін

атап кетуге болады. Биліктің тармақтарға бөлінуі туралы тео-

рия ең алғаш рет Аристотельдің  жəне Марсилия Пуадонский-

дің еңбектерінде көрініс  тауып,  кейін ХVІІІ ғасырда  француз

ғалымы Ш. Монтескьемен анғұрлым терең зерттелді. 

Заң шығарушы билік екі  палатадан :  Сенат жəне өкілдер

палтасынан тұратын Конгресске берілді.  Қос палаталармен

қабылданған заң жобасы президент  қол қойғаннан кейін 10

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың