Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
1791-1792 жылдары ұлттық жиналыс атқарушы билікпен бір
қатар мардымсыз мəселелер бойынша шиеліністі қатынас-
тарды орнатты. Осы кезде
дворяндық-монархиялық
люция өз қызметін белсендете түсті. Антифеодалдық лагерьде
де ішкі қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер байқалды.
1791 жылы негізгі үш топ бөлініп шықты:
1) фельяндар (фейяндар) констуциялық-монархиялық бур-
жуазия мен либералды дворяндардың мүдделерін білдірді;
2) жирондистер (көптеген басшылары Жирондэ провин-
циясының депутаттары болып табылды) провинциялық сауда-
өнеркəсіптік буржуазияның мүдделерін білдірді;
3) якобиндер (қасиетті Якоба монастыры кітапханасының
атауымен) ұсақ, орта буржуазияның, қолөнершілердің, шаруа-
лардын мүдделерін қорғады.
1789-1791 жылдары саяси өмірде фельяндар үстемдік құрды.
ЖИРОНДИСТІК РЕСПУБЛИКАНЫ ЖАРИЯЛАУ
1792 жылы революциялық Франция Еуропаның ірі монар-
хияларының Францияға қарсы əскери коалициясын сезінді,
олардың басты мақсаты болып революциялық Францияны
əскери тұрғыдан құлату табылды. Контрреволюция патша мен
сөз байласып, елді соғысқа дайындады. Халық фельяндарға қа-
рағанда əлдеқайда революциялық болып саналған якобиндерге
өз үмітін артты. 1792 жылғы 10 тамызда Парижде халық кө-
125терлісі басталды, патша сарайы басып алынды жəне ХVІ
Людовик қамауға алынды. Билік біраз уақытқа Париж Комму-
насының қолына көшті. Ұлттық конвентті шақыру туралы
декрет қабылданды.
1792 жылғы 17 тамызда қабылданған декретпен контррево-
люционерлерді жазалау үшін Төтенше қылмыстық трибунал
құрылды.
Қыркүйек айында Конвентке сайлау аяқталды. Нəтижесінде,
783 депутат сайланды
(соның ішінде колониялардан
тат), олардың ішінен 200-і жирондистер, 100-ге жуығы
якобиндер болды, қалған депутаттар “болот” деп аталды.
21 қыркүйекте Ұлттық конвент монархияның жойылуы ту-
ралы жариялады. Конвенттің 1792 жылғы 25 қыркүйектегі
декретімен Франция республика ретінде жарияланды. Алайда,
революцияның басты мəселесі — деревнядағы феодалдық
қатынастардың толық жəне түбегейлі жойылуы өз шешуін
таппады. Азық-түлік мəселесі де күрделі жағдайда болды.
21 қаңтарда ХVІ Людовик өлтірілді. Якобиндер монархия-
ның қайта орнауын болдырмау үшін оның өлімін қалады. 1793
жылғы наурызда Вандейде роялистік көтеріліс басталды, жəне
сонымен бір мезетте соғыстағы жағдай да нашарлады. Яко-
биндердің абыройы түсе бастады. 1793 жылғы 2-маусымда
Париж Коммунасының революциялық комитеті басшылық
еткен париждықтар мен ұлттық гвардия Жирондистік үкіметті
құлатты.
10 маусымдағы декретпен ауылдағы феодалдық тəртіп
жойылды. Ал 17 маусымдағы декретпен бүкіл феодалдық
құқық жойылды. Шаруалардың көпшілік бөлігі бөлек жер
алып, жер иелеріне айналды. 1793 жылғы 24-маусымдағы
Конвентпен конституция қабылданды. Ол өзінің ішкі мазмұны
бойынша 1791 жылғы “Адам жəне азамат құқықтары туралы
декларациядан” жəне 1793 жылғы Конституциялық актіден
тұрды. Якобиндердің конституциясы анағұрлым демократия-
лық сипатта болған еді, ол басқарудың республикалық режимін
бекітті. 1793 жылғы Адам жəне азамат құқықтары туралы
декларацияда халық
қағидалары көрініс тапты. Бұл акт 21 жасқа толған барлық
француз азаматтары үшін жалпы сайлау құқығын бекітті.
126Сайлаушыларды “
жойылды. Мемлекеттік басқару функциялары 24 мүшеден
құралған Атқарушылық кеңеске жүктелді, ол қабылданған
декреттер мен заңдардың шегінде жұмыс істеуге тиіс болды.
Жаңа конституцияны
ғанға дейін енгізгілері келмеді, оған мыналар қарсы тұрды:
Конвент — заңдарды шығару мен түсіндіру құқығын иеленген
жоғарғы мемлекеттік билік органы; мемлекетті басқару жəне
қорғау бойынша айрықша өкілеттіктері бар Қоғамдық құтқару
комитеті. Оның құрамында 14-15 мүше болатын, оның ішінде
М.Робеспьер, Сен-Жюст, Кутон сияқты көрнекті якобиндер
болған. Бұл комитеттің басшылығында жəне бақылауында
Атқарушы кеңесті қосқанда барлық министрліктер мен
ведомстволар болды. Қоғамдық құтқару комитетінің айрықша
қызметі ретінде əскерді қайта құру жəне 1793 жылғы 23-
тамыздағы Декретпен жалпы əскери міндетті енгізуін атап өтсе
болады. Мұндай шаралар Революциялық Францияға жауларын
жеңу үшін аса қажет болды. Қоғамдық қауіпсіздік комитеті
республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші бірден-бір
орган болып табылды.
Комитетте қаралған соң істер Революциялық трибуналға
жіберілетін (бұрынғы Төтенше қылмыстық трибунал), онда
жылдамдатылған сот өндірісі жүзеге асырылып, кінəлі тұл-
ғаларға қатысты өлім жазасы қолданылатын. Полиция мен
түрме Қоғамдық қауіпсіздік комитетіне бағынатын.
Төтенше өкілеттіктерге иеленген Конвент комиссарлары да
маңызды роль атқарған. Олар революцияға жоғары қауіп төніп
тұрған жерлерге жіберілетін (əскер, ведомство, провинция).
Жүзеге асырылған шаралардың нəтижесінде, 1793 жылғы
күз айларында əскердің саны бір миллионға жуық адамға жет-
ті, олар əскери тəртіп жəне дайындықтан өткен жауынгерлер
еді. Командирлыққа абыройлы жəне ержүрек офицерлер тағай-
ындалды. (24 жастағы артилериялық офицер Н.Бонапарттың
жоспары бойынша Тулон басып алынды, сол сəттен бастап
оның лауазымы өсе бастады).
Елдегі саяси өмірде Коммунаның (Париждік) маңызы зор
болды.
1271793 жылғы қыркүйек айында спекулянттармен күресу жəне
Парижды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін ерекше
революциялық əскер құрылды. Спекуляция мен көлеңкелі на-
рықтың дамуын тежеу үшін Конвент 1793 жылғы 11-қыркүйекте
бидай, ұн, фураждың ең жоғарғы бағасын бекіткен декрет
қабылдады. 1793 жылғы 29-қыркүйекте барлық алғашқы қа-
жеттілікегі негізгі тауарларға тұрақты бағалар бекіткен жəне
еңбек ақының ең жоғарғы шегін анықтаған “Жалпы максимум
туралы” декрет қабылданды. Соның арсында, 1794 жылғы жаз
айында революцияның алдына қойған негізгі мақсаттары
орындалды. М.Робеспьердің басшылығымен якобиндіктер
революциялық күштен жазалаушы күшке айналды. Револю-
циялық трибунал террор жүргізуші органға айналды. 1794
жылғы 10-маусымда қабылданған декрет “халық жауы” деген
түсінікті енгізді, ондай адам болып революцияның жаулары
емес көбіне М.Робеспьердің саясатымен келіспеген жеке
жаулары табылды.
Ле Шапель заңының сақталуы, сол жақтық ағымдардың
күйреуі М.Робеспьердің əлеуметтік тірегі — бұқара халықтың
одан теріс қарауына əкелді. Саяси террор халықтың жаппай
көңіл толмаушылығына əкеп соқты. 1794 жылғы 27-шілдеде
(немесе республикалық календарь бойынша ІІ жылғы 9-
термиінде) якобиндік режим (республика) алдын-ала сөз
байланысқан топтың қарулы көтерілісінің нəтижесінде құлады.
ДИРЕКТОРИЯ (ТЕРМИДОРИАНДЫҚ РЕСПУБЛИКА)
Термидориандықтар билікке келісімен М.Робеспьер, Кутон,
Сен-Жюст жəне сол кездерде жойылған Париждік коммунаның
(100 ден астам адамы) мүшелері өлтірілді. “Максимум туралы”
заң мен байларға салынатын салық жойылды.
Термидориандық конвент 1795 жылғы Конституцияны
қабылдады. Ол “Адам жəне азаматтардың құқықтары мен
міндеттері туралы декларациямен” басталды. Оның ішінен
мынадай революциялық сипаттағы ережелер қысқартылды, ол:
халықтың көтеріліске құқығы, басылым жəне жиналыс өткізу
еркіндігі, мемлекеттік қызметке алынудағы құқықтық теңдігі.
1795 жылғы Конституцияға сəйкес, жоғарғы заңшығарушы
жиналыс ретінде екі палатадан тұратын заңшығарушы корпус
128табылды. Ол: жоғарғы — Ақсақалдар кеңесі; төменгі —
Бесжүздік кеңесі. Төменгі палата заң жобаларын дайындаумен
айналысты, ал жоғарғы палата оларды бекітіп немесе қайтарып
отырды.
Заңшығарушы корпусқа сайлау екі дəрежелі сипатта болды.
Алдымен, сайлаушылар сайлайтын тұлғаларды — 25 жасқа
толған, азаматтығы бар жəне жұмыскердің 200 күндік еңбека-
қысының көлемінен кем емес мүлкі бар азаматтарды сайлады.
Сайлайтын тұлғалар Заңшығарушы корпус пен жоғарғы сот
органдарына мүшелерді сайлады.
Атқарушы билік құрамында Ақсақалдар кеңесі тағайын-
дайтын бес мүшесі бар Директорияға берілді.
КОНСУЛДЫҚ ЖƏНЕ ИМПЕРИЯ
Директория “əткеншек саясатын” жүргізді, яғни, халықтан
да, дворяндардан да қорқып, саяси күштердің сол қанатынан оң
қанатына ауысып отырды. Басқарушы топ жаңа революциядан
құтылудың жолы ретінде əскери диктатураны көрді. Италия
жəне Еуропадағы соғыс əректтерінен кейін атағы шыққан гене-
рал Н.Бонапарт осы кезде ерекше қолдау тапты.
1799 жылы (9-10 қарашада немесе республикалық күнтізбе
бойынша VІІ жылдың 18-19 брюмерінде) Бонапарт əскердің
көмегімен Заңшығару корпусын таратып жіберіп, Директо-
рияны жойды. Мемлекетті басқару 3 консулдың қолына өтті.
Айрықша билікті бірінші консул (Бонапарт) иеленді.
1799 жылғы конституция заңды түрде жаңа режимді бекітті.
Үкімет үш консулдан тұратын болды. Барлық билік бірінші
консулдың қолына жинақталды, ал екінші жəне үшінші
консулдар тек кеңесу дауысына ие болды.
Заңшығарушы билік органы ретінде Мемлекеттік кеңес,
Трибунат, Заңшығарушы корпус жəне Қорғаушы сенат құрыл-
ды.
Бірінші консул заң жобасын ұсынатын, Мемлекеттік кеңес
оларға түзетулер енгізетін, Трибунат оларды талқылайтын,
Заңшығарушы корпус оларды жарыссөзсіз қабылдайтын
немесе қабылдаудан бас тартатын, ал Қорғаушы сенат оларды
бекітетін. Сонымен, бұл органдар дербес мағынаға ие болмады,
129тек бірінші консулдың
жалғызілікті билігінің
қалды.
1802 жылы Бонапарт өз мирасқорын тағайындау құқығына
ие өмір бойғы консул атына ие болды. Көп ұзамай ол Франция-
ның императоры болып жарияланды.
1814 жылы империяны одақтық əскер (орыс, ағылшын,
австриялық жəне пруссиялық) құлатты.
ЛЕГИТИМДІК МОНАРХИЯ
ХVІІ Людовик патша (өлтірілген патшаның бауыры)
революция болайын деп тұрған жағдайда абсалюттік билікке
қолы жетпейтінін түсініп конституциялық басқаруға келісім
берді. 1814 жылы бұл жағдай Хартиядан өз көрінісін тапты.
Елде легитимді конституцялық монархия орнады (легитимді ,
яғни “заңды” Бурбон династиясы басқарды). Патшаға бүкіл
атқарушы билік берілді. Заңшығарушылық саласында ол жар-
лықтар шығаруға құқықты болды. Сондай-ақ, оған пэр титулын
сұрау құқығы берілді, ол өмірлік немесе мұрагерлік жолмен
берілді. Пэр болу құқығын туылған кезінен бастап тек патша
отбасының мүшелері жəне қандас ханзадалар иеленген.
Сайлау ценздерін енгізудің нəтижесінде, 31 миллиондық
халықтан таңдау құқығына тек 50 мың адам иеленді, ал таңдал-
ғандардың саны 15 мыңнан аспау керек еді.
Легитимді монархия, негізінен, Наполеонның кезінде
құрылған əскери-бюрократиялық жəне сот аппаратын сақтап
қалды.
ШІЛДЕЛІК МОНАРХИЯ. 1830 ЖЫЛПЫ РЕВОЛЮЦИЯ
ЖƏНЕ ХАРТИЯ
1830 жылғы маусымда Х Карл патшалығының үкіметі 1814
жылғы Хартиямен бекітілген конституциялық режимді жою
туралы шешім қабылдады. Негізгі төрт құжат қабылданды:
депутаттар палатасын тарату туралы; төменгі палатадағы
депутатардың санын екі есе азайту туралы; прессаға қосымша
цензура еңгізу туралы; жиналыс жəне көтеріліс жасауға тыйым
салу туралы. Бұл құжаттарды ел ішінде көңіл толмаушылықпен
қабылдады. 1830 жылы шілдеде париждықтар қарулы көтері-
ліске шықты. Астана көтерілісшілердің қолына көшті, Х Карл
мемлекеттен қашты, легитимдік монархия құлады.
130Патша ретінде Луи-Филиппті (Бурбондардың кіші тармағы-
нан), ірі буржуазия өкілін сайлады.
1830 жылғы хартия жаңа режимнің конституциясы болып
табылды. Парламенеттің рөлі кеңейе түсті, заңшығарушы бас-
тама патшаға жəне қос палатаға берілді. Мүліктік ценздің
төмендеуі таңдаушылар санының өсуіне (240 мыңға дейін)
алып келді. Алайда, мемлекеттік аппараттың маңызды
буындары өзгеріссіз қалдырылды.
ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА
1848 жылғы ақпан айындағы бейбіт демонстранттардың
атылуы париждықтардың көтеріліске шығуына түрткі болды.
Луи-Филипп тақтан бас тартты. Елде уақытша үкімет жəне
мобильді жалданбалы əскер құрылды. 1848 жылғы көктемде
Құрылтай жиналысына сайлаулар өтті. Жиналыстың басым
көпшілігін ірі буржуазия, жер иеленушілер, генералдар жəне
жоғарғы дін қызметкерлері құрады. Еңбеккерлердің жағдайын
жақсартатын актілердің барлығы жойылды.
1848 жылғы 22-маусымда жұмысшылар көтеріліске шықты,
алайда, бұл көтерілісті төрт күннен соң тұрақты əскер мен
мобильді гвардия басып тастады.
Қайтадан енгізілген 1848 жылғы Конституциямен басқа-
рудың республикалық нысаны, биліктің тармақтарға бөлінуі
жарияланды. Жоғарғы заңшығарушы орган ретінде депутат-
тары 3 жыл мерзімге сайланатын Ұлттық жиналыс құрылды.
Атқарушы биліктің басшысы болып жиналыспен емес, депар-
таменттердің сайлаушылары арқылы таңдалатын Президент
тағайындалды.
Заңдардың қолданылуын бақылайтын кеңесуші орган болып
Мемлекеттік кеңес табылды. Оның құрамы Ұлттық жиналыс-