Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
күннің ішінде заңды күшіне енетін (ол мерзім өткеннен соң заң
жобасы қабылданды деп есептелетін). Егер президент заң
жобасын қайтарып жіберсе, Конгрес оны 2\3 дауысымен
бекітетін, яғни жобаны қайтарып жіберу билігі президент
қолында болған. Сонымен қатар, президент үкімет жəне мем-
лекет басшысы, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы
болып табылған. Ол сенаттың келісімімен елшілер мен басқа
да мемелкеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларын тағайындап,
өзінің əкімшілігін басқарған.
118Сот билігі АҚШ-тың жалпыфедералдық Жоғарғы сотына
тиесілі болды. Аса маңызды істер бойынша халық соттары (суд
присяжных) тағайындалған. Конституцияда ,сонымен қатар
мемлекеттік биліктің қалыптастыру тəртібі көрініс тапқан.
Өкілдер палатасының депутаттары штаттар бойынша сайла-
натын болған (30 мың тұрғыннан бір депутат), Сенат– əр штат-
тың заң шығарушы жиынынан екі депутаттан алынып
құрылатын болған, Президент — екі дəрежелі сайлау жүйесі
бойынша сайланатын болған (штаттардың тұрғындары “сай-
лаушыларды”, ал олар президентті сайлаған). Жоғарғы соттың
мүшелерін сенаттың келісімімен президент тағайындаған.
Өкілдер палатасы екі жылға, сенат 6 жылға сайланған, сенат-
тың 1\3 құрамы əрбір екі жыл сайын кайта сайланып отыратын
болған. Президент төрт жылға, Жоғарғы соттың судьялары
өмір бойына сайланатын болған.
Конституция бойынша федеративтік құрылым еңгізілді. Со-
ның нəтижесінде, жалпыфедералдық органдар мен штаттардың
органдарының өкілеттіктері шектелді. Федерацияға мынадай
қатынастарды шешу құқығы берілді: соғыс жəне бейбітшілік,
сыртқы қатынастар, ақша шығару, өлшеу жүйесі, əскерді жəне
теңіз əскерін басқару. Федералдық құқық штат құқығына
қарағанда үстемдікке ие болды.
1791 жылы “Құқық туралы билль” қабылданды, ол мəні
бойынша АҚШ-тың Конституциясына 10 түзету енгізді. Түзе-
тулер саяси мəселелерге
қатысты демократияландыру
да болды. Алайда, оңтүстік штаттарда сақталған құлдық
туралы қайтадан ештеңе айтылмады. Үндістердің жерлерін
жаулап алудың жəне европалық колонияларды сатып алудың
нəтижесінде штаттар саны көбейе түсті. Жаңа штаттарды құру
тəртібі 1787 жылы қабылданған Конституциямен реттелді.
Конгресс штаттардың аумағын өзінің (штаттық) заң шығарушы
жиынымен автономиялық деп жариялады. Штаттың басшысын
— губернаторын, сенаттың
келісімімен президент
ды.
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
Саяси партиялардың пайда болуына А.Гамильтон мен
Т.Джефферсон басқарған саяси топтар түрткі болды (ХVІІІ
119ғасырдың 80-жылдары). Гамильтонның жақтастары ірі меншк
иелері болатын,олар “Құқық туралы билльсіз” Конститу-
цияның алғашқы кездегі түрін қолдады. Джефферсонның
жақтастары шағым кəсіпкерлер мен фермерлер болатын, олар
керісінше “Құқық туралы билльды” қолдады. Ақырында “Бил-
льды” қолдаушылар жеңіп шықты. Жоғарыда аталған саяси
қарама қайшылықтың нəтижесінде 1828 жылы АҚШ-тың демо-
кратиялық партиясы, ал 1854 жылы — АҚШ-тың республи-
калық партиясы құрылды. Екі партияда құрамы бойынша
əртүрлі халықтардан болды, алайда, біреуі — оңтүстік
штаттарға, екіншісі — солтүстік штаттарға жақын болды.
Көп ұзамай республикалық партияда екі ағым байқалды: оң
жақтық (ірі буржуазия) жəне либералдық-демократиялық (фе-
мерлер) мен шағым буржуазия).
Сайлаушылардың дауысына деген партиялардың күресі
сайлау жүйесінің
Штаттардың көпшілігі мүліктік цензді жоя отырып еркектердің
жалпы сайлау құқығын енгізді.
АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС
ХІХ ғасырдың ортасында өнеркəсіптік солтүстік пен құ-
лиеленушілік оңтүстіктің арасында шиеліністі қатынастар
туындады. 1860 жылы президент болып республикалық
партияның либералдық-демократиялық қанатының өкілі
А.Линкольн сайланды. Бұған жауап ретінде оңтүстік штаттар
бөлініп шығу жəне Оңтүстік штаттар конфедерациясын құру
туралы шешім қабылдады. 1861 жылы соғыс басталды.
1862 жылғы мамырда А.Линкольн “Гомстед-актқа” қол
қойды, бұл заң батыста фермерлықпен айналысуға ниет білді-
руші əрбір адамға 160 акрден (1 акр = 1017 шаршы метр) жер
учаскесін алу құқығын бекітті. 1862 жылғы қыркүйекте
Құлдықты жою туралы прокламация жарияланды. 1863 жылғы
қаңтардың бірінен бастап көтеріліс болған аумақтардың негр-
лері еркін деп жарияланды. Бұл шаралар солтүстікшілдердің
беделін жоғарылатып, олардың əскеріне өз еркімен келу-
шілердің санын көбейтті. 1865 жылғы ақпан айында Конгресс
АҚШ-тың Конституциясына бүкіл елде құлдықты жою туралы
120ХІІІ түзетуді енгізді. 1865 жылғы көктемде оңтүстіктің
əскерлері талқандалды.
1865 жылғы 14-ақпанда оңтүстікшілдердің жіберген
жалданбалы кісі өлтірушісі А.Линкольнды өлтірді. 1867 жылы
Конгерсс қабылдаған жоспар бойынша бүлік көтеруші оңтүстік
əскери басшылықтағы бес əскери округтерге бөлінді. Əскери
əкімшілік жетекшілік етуде Конституцияның ХІV (1868 ж.)
жəне ХV (1870 ж.) түзетулерін басшылыққа алды. Біріншісі
АҚШ-тың барлық азаматтарының (бүлік көтерушілер мен
үндістерді есептемегенде) заң алдындағы теңдігін жариялады,
ал екіншісі — бүкіл еркектерге оладың түсіне карамастан
сайлау құқығын беруді жариялады.
1872 жылы оңтүстіктегі əскери əкімшілік қысқара бастады,
ал 1877 жылы бүлік көтеруші оңтүстік штаттардан федералдық
əскерлер шығарылды. 1881 жылы Теннеси штатында Джим
Кроудың заңы ретінде танылған, ақ адамдар мен қара
адамдарға болек вагондар бекітетін нормативтік акт
қабылданды. Осы жəне басқа да осындай нəсілдік сегрегация
бойынша актілерді АҚШ-тың Жоғарғы соты Конституцияға
сəйкес деп танып, бұл “ақ адамдар мен қара адамдарды бөлек,
бірақ тең құқылы етеді” деп түсіндірді. Бұл, əрине,
əділетсіздіктің көрінісі болып табылды.
1214. Жаңа дəуірдегі Франция
ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық
революциясымен ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып
өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастардың
арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі
табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді.
Жаңа формацияның ауқатты топтары — өнеркəсіп иелері,
саудагерлер, банкирлар өздерінің жағдайына көңілі толмады.
Ішкі нарық өнеркəсіп үшін өте тар болды. 1788 жылы
Францияда айрықша экономикалық тоқырау орын алды. Село-
лардағы астықтың шықпауы шаруалардың көтерілісіне түрткі
болды. Француздың ұлы ағартушылары Ш.Монтескье, Воль-
тер, Ж.-Ж.Руссо бұл мəселеге қатысты түбегейлі реформалар-
ды жүзеге асыру қажеттігін негіздеді. Ш.Монтескье өзінің
“Заңдардың рухы туралы” еңбегінде былай деп жазды: “Заң
шығарушы, атқарушы жəне сот билігінің бір тұлғаның немесе
органның қолында шоғырлануы жағдайында бостандықтың
болуы мүмкін емес”.
Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мəжбүр
болды. Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас
штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру
1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мəсе-
лелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігін
тексеру тəсілдері, біріккен жəне бөлек отырыстар, Бас
штаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның)
құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екі
сословие — дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудің
ескі тəртібін жақтады:
əр сословиеден бір дауыс берілді.
нымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыс-
тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осы
отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талап
етті. Үкімет дауыс берудің мұндай тəрітібін қабылдаудан бас
тартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17-
маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9
шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға жəне
жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патша
мен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналысы
122орналасқан болатын) əскер жинай бастады. Парижде патшаның
бұл шаралары туралы мəлім болған соң, халық қарулы
көтеріліске шықты. Көп ұзамай көтеріліске шыққан халықтың
жағына əскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен
көтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халық
патшаның абсолюттік билігінің рəмізі — қорған-түрме — Бас-
тилияны басып алды. Бұл күн француз халқының ұлттық
мерекесі болып саналады.
Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескі
органдардың орнына жаңадан өзін-өзі басқару органдары —
муниципалитеттер құрылды. Революцияның қарулы күштері
— ұлттық гвардия қалыптаса бастады, алайда, əскери қару-
жарақтың қымбаттығынан
бұл əскерге тек ауқатты
алынды. Ұлттық гвардияның басына маркиз Лафайет тағайын-
далды. 1789 жылғы 5 тамызда феодалдық режимді жою туралы
декрет жарияланды. Сонымен, революцияның қозғаушы күші
болып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.
1789 жылғы 26 тамызда Құрылтай жиналысы ең алғашқы
конституциялық акт — “Адам жəне азаматтың құқықтары
туралы декларацияны” қабылдады. Декларацияның кіріспе
бөлімінде үкіметтің кемшіліктерінің себептері болып адам-
дардың білімсіздігі, адамның табиғи, ажыратылмайтын жəне
қасиетті құқықтарын ұмыту табылады деп жазылды:
1) “Адамдар өз құқықтары бойынша тең жəне еркін болып
туылады”.
2) “Əр мемлекеттік бірлестіктің (одақтың) мақсаты болып
адамның табиғи құқықтарын қамтамасыз ету табылады. Олар:
бостандық, меншік, қауіпсіздік, қанауға қарсылық”.
Декларация адамдардың заң алдындағы теңдігін, ұлттың
егемендігін, биліктің тармақтарға бөліну қағидасын жəне тағы
да басқа маңызды ережелерді салтанатты түрде жариялады.
Декларацияны жасаушылардың ішіндегі Лафайет, Мирабо,
Сиейс, Мунье, Дюпор сияқты ұлы тұлғалар ХVІІ ғасырдағы
Франциядағы алдыңғы қатарлы саяси ойлардың басты тұжы-
рымдарын айқын, ашып көрсетіп өтті. Бұл еңбек Вольтер, Дид-
ро, Гельвеций, Монтескье, Руссо, Мабли, ағылшын ойшылдары
— Локк, Мильтон, Блэкстон сияқты атақты ғалымдардың
еңбектеріне сүйенді.
123Декларацияда тұлға
мен заңдылық қағиадалары бекітілді: қылмыс жоқ болса —
жаза да жоқ (nullum crimen — nullum poena sine lege), кінəсіздік
презумпциясы (сот дəлелдемейінше ешкімді де кінəлі деп
санауға болмайды), қылмыстарды жазалаудың əділдігі. Бұл
жағдайлар Декларация авторларының демократиялық жəне
алдыңғы қатарлы көзқарастарын, олардың жақсы теориялық
базасы мен дайындығын көрсетеді.
Декларацияда жалпы теңдік бекітілді, алайда, Декларация-
ны қабылдағаннан кейін бірнеше ай өткен соң, 1789 жылғы
желтоқсанда, Құрылтай жиналысы Сайлаушылар үшін мүлік-
тік жəне басқа да ценздер енгізу туралы декрет қабылдады.
Барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша “белсенділер” жəне
“бəсеңдер” деп бөлінді. Белсенді азамат деп танылу үшін мы-
надай талаптар қойылды: 1) ұлты француз болуы керек; 2)
жасы 25-ке толуы керек; 3) бір кантонда 1 жылдан кем емес
уақыт тұруы керек; 4) үш күндік жалақы мөлшерінде тікелей
салық төлеуі керек; 5) малай жағдайында болмауы керек.
“Бəсең” азаматтар сайлауға қатыстырылмайтын.
1790 жылдың басында бірқатар маңызды декреттер күшіне
енді. Шіркеу меншігін мемлекет ұлттандырды. Шіркеуден
азаматтақы хал актілерін жазу құқығы алынды. Ол мемлекеттің
бақылауына көшті.
Жаңа əкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді. Франция 83
департаменке бөлінді, олардың əрқайсысына дистрикттер, кан-
тондар, коммундар енді. Салық салу жүйксі біртұтас сипатты
иеленді, дворяндық титулдар мен шендер жойылды.
Феодалдық режимді жойып, революция кəсіпкерлік қыз-
метке жол ашты, бұл буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдай-
ын күшейту үшін буржуазия Құрылтай жиналысы арқылы 1791
жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы күш-
терді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 1791
жылғы 14 маусымда көтерілістер мен ереуілдерді жүргізуге
тыйым салған Ле Шапелье заңы күшіне енді.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯ
17 шілдеде монархияға
қарсы шыққан бейбіт
тарды ұлттық гвардияның атып өлтіруі көптеген адамдарды
124буржуазияның
жеткізді.1791 жылғы 13 қыркүйекте Құрылтай жиналысы кон-
ституциялық монархияны заңдастыру үшін конституцияны
бекітті. Бұл конституцияға сəйкес жоғарғы заң шығарушы
орган ретінде 2 жылғы сайланатын бір палаталы ұлттық жи-
налыс ( заң шығару корпусы) танылды, бұл органды патша
тарата алмайтын. Атқарушы билік патша мен оның алдында
жауап беретін министрлерге берілді. Патша қабылданған заң-
дарға вето құқын қолдана алатын. Сот билігі сайланбалы су-
дьяларға берілді. Кассациялық жəне жоғарғы соттар құрылды.
Консервативтік бағыты ұстанған депутаттар революцияны
аяқталды деп санады, себебі, олардың ойынша негізгі нəтиже
болып абсолютизмді конституциялық монархияға жеткізу та-
былды.